400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тағдырлас елдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Сабақтың тақырыбы

Тағдырлас елдер



с

с

Күні:20.01.2020ж

Мұғалімнің аты-жөні: Омарбаева Арайлым




Сынып:9





Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.2.6.1.Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу 9.4.2.2.Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу,түрлендіріп қолдану





Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана біледі.




Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі,түрлендіріп қолдана алады.



Кейбір оқушылар орындай алады:мәтіндегі тың мәселелерді өмірмен байланыстырып еркін жауап береді.



Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:мәтіндегі ақпаратты түсінеді, мәтіндегі тың мәселелерді өмірмен байланыстырып еркін жауап береді.



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қоныс аударған, ынтымақ, татулық, санақ,тұрғын.



Бағалау критерийлері:

  • мәтіннің негізгі ойын анықтайды.Салалас құрмалас сөйлем түрлерін ажырата алады.

  • грамматикалық нормаларды сақтап жазады.Мәтіннен ақпараттарды іріктейді.

  • Оқушылар мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Дескриптор




- айтылым тапсырмасы бойынша 3-5 жаңа сөз қолданады;

- оқылым тапсырмасы бойынша 4-5сөйлем айтады;

-грамматикалық нормаларды сақтап, айтылымға көңіл бөледі.




Қ.Б.

«басбармақ»әдісі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.




Алдыңғы оқу

Ұлттың болашағы - халықтың демографиялық өсімінде





Құндылықтарға баулу

«Қоғамымыздағы ұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім» негізінде оқушылардың бойында бауырмалдық, ынтымақтастық сезімдерін арттыру.



Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың басы


2мин



Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық ахуал «Үлгі тұтам» әдісі

Шаттық шеңберін құру арқылы өздерінің үлгі тұтатын адамдардың жақсы қасиеттерін айтып шығады.




Үй тапсырмасын сұрау

5мин


Айтылым бойынша «серпілген сауал» әдісі арқылы сұраймын

Тәуелсіздік бізге қандай тарихи мүмкіндіктер берді?

Ол мүмкіндіктерді қалай пайдалануымыз керек?

Данышпан Абайдың «Біріңді,қазақ,бірің дос, көрмесең істің бәрі бос»деген нақыл сөзінің мәнін қалай түсінесіңдер?

11-тапсырма 3сұрағына

12-тапсырма 1-2сұрақтарына жауап береді 85бет





Дискриптор

  • Тәуелсіздік бізге қандай мүмкіндік бергенін айта алады.

  • Сұрақтарға толық жауап береді

  • Өз ойларын дәлелдейді

  • Нақыл сөздің мәнін түсіндіріп бере алады



Қ.Б





Қ.Б «Тауға шығу әдісі»

Тамаша! Таудың басы

Жарайсың! Таудың ортасы

Талпын!таудың маңайы




Сабақтың ортасы

25мин

Жаңа сабақты түсіндіру

Географиялық картаны көрсету арқылы тақырыпты «болжау» әдісі арқылы слайдттан картаны көрсетемін, жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту

  1. Болжам суретті көрсету арқылы 1916-1933жылдар аралығында болған тарихи суреттерді баяндап береді.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасы ірі мемлекеттердің бірі. Бұл ел Еуразияның орталығында орналасқан. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Қазақстан Республикасында негізгі мемлекет құрушы ұлт – қазақтар. Қазақстан жері – кең-байтақ. Шекараның ұзындығы 14,6 мың шақырымға жуық. Шекарамыз солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Орта Азия республикаларымен және батысында Каспий теңізімен шектеседі. Шекарамыз Алтай тауларынан  Каспий теңізіне дейін, Тянь-Шань тауларынан Орал тауларына дейін созылып жатыр. Қазақстан аумағы 2,7 миллион шаршы шақырымнан астам. Мұнда сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер, пайдалы қазбалар бар.

     Республиканың әр аймағы бір-бірімен табиғат және экономикалық  жағдайларына байланысты ерекшеленеді. Егер республикамыздың бір жерінде металл өндіру, машина жасау, химия өнеркәсібі болса, екінші жерінде мақта, қант қызылшасы өсіріледі немесе мұнай, темір, алтын, мыс мол. «Жері байдың-елі бай» дейді қазақ халқы.

Талғаулы салалас дегеніміз ? Ережені түсіндіремін

1тапсырма (айтылым) «Еркін талқылау» әдісі арқылы өз ойларын айту арқылы сұрақтарға жауап береді

  1. Посткеңестік елдер деген не?

  2. Қай елдер посткеңестік елдерге жатады?

  3. Тақырып неліктен «Тағдырлас елдер»деп аталған?

  4. Бұл мемлекеттердің халқы,саны туралы қандай мәлімет білесіңдер?





Дискриптор

  • Посткеңестік елдер туралы мәлімет бере алады

  • Қажетті ақпаратты алады

  • «Тағдырлас елдер»тақырыбында ойын ашық айта алады

  • Мемлекеттің халық саны туралы мәлімет бере алады.

Қ.Б


« Басбармақ»әдісі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.



Оқулықтағы 2 тапсырма бойынша (оқылым) «Бірге ойлаймыз»әдісі оқушылар жұптасып орындайды.


Дискриптор

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

  • Әр жылдағы халық санағын сызбаға түсіре алады

  • Сұрақтарға жауап бере алады



Қ.Б



Shape2 Shape1

Жарайсың!

Жақсы!


Сергіту сәті

3мин

«Күміс құмған- ай» ән тыңдап , би билейміз



Дискриптор

Оқулықтағы 4тапсырма бойынша (оқылым)

  • Мәтінді оқып жанрлық ерекшелігін анықтайды

  • Талғаулы салаласты тауып жасалу жолдарын түсіндіре алады

  • Грамматикалық норманы сақтайды

  • Мәтінге жоспар құра алады


Қ.Б



Тамаша ! Жарайсың! Талпын!

Сабақтың соңы

3мин

Тақтамен жұмыс

Талғаулы салалас жалғаулар арқылы байланысатын сөйлем құрастыру



Дискриптор

Оқушылар тақтаға шығып тапсырманы орындау арқылы (жазылым) «Кім жылдам» әдісі

  • Талғаулы салаластың жасалу жолдарын түсіндірп сөйлем құрастыра алады

  • Грамматикалық норманы сақтайды

Қ.Б

Оқушы көзімен қателерін тауып дәлелдейді


Жеке жұмыс оқулықтан тыс тапсырма «Келісемін,келіспеймін» әдісі

Мәтінді толықтырыңыз екі оқушыға екі қағаз беріледі, өздерінің тапсырмаларын орындайды,бірін-бірі тексереді

  1. Елтаңбаның жүрегі – ..... 

  2. Шаңырақ  -  мемлекеттің түп – негізі -  ... 

  3. Сонымен қатар шаңырақ –  ...   де білдіреді.

  4. Шаңырақ – қазақ өмірінің алтын қазығы болған киіз үйдің ....  .

  5. Тұлпар – даланың, ер – азаматтың көмекшісі, ....  бейнесі.

  6. Қанатты тұлпар  ....  біріктіреді.

  7. Жұлдыз адамға .... көрсетеді.

  8. Елтаңбаның авторлары -  .....  .


Керекті сөздер: Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов, жол, Уақыт пен Кеңістік,  бостандықтың, күмбезі, күн шеңберін, отбасының бейнесі, шаңырақ .


Дискриптор

  • Оқушылар мәтінді толықтыра алады

  • Грамматикалық норманы сақтайды








Қ.Б



Оқушы көзімен бір бірінің қателерін тауып дәлелдеп береді.










Үй тасырмасын беру

2мин


5тапсырма 87бет

Керібайланыс «пайыз»әдісі

100%

75%

50%



Рефлексия:

1.Сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

2.Бүгін оқушылар не үйренді?

3.Оқыту ортасы қандай болды?

4.Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

5. Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба?

6.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


  • Мен үшін сабақта қолданған оқу мақсатым қолжетімді болды.

  • Бүгін оқушылар тәуелсіздік бізге қандай мүмкіндіктер бергені туралы айтып өтті.

  • Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым.

  • Менің жоспарымда топтық жұмыстар болмады,өйткені сыныпта оқушы саны аз.

















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
1948
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі