|
|
«МЕЙІРГЕР ІСІНДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚТЫҢ ОҚУ САБАҚ ЖОСПАРЫ |
ОСЖ -05.1.5-07.06 |
|
24 беттің 24-ші беті |
ШЖҚ «ТҮРКІСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» МКК
№5 Лабораториялық диагностика және туыстас пәндер бойынша
ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ

АП-15 «МЕЙІРГЕР ІСІНДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН
АУДИТОРИЯЛЫҚ АШЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН
ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Тағамдық-уытты инфекциялар. Ботулизм. Бруцеллез. Эпидемияға қарсы
Іс-шараларды ұйымдастыру
Мамандығы: 09130100 – «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 4S09130103 – «Жалпы практикадағы мейіргер»
Курс: IV
Семестр: VII
1. Әзірлеген: «Мейіргер ісіндегі эпидемиология» пәнінің оқытушысы: Айтбаева Ақтоты
2. №5 Лабораториялық диагностика және туыстас пәндер бойынша циклдік әдістемелік комиссиясының мәжілісінде талқыланып бекітуге ұсынылған.
Хаттама № ____ _________ 2024 жыл
ЦӘК төрайымы ______________ Дадашева М. Ж.
3.Оқу-әдістемелік Кеңесінде талқыланып бекітілді.
Хаттама № ____ __________2024 жыл
ОӘК төрайымы ___________ Зиядинова Ұ. З.
4.Клиникалық пәндер бойынша ОӘК төрайымы___________Г.А.Бабаханова.
5.Оқу ісі жөніндегі орынбасары ____________________ Абдиханова А. К.
Тақырып: Тағамдық-уытты инфекциялар. Ботулизм. Бруцеллез. Эпидемияға қарсы іс шараларды ұйымдастыру
Модуль / пән атауы: АП-15 «Мейіргер ісіндегі эпидемиология»
Педагог Айтбаева Ақтоты Оралбайқызы
2024 жылғы « 2». 09.
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 4 курс, М-401
Сабақтың түрі: Аудиториялық сабақ
2. Мақсаты, міндеттері
Білімділік:
-
Тағамдық уытты инфекциялар, ботулизм, бруцеллездің этиологиясы, қоздырғыштарының түрлерін ажырата алады;
-
Эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасын, бастапқы кезеңінің белгілерін біледі;
-
Ботулизмге қарсы спецификалық сарысумен емдеу, оның әдістемесін жүзеге асырудың маңызын түсінеді;.
-
Ботулизммен, тағамдық токсикоинфекциямен күресу шаралары, мен профилактикасын біледі.
-
Бруцеллез инфекциясы кезінде эпидемиологиялық қадағалауды, санитарлық-ветиринарлық шектеу шараларын жүзеге асыруды үйрену.
-
Эпидемияға қарсы іс-шараларды 3 буын бойынша ұйымдастыруды меңгереді.
Дамытушылық:
-
Студенттердің логикалық және клиникалық ой-өрісін дамыту;
-
Студенттерді өздігінен ізденуге бағыт бере отырып, ғылыми ізденісін қалыптастыру;
-
Студенттердің дербес пікірін қалыптастыра отырып, кәсіби қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
-
Инфекциялық аурулар кезінде алдын алу және індетке қарсы шараларды ұйымдастыра білуге тәрбиелеу;
-
Студенттерді деонтология ережелерін сақтауға үйрету;
-
Студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашы-лыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
-
Өз ойларын тиянақты айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды меңгеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
-
Адамгершілікке, кішіпейілдікке, мейірімділікке, шеберлікке, сабырлыққа тәрбиелеу;
-
Студенттерді өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру;
-
Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты студенттердің алған білімдерін нығайту;
-
Интернет сайттармен және қосымша білім көздерімен жұмыс істеуге баулу.
3. Күтілетін нәтижелер
-
Тағамдық-уытты инфекция, ботулизм, бруцеллездің эпидемиологиясын біле отырып, берілу жолдары мен механизмдерін түсіндіріп бере алады;
-
Этиологиясы бойынша ерекшеліктерін өзара ажырата алады;
-
Тағамдық-уытты инфекция мен ботулизмнің инфекция көзі мен эпидемиологиясына талдау жасай алады;
-
Ошақта індетке қарсы шараларды, алдын алу шараларын ұйымдастырады.
4. Қажетті ресурстар
Көрнекі құралдар: Презентация, видеороликтер.
Үлестірмелі материалдар: нұсқаулықтар, wordwall, learningapps, wooclap.com тапсырмалар, ситуациялық есеп,
wordwall.net бағдарламасында тапсырмалар.
Техникалық оқу құралдары: мультимедиялық кешен, проектор, электронды оқулық, ноутбук.
5. Сабақтың барысы:
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
|
№ |
Әдістер |
Негізгі мақсаты |
Тәсілдер |
Мотивация |
|
1. |
Интерактивті технология. |
Тұлғаны қалыптас-тыру тұлғаның еркін-дігі мен құқықтары сақталынады, тұлға-ның өзін көрсете алуына жағдай жасалынады. |
Презентациялар, топ-пен жұмыс (миға шабуыл) әдісі, квест ойындар, инсерт, т.б. |
Интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақ-тап,қажет ақпарат-ты өңдеу арқылы жалпыланған ақпа-раттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. |
|
2. |
Кәсіби бағдар беру |
Студенттердің кәсібі қызығушылығы мен бейімділігі қалыптаса-ды, олардың медици-наға деген қабілеттері ашылады. |
Кәсіби диагнозы, кәсіби жағдаяттық есепттерді шешу. |
Студент өзінің кәсіби құзыретті-лігін анықтайды. |
|
3. |
Деңгейлеп оқыту технологиясы |
Студенттердің деңгейіне қарай топқа бөле отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін тексеру, мүмкіндіктерін бағалауға үйрету |
Жеке, жұптық, топтық тапсыралар |
Студенттер тапсырмалар орындау барысында жоғары ұпайлар алуға мүмкіндік туындайды |
|
4 |
Оза оқыту технологиясы |
Студенттер үй жұмысына да, жаңа тақырыптың материалдарын өз бетінше меңгеріп келу |
Өзіндік жұмыс. Жасанды интеллект негізінде дайындалу |
ЖИ мүмкіндіктерін көрсету. |
|
4. |
Сандық білім беру |
Оқытуда цифрлық құрылғылар мен ресурыстарды пайда-лану арқылы білім алушылардың білім алуына ыңғайлы орта жасау. |
Online платформада тапсырмалар орындау: joyteka, wordwall, learningapps, wooclap.com, жасанды интеллект т.б. |
Сандық білім беру әрбір оқушының мүмкіндіктерін кеңейтеді, ол бала-ларға ойшыл, әлемнің белсенді азаматтары және оқу процесінің орталық қатысу-шылары болуға жол ашады. |
|
5. |
Бағалау және бақылау |
Принциптері: әділдік, жан–жақтылық, жүйелік жеке-даралық, диференциялдық. |
Ауызша, жазбаша, тест сынақ, кері байланыс |
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиегеде ықпал етеді. Оқу-шылардың өз оқу-лары, табысы, сәт-сіздіктері туралы ой-пікірлері қа-лыптасып, қиын-дықты жеңуге ұм-тылады. |
|
6. |
CLIL технологиясы |
Пәнге байланысты оқушыларға жаңа ұғымдар мен идеялар-ды таныстыру. Студенттердің пән мен тілді қатар меңгеруін қамтамасыз ету. Сабақта пән мазмұнын алдыңғы қатарға қою. |
CLIL біріншіден көптілділікті емес жалпы білім беруді қамтиды. Сондықтан ол қосымша оқыту ерекшелігі болып табылады. |
Қорытындылай келе, білімді толық игеру үшін оқушы-лардың ойлау қабілетін дамыту, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой өрісін кеңейту оқытудың ең басты мақсаты болып табылады. |
|
7. |
TBL технологиясы |
Топта жұмыс істеуге шығармашылық бел-сенділігін жігерлен-діру негізінде студент-терге ситуацияның бірнеше жолын айтуға мүмкіндік беретін идеялар мен шешім-дерің оперативті әдісі. |
Берілген ситуация-лық есептерге жылдам жауап тауып берілген жағдаяттан шығу жолын таба білу. Өз ойын ашық айтып, жеткізе білу. |
Өзіндік ойлауды, әр бір жұмысқа шығармашылық-пен жанасуды дамытады. |
Сабақтың хронокартасы
|
№ |
Сабақтың кезеңдері |
Мақсаты |
Оқытушының әрекеті |
Студенттің әрекеті |
Уақыты |
Жабдықталуы |
|
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
Сабақтың жүйелі, белгілі бағытта өтуін қамтамасыз ету |
Аудиторияның тазалығын, студенттердің сыртқы келбетін, студенттердің түгелдігін тексеріп, журнал толтыру. Жұмысшы көңіл күйді қалыптастыру. |
Топ басшысы топтағы студенттер-дің түгелділігін, сабаққа дайындығын мәлімдейді |
3-5 минут |
Топ журналы, оқулықтар, студенттердің жұмыс дәптері, көрнекілік-тер |
|
2 |
Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау және тақырыпқа мотивациялық сипат-тама беру |
Тақырыптың теориялық маңыздылы-ғын хабарлау |
Оқытушының кіріспе сөзі. Сабаққа мотивациялық сипаттама беру. Студенттерді сабақтың жоспары мен бағалау критерийлерімен таныстыру |
1.Оқытушы-ны тыңдайды; 2.Сабақтың мақсаттары-мен танысады; 3.Тақырып-тың өзектілігі мен маңыздылы-ғын ұғынады. |
3-5 минут |
Презента-ция |
|
3. |
Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бағалау |
Үй тапсырмасы бойынша дайындық-тарын бақылау, бағалау |
І.learningapps. org бағдарламасын-да тапсыра беру
ІІ. Іш сүзегі, дизентерия, тырысқақ инфекциялары бойынша сызбанұсқа ұсыну |
І.Тапсырманы орындау
ІІ.Сызбанұс-қаны құру, талдау жасау |
20-25 минут |
Алгоримтмдік сызба |
|
4 |
Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру |
Студенттердің жаңа білімді меңгеруіне жағдай жасау |
Көрнекілік құралдар арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру. Эвристикалық деңгейін анықтау І. «Квест бөлмелері» ойынын ұсыну ІІ. Wooclap.com онлайн сервисінде тапсырма беру
ІІІ. Жасанды интеллект негізінде өзіндік жұмыстарын бақылау |
Студенттер жаңа тақырыпты игеру
І. Квест ойынын есігін ашу ІІ. Wooclap. com онлайн сервисінде тапсырманы орындау
ІІІ.ЖИ Презентация Кейс жағдаят Нұсқаулық |
30 минут |
Презентация
Әртүрлі форматта |
|
5 |
Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау |
Жаңа тақырыпты пысықтау |
І.«Магиялық кітапхана» викторинасын ашу. ІІ.СLIL технологиясы-ның элементтерін қолданып тапсырма беру |
Викторина-лық сұрақтарға жауап беру.
Тапсырманы орындау |
15 минут |
|
|
6 |
Сабақты қорытындылау |
Қорытынды-лау, бағалау |
Студенттерді бақылау арқылы бағалау және мадақтайды. Кері байланыс (Рефлексия) жасалады. |
Қорытындыға қатысады.
Кері байланыс береді. |
5-10 минут |
|
|
7 |
Үйге тапсырма беру |
Студенттер-дің келесі сабаққа дайындығын қамтамасыз ету. Сабақтың аяқталғанын хабарлау |
Студенттерге білуі керек, деңгейлеп оқытуға тапсырмалар, әдебиеттер тізімі беріледі. |
Үйге тапсырманы жазады. Жұмыс орындарын реттейді. |
3-5 минут |
Оқулық. ДСМ №114 бұйрығы. |
1 Ұйымдастыру кезеңі (3-5 минут):
Сабаққа дайындығын ұйымдастыру, жұмысшы көңіл-күйді қалыптастыру, зейін қою. Аудиторияның дайындығын, студенттердің сыртқы көрінісін, сабақтың жабдықталуын, оқулық, жұмысшы дәптердің түгелдігін тексеру, келмеген студенттерді белгілеу. Журнал толтыру.
ІІ. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (3-5 минут):
Сабақ тақырыбына мотивациялық сипаттама беру. Студенттерді сабақтың жоспары мен бағалау критерийлерімен таныстыру
Оқытушының кіріспе сөзі:
Тамақтан уланулар пайда болу себебіне байланысты 3 топқа бөлінеді:
1.Микробты тамақтан улану
2.Микробсыз тамақтан улану
3.Белгісіз уланулар.
Микробты тамақтан уланулар патогенді қоздырғыштармен немесе олардың токсиндерімен ластанған тағамдардың әсерінен пайда болады (90-95%).
Микробты тамақтан уланулар 2 топқа бөлінеді:
1.Тағамдық токсикоинфекция.
2.Бактериальды интоксикация.
Тағамдық-таксикоинфекциялар- тағам өнімдерінде улы таксин бөліп шығаратын шартты-патогенді микроорганизмдердің әсерінен туындайтын уланулар (протей, эшерихия, клостридиум перфрингенс, энтерококк, иерсиниялар).
Бактериальды интоксикациялар- арнайы қоздырғыштың токсиндерінің тағамда көбеюінің әсерінен туындаған уланулар (қоздырғыштың өзі болмауы да мүмкін). Бактериальды интоксикацияларға ботулизм, стафилококкпен уланулар жатады.
Микробсыз тамақтан улануларға
а. улы өсімдіктердің (улы саңырауқұлақ, улы өсімдік, жасыл картоп)
б. жануарлардың улы мүшелерінен (балық және уылдырықтары, малюскалар)
3.Белгісіз уланулар пестицидтер, нитраттар, нитриттер, нитрозаминдер, тұздар ауыр металдар, циклдік көмірсутектер және басқалар.
Бруцеллез (мальта қызбасы)- осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден, етін жеуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.
Қазіргі заманда барлық елдерде соның ішінде Қазақстанда да жалпы халықтың аурушаңдығында жұқпалы патологияның орны ерекше, орта есеппен барлық аурулардың 70% негізгі инфекцияларға байланысты.
Мейіргер студенттеріне эпидемиялық инфекциялардың эпидемиологиялық негізі, патогенезі, салыстырмалы және лабораториялық диагностикасы, науқастар күтімі, емі, алдын-алуы, жұқпалы ауруларды диспансерлік тіркеуге алу мейіргерлердің негізгі жұмысы болып саналады. Сондықтан мейіргер ісіндегі эпидемиология пәні, денсаулық сақтау жүйесіндегі қайта құрулар және Республикадағы алдын-алу бағытының күшеюіне әлеуметтік экономикалық қиындықтарға байланысты медицина қызметкерлерін дайындауға жоғары сапалылықты талап етеді
Бүгінгі аудиториялық сабағымызда
Ж.Қараевтың «Деңгейлеп
оқыту технологиясын»
қолданамын. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі –студенттер
сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында.
1-деңгей:
үйренушілік
(Репродуктивтік) ;
2-деңгей: алгоритмдік;
3-деңгей: эвристикалық -материалды саналы түрде
меңгеру;
4-денгей:
шығармашылық – өз бетімен ауқымды оқу материалын
меңгеру.
Үйренушілік, алгоритмдік кезеңдерді үй жұмысы бойынша білімдерді бақылау кезеңінде қолдансам, эвристикалық және шығармашылық деңгейді жаңа тақырып кезінде бақылап, бағалайтын боламын.
Бүгінгі сабақтың бағалау параметрімен таныстыру.
|
№ |
Студенттің аты-жөні |
Жеке 20 ұпай |
Жұптық 30 ұпай |
Топтық 40 ұпай |
Пысықтау 10 ұпай |
Қорытынды ұпай |
|
1 |
|
|
|
|
|
#ДЕЛ/0! |
|
2 |
|
|
|
|
|
#ДЕЛ/0! |
|
3 |
|
|
|
|
|
#ДЕЛ/0! |
|
4 |
|
|
|
|
|
#ДЕЛ/0! |
«КЕЗДЕЙСОҚ ТАҢДАУ» әдісімен топ атауын беру https://wordwall.net/ru/resource/83267460

ІІІ. Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бақылау (20-25 минут):
1-тапсырма. Үйренушілік деңгейлеріңізді анықтау үшін үйге берілген тапсырмалар бойынша нақты материалды білу мүмкіндіктеріңіз тексеріледі. Барлық студенттер QR арқылы learningapps.org бағдарламасында орындайды. /20 ұпай/.

Жауаптары:
ІШ СҮЗЕГІ-5 ұпай
1.Қоздырғышы-Salmonella typhi, O,Vi, H антиген
2.

3. Қабылдағыш ағзаны 21 күн медициналық бақылау
4. Негізгі симптомары-Филиппович, Фулигинозды тіл
5. Жасырын кезеңі 7-14 күн
ДИЗЕНТЕРИЯ-5 ұпай
1. Қоздырғышы-Shigella
2. Тоқ ішектің шырышты қабатының жаралы зақымдалуымен жүреді
3. "Кір қол ауруы" деп атайды.
4.
Тенезм-жалған дәретке
шақыртулар
5.Григорьев-Шиго, Флекснер, Зонне, Боуди түрлері бар
САЛЬМОНЕЛЛЕЗ-5 ұпай
1. Қоздырғышы-Enterobacteriacea, Salmonella
2. Қоздырғыш тағамның органолептикалық қасиетін бұзбай дамиды.
3. Жас сәбилер арасында ауруханаішілк инфекция ретінде таралады
4. Жабдықтардан, ыдыстардан, персоналдардың қолдарынан жұғынды алу
5.
Инфекция көзі үй жануларлы және үй құстары. Таралу жолы-ет, сүт,
жұмыртқа өнімдері.
ТЫРЫСҚАҚ-5 ұпай
1. Аса қауіпті карантинді инфекция
2. Қоздырғышы-Vibrio cholerae
3. Қоздырғышты Р.Кох ашқан
4. Науқас арнайы боксқа оңашаланады
5.
«Кір жуғыштың қолы» симптомы дамиды
2-тапсырма. Алгоритмдік деңгейлеріңізді анықтау мақсатында Іш сүзегі, дизентерия, тырысқақ инфекциялары бойынша сызбанұсқа беріліп, осы сызбанұсқа бойынша ошақта атқарылатын індетке қарсы шараларды сипаттайсыздар. 30 ұпай
1-топқа. Іш сүзегі ошағында атқарылатын індетке қарсы шаралар
![]()
Эпидемиялық процестің
І-буыны
![]()
![]()
![]()

![]()
![]()
![]()
Анықтау
Ауруханаға жатқызу
Емдеу
Эпидемиялық процестің ІІ-буынына бағытталған алдын алу шаралары:

Эпидемиялық процестің ІІІ-буынына бағытталған алдын алу шаралары:

2-топқа. Дизентерия ошағында атқарылатын індетке қарсы шаралар:
![]()
Эпидемиялық процестің
І-буыны

![]()
![]()
![]()
Анықтау
Ауруханаға жатқызу қажеттілікке қарай

3-топқа Тырысқақ ошағында атқарылатын індетке қарсы шаралар
![]()
Эпидемия-лық процестің

IV. Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (30 минут):
Ботулизм (botulus-шұжык) - жіті ете ауыр түрінде, орталық нерв жүйесінін закымдалумен өтетін тамақтан улану. Көздің көру қабілетінің нашарлауы, екілену, торлану, көздің кабатының дірілдеуі, көз қабатының толық жабылмауы (птоз) белгілері көзді кимылдататын нервтің закымдалуымен байланысты. Жұтынуы нашарлап, дауысы әрең шығады немесе мүлдем шыкпайды - афония, парездер болуы мумкін. Өлім жітім 35-85%. Ботулизм ауруын 1820 жылы неміс ғалымы Кернер зерттеген, қоздырғышын 1895 жылы Ван Эрменгем ашқан.
Коздырышы Clostridium botulinum - ipi, грам оң, анаэробты, спора түзетін таякша. Ботулизм таякшалары сыртқы ортада өте төзімді, споралары температура 100°С градуста 3-5 сағатқа дейін төзімді.
Топырақта ботулизм споралары жылдап сакталады, вегетативті түріне айналып көбею де мүмкін. Анаэробты жағдайда ботулизмнің қоздырғыштары өте улы экзотаксин бөліп шығарады. Ботулотоксиндер ең күшті табиғи улар қатарына жатады. Токсиндер 100С температурады 10 мин.ыдырайды. Ботулизм коздырыштарының токсиндері 8 типке белінеді: А,В,С,1-2» Д, Е, F, G. А тип көбіне өсімдік тағамдарымен, В тип- ет тагамдарымен, Е тип -балық тағамдарымен байланысты болады.
Инкубациялык кезені - 2 сағат -10 күн, орташа 18-24 сағат.
Патогенезі, клиникасы. Ботулизм коздырғыштарымен және токсиндерімен ластанған тағамды жегенде дамиды. Жұқтыру мөлшері көп болған сайын, инкубациялық кезең қысқа болады және өте ауыр түрде өтеді.
Ботулизмнің патогенезі: ацетилхолин алмасуының бұзылунан салдану өзгерістері туындайды, көз қимылдату, жұтыну, тыныс алу мен жүректін нервтері зақымдалады.
Инфекция көзі. Ботулизмнін коздырыштары жылы канды жануарлардың, адамның ішегінде кездеседі, топырақта 9-33% зерттеулерде табылған. Берілу механизмі- нәжіс- ауыздық, таралуы алиментарлы жолмен. Соңғы жылдары ботулизм көбіне үйде дайындалган консервіленген (саныраукулак, баклажан, кияр), ет, балық тағамдарымен байланысты. Тамақ өнімдеріне қоздырғыштар топырак аркылы түседі. Тағамның органолептикалық қасиеттері өзгермеуі де мумкін.
Токсин пайда болуына қолайлы факторлар:
а) анаэробты жағдай - жабық консервіленген банка, шұжық, балық, окорок, сиректеу қамырдын орта, шикі жерлеріне;
б) қолайлы температура -3-10°С, уақыт;
в) тұздың 10% кем болу, қанттын 50% кем болуы, рН 4,6-4,8 кем болуы.
Аталған 3 фактордың әсерінен ботулотоксин пайда болады.
Эпидемиологиясы. Ботулизм барлык континентте таралған, бірақ сырқаттанушылық деңгейі әр түрлі, халықтың тамақтану ерекшелігімен, тамақ дайындау әдістерімен, топырақтың споралармен ластану деңгейі, диагностикалау жағдайымен байланысты. Консервіленген тағамдарды жиі қолданатын елдерде көп тіркеледі. Мысалы, Германия, Франция және Европа елдерінде - ет тағамдары, шұжық, АКШта -өсімдік консервілері, Ресейде - балық және балық консервілері, Казакстанда үйде дайындалған консервілермен (саныраукұлақ, баклажан, қияр), балық тағамдарымен байланысты. Балықпен, етпен байланысты аурулар
жаз мезгілінде, консервіленген саныраукұлак, баклажандармен – кыс айларында тіркеледі.
Алдын алуы. Негізгі алдын алу шаралары тамақ өнімдерін ластанудан сақтандыруға, қоздырғыштарды жоюға бағытталады. Консервілеуте арналған жеміс-жидектерді, саныраукұлактарды топырақтан жаксылап тазарту, ет, балық өнімдерін ластанудан сақтау қажет. Тағамдарды жоғары кысымда және 120°С температурада залалсыздау ботулизмнен сақтандырады. Консервілеу барысында тұздың мөлшері 10% кем болмауы, сірке қышқылы 2% кем болмауы қажет. Консервілер төмен температурада сақталуы қажет. Ет, балық, саныраукұлак, жерде өсетін өсімдіктерді үй жағдайында консервілеуге болмайды. Күдікті
тағамдарды 3-4см бөлшектеп, 100°С градус температурада 1 сағат қайнату қажет.
Ботулизм ошағында атқарылатын шаралар. Науқас және күдіктілер ауырлығына карай инфекциялык аурулар ауруханасына жатқызылады.
Науқастың асқазанын шайып, патогенетикалық емдеу жасау керек. Арнайы ем ретінде А, С, Е типтеріне 10 000 МЕ, 5000 МЕ В типіне поливалентті антитоксикалық сарысу егіледі. Токсиннін типін ақ тышқандарға биологиялық сынама жасау арқылы анықтайды,
анықталған типіне сәйкес, тек сол түріне антитоксикалық сарысу егіледі.
Белсенді иммунитет пайда болу үшін антитоксикалық сарысумен қатар ботулизмнін әр типіне 0,5 мл анатоксин 3 рет, аралығы 3-5 күнде егіледі.
Науқаспен бірге күдікті тағамды жегендерге алдын алу мақсатпен әр типке 1000 немесе 2000 МЕ антитоксикалық сарысу егіледі.
Аурудың себебін анықтау үшін науқастың асқазан шайынды суын, кұсык, нәжіс, канын бактериологиялық әдіспен зерттеу қажет.
Ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізу барысында күдікті тағамды анықтау, тағамның ластану себебін анықтау және бірге тамақтанған адамдарды анықтап, медициналық бақылауға алу қажет.
Күдікті тағамдарды зертханалық зерттеуге стерильденген ыдысқа алу қажет, тағамдар жоқ болса ыдыстардан жұғынды алынады. Күдікті тағамды қолдануға тиым салынады.
Бірге тамақтанған адамдардан соңғы 2 күн ішінде қандай тағам жегендерін, қандай мөлшерде, қандай уақытта жегендігін, тағамды кім, қашан дайындағанын, калай
сақталғанын, қай жерден алынғанын сұрастыру керек.
Бруцеллез (мальта кызбасы)
Бруцеллез (мальта кызбасы) - түрлі механизмдермен таралатын, созылмалы түрде өтетін, полиэтиологиялы, бактериалды, зоонозды инфекциялық ауру. Сүйек-буын, жүйке жүйелерінің зақымдалумен, ұзақ қызба, әлсіздік, тершеңдік белгілерімен сипатталатын, көктем-жаз айларында жиі таралатын инфекциялық ауру.
Тарихи мәліметтер. XIX ғасырдың ортасында Жерорта теңізі елдерінде ұзақ қызба, сүйек-буындардың қабынуымен сипатталатын ауру пайда болған. Мальта аралында жұмыс істеген ағылшын ғалымы Брюс аурудың қоздырғышын тауып, онын ұсақ малдардан сүт аркылы
жұғатынын дәлелдеген.
XIX-XX ғасырда Данияда ірі қара малдарда түсік тудыратын адамға инфекциялык ауру тіркелген. Америкада аталған ауруларға ұксас, бірақ шошқадан жұғатын аурулар табылған.
3 ауруды салыстырғанда клиникалык белгілері, қоздырышы, таралуы ұксас екендігі байқалған, сондықтан оларды біріктіріп «бруцеллез» деп, ал коздырғышын бруцелла деп атаған.
Бруцеллез барлык елдерде көп таралган зоонозды инфекциялык ауру. Казақстанда жануарлардын инфекциялық ауруларының 80% кұрайды.
Этиологиясы. Бруцеллездің қоздырғышы - Brucella - сыртқы ортада төзімді микроорганизмдер: суда 3 ай, топырақта 1,5-6 ай, тері мен жүнде
2-3 ай, киімде - 15-30 күн; сүтте 10-30 күн, май, айран, ірімшікте - 3-4 ай, етте 12-45 күнге дейін сақталады. Температура 70°С градуста 10 мин., қайнатқанда сол мезгілде, дезинфекциялык заттар (хлор әгі, хлорамин, лизол, фенол) әсерінен 5 мин. өледі.
Бруцеллалардың 6 түрі бар, адамға қауіпті, аса патогенді Br.melitensis, abortus, suis түрлері.
1.Br.melitensis- ешкі мен қойларға патогенді.
2.Br.abortus- ipi кара малдардың қоздырғышы.
3.Br.suis - шошқаларда ауру тудырады.
Қазақстанда бруцеллезбен ауырғандардың 85% Br.melitensis, яғни ешкі және қойлармен байланысты болады, 15% - ірі қара малдардан жұғады. Инкубациялық кезеңі: 6-30 күн, орташа 18 күн. Ауыз куысынан малдардың ішегіне түскен қоздырыштар лимфа түйіндеріне жиналып көбейеді, инкубациялық кезеңнің соңғы күндері қан аркылы сүйек-буындар, бауыр, көк бауырға түседі, онда көбейіп кайта қан жүйесіне түседі. Инфекция көзі - ауыл шаруашылық жануарлары: қой, ешкі, сиыр, шошқа. Ауру мал қоздырышты сүтпен, зәрмен, нәжіспен, ұрыктық сұйыктық және түсікпен шығарады. Ластанған жем, шөп, су арқылы
малдан малға жұғып отырады. Ауру адам жұкпалы емес, адамнан адамға
жұкпайды. Оңтүстік Қазакстанда негізгі инфекция көзі- қой мен ешкі, солтүстік облыстарда - сиыр, Маңғыстау, Атырау облыстарында -түйе.
Беріліс механизмі - нәжіс-ауыздық.
Адамдарға жұғу жолдары:
1) жанасу;
2) тағам өнімдері;
3) ауа-шаң.
Жанасу арқылы жұктыру өте жиі кездеседі, жұқтыру жолдары:
- ауру малды төлдету кезінде, мал іш тастағанда бөлінетін сұйык заттарын (әсіресе шуын) және өлі түскен төлін жалаң колмен ұстағанда,
- ауру малдың күтімі кезінде олардын зәрі, қиы, жүні аркылы;
- ауру малдын еті мен сүтін, жүн мен тері өнімдерін өңдегенде;
- ауру малды сою, жүні мен терісін, етін өндеу кезінде ластанған қол аркылы.
Тағам өнімдерінен аса қауіпті - сүт жене сүт тағамдары, әсіресе ірімшік, сүзбе, брынза, сыр. Еттің қауіптілігі ұзақ уақыт термиялық өндегенде төмендейді. Шикі, дұрыс термиялық өнделмеген ет өте қауіпті. Ауа - шаң арқылы жұқтыру ауру малдың жүнін, терісін жинап, тасымалдағанда, мал қораларды жинап тазалағанда, өңдегенде, жүнін қырыққанда шаң-тозаң арқылы жұғуы мүмкін.
Эпидемиологиялық ерекшеліктері. Бруцеллез ауруы барлық континентте таралған ауру, әсіресе мал шаруашылығы дамыған елдерде жиі кездеседі. Казақстан, Орта Азия, Кавказ елдерінде қой ешкімен байланысты өршулер кең таралады.
Бруцеллез 2 мезгілде күрт көбейеді:
1) қаңтар - наурыз айларында аурулардың көбеюі көктемгі жаппай малдың төлдеу кезеңінде жұктырумен байланысты;
2) мамыр айында көбею қойдың жүнін қырқу, өңдеумен байланысты болады.
Ешкінің сүзбесін, ірімшігін көп қолданатын жерлерде жаз-күзгі мезгілдік байқалады. Сиырмен байланысты бруцеллез ауруның өршуі- қазан-қараша айларында, кездейсоқ сырқаттанушылық түрінде кездеседі.
Бруцеллезбен көбінесе малшыдар, сауыншылар, мал дәрігерлері, ет комбинаты жұмысшылары, жүн, тері жинайтындар, өңдейтіндер арасында таралады. Көбінесе ересек адамдар ауырады, балалар сиректеу.
Ауру адам мен малдарда бруцеллез ауруын айқындау тәсілдері:
1) Серологиялық әдіс - ГАЕР, КБР, ИФА;
- Райт сынамасы - агглютинация реакциясы пробиркада жасалады.
- Хеддельсон реакциясы - жаппай бруцеллезге тексеру үшін қолданады.
2) Аллергиялық тәсілдер;
Бюрне сынамасы - бруцеллинмен теріге жасалады, диагностика және ауру малды айкындау үшін колданады.
3) Бактериологиялық әдіс.
Алдын алуы. Бруцеллезге қарсы санитарлық-ветеринарлық шараларды СЭББ қызметкерлері ветеринарлық қызметкерлермен бірігіп жүргізу қажет.
Жануарлардың бруцеллезбен күресу шаралары 3 топқа бөлінеді.
1) Сау қожалықтарды инфекция енуінен сақтау шаралары: малдарды бруцелезге тексеру, ветеринарлық куәлікпен тек сау малдарды қожалыққа кіргізу, 1 ай карантинге қою, теріс болған жағдайда ғана сау малдарға қосу.
2) Жануарлар арасында ауру малды дер кезінде анықтау, жекешелеу, емдеу, үнемі ветеринарлық бақылау, түсік тастайтын малдарды мұкият серологиялық, бактериологиялық, аллергиялық әдістермен тексеру.
3)Ауру табылған қожалықты сауықтыру шаралары. Малдарда бруцеллез табылса немесе серологиялық тексерулер оң болса мұндай қожалық бруцеллез бойынша қауіпті больш саналады, онда санитарлық-ветеринарлық шаралар жүргізіледі. Ауру малды
сау малдардан жекешелеп, арнайы жабдықталған пункттерде, ет комбинаттарында сойып, өнімдерін жою, мал ұстаған жерлерді дезинфекциялау қажет.
Санитарлық-ветеринарлық шектеу шаралары:
- бруцеллез тіркелген кожалыққа басқа мал кіргізілмейді және шығарылмайды, қожалықтан жем, шөп шығарылмайды;
- малды мал дәрігерлік тексерусіз союға тыйым салынады; мал қораларын 20% хлор ерітіндісімен, 2% формальдегид, 5% сабын-креозол ерітіндісімен өндеу жасау қажет.
Малдар арасында іш тастау болмаса, зертханалық тексерулер теріс болса 6 айдан кейін қожалық сауықтырылған болып саналады. Ауру малмен немесе ауру малдардың өнімдерімен жұмыс істейтін адамдар қорғаныс киімдерін кию қажет: комбинезон немесе арнайы халат, қолғап, етік, қалпақ, қажет болса алжапқыш және қосымша жең. Теріде жарақат, жырық болса жұмысқа жіберілмейді. Мал күтімі кезінде жеке гигиена шараларын қатаң сақтау қажет (мал қораларда және мал сойғанда қолды жумай темекі шекпеу, жалан аяқ жүрмеу, қолды жумай тамақ ішпеу). Жұмыс соңында қолды 2-3% сабын-карбол ерітіндісімен тазалап, сабынды сумен жуу қажет.
Ауру адам инфекциялық аурулар ауруханасына клиникалық көрсеткішпен жатқызылады. Емделгеннен кейін диспансерлік бакылауда болады.
Диспансерлік бақылау - клиникалық түрде жазылғаннан кейін 2 жыл ішінде, бірінші жылы - 1, 2, 3, 6, 9, 12 айда тексеріледі, екінші жылы - квартал сайын.
Ошақта ауру малмен қатынаста болғандарды клиникалық және зертханалық әдістермен тексеру және 3 айдан кейін қайта тексеру қажет.
Шұғыл алдын алу ретінде тетрациклин 0,5 гр х 3 рет, рифамицин 0,3 гр х 2 рет беріледі.
3-деңгей: «Эвристикалық» материалды саналы түрде меңгеруін тексеру үшін «Миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырмалар беріледі; 40 ұпай.
1-топқа квест. «Оқулық бар бөлме» квест ойыны. 10 ұпай
Кейс.Инфекциялық аурулар ауруханасына 6 сағат ішінде балалар санаторийінен токсикоинфекция диагнозымен 32 бала жеткізілген. Санаторийде барлығы 85 бала емделеді. Ауырардан 1 күн бұрын флягпен сүт алған, оны қайнатпай мүздатқышқа салып қойған. Оның төбесінде мұздатылған ет еріп тұрған. Етеріген кезде суы сүтке түскен, сүтті таңертеңгі тамаққа таратып берген.

Жауаптары:
1.Бактериальды интоксикацияның түрін анықтаңыз?
Стафилакоккты улану
2.32 баланың ауыeуына себеп болып тұрған инфекцияның қоздырғышы?
Stafilococcus aureus
3. Инфекцияның көзін анықтаңыз?
Еріп тұрған ет
4. Қоздырғыштың ерекшелігі қандай?
Сүтте тез кобейеді
Етте ұзақ сақталады
37-38С тез дамиды
5.Алдын алу шараларын жүргізіңіз?
Науқастарды емдеу, асқазанын шаю
Күдікті тағамды жою, алып тастау
Ошақта індетке қарсы іс- шараларды жүргізу
2-топқа квест. «Химиялық лаборатория». Тамақтан улануға байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы химиялық зерттеу жүргізіңіз?

Жауаптары:
1.Тамақтан улану пайда болу себебіне сәйкес келесі топтарға жіктеледі:
Микробты тамақтан улану
Микробсыз тамақтан улану
Белгісіз уланулар
2. Арнайы қоздырғыштың токсиндерінің тағамда көбеюінің әсерінен туындаған (қоздырғыш өзі болмауы да мүмкін) уланулар:
Бактериалдық интоксикация
3. Микробсыз тамақтан улануларды анықтаңыз:
Улы өсімдіктер саңырауқұлақ, жасыл картоп
Жануарлардың улы мүшелері
Химиялық заттар, пестицидтер
4. Тағамдарда токсин пайда болуына қолайлы факторлар:
Анаэробты жағдай
Қолайлы температура - 3-10С
3-топқа. «Білім күні» квест ойыны. Тамақтан улануға байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы бөлменің құпиясын ашу.

Жауаптары:
1.Экзотоксин бөлетін шартты патогенді бактериялармен шақырылатын, асқорыту жолдарының жоғары бөліктерінің зақымдалуымен және су-тұз алмасуыдың бұзылуымен өтетін жедел, қысқа уақытта өтетін аурулар тобы:
Тағамдық уытты инфекциялар
2. Тағамдық уытты инфекциялар ..................өндіруші қасиеті бар, аурудың жиі кездесетін қоздырғыштарына Clostridium perfringens, Proteus vulgaris, Proteus mirabilis, Bacillus cereus, Klebsillam, Serratia, Enterobacter, Citrobakter Pseudomonas, Vidrio және т.б. жатады.
Эндотоксин
3.Тағамды уытты инфекцияларлардың берілу механизмі, берілу жолы:
фекальды-оральды, алиментарлы
4. Тағамды уытты инфекцияларлардың жиі кездесетін сипаты:
Ауырғандардың топтылығы
Аурудың эксплозивтілігі
5. Тағамдық токсикоинфекцияның алдын алу шаралары:
Жануарларды ветеринарлық бақылауға алу
Тағам өнеркәсіптерінде терінің іріңді ауруларымен ауыратын адамды жұмыс істетпеу
Тағамдық өнімдерді дұрыс сақтау, дұрыс тасымалдау, дайындау.
Сүт өнімдерін қайнату арқылы стерилизациялау
2-тапсырма: Ботулизм инфекциясын алгоритм бойынша толтырыңыз, талдау жасаңыз? 10 ұпай

3-тапсырма: Шығармашылық деңгейлерін анықтау мақсатында Бруцеллез ауруы бойынша жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып өзіндік жұмыстарын көрсету. 20 ұпай.
|
1-топ |
2-топ |
3-топ |
|
Кейс-жағдаят құрастыру |
Презентация |
Нұсқаулық құрастыру |
|
Кейс табу, оны ЖИ бойынша ұсыну |
Презентация жасау, ЖИ мүмкіндігін көрсету |
Ақпараттық нұсқаулықтар құрастыру, тиімділігін айту |
IV. Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау (15 минут):
1-тапсырма: «Магиялық кітапхана» виктаринасын орындау. 10 ұпай.

1. Асханадан бiр топ студенттер тамақтанған 1-2 сағаттан кейiн студенттер инфекциялық бөлiмге түскен,тамақтан улану деп диагноз қойылған. Диагнозды дәлелдеу үшiн лабораториялық зерттеуге алынатын материалдар:
A. қан, нәжіс
B. су, аудан сынама
C. топырақтан сынама
D.тамақ қалдықтары, құсық массалары
E.жұлын ми сұйықтығы
{D}
2.Ботулизм қоздырғыштарының сипаттамасына жатады: /2 жауабы дұрыс/.
A.анаэроб, спора түзедi
B.грам+, теннис ракеткасы тәрізді
C.аэроб, спора түзбейдi
D.грам-, кофе дәндері тәріздес
E.сыртқы ортаға тұрақты емес
F.оттегi бар жерде өсiп, эндотоксин бөлiп шығарады
{AB}
3.Ботулизммен ауырған науқасқа бiрiншi кезеңде салу керек:
A.бактериофаг
B.өлi вакцина
C.гамма глобулин
D.тiрi вакцина
E.антитоксикалық сары су
{E}
4.Сарыпта (бруцеллез) инфекция көзі:
A.жабайы жануар
B.тауық, мысық
C.қаз, үйрек
D.жылқы, ит
E.қой, ешкі, сиыр
{E}
5. Сарыптың диагностикасындағы лабораториялық әдіс:
A.қанды биохимиялық тексеру
B.қанды бактериологиялық тексеру
C.Видаль реакциясы
D.копроскопия
E.Райт-Хеддельсон реакциясы
{E}
6.Санитарлық-ветеринар қызметкерлерi еттi сатуға рұқсат берер кезде мына ауруға тексередi:
A.iш сүзегi
B.бруцеллезге
C.гепатитке
D.сiбiр жарасына
E.туляремияға
{B}
7. Бруцеллез кезіндегі санитарлық-ветеринарлық шектеу шаралaрына жатады:
A.Малды дәрігерлік тексерусіз союға тыйым салынады
B.Сүтті тарату
C.Қожалыққа басқа мал кіргізіледі
D.Оқшаулау жүргізілмейді
E.Жеке қорғаныс заттары қолданылмайды
{A}
8. 29-30 мамыр айында Н қалада тағамдық токсикоинфекциямен 58 адам ауырды. Завод асханасында тамақтанған. Жәбiрленушiлердi сұрастырғанда 29 мамары айында түскi аста бiрiншiге еттi горохты сорпа, екiншiге картофельдi пюре мен котлет жеген, компот iшкен. Тағамдық токсикоинфекцияны шақыруға күмәнді өнім:
A.горохты сорпа
B.ет
C.котлет
D.компот
E.нан
{C}
9. Ботулизмнiң алдын-алу шаралары: /3 дұрыс жауап/:
A.консервацияға жiберiлетiн жемiс жидектердi жақсылап жуу керек
B.стерилизацияны 120С жоғары қысымда жүргiзу керек
C.сiрке қышқылының, ас тұзының концентрациясы нормада болу керек
D.консервіленген өнiмдердi 37С жоғары температурада сақтау керек
E.ботулизмге қарсы сары су еңгізу
F.асқазанды шаю
{ABC}
10. Ботулизмнің түрі:
A.Тағамдық,жарақаттық,нәрестелік
B.Ішектік, жарақаттық,нәрестелік
C.Терілік,тағамдық,жарақаттық
D.Өкпелік,ішектік, жарақаттық
E.Нәрестелік,терілік,тағамдық
{A}
11. Жазда туристтер лагерiнде сальмонеллез ауруымен топтық улану шыққан. Лагерде 8 топқа бөлiнген 200 турист болған. Тек 1 топ туристер түскi астан кейiн 1-2 сағаттан кейiн ауырған. Жәбiрленушi топ түскi асқа экскурсияға барып , 3 сағат кешiккен. Тамақ асханада сақталған, таратудан алдын жеңiл жылытылған. Эпидемиологтың міндеті:/2 жауабы дұрыс/
-
улануға себеп болған жағдайды анықтау,
-
бұзылған тағамды жою, ошақта дезинфекция жасау
-
жұлын ми сұйықтығынан сынама алу
-
yауқастарды емдеу
-
науқастарды үйлеріне қайтару
-
барлығы дұрыс
{ABC}
12.Реалити шоу қатысушылары кешкі асқа жергілікті балықшылардан 3 балық алып әзірледі. Уланудың бірінші белгілері қалтырау, көз алдында тұман, ауыздың құрғауы және ашуы, бет гиперемиясы, қан қысымының төмендеуі. Дене температурасы қалыпты жағдайда. 3 адамның 2-уі есінен танған. Дәрігердің асқазанды шайғаннан кейін жағдайлары жақсарды. Бұл жерде қандай тағам улануы тіркелген?
-
Эрготизм
-
Ботулизм
-
Микотоксикоз
-
Токсикоинфекция
-
Эшерихиоз
{B}
13.Сарып ауруында алиментарлық жолмен таралудың алдын алу мақсатта жүргiзiледi:
/2 жауабы дұрыс/.
-
сүттi пастеризациялау
-
еттi термикалық өңдеуден өткiзу
-
суды хлорлау
-
ауадан сынама алу
-
дезинсекция жүргiзу
-
жемiс-жидектердi жуып қабылдау
{AB}
14. Ботулизмде науқастан зерттеуге алынбайтын материал:
-
науқастан алынған материал (құсық массасы, қан, нәжі
-
мәйіттен алынған материал (асқазан, ішек, бауыр)
-
тағамдық заттар
-
су, топырақ
-
терідегі іріңді жара құрамы
{E}
15. Ботулизм латын тілінен аударғанда:
-
консерві
-
жеміс-жидек
-
шұжық
-
саңырауқұлақ
-
балық
{C}
2-тапсырма: CLIL.Сқйлемді реттілік бойынша құру, ағылшынша оқып,қазақ тіліндегі баламасын айту.
Жауаптары:
1. Botulism can result in death due to respiratory failure.
Ботулизм тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты өлімге әкелуі мүмкін.
2. Clostridium botulinum is an anaerobic, Gram-positive
Clostridium botulinum-анаэробты, Грам-оң.
3. Botulism is generally treated with botulism antitoxin and supportive care.
Ботулизм әдетте ботулизмге қарсы антитоксинмен және негізгі күтіммен емделеді.
4. Br.melitensis is pathogenic to goats and sheep
Br.melitensis-ешкі мен қойларға патогенді.
5. In brucellosis, the Burne test is performed
Бруцеллезді анықтауда Бюрне сынамасы жүргізіледі.
6. The incubation period of brucellosis is 20-30 days
Бруцеллездің инкубациялық кезеңі -20-30 күн.
V. Сабақты қорытындылау (5-10 мин):
КЕРІ БАЙЛАНЫС (РЕФЛЕКЦИЯ): https://padlet.com бағдарлаамасында жасаймыз. Студенттер «Айғақ па, пікір ме?» деген сауалға жауап береді.
Айғақ әрдайым дәлелдемелерге негізделген.
Пікір әдетте біздің эмоциямыздың өнімі жеке интерпритациясы болып есептелетін субьективті тұжырым.

|
№ |
Студенттің аты-жөні |
Жеке 20 ұпай |
Жұптық 30 ұпай |
Топтық 40 ұпай |
Пысықтау 10 ұпай |
Қорытынды ұпай |
|
1 |
|
|
|
|
|
#ДЕЛ/0! |
|
2 |
|
|
|
|
|
#ДЕЛ/0! |
|
3 |
|
|
|
|
|
#ДЕЛ/0! |
VI. Үйге тапсырма беру (3-5 мин):
1.Тақырыбы: Тағамдық уытты инфекциялар. Ботулизм. Бруцеллез. Эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру.
1.Тағамдық уытты инфекциялар, ботулизм, бруцеллездің этиологиясы.
2.Қоздырғыштарының түрлері, эпидемиологиясы, патогенезі, анықтамасы.
3.Тағамдық уытты инфекциялар, ботулизм, бруцеллездің клиникасын, бастапқы кезеңінің белгілері.
4.Ботулизмге қарсы спецификалық сарысумен емдеу, оның әдістемесін жүзеге асыру. 5.Ботулизм мен тағамдық токсикоинфекциямен күресу шаралары, профилактикасы.
2.Төңкерілген сынып технологиясы бойынша келесі тақырыпқа дайындалу.
Тақырыбы: Ауа-тамшы жолдарымен тарайтын жұқпаларға эпидемиологиялық сипаттама және алдын алу іс шаралары. Тұмау және басқа да ЖРВИ. Эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру
1.Тұмаудың этиологиясы, «А» вирусының серотипі, эпидемиологиясына анықтамасы. 2.Инфекция көзі, жұғу механизмдері, тұмаудың клиникалық жіктемесі.
3.Диагностикалаудың және емдеудің негізгі принциптері.
4.Туындайтын асқынулары және оларды алдын алу.
5.Парагрипп.ЖРВИ этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, емі.
6.Аденовирусты инфекция этиологиясы, эпидемиологиясы, инфекция көзі, жұғу механизмдері, диагностикасы, емі мен алдын алу.
Жаңа тақырыпқа студентке берілетін материалдар:
1.Теория бейне дәрістер, бейнелер
2.Слайдтар,
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тағамдық-уытты инфекциялар. Ботулизм. Бруцеллез

шағым қалдыра аласыз