Материалдар / Табиғатты аялайық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғатты аялайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2018
545
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән мұғалімі, сыныбы

К.Кенжегулова

Тәрбие сағаты 4-сынып

30. 04. 2018 жыл

Сабақ тақырыбы

Табиғатты аялайық

Жалпы мақсаты


Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру.

Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру

Табиғаттағы сұлулықты көре білу,эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға тәрбиелеу.

Тапсырмалар

 Топтық, жұптық, жеке жұмыстар:

Мұғалім мен оқушы іс-әрекеті

 Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал туғызу.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз,

Сәлем бердік сіздерге,

Басты иіп бәріміз!

Оқушылар үш қатарға тұрып, хормен бірге айтады.

Топқа бөліну (тірі, өлі табиғат және табиғат құбылыстары арқылы топқа бөлінеді)

Жаңбыр, жел, бұлт, қар, бұршақ, тау, аспан, жұлдыз, тас,күн, ай, адам, өсімдік, ағаш, жануар, құс, балық

Мұғалім

Егемендік нышаны жарқын жастық,

Болашаққа сеніммен қадам бастық.

Көркейтейік туған жер табиғатын.

Кең даламда жайқалсын алтын астық-деп бүгінгі «Табиғатты аялайық»атты тәрбие сағатымызды

бастаймыз

Табиғат пен адам егіз. Табиғат- адамзатқа аманат бейне жазба Міне, балалар, адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата - бабамыз: «Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық» деп өсиет еткен, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы.

Сондықтан, алдымен табиғатқа сәлем берейік.

1 - оқушы: Армысың, алтын күн! 2 - оқушы: Көгілдір көк аспан!

3 - оқушы: Бармысың, құстарым! 4 - оқушы: Қанатты достарым!

5 - оқушы: Суларым таза ма? 6 - оқушы: Талдарым аман ба?

7 - оқушы: Бас ием тауларға 8 - оқушы: Жамылған қарларға,

9 - оқушы: Жайқалған даланы, 10 - оқушы: Табиғат - Ананы

11 - оқушы: Көруге сағынып

Бәрі: Келген біз балаңыз!

- Балалар мен сендерге табиғат әлеміне байланысты жұмбақтар жасырайын. Осы жұмбақтардың жауабы біздің жаңа оқу іс - әрекетімізге байланысты

1. Бір зат бар дүниеде құшағы кең
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең
Адамзат, жан- жануар, өсімдікте

Арқасында, мәңгілік өсіп өнген. (Жер)
2. Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады (Күн)
3. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ

Пайдаланбас кісіде жоқ. (су)
4. Бір нәрсе жермен көктің арасында

Көрмейді өзі түгіл қарасында
Білінбей жер бетінде жүрсе дағы

Пайдалы адамзаттың баласына (ауа)
- Балалар жұмбақтың шешуі туралы не айтуға болады?

Жұмбақтың шешулерін бір сөзбен қалай айтуға болады?

Табиғат дегеніміз не?

Табиғат- бізді қоршаған орта. Табиғаттың неше түрі бар? Олардың бір-бірінен айырмашылығы туралы әңгімелеу

І топ Тірі табиғаттың пайдасы

ІІ топ Табиғат туралы бес жолды өлең

ІІІ топ Табиғат туралы сурет салу

Табиғат –ол анамыз

Табиғатқа баламыз

Құшағында ойнаймыз

Шаттық әнге саламыз


Жазда аралап тауын да

Барамыз біз бауына

Өзеніне шомылып

Жүгіреміз жауында


Қыста мәз боп қаламыз

Сырғанауға барамыз

Шытырлаған аязда

Зымырайды шанамыз


Тірі бөлме өсімдіктермен жасанды гүлдерді салыстыру.жасанды гүл ешқашан өспейтінін айтады.
Себебі бұл жасанды гүлдің тамыры жоқ, ешқашан өспейді.
Ия дұрыс балалар бұл жасанды гүл ешқашан өспейді. Тірі бөлме өсімдігіне қараңдаршы қалай жайқалып бой көтеріп келе жатыр.
Бұл гүлдерге де күтім керек, оған су құю, түбін қопсыту, оған да жарық, сәуле, ауа керек.
Егерде сендерді де ата - аналарың күтіп баптамаса, сендерге жақсы киім кигізбесе, жақсы тамақ бермесе сендерде бұлай үлкен болып өспес едіңдер.
Сендер сияқты өсімдіктер өмірінде де арнайы тәртіп сақталады. Дәні жерге түскеннен кейін, тамыр жайып өседі. Оны жаңбыр суарып, күн шуағы өсіреді. Ал өсіп үлкейгенде адамды табиғаттың түрлі құбылыстарынан жауыннан желден қорғайды, жемісін береді, ыстық күні көлеңкесіне демаламыз. Егер оған күн сәулесі жеткіліксіз болса, суармаса ол өспей қояды.

Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау, табиғатты қорғау - өзіңді қорғау.

Мұғалім: Адамдар еңбектен нәр алған,

Үйреніп әр құстан, әр аңнан.

Жүруге, жүзуге, жүйткуге,

Және де самғауға жаралған.

Міне, балалар табиғаттан біз көп нәрсені үйреніп жасадық. Мысалы:

Табиғаттан үйренгенді суретімен көрсетсе


Адам табиғат сұлулығынан әдемілікті, жарасымдылықты, кеңдікті, талғамды өз бойына сіңіреді. Көлдегі аққу тербелісінен би қимылдарын, бұлбұлдан ән салуды үйрене алады, жан - жануарлардан қамқорлық жасауды үйренеміз. Жалпы табиғаттың адамға сыйлар қуанышын үйренуге болады, сол үйренгенімізді өзіміздің басқа адамға қуаныш сыйлау әрекетімізден көре аламыз.

Енді балалар кішкене бір бойымызды жазып, сергітіп алайық.

Жақсы, жаман қасиеттер бейнеленген суреттер. «Жақсы» қасиет болса қол шапалақтау, «Жаман» қасиет болса тып-тыныш отыру.

Жұптық жұмыс

Сурет салып, тыйым сөздер жазу
Көрініс: Күн, су, ауа, гүл, адам айтысы

Күн Мен шуақты күнмін мен бәрінежылуымды,нұрымды беремін. Егер мен болмасам табиғатта болмас еді. Сондықтан табиғатқа көрік беріп тұрған менмін!

Су: Мен мөп-мөлдір, тап-таза, сыңғырлаған сумын. Егер мен болмасам осындай сұлу табиғат болар ма еді? Табиғатқа көрік беріп тұрған менмін!

Гүл: Мен әсем гүлмін. Егер мен болмасам жер үсті жайнайтын ба еді? Менің арқамда табиғат әсем болып тұр. Табиғатқа көрік беріп тұрған мен ғана.

Ауа: Мен таза ауамын! Табиғаттың барлығы мен арқылы дем алады. Егер мен болмасам ешкім тіршілік ете алмас еді. Табиғатқа ең керекті менмін.

Адам: мен дүниедегі ең күшті, ақылды адаммын. Менен асқан ешкім жоқ бұл жалғанда. Сондықтан да бұл өмірдің иесі де киесі де менмін

Жеке жұмыс


Семантикалық карта

мысалдар

Тірі табиғат

Өлі табиғат

Табиғат құбылыстары

жауын




жүзім




бозторғай




жұлдыз




бұлт




Тау тас




бала





Сәйкестендіру Қайсысы нені жақсы көреді

қоян бал

Қой сәбіз

Тиін саңырауқұлақ

Түйе шөп

Аю жусан

Жануарлардың тіршілігіне, қимылына қарап ауа райын болжаған

  1. Бозторғай ән салса, күн жылы болады

  2. Ай шалқасынан туса, өзіне жайлы, шаруаға жайсыз

  3. Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болады

  4. Жаз найзағайлы болса, қыс жұмсақ өтеді.

  5. Көктемнің алғашқы жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады.

Бота Бейсенова Келді көктем Жау-жау,жаңбыр

Қорытынды





























































































































































































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!