Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Т.Ахтанов «Күй аңызы»-өнер тақырыбына жазылған шығарма

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығарма мазмұнын меңгерту, күй өнері туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Уақыты:

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сынып: 8

Мұғалім: Омаров Амангелды Аширбекович

Picture 3

Сабақтың тақырыбы:

Т.Ахтанов «Күй аңызы»-өнер тақырыбына жазылған шығарма

Жалпы мақсат:

Шығарма мазмұнын меңгерту, күй өнері туралы түсінік беру.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.

Рисунок 84

Рисунок 83

Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


Жаңа тақырып

Т. Ахтановтың өмірінен мағлұмат беру. Электронды оқулықтан көрсету.
«Аңыз» жайлы электронды оқулықтан тыңдату.
Әңгіменің мазмұнын баяндап беру.
Түсініксіз сөздермен жұмыс.
Тізгін – аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан байланған қайыс.
Дұға – аман - саулық, сау-саламаттықты тілейтін құранның қысқа - қысқа аяттары.
Шылбыр – жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп.
Түндік – киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз.
Қолқа салу – дос, жолдас адамдардың бір - бірінен бір нәрсені қалауы.
Тулақ – үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері.
Жоны – арқасы, ту сырты.
- Балалар, әңгімеде түйенің қандай түрлерін кездестіреміз?
- Бота, мая, нар аруана.
Бота – түйенің төлі.
Аруана – екі өркешті, таза тұқымды түйенің ұрғашысы.
Інген – қос өркешті түйенің ұрғашысы.
Мая – жалғыз өркешті түйенің інгені.
Нар – бір өркешті түйе.
Қара нар – түйенің күштісі, мықтысы.
ІҮ. Шығармаға композициялық талдау жасату.
Оқиғаның басталуы: Екі салт аттының жолға шығуы. Күйшілердің әңгімесі.
Оқиға байланысы: Жапанда жалғыз нардың кезігуі, ботасы өлген аруананың зары. Естеместің домбырасына тіл бітіруі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі
Оқиғаның шиеленісуі: Қыздың әкесіне қолқа салуы
Оқиғаның шарықтау шегі: Естемес күйшінің өнері, «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі
Оқиғаның шешімі: Естеместің жолын жас жігітке беруі
Ү. Шығармадағы кейіпкерлердің портреттерін жазу.
Естемес - жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған қағылез кісі
Оразымбет - астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік
Жаңыл - жасы он алты - он жетілер шамасында. Қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы. Үстінде жалаң көйлегі тозған
ҮІ. «Әдебиет лотосы»
Автор: Т. Ахтанов
Шығарма аты: «Күй аңызы»
Кейіпкерлер: Естемес, Оразымбет, Жаңыл, шал, ботасы өлген аруана
Оқиға желісі: Ботасы өлген аруана сүт береді, Естемес жолын жас жігітке береді
Немен аяқталады:
Не суреттеледі: Кейіпкерлер бейнесі, нар бейнесі, күй құдіреті
Қандай тәсіл қолданады: Портрет, эпитет – өткір қоңыр көзді, мүсәпір бейнесі, жұмсақ әуен бояуы, теңеу – жібектей майысып, балшықтан құйғандай, сүйріктей саусақ
Қазіргі заманмен салыстыр
ҮІІ. Қосымша мәлімет беру.
Секен Тұрысбеков: «Күй қасіреттен, үлкен ойдан туады.»
«Көңіл толқыны» күйінің дүниеге келу тарихы: «Күй 1985 жылы ойыма оралып, 1987 жылы жарыққа шықты. Ол Мәскеуде өткен дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінде ойыма келген - тін. Ол кез қасіретке шомып жүрген уақытым еді, Анар, Жанар есімді қос құлыншағымнан айрылғанда жазылған дүние болатын. Табиғаттың нөсер жауынынан кейін көлшікке тамған тамшыны ырғақ еттім. Ішкі - сыртқы құбылыстардың, сезімдердің бәрі қабысып келіп, өзінің шешімін тапқандай болды. Алғашында ол өзіме «күй - этюд» сияқты болып көрінді. Іштегі шер жатпайды екен. Ылғи «Қасіреттіден ғана қасиетті өне

Шығармашылық жұмыс


Тест
1. Т. Ахтанов тың ең алғашқы әңгімесі?
А) «Сәуле»
Ә) «Боран»
Б) «Күй аңызы»
2. Жазушыға қай шығармасы үшін мемлекеттік сыйлық берілді?
А) «Әке мен бала»
Ә) «Қаһарлы күндер»
Б) «Дала сыры»
3. «Күй аңызы» әңгімесінің тақырыбы
А) Естеместің өмірі
Ә) өнер құдіреті
Б) қыз өмірі
4. «– Апырым - ай, мынауың, шынында да, елде жоқ қолқа екен» Қай кейіпкердің сөзі.
А) Естемес
Ә) Жаңыл
Б) Шал
5. Шығарма немен аяқталды?
А) Естеместің қызды алуы
Ә) Жігітке жолын берді
Б) Нарды идіре алмады.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

Үйге тапсырмасын беру

Оқулықта берілген тапсырманы орындау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
639
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12