жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Табиғатты бақылау»
№7 «Еркетай» бөбекжай – балабақшасы
«Табиғатты бақылау»
( Ортаңғы «Шұғыла» тобы )
Орындаған: Дүйсенбина.Б
2016-2017 оқу жылы
Ашық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Табиғатты бақылау»
Мақсаты: Балаларға табиғат құбылыстары және оның түрлері туралы түсіндіру, тірі және өлі табиғат құбылыстары түсініктерін қалыптастыру, оларды ажырата білуді үйрету.Қызығушылықтарын арттыру.
Кіріктірілген оқу қызметі: Құрастыру, Коммуникация, ҚМҰҚ.
Тәрбиеші:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді
көргеніме өте қуаныштымын. Ендеше, бір-бірімізге деген жылы
лебіздерімізді білдіріп, шаттық шеңберін
жасайық.
Шаттық
шеңбері:
Арайлап таң
атты,
Алтын сәуле
таратты.
Жарқырайды
даламыз,
Жарқырайды
қаламыз.
Қайырлы таң,
достарым!
Қайырлы таң,
бақшамыз!
Ұйымдастырушы-ізденуші
кезең:
-Балалар, сендер отырмас бұрын мен сендерге
жұмбақ жасырамын, мұқият
тыңдаңдар.
Бір жерінде
ыстық
Бір жерінде
суық
Бір жерінде
күн
Бір жерінде
түн
Керемет алып
неткен
Балалар: (Жер
шары)
-Иә дұрыс
айтасыңдар, міне мынау жер шары, пішіні
қандай?
(Дөңгелек)
-Жарайсыңдар,
балалар! Адам, құстар,жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер,
таулар. Бұның барлығын бір сөзбен айтқанда не деп
айтамыз?
-Табиғат.
-Дұрыс
айтасыңдар, біз бүгін сіздермен осы табиғат ұғымымен тереңірек
танысамыз.
Тыныштық
сәті:
Табиғат
құбылыстарының дыбыстарын
тыңдау.
Тәрбиеші:
Балалар не
естідіңдер?
-Желдің
үрлегенің, жаңбырдың жауғанын, құстардың мен жан-жануарлардың
дыбыстарын естідік.
-Осы
құбылыстардың барлығы табиғат құбылыстарына
жатады.
Табиғат – бізді
қоршаған орта, туған елім, ауа, күн мен жер және су, орман мен
жануарлар.
Табиғат екіге
бөлінеді. Ол тірі табиғат және өлі
табиғат.
Тірі табиғатқа:
ағаш,шөп,гүл,адамдар,аңдар,құстар жатады, олар өседі, дем алады,
көбейеді,денесінде жан
бар.
Өлі табиғатқа:
су,тас, құм,ауа жатады, олар өспейді,дем алмайды денесінде жаны
жоқ.
Интерактивті
тақтадан жердегі аңның ізінің, қай аңдікі екенін түсіндіріп
көрсету.
-Балалар
қараңдаршы экранда сылдырап ағып жатқан не
екен?
-Дұрыс бұл
су.
-Ал судың
қандай пайдасы бар?
Су- балалар өлі
табиғатқа жатады,ал біз адамдар суды ішеміз бізге пайдасы өте көп
екен.Демек өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз
байланысты
екен.
Мен сендерге
тағы бір жұмбақ жасырамын мұқият
тыңдаңдар.
Бар ма, жоқпа,
оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде
өмір сүріп жүрмейсің? Ол не
?
- Ауа не үшін
керек?
- Ауаның түсі
қандай?
- Қолмен
ұстауға болама?
Табиғат
аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де
ауадағы шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен. Демек
өсімдіктерге қамқор болуымыз керек
екен.
- Балалар
айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз
бе?
1-тәжірбие: Әр
баланың қолына айна беріледі.Балалар айнаға үрлеп, ауаның бар
екеніне көз жеткізеді.
2-тәжірбие:
Балалар енді мұрнымызды қолымызбен жауып аузымызды ашпай
көрейік.
- Көрдіңдер ме
балалар ауасыз тыныс алу мүмкін емес
екен.
Бірақ осы тірі
табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.Оны мен
саяхат барысында бақылап көреміз. Жерде аңдардың іздері
жатады.
Сергіту сәті.
Күн төккен нұрынан,
Биік болып өсеміз.
Денемізді тік ұстап,
Дөңгелене
билейміз.
Ғажайып сәт
Құс хат әкеліп
береді.
Табиғат аясындағы Алма ағашынан келіп тұр
екен.
Хат
-Сәлеметсіз бе, құрметті
балалар! Мен – Алма
ағашымын.
Мен сендерге
жазда жандарыңа сая болатын едім. Кәзіргі кезде менің қалым
нашарлап бара жатыр маған адамдар көңіл бөліп қарамайды. Менің
бұтақтарым сынып, алмаларым жерге
түсіп, сусыз қурап
бара жатырмын. Мен сендерден сұрайтыным маған көмек беріңдерші.
Сәлеммен – Алма
ағашы.
(Балалар мұқият
тыңдайды).
-Балалар
сендер, мейрімді де ақылды, сүйкімді
балаларсындар,
Алма
ағашына көмектесемізбе?
Ендеше Табиғат
аясына саяхатқа шығып, алма
ағашына көмектесейік.
Қане, барлығымыз көзімізді жұмып, орнымызда
айналып, орманға
аттанайық.
Табиғат аясында жүргенде ережелерді айтып
жүру.
Табиғат ананы ластамай тазалықты сақтай
білуіміз
керек.
Тағы қандай ережелерді
білесіңдер?
Балаларға өздері білетін ережелерді
айтады.
Балалар бұл осы тірі табиғаттың бірі аңдардың
іздері. Қараңдаршы табиғат аясында неше түрлі аңдар жүреді
екен.
Т абиғаттың дыбыстарын тыңдату. Әрқайсысын
тақтадан
көрсету.
Осы сәтте Алма ағашын бір бала көріп
қалады
Саламатсызба Алма
ағашы!
Біз сіздің жіберген хатыңызды алып сізге
көмек берейін деп
келдік.
Алма
ағашы: Амансыңдар ма бүлдіршіндерім менің
бұтақтарымды қатты жел соғып сындырып тамырымды кептіріп кетті.
Маған су құйып, бұтақтарыма көмектесіп жіберсеңіздер жақсы болар
еді.
Тәрбиеші: Балалар, қане Алма ағашына көмектесейік.
(Балаларға алманың қиынды
құрамалары таратылады. Балалар алманы ағаштың бұтағына
жабыстырады.)
Ақ қайың біздің балаларымыз табиғатты қатты
құрметтейді.Олар табиғат жайлы тақпақтар да
біледі.
(Балалардың
тақпақтары).
Фариза: Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Айша: Бұтақтарды сындырмай,
Тазалықты сақтайық.
Гүл өсіріп, су құйып,
Табиғатты қорғайық.
Рефлексивті-түзетуші
кезең:
- Міне балалар біз табиғат аясындағы Алма
ағашынада көмектестік. Ендеше саяхатымызды аяқтап балабақшаға
оралайық.
Балабақшаға
оралу.
- Балалар сендерге саяхат ұнады
ма?
- Балалар бізге хат жолдаған не
еді?
- Балалар біз табиғат аясында нені
білдік?
- Тірі
табиғатқа нелер жатады
екен?
-Ал өлі
табиғатқа ше?
-Ендеше бүгінгі
саяхаттан алған білімдеріңізді байқау үшін
қазір
«Таңдап алда,
атын ата» дидактикалық ойынын ойнауға
шақырамын
Ол үшін ғажайып
дорбаның ішінен өлі және тірі табиғат бейнелерін таңдап алып,алған
заттарыңның атын атап,оларды өзінің тиісті фланеграфқа апарып
орналастырасыздар.
Табиғатты
қорғау үшін бәріміз
күресейік,
Бір-бір ағаш
және гүл егейік.
Текке отырмай
жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін
терімізді төгейік.
Балалар, біз
табиғат туралы айттық. Сендерге ұнады ма! Барлығың да бүгінгі
оқу қызметіне
жақсы
қатыстыңдар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген