400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Т.Ахтанов "Күй аңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
әдебиеттен сабақ үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары

Пәні: қазақ тілі

Күні: 13.02.2018 ж

Сыныбы: 8 сынып

Сабақтың тақырыбы

Т. Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесіндегі кейіпкерлер

Мақсаты

Оқушыларға көркем шығарманы оқыту арқылы әнгіменің мазмұнын аша білу, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты аша білу

Күтілетін

нәтижелер

  • 1.Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан-жақты талдап, олардың ара қатынасын анықтайды.

  • 2.Әр оқушы кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізеді, өз пікірін білдіреді.

  • 3. Шағын топқа бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады,бірге қорытынды жасайды. 

Қолданылатын әдістер

Блум. СТО, топтық жұмыс, сұрақ-жауап

Керекті жабдықтар


Оқулық, интерактивті тақта, слдайдтар, Т.Ахтанов туралы бейне-материалдар. «Нар идірген» күйі


Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдас

тыру

1 мин

Сыныптың көңіл күйін байқау

Ұлттық аспаптар арқылы 4 топқа бөлу

Суреттер арқылы топқа бөлінеді

Үй тапсырмасы

2 мин

Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесінің мазмұны




«Нар идірген» күйі тыңдалады


Ой қозғау

2 мин

1. Бұл үш суреттің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?
2. Біз жоғарыда қандай күйді тыңдадық?
3.«Бозінген» күйінің шығу тарихын білеміз бе?
4 Өнер сөзінің білдіретін мағынасы қандай? Қазақ халқының қандай өнерін білесіңдер?
5 Күй сөзінің білдіретін мағынасы қандай? Қазақтың қандай күйлерін білесіңдер?
6 Күйші сөзін қалай түсінеміз? Қазақтың қандай күйшілерін білесіңдер?

1. Күй қайдан бастау алады? (Өте көне заманнан)
2. Күй атасы кім? (Қорқыт ата, ҮІІІ ғ.)
3. Әлемдегі күллі музыка 7 нотадан тұратынын дәлелдеген ғұлама кім?
(Әбу Насыр әл-Фараби)
4. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғұлама, «Музыканың үлкен кітабы» еңбегінің авторы кім? (Әбу Насыр әл-Фараби)
5. «Балбырауын», «Адай» күйлерін шығарушы және орындаушы кім деп білеміз?
(Құрманғазы Сағырбайұлы)
6. Қазіргі кезде күй өнерін жалғастырушы, шебер орындаушы кім деп білеміз?
7. Күйші болу оңай ма?

Сұрақтарға жауап беріп, ойларын айтады

Оқулықпен жұмыс

«Кейіпкерлер әлемі» 

7 мин

Оқулықтан кейіпкерлер портретін табу 

1.Естемес портретін табу. (Жасы елуді алқындырған, тарамыс денелі, әдемі, дөңгелек сақалды, биік мұрынды, кішілеу өткір көзі биік қабағының астында терең әжім ұялаған қағылез кісі) 

2. Оразымбет бейнесін табу. (Астында жалың өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк қамзол, талдырмаш белін қызыл күдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік) 

3. Қарт пен Жаңыл бейнесін табу. (Жасы он алты-он жетілер шамасында болар. Қою қара қасты, дөңгелек жүзді, талдырмаш денелі, қара торының сұлуы) 

Оқулықтан кейіпкерлер портретін табады

Оқулықпен жұмыс Композициялық құрылысы

9 мин

Оқиғаның басталуы: Екі салт аттының жолға шығуы. Күйшілердің әңгімесі.
Оқиға байланысы: Жапанда жалғыз нардың кезігуі, ботасы өлген аруананың зары. Естеместің домбырасына тіл бітіруі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі
Оқиғаның шиеленісуі: Қыздың әкесіне қолқа салуы
Оқиғаның шарықтау шегі: Естемес күйшінің өнері, «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі
Оқиғаның шешімі: Естеместің жолын жас жігітке беруі

«Күй аңызы» әңгімесімен танысады (171-178 бб.)








Тұжырым кестесі.


кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Адамгершілік қасиеті

Естеміс.

Жасы егде тартса да отбасын құруды ойлайды

Түсінігі мол, есті, Оразымбетке жолын береді

Оразымбет.

Өнерді сүйетін, тәрбиелі шәкірт 

Үлкенді құрмет тұтады, ұғымтал 

Жаңыл.

Жігерлі жан, өз бақытын табудаөжеттік таныта білді 

Кішіпейіл, ибалы, өжет. 

Шал

Жоқшылыққа төзе білген, қиындыққа мойымаған жан 

Көпті көрген, қонақжай, есті кісі 


Кестені толтырады, кейіпкерлерге салыстырмалы сипаттама береді

Жинақтау

Ширату сұрақтары

2 мин

1.Неліктен әңгіме Күй аңызы деп аталған?

2.Шығармада қазақ халқының қандай ұлттық өнерлері жайлы сөз болады?

3.«Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш.

4.Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың?

5. Естеместің “Заманым өткен екен ғой” деп аһ ұруы нені білдіреді? 6. Оқиғаның шешімі сені қандай ойға жетеледі?

Сұрақтарға жауап береді

Қорытынды

Тест тапсырмасы


І-нұсқа

1. Тахауи Ахтановтың алғашқы әңгімесі?

а) «Дала аңызы» ә) «Боран» б) «Күй аңызы» в) «Махаббат мұңы»

2. «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

3. «Қасымда тұрсаң да, алыстағы арманым екенсің, күй қанатымен қуып көрейін» Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

4. «Сөзім –сөз. Өнерің жетсе тілегіңді бердім, қарағым». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

5. Әңгімедегі Жаңылдың жасы?

а) 15-16ж ә) 14-15ж б) 16-17ж в) 17-18ж

6. «Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

7.«Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елтитіні болады деуші еді…» Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл 

ІІ-нұсқа 
1. Әңгімедегі кең жазықтың шетінде оқшау тұрған жалаңаш тау

а) Алтай ә)Бурабай б) Ипан в) Сарыарқа

2. «Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

3.«Апырым-ай, мынауың, шынында да, елде жоқ қолқа екен» Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

4. «Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы болар». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

5.«Аһ, сабазың шыңыраудан суырып шығарды-ау» . Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

6. Кімнің сөзі: «Қашан кемеліне келтіргенше көп алдына салмаған жөн»

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

7. Әңгімеде қандай жануар суреттеледі?

а) жылқы ә) түйе б) қой в) сиыр

Тест тапсырмаларын орындайды

Рефлексия

«Ортадағы қаламсап» әдісі

2 мин

Бүгінгі сабақтан не түйдім, нені білдім?

Сабақтан не түйгенін айтады

Үйге тапсырма

1мин

«Қазақтың күй өнері» туралы

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

1 мин

Топ басшысы топ мүшелерін бағалау

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
40 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
3644
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі