жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Табиғатым-байлығым"
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Табиғатым-байлығым»
Мақсаты. Балаларға табиғат,тіршілік,қоршаған орта арасында байланыс
жайлы түсініктерін қалыптастыру,балаларға жанды және жансыз
табиғат жөнінде мағлұмат беру,табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап,
қадірлей білу және қамқорлық жасауға дағдыландыру.
Маңғыстаудың тарихи орындарға бай өлкенің көркем жерлерімен
таныстыру арқылы рухани ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекі-құралдар: шар, тақырып бойынша суреттер,слайд,аудио.
Мотивациялық қозғаушылық.
Шаттық шеңбері:
Армысың,шапағатты күніміз,
Армысың,мейірімді жеріміз
Армысың,табиғат анамыз
Келді міне өзіңізге балаңыз.
Арайлап атты бүгін күн
Шашып бізге шаттығын
Тілейміз әлемге ақ таңның
Қуанышын,шаттығын
-Жарайсыңдар!
-Бір жылда неше мезгіл бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Тыныштық сәті:
Балалар көзімізді жұмып,қиялымызбен табиғат аясына саяхат жасайық.
(үнтаспадан табиғаттың дыбысы естіледі)
Балалар көздеріңді ашуларыңа болады.
Қандай дыбыстарды естідіңдер?
Б: Табиғаттың дыбысын естідік
Қандай әсер алдыңыздар?
Б: Жақсы әсер алдық.
Балалар,мен сіздерге жұмбақ жасырамын,жауабын тауып көріңіздерші.
Жұмбақ: Бір зат бар дүниеде құшағы кең
Ұшқан құс,жүгірген аң бәріне тең
Адамзат жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
-Бұл не екен ,балалар
Б: Бұл табиғат
-Табиғат деген не?
Б: Табиғат деген-қоршаған орта,жазира дала,биік таулар,әдемі гүлдер,көл,су,теңіз
Табиғаттан қандай дыбыстар естуге болады?
Б:Табиғаттан-құстардың үнін, судың сылдырын,желдің уілін,ағаштардың сыбдырын,жан-жануарлардың дыбысын естуге болады.
Сергіту сәті:
Жел тұрды
гуілдеп,
Ағаш біткен
уілдеп.
Аспанды бұлт
торлады,
Найзағайлар
ойнады.
Жаңбыр жауды
себелеп,
Кемпір қосақ
көрінді.
Жарқыраған күн
шықты.
(Балалар
қимылмен көрсетеді)
Табиғат нешеге бөлінеді?
Тірі табиғатқанелер жатады?
Өлі табиғатқа нелер жатады?
Балалар жауап береді
Есік қағылған сияқты (есік қағылады)
-Мында біреу хат қалдырып кетіпті.Ішінде диск бар екен,қосып тыңдап көрейік не айтады екен.
Үнтаспадан: -Сәлеметсіздер ме,Құрметті балалар.Мен Табиғат Анамын.Сендер мен туралы көп оқиды деп ойлаймын.Манадан бері мен сендерді терезеден қарап бақылап тұрмын.Менің сендерге арнайы дайындаған тапсырмаларым бар.Топта ілулі тұрған шарлардың ішінде тапсырмалар бар,сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңыздар менің сіздерге арналған сыйым бар.Бұл шарларды жыл мезгілдеріне қарай тақпақ айтса ғана жарылады.
Т:-Ендеше тапсырманы орындап көрейік.
Төрт түрлі түсті шарлар нені білдіреді,
Б:жыл мезгілдерің түсі
Т:Олай болса ақ түсті шарды ғұлама ақын А.Құнанбаевтың өлеңімен бастайық.
1-бала: Ақ киімді денелі ақ сақалды
Соқыр мылқау танымас тірі жанды
Үсті басы ақ қырау түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды (шарды жарады,тапсырманы алады.)
1-тапсырма:
Табиғат туралы тақпақ және мақалдарды айт?
Балалар табиғатқа байланысты мақал және тақпақ айтады
2-бала (Жасыл түсті шарды жарады.)
Көктем,көктем,көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз
2-тапсырма: Маңғыстау тарихи орындарға бай өлке киелі
Суреттегі бейнені таныстыр.
Нұрас: Ең атақты ескерткіштердің бірі –Бекет-Ата мешіті-тауда ойып жасалған Бекет Атамұсылман елінде көріпкел және әулие ретінде танымал. Ол адамдарды емдеген,адамдарға денсаулық пен күш сыйлаған
Маңғыстауда 362 әулие бар.
Жарайсыңдар тапсырманы жақсы орындап келесіңдер.
3-бала: (Қызыл түсті шарды жарады.)
Жазым келді жарқырап
Қазым келді қаңқылдап
Гүлге қонды көбелек
Қос қанатты көбелек
3-тапсырма:Тарихи өлкені танисың ба?
Таңшолпан: Бұл-Тамшалы.Түпқараған ауданында орналасқан табиғи су көзі.Тамшалы-кәдімгі киіз үйге ұқсас дөңгелек кеуек үңгір.айырмашылығы тек шаңырағы жоқ.Кей жерлерінен мұздай әрі мөлдір тамшы бүркіп тұрады.Үңгір табанында шағын көлшік пайда болған.Осыған орай Тамшалы аталып кеткен.Тамшалы мәдени демалыс аймағы.
4- бала: (сары шарды жарады)
Сап - сары маңай, Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып.
4-тапсырма: Шерқаланы білесің бе?
Мерей: Шерқала –бұл ұлттық тарихи жер. Ол төңкерулі кесеге немесе,киіз үйдің бейнесіне ұқсайды.Шерқала- Қаратаудың және батыс жоталарының ортасында орналасқан тау.Ерте кезде Шерқаланың төбесінде кішкене қалашық болған.
Жарайсыңдар!Балалар, (есік қағылады)
Балалар, бұл Табиғат-Ана сияқты тағы келіп тұрған.
-Алақай,балалар,Қараңыздаршы, -Табиғат анамыз сіздерге ризашылығын білдіріп,сандықша ішін тәттіге толтырып кетіпті.
Табиғат-Ана бізге көрінбейді,бірақ біз оны сүйеміз,естиміз,сеземіз,онымен демаламыз,сұлулығын көреміз.
Қорытынды:
Балалар сіздер кімнің тапсырмаларын орындадыңыздар?
Тірі табиғатқа нелер жатады?
Өлі табиғатқа нелер жатад?
Қандай тарихи өлкені білесіздер?
(Балалардың жауабы)
Ендеше бүгінгі алған білімдеріңізді байқау үшін «тадап ал да,атын ата» дидактикалық ойынын ойнайық.
Балалар фланеграфқа тиісті орындарына орналастырады.
Қоштасу шеңбері:
Күн- сәуле шашқаның үшін рақме!
Бұлт-Жаңбыр сепкенің үшін рақмет!
Ағаш-Жомарттығың үшін рақмет!
Жер-Жомарттығың үшін рақмет!
Табиғат-сұлулығың үшін рақмет!
Табиғат анамен серуенде кездесеміз,
Балаларды мадақтау арқылы,сабақты қорытындылау.
Білім беру
сала: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Қазақтың киелі киіз
үйі»
Мақсаты: 1. Балаларды киіз үй құрлысымен таныстыру.
2. Баланың сөздік қорын молайту арқылы, салт – дәстүр туралы
ұғымдарын қалыптастыру
3. Балалардың бойына ата – мұра құндылықтарын қастерлеуге салт –
дәстүрді біліп – үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын сұрақ –
жауап, жұмбақ шешу.
Сабақ көрнекілігі: Киіз үй тігілген, киіз үй жабдықтары.
Шаттық
шеңбер орындалады.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Тәрбиеші: Балалар алдымызда тұрған
не?
Балалар киіз үй деп жауап
береді.
Балалар киіз
үйдің құрал – жабдықтарын, құрлысын кім біледі атай алады.
(балалар иә, жоқ деп жауап береді)
Тәрбиеші: Дидактикалық ойын «Киіз үй» ойнатылады.
Көтеріліп шаңырақ (қолдарын жоғары көтереді)
Уықтары шаншылып (қолдарын жоғары көтереді)
Керегелер керіліп (алақандарын ашады )
Өрім дей болып өрілер (қолдарын белге қояды)
Бәріміз бірге жүрсек айналып, киіз үй болып
көрінер.
Сергіту сәті:
Кел балалар
тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уықтарша иіліп,
Шаңыраққа қосылып.
Қазақ үйді құрайық
Тәрбиеші: Ендеше балалар мен сіздерге қазақтың киіз үйі туралы
түсіндіріп өтейін. Тәрбиеші киіз үйдің құрал – жабдықтарымен
таныстырып, қазақ халқының салт – дәстүрін байланыстыра отырып киіз
үй туралы мол мағлұмат береді.
Балалардың жауабы: Киіз үй құрлысын атап береді.
- Кереге, шаңырақ ,,уық,,босаға, сықырлауық,табалдырық,
маңдайша.
Киіз үй жабдықтарын атап береді.
- Іргелік, туырлық, үзік, түндік, ши, есік.
Тәрбиеші: Балалардан киіз үй туралы кім тақпақтар біледі жатқа
айтады.
1 – бала: Қабырғасы тор көз,
Төбесінде зор көз. (Кереге, Шаңырақ)
2 – бала: Тұмсығын тесіп.
Жүннен бұйда есіп
Қазыққа байлады. (Уық )
3 – бала: Төбедегі көзінен.
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен.
Самал еркін еседі. (Киіз үй )
4 – бала: Жетпіс екі найзасы.
Біріктіріп тұрады. (Шаңырақ)
Тәрбиеші: Балалар біз бүгінгі сабағымызда не білдік, не үйрендік.
Ненің құрлысымен таныстық?
- Киіз үйдің қандай құрал – жабдықтарын білдіңдер?
- Киіз үйдің құрылысы қалай аталады екен?
Балалар жауап топ болып сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиеші сабақты қорытындылайды.
Балалар бүгінгі сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар.
Киіз үймен таныс екендеріңді таныттыңдар. Сабаққа жақсы қатынасқан
балаларды мадақтау.
Тәрбиеші жұмбақ жасырып сабақты қорытындылайды:
Төбедегі көзінен.
Күн сәулесі түседі.
Бұрышы жоқ төрінен.
Самал еркін еседі. (Киіз үй)
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген