400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Т.Ахтанов"Шырағың сөнбесін" 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Т.Ахтановтың "Шырағың сөнбесін" шығармасы бойынша талдау жүргізіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 14.02.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Жетібаева Динара Сейітқожақызы

Сабақ тақырыбы: Т.Ахтанов «Шырағың сөнбесін»


Пәні: қазақ әдебиеті


Сынып: 11 «а»

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Жазушының өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет беру, «Шырағың сөнбесін» романынан берілген үзіндінің мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, романның қазақ әдебиеті тарихында алатын орнын анықтау

Оқу мақсаттары:





Барлық оқушылар: Т.Ахтановтың өмірі, шығармашылығы туралы біледі

.

Оқушылардың басым бөлігі: Шырағың сөнбесін» романынан берілген үзіндінің мазмұнын біледі, тақырыбы мен идеясын түсінеді

Романдағы кейіпкерлер бейнесін талдау жасайды

Кейіпкер рөліне ену арқылы оның ішкі ойын сезінеді

Кейбір оқушылар: Әдебиет теориясы арқылы жазушының тіл шеберлігіне талдау жасайды

Өзіндік ой қорытады

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: оқиды, талдайды

Негізгі сөздер мен сөз тіркестер: Т.Ахтанов, шырақ

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Менің ойымша, менің пікірімше.....

Талқылауға арналған тармақтар:

Жазылым бойынша ұсыныстар:


Алдыңғы оқу

С.Мәуленов өлеңдері

Қолданылған ресурстар

АКТ

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыстар

Ресурстар

Басталуы












Ортасы










Ұйымдастыру. Амандасу. Білім алушылар көңіл-күйлерін анықтау

Шатастырылған баулар

С.Мәуленов өлеңдері:

1.Шөңге

2. Қаратау

3.Торғай қақпасы

4.Ақ түн, ақ түн

5. Құлын

Оқушылар С.Мәуленов өлеңдерінен үзінділері мен атаулары орындары ауысытырылып орналастырылған тапсырманы сәйкестендіреді.

«Шырағың сөнбесін» үзінді оқу

АКТ: ҰОС бастауы туралы деректі фильмнен үзінді көрсетеді.

ҰОС қазақ халқына тигізген зардабы қандай болды?

Сондай ҰОС жылдарындағы ел басына түскен , әйел басына түскен қиын тағдырды суреттейтін туындының бірі Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы

Деректі фильмнен көрген үзінді бойынша өз ойларынт топшылайды.

Қазақ жеріне ҰОС жылдары әкелген қасірет пен қиындықтар туралы қысқаша түсініктерін жеткізеді.

Мағынаны тану

ББЖӘТ: топтық жұмыс

1-топ –Т.Ахтановтың өмірі, шығармашылығы, «ҚаҺарлы күндер»

2-топ –«Шырағың сөнбесін»

3-топ –«Боран»

Оқулық

ББЖӘТ: жұптық жұмыс

1-жұп –Романдағы қазақы салт-дәстүр көрінісі

2-3 -жұп –Кейіркерлер бейнесі (Концептуалдық кесте)

4-жұп -Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі (әдебиет теориясы)

5-жұп –Салыстыру. Қасымбек пен Нәзира замандастарының махаббат туралы түсінігі – Қазіргі жастардың махаббат туралы түсінігі (Венн диаграммасы)

6- жұп –«Романның «Шырағың сөнбесін» аталу себебі неде?» («шырақ» сөзінің мәнін ашу)

СТОҮ: жуан-жіңішке сұрақтар

Шығарма бойынша жұпта 2 жуан, 1 жіңішке сұрақ дайындайды, жауап береді.

Тақырып: «Ошағымның сөндірмеші шырағын »

Түйгенім Әлі де білгім Еш нәрсе

көп келеді ұқпадым

Тақтаға смайликтер бейнеленген плакат іледі. Стикерлерді жапсыруды ұсынады.

Оқушылар сабақтан алған білімі туралы ой жинақтай отырып, стикерлерді қажет деп есептеген орынға жапсырады.

Рефлексияға арналған плакат

ЖАДА, жағымды ахуал қалыптастыру

Сабақтың аяқталуы

Үй тапсырмасы

эссе « Соғыс ешкiмге де қуаныш пен күлкi әкелмейдi» (ҰОС мен бүгінгі бейбіт заманда жүріп жатқан қиыр шығыстағы соғыс туралы байланыстыра ой қорыту)


Қосымша матераилдар

Сөз шебері З.Қабдолов: «Тахауи Ахтанов кім?» – десе, мен: «Үлкен үшеу: «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін» дер едім», – деп бағалаған;

Соғыс суреттерін әйелдің, анығырақ айтқанда, әйелдердің көзімен суреттейтін, сол себепті де сол қанды қырғындағы әйелдердің психологиясын мұншалықты терең бейнелеп берген мұндай тағы бір роман, келіссеңіз де, келіспесеңіз де өзіңіз білесіз, қазақ прозасында басқашалай жоқ. «Шырағың сөнбесін» романы — қазақ әдебиетінің әскери жанрдағы санаулы жәдігерлерінің бірі."Шырағың сөнбесін" не айтады?
Кеңес офицері Қасымбек Нәзира атты ауыл қызына үйленеді. Соғыс басталып кетеді. Қасымбек мерт болған соң, Нәзира Абанға шығады, о да қаза табады. Баласын құшақтаған жас әйелдің көрген күнінің көбі қасірет, алғанының бәрі азап. Соғыс басталғанда эвакуацияға ұшыраған әйел, бала-шағаның қатарында Нәзира да бар. Нәрестесі қолында. Еңіреп еліне оралады. Романның ұзын ырғасы осы. Әрине, бұл бір сөзбен айтқанға ғана. Оқи, көре, аңғара келгенде көп-көп тағдыр, талай табиғат, характер қақтығыстары ашылады. Бұрын кітап бетіне, не театр сахнасына, кино экранына түспеген неше алуан деталь, қат-қабат тірлік. Оқиға Нәзираның ауызынан баян-далады. Бәрі соның көзімен беріледі. Соғыс, ел басына түскен ауыр жағдай әйел, бала-шағаның өзіне бейбіт күн кешуге мұрша бермейді. Жұрт қалай шегінсе де – алдынан соғыс шығады. Жағдайдың өзі кімді болсын, қақпалап апарып қан майданға салып жібереді. «Қайда

барсаң – Қорқыттың көрінің» кебі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
2167
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі