Материалдар / Табыс және пайда Экономика негіздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табыс және пайда Экономика негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2020
1868
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Табыс және пайда


 
Жоспар
 

  1. Пайда туралы жалпы түсінік

  2. «Табыс және пайда» экономикалық категориялардың мәні

  3. Қорытынды

    Пайда– тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда – кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т.б. қамтылады. Шығыстар (шығындар) – активтердің немесе олардың құнының азаюы не меншікті капиталды азайтатын, оны меншік иелері арасында бөлісумен байланысты емес міндеттемелердің көбеюі нысанында есепті кезең ішінде экономикалық тиімділіктердің азаюы. Шығыстар негізгі қызмет пен негізгі емес қызмет үдерісінде пайда болған шығыстарға бөлінеді. Негізгі қызмет шығыстары өнімнің (орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын қамтиды, ал негізгі қызметке жатпайтын қызмет шығыстарына, мысалы, негізгі құрал-жабдықты өткізу нәтижесінде пайда болған шығасы, төтенше жағдайдан келтірілген залалдар, т.б. жатады. Пайда бірқатар түрлерге бөлінеді: жалпы (баланстық) Пайда деп аталатын толық Пайда, ол өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден, өткізуден тыс операциялардан алынған Пайданы (алынған және төленген айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары арасындағы айырма, жалға берілген мүліктен төленетін жалгерлік ақы, т.б.) және салықтар мен аударымдар төлегеннен кейін қалған таза Пайданы қамтиды.

Бухгалтерлік Пайда сатудан алынған табыс пен бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма ретінде есептеледі.Экономикалық пайдада баламалы шығындар ескеріледі. Әдетте, эконмикалық Пайда бухгалтерлік Пайдадан кәсіпорынның өзіндік құнда ескерілмеген, кейде айырылып қалған мүмкіндіктерді қамтитын өтелмеген меншікті шығындарының шамасынан кем болып келеді. Пайда кәсіпкерлік қызметтің экономиканы ілгері бастырушы, ұдайы дамытушы ретінде ұдайы әрекет ететін уәждемесі болып табылады.

Пайда алу мақсатымен кәсіпкер өндірісті шығынды азайтатындай, ресурстарды тиімді пайдаланатындай етіп ұйымдастырады, осыған орай ол өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жетілдірілген нысандарын, өнімділігі жоғары техниканы, прогресті технологияны енгізеді. Пайда ресурстарды тартудың баламалы тәсілдері арасында олардың тиімді бөлінуіне септігін тигізетін тұтқаға айналады. 

Пайда алушы кәсіпкердің өзініңп пайдасын инвестиция ретінде жұмсауға мүмкіндігі болады. Қазақстанда экономикалық реформа қағидаттарының ойдағыдай енгізілуі арқасында кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі үздіксіз арта түсуде. Мәселен, Қазақстан Республикасында кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың табысы 1999 ж. 101508 млн. теңгеден 2002 ж. 512044 млн. теңгеге көбейді. Табыстылық, әсіресе, өнеркәсіпте арта түсіп отыр, мұнда салық салынбай тұрғандағы жиынтық табыс тиісінше 89568 млн. және 401087 млн. теңгені құрады. 2002 ж. Республикада барлық кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың жиынтық Пайдасының 86,1%-ы жекеше сектордың үлесіне тиді. 

Пайданы бөлу тәсілі кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарай ажыратылады.

Мысалы, акционерлік қоғамның Пайдасын пайдалану жалпы жиналыстың айрықша құзырында. Акционерлік қоғамның нақ осы жалпы жиналысы есепті қаржы жылындағы Пайданы бөлу тәртібін бекітеді, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдайды, қоғамның бір жай акциясына шаққанда жыл қорытындысы бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін бекітеді. Қоғам Пайдасының бір бөлігі ғана дивидендтер түрінде бөлінеді, әдетте, оның бір бөлігі қорлануға (сақтық капиталдың толықтырылуы үшін және өндірісті ұлғайтуға), басқа да әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады.

Салықтар  кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Қазақстан  Республикасы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде табыс салығының алатын орны ерекше. Әлемнің қандай мемлекеті болмасын, барлығында табысқа не пайдаға салық  салынады. Бұл экономикалық категориялардың  мазмұны, әсіресе олар салық салу объектісі ретінде қызмет атқарса, олар тұрақсыз болады. Жалпы алғанда, пайда дегеніміз шығыстарды шегергеннен  кейінгі табыс, ал табыс-шаруашылық субъектілерінің өз тауарын,қызметін, жұмысын сатқаннан түскен түсім.

«Табыс» категориясы қашанда «пайда» ұғымынан кең екендігі белгілі. Қазақстанда қабылданған салықтық есеп ережесіне сәйкес, табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы. Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны салық төлеуші мен сатып алушы немесе активтерді қолданушы арасындағы келісіммен анықталады.

Қазақстан Республикасы өзінің 16 жылдық қысқа  тарихында салық салудың жоғарыда аталған екі кестесінде қолданып үлгірді. Қазақ ССР-нің 1991 жылғы ақпанның 14-дегі «Кәсіпорындардан, бірлестіктерден  және ұйымдардан алынатын салықтар туралы заңына сәйкес салық салу объектісі  ретінде пайда алынады. Осы заңды  ауыстырған Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы ақпанның 12-дегі «Пайда мен табысқа салық салу туралы» Заң күші бар Жарлығында салық салу объектісі ретінде  табыс та, пайда да алынады. Ал 1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған  Қазақстан Республикасы Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығы мен қазіргі Салық кодексінде де табыс салығы нысанына тоқтады және салық салудың ерекше категориясы салық салынатын табысты енгізеді.Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында заңды және жеке тұлғаларды қамтитын табыс салығының біртұтас конструкциясы енгізілді. Бірақ бұл субъектілер арасында олардың табыс түрлері мен оны алу әдістерінде айтарлықтай (едәуір) айырмашылық болуы бұл біріктірудің тиімсіздігін көрсетті және заңды және жеке тұлғаларға салық салудың екі режимі сақталды. Бұған қоса қаржы Министрлігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен төлеудің тәртібі туралы бөлек 2 нұсқаулық дайындады. Жаңа салық кодексінде осы кемшіліктер ескеріп салық кодексінің табыс салығына байланысты ең негізгі ерекшелігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының бір тұтастығы бұзылып, жеке-жеке салық болып бөлінген және дүниежүзілік халықаралық стандартқа сәйкес заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы корпорациялық табыс салығы деген жаңа терминмен алынатын болды. Қабылданған концепцияға сәйкес корпорациялық табыс салығының салық салу негізінде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының салық салу принциптері алынған.

Салық заңдылықтарының нормаларын біркелкі түсіндіруді қамтамасыз ету, салық төлеушінің қолдануын жеңілдету, салық тәртібін сақтау деңгейін жоғарлату мақсатында Салық Кодексінде нормативтік-құқықтық актілерінің біргеше ережелері біріктірілген, яғни Салық Кодексінде бұрынғы салық заңдылығындай, салықтың төлеушілері, салық салу объектісі, Жылдық жиынтық табысты қалыптастыру әдістемесі, оны кейін түзету мүмкіндіктері, шығындарды шегеріске жатқызу, сол сияқты табысты анықтау, залады көшіру құқығы және бюджетке төлеуге жататын салықты есептеу жолдары анықталған. 
 

    II. «ТАБЫС» ЖӘНЕ «ПАЙДА» ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫҢ МӘНІ 

    Өндіріс шығындарын қарастырып, енді фирманың табысы және пайдасы деген категориялардың талдауына көшейік. Кез келген фирма қызметінің ең басты мақсаты – табыс – пайданы көбейту.Табыстарды факторлық үлестіру тұрғысынан алғанда, кәсіпкерлік қызметінің табысы пайда болып саналады. Экономикалық талдау тұрғысынан «пайда» мен «табыс» категориялары синонимдер емес. Фирма табысы (валдық табыс) – фирма өнімдерін өткізуден алынған түсім. Шығындар сияқты, табыстар валдық (жалпы жиынтық), табыс орташа және шекті табыстарға бөлінеді. Пайда – валдық (жалпы) табыс пен валдық (жалпы) шығындар арасындағы айырма, яғни фирманың таза табысы. Оны П деп белгілейік.

Экономикалық және бухгалтерлік пайданы айыру қажет. Бухгалтерлік пайда өткізуден түскен табыс пен бухгалтерлік шығындар араларындағы айырма деп анықталады. Экономикалық пайда – валдық (жалпы) табыс пен экономикалық шығындар араларындағы айырма. Сонымен, экономикалық пайда бухгалтерлік пайдадан баламалы (көзге көрінбейтін) шығындар сомасына айырмашылығы бар. Мысалы, барлық саладағы фирмалар бірдей пайда алады дейік. Бұл фирмалардың нөлдік (нормалары кәдімгі) экономикалық пайдасы бар. Осындай пайданың арқасында фирма өндірісін өсіріп, инвестицияларды алып, шығындарын жабады, яғни дұрыс қызмет жасайды. Егер бағалардың күрт өсуіне байланысты пайданың деңгейі жоғарылап кетсе, фирма экономикалық пайда алуын көрсетеді. Валдық (жалпы) табыс TR = P·Q  (total revenue) формуласы бойынша анықталады, яғни өткізілген өнім бірліктері бағасы мен санының көбейтіндісіне тең. Тауардың нарықтық бағасы сұраныс функциясы болғандықтан, фирма өніміне деген нарықтық сұраныстың қисық сызығы оның орташа табысының қисық сызығы болып келеді. Орташа табыс – өнім бірлігіне табыс: AR = TR/Q (average revenue). Шекті табыс – өнімнің қосымша бірлігін өткізуімен байланысты валдық (жалпы) табыстың өсуі:

    MR = Δ TR/ ΔQ = Δ (PQ)/ ΔQ = P (marginal revenue).

Ендігі біздің мақсатымыз: фирма пайдасын көбейтудің жағдайларын анықтау. Бұл  фирманың қызмет жағдайларына, қай  нарықта қызмет істейтініне байланысты.

   

"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" (15).

   Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң  күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" (11). Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезе-гінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен    алынатын    табыс;    төтенше    жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

   Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай  артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бүл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйым-дар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызме-тін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады.

ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:

мемлекеттік бюджет табысының көзі;кәсіпорын   мен   бірлестіктердің   өндірістік   және әлеуметтік даму көзі.

Функциялардың және олардың езара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

1.Жуықтаудың  белгілі бір дәрежесінде, өнім  бағасы еңбектің  қоғамдық  қажетті   шығындарын   керсетуі   тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.

2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықгау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.

3. Табысты   бөлу  (тарату)  механизмі  белсенді  рольатқаруы  керек және  өндірістің дамуы  мен  оның  тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

4. Табысты   тиімді   пайдалану   тек   қалған   барлық қаржы тұтқаларының  жүйесінде  (амортизациялық аударымдар,   қаржылық   санкциялар,   салық   салу,акциздер, 
жал   төлемі,    дивидендтер,    пайыздық    мөлшерлемелер,арнайы    қорлар,    салымдар,    пай(жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие  түрлері, 
валюта   және   бағалы   қағаздар   курсы   және   т.б.)  ғана мүмкін.

Табыстылық  көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:

табыстылықтың  абсолютті  көрсеткіштерінің  жоспарының орындалуын бағалау;

таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;

табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;

табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

табыстың өсу резервтерін анықтау;

кәсіпорынның даму перспективасын   ескере  отырып, табысты тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;

табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін   және   олардың   деңгейлеріне   әсер етуші факторларды зерттеу.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда пайда мен табыс бір мағынаны бермейді.

Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім.

         Қазіргі кезде экономикалық тұрғыда кез-келген кәсіпкер немесе фирма пайданы табуды көздейді. Сол кәсіпкер пайданы табу үщін табысты көбейтуге, ал шығынды азайтуға тырысады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!