Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Табиғаттағы су айналымы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сынып жетекшілеріне өте қажет.Ашық сабақ өткізерде таптырмас қажет дүние.Оқушыларға да ,ұстаздарға да тигізер пайдасы мол.Менің ойымша,бұл материал-дайын,пайдалы, өрісі кең дүние.Бір сөзбен айтқанда,ұсынамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы

Мақсаты: Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым қалыптастыру;

Міндеттері:

1.Судың қасиеттерін білу

2.Судың адам өміріндегі маңызын білу,

3.Суды қорғау туралы білімдерін нығайту.

Күтілетін нәтиже: Судың табиғаттағы айналымы туралы біледі және оны өмірмен байланыстыра алады;

Түрі:Жаңа білімді меңгеру

Көрнекілік:интерактивті тақта, оқулық

Сабақ барысы: І.Ұйымдастырукезеңі (сыныпты 3топқа бөлу )

 Психологиялық ахуал қалыптастыру     

Мұғалім: Табиғаттағы барлық жылу-күннен 2мин

                      Өмірдегі барлық жылу – анадан.

     - Балалар, мен сендерге бүгінгі сабағымыз қызықты, әсерлі өтіп, сендерге ұнасын деп өз бойымдағы жылулықты сыйлаймын! Сәттілік тілеймін!

(оқушылар хормен)   Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз!

                                     Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз!

-Рахмет! Мен сендердің жылулықтарыңды сезіп тұрмын.

Ендеше сабағымызды бастайық

Көзімізді жұмамыз

Слайд Судың дыбысын тыңдау (Аудио) «Ой жинақтау әдісі» сұрақ-жауап


Ой қозғау Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын:

 Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолын тоңады. (Қар)


Сырылдатады шәйнегін,

Ұнатпаса да жұрт, мейлі.

Тереземіздің әйнегін


Жуады, 

Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)


Отқа жанбас, Суға батпас. (Мұз)

-Жақсы дұрыс таптыңдар, ал енді біз сендермен қар, мұз, жаңбыр болып топтарға бөлінеміз. Қар, мұз, жаңбыр неден пайда болады? (Судан) Жақсы жарайсыңдар!

Ендеше -Су туралы не білеміз? (түссіз.мөлдір. жұққыш,еріткіш.иіссіз)

  1. Судың неше күйі бар?Қанда?

2.Мұз, сұйық ,бу

Слайд «Мен білгенді,сен біл» айдары

Оқушылар үйге берілген озық тапсырма «Су туралы таңғажайып деректер» туралы айтады .

-Жақсы балалар біз сендермен су туралы білімімізді жинақтадық.

-Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыңдар?

-Су. Табиғаттағы су айналымы

-Ал енді бүгінгі жаңа сабағымызға мақсат қоя аламыз ба?

Оқушылар айтады бүгінгі сабақта Табиғаттағы су айналымы туралы ұғым қалыптастырамыз. Судың адам өміріндегі маңызы және пайдасы туралы білімді толықтырамыз

Сабақ критерийлері

1.Табиғаттағы су айналымы туралы білу

2.Судың пайдасы мен зияны туралы білімді толықтыру

3.Сусыз тіршілік жоқ екенін түсіну

4.Суға байланысты топтық, жұптық,жеке жұмыстар жасау

Слайд БББ стратегиясы . Кестенің бірінші білемін бөлігін толтырып қою

- Слайд «Табиғаттағы су айналымы» Электронды оқулықпен жұмыс

Білім ланд сайтынан бейнежазба көру.

Оқулықпен жұмыс Оқулықтың 40-42 бетін ашып, мәліметтерді қарап шығайық

«Түйінді сөз»әдісі бойынша тақырыпты талдау

  • 1-топ

  • Тіршілік көзі не?

  • 2-топ

  • Табиғатта ең көп таралған зат не?
    3-топ

  • Жауын-шашын қайдан пайда болады?

Топтық жұмыс «Галереяны шарлау» әдісі постер қорғау

1-топ Судың пайдасы

2-топ Судың зияны
3-топ Табиғаттағы су айналымы

Сергіту сәті

Тамшы болып тамайық

Арықпен бірге ағайық

Көлшік болып жиналып,2мин

Күнге қолды бұлғайық

Күн көзімен құрғайық

Орнымызды табайық

Бес жолды өлең Жұптық жұмыс

1.Су

2.қандай?

3. не істейді?

4. сөйлем

5.Синоним

«20 сөз» әдісі Жеке жұмыс

(адам, табиғат, су, тіршілік,мұз, көзі, бу,тірі, ағза, сусыз, өсімдік,сұйық т.б )сөздерден бүгінгі тақырыпқа ба 3-4 сөлем құрастырып оқу

Рефлексия «иә» «жоқ»

р/н

Сұрақтар

иә

жоқ

1

Су – ақ түсті.



2

Су – еріткіш.



3

Булану дегеніміз- сұйықтықтан буға айналу.



4

Табиғаттағы су айналымы – өзендегі судың қозғалысы.



5

Адам су ішпей бір ай шыдай алады



6

Булану – тек қана мұхиттарда ғана жүреді.



7

Су ылғи да бір формада болады.



8

Жер бетінің 3/2 бөлігі су



9

Су – иіссіз.



10

Су тек сұйық күйде кездеседі



Кері байланыс

Оқушылар алдындағы балықтарды қалаған бір түске жасыл-түсіндім, сары -орташа, қызыл-түк түсінбедім деп бояп тақтада жапсырылған теңізге жібереді

1.Су туралы көптеген мағлуматтар алдық

2.Табиғаттағы су айналымы туралы білдік

3.Судың пайдасын,зиянын білдік

Бағалау

Үйге тапсырма

  • Мәтінді түсініп оқу 40-41--беттер

  • Табиғаттағы су айналымын дәптерге сызу

Сабақты өлең жолдарымен аяқтау

Су жүргізер тіршіліктің тамырын

Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым

Судың біздер біле тұра маңызын

Көп болған соң ұмытамыз қадірін дей отырып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз назарларыңызға рахмет!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
699
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі