400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Табысты мұғалім-табысты оқушы" коучинг

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдермен өткізілетін коучинг жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі:

________ __________

«27» қазан 2017ж «27» қазан 2017ж



Коуч:

Альжанова Р.К.

Қазақ тілі пәні мұғалімі,ІІ деңгей


Коучинг сабақ жоспары


Коучинг сессия тақырыбы

"Табысты мұғалім-табысты оқушы"


Жалпы мақсаты:

1."Табысты мұғалім","табысты оқушының" бесекеге қабілетті тұлға ретіндегі сәйкес келетін қасиеттерді талқылау,қай кезде "табысты" деп атауға болатынын анықтау;

2.Табысты мұғалім мен табысты оқушы моделін құрастыру;

3. Қатысушы мұғалімдерге бірлескен топтық жұмысты жүргізу арқылы коучинг сапасын көтеру және өзара әрекеттестікті нығайту.

4. Мұғалімдерге ақпараттық технологияларды тиімді қолдана отырып, заман ағымына сай өзгеру керектігін жеткізу.

Оқыту нәтижесі:

1.Мұғалімдер табысты мұғалім мен табысты оқушы туралы өз көзқарастарын топтық талқылауға сала отырып,тұжырымды ой қорытады.

2.Мұғалім бойындағы кәсіби-педагогикалық сапаларды арттыру,жетілдіру жөнінде ой қорытады.

Түйінді идея

ХХ ғасырдың мұғалімі ХХІ ғасырдың оқушысын оқыту үшін ұстанымын өзгерту қажет!

Бірлескен топтық жұмыс - мұғалімдер үшін ынталандырушы күш.

Ресурстар:

Компьютер, интербелсенді тақта,фипчарт, плакат, маркер, стикер,тақырыптық үлестермелі материалдар, видеожазба


Коучинг-сессияның өту барысы

Коучинг сабағының өтілу кезеңдері

Уақыты-

40-45 мин


Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті.

Сәлемдесу

2 мин

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Коуч тақырып пен мақсатты хабарлайды

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу


3-5 мин

Сергіту "Гусеница"

Қатысушылар орталарына шар қойып бір-бірінің артына тұрып жауынқұрт бейнесіне енеді.Әуен ырғағымен ілесіп жауынқұрттың қалай жүріп,қалай жуынып,қалай қозғалатыны әр түрлі іс-қимылдармен араларындағы шарды түсіріп алмай көрсетулері шарт.

Рефлексия

2 мин

Қатысушыларға сұрақтар қою:

- осы жаттығуды орындай отырып, өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?

-Топта жұмыстану қиындық келтірген жоқ па?

-Сізде барлығы ойдағыдай шықты ма?

-Сіз қалай ойлайсыз,бұл кімге немесе неге байланысты болды?


Топқа бөлу

2 мин

Қолдарына берілген шарлардың түсіне орай топтастыру

(қызыл,жасыл,сары)

«Миға шабуыл»

5 мин

Видео көрсету "Мұғалім екеніңіздің 13 белгісі"

Сіздер қалай ойлайсыз бұл видеоны бүгінгі тақырыппен қалай байланыстыруға болады?

*Сіз табысты мұғалімсіз ("Иә", "Жоқ")

Егер "Иә" болса,сіздің табыстылығыңыздың 3 белгісін жазыңыз

Егер "Жоқ" болса,сіздің табысты емес екеніңіздің 3 белгісіні жазыңыз


Тақырыпты анықтау "Табыс таразысы"

"Мұғалімге" тән және "табысты мұғалімге" тән негізі қасиеттерді саралай отырып, тақырыпты ашу


Топтық жұмыс.

Постер қорғау

15 мин

Әр топқа түрлі тақырып беріледі.

1-топ "Табысты мұғалімге" тән қасиеттерді саралап шығады.

2-топ "Табысты мұғалім"сөз тіркесіндегі әр дыбысқа жекелеген қасиеттерді жаза отырып,тақырып мазмұнын ашады.

3-топ "Табысты оқушыға" тән қасиеттерді жаза отырып,жай оқушы мен табысты оқушы ара жігін ажыратып көрсетеді.


Әр топ тақырыптық постерлерін қорғап, соңында төмендегідей қорытынды шығарылады:

"Табысты мұғалім"

-оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы оқу әрекетін тиімді ұйымдастыра алады.

-өз ісін жанымен сүйетін шебер маман

-оқушылар өздері жоспарлағандай жасау үшін, мұғалім төзімді,ұстамды, шыдамды болуыы шарт

-оқушылармен ынтымақты қарым-қатынаста болуы керек.

-үнемі жинақы,белсенді,ұйымдастырушылық қабілеті жоғары,жұмысқа деген дайындығы болуы керек

- оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын, дамуын, тәрбиесін өзінің негізгі мақсаты ретінде санауы керек.

-білім берудің технологияларын түсіндіре білу, сұрау, оқушымен жұмысты ұйымдастыру,әр түрлі әдісті қолдана білуі шарт.


Табысты оқушы

-мектеп ұсынып отырған білім беру бағдарламасын меңгеру қабілеті жоғары болу керек

-өз білімі мен дағдысын оқыту барысында көрсету қабілеті жоғары болуы керек

-мектептегі жоғары баға-мектеп табыстылығының басты критериі болып табылады

-мектеп қабырғасында алынған БДД алдағы өмірде тиімді қолдана білу икемділігі жоғары болуы керек



Презентация

5 мин

Бүгінгі айтылған құнды пікірлерден ой түйіп, негізіг ұғымдар мен түсініктерді саралау мақсатында тақтаға назар аударулаарыңызды сұраймыз.

Кері байланыс

5мин


Бүгінгі пікір алмасудан қандай ой түйдіңіз? Сонымен "Жаңа мазмұндағы табысты мұғалім" тақырыбына "синквейн" әдісін қолдана отырып,тұжырымдап постерде бейнелеп шығайық.


Қорытынды рефлексия

2 мин




Бүгінгі пікір алмасудан қандай ой түйдіңіз? Коучинг сессиядан алған әсерлеріңіз? Сізге не ұнады немесе ұнамады?

Қатысушылар "Бағдаршам" әдісі бойынша стикерлерге ұсыныс-тілектерін жазып,сәйкес шар түстеріне жапсырады.

Қорытындылау

Коуч сөзі




Сіздердің белсенділіктеріңіз бен ұшқыр қабілеттеріңіздің арқасында бүгінгі кездесуіміз әдемі мәресіне жетіп отыр."Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы" дегендей сіз бен біздің табыстылығымыздың арқасында табысты оқушылар саны арта берсін!


 





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
53 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
11252
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі