Материалдар / Т.Айбергенов «Бір тойым бар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Т.Айбергенов «Бір тойым бар»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2024
125
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: № 35 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Баджанова. А

Күні:

Сынып: 8-10

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Осы сабақтақол жеткізілетін оқу мақсаттары 8.1.5.1.тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау; 8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру;

Сабақ мақсаты 1. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру; 2. Тірек сөздер арқылы өлеңнің негізгі ойын анықтау; 3. Тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу;

Бағалау критерийі · Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; · Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды; · «Бір тамаша той қылып өткеремін» деген ойға пікірлерін сенімді дәлелдейді;

Тілдік мақсаттар Қажетті сөз тіркестері: Бір тойым,қай күні, ұран сондай, айта алмаймын, билетпей қайтармаймын, ән салмай, үлгі етемін Пікіталас үшін пайдалы сөз оралымдары: менің ойымша, меніңше, дегенмен, мен бұған келісемін/келіспеймін, себебі...

Құндылықтарға баулу Өлеңдегі негізгі ойды ашу арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін білуге баулу; - шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; - өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; - қарым-қатынас жасау қабілеті құндылықтарын дарыту

Пәнаралық байланыс Сабақ мазмұны әдебиеті пәнімен кіріктірілген, пікірталас әрекеті қоғамтану, әлеуметтану салаларымен байланысты

Алдыңғы білім Оқугшылар бұған дейін тірек сөздер арқылы тақырыпты анықтауға дағдыланған, тірек сөздерді табу біліктері қалыптасқан, алайда көзқарастарын білдіру дағдыларын шыңдауды қажет етеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу.Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау. Психологиялық ахуал. «Жылы лебіз» әдісі Сыныпта жақсы психологиялық атмосфера болу үшін оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы лебіздерін білдіреді. Осы күнге сәттілік тілейді. Алдыңғы білімге кері байланыс ТЖ. «Үш қадам сұхбат» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар үш-үштен топтасады, бір оқушы мазмұндайды, екінші оқушы тыңдайды, сұрақ қояды, үшінші оқушы жазып алады.

Сосын рөлдер ауысып отырады Топтастыру. «Шақыру билеті, той гүлі, киіз үй» суреттері бойынша топқа бөлінеді. С. «Миға шабуыл» әдісі - Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер? - Салт-дәстүрлерге байланысты не ұйымдастырылады? - Сендер қандай тойларда болдыңдар? - Суретте кім бейнеленген деп ойлайсыңдар? Сабақтың мақсаты: Т.Айбергеновтың «Бір тойым бар» өлеңімен танысу, негізгі ойын анықтау. Оқушылар тақтадағы суреттер арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. Оқу мақсаттарымен танысады.

Сабақтың ортасы

Тыңдалымалды жұмыстары С. Сөздікпен жұмыс Сөздердің синонимдік қатарын анықтайды. Сәби - младенец Қарт – старец, старик Той – праздник, свадьба Жеңге – сноха Ұран – клич, девиз Кемпір – старуха Етегін - подол Сабылдыртам - измучить Тыңдалым кезеңі С. Өлеңді мұқият тыңдап, басты ақпараттарға назар аударыңыз. Бір тойым бар Бір тойым болатыны сөзсіз менің, Дәл қай күні екенін айта алмаймын. Бірақ...бірақ... Ешкімді де билетпей қайтармаймын. Онда ортаға тасталар ұран сондай: Қайта алмайды қартың да бір ән салмай. Интербелсенді тақта Аудиожазба Г.Косымова «Қазақ тілі мен әдебиеті» электронды оқулығы, «Мектеп» баспасы, Алматы қаласы 2018 жыл.

Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам, Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам... Сәбилерге ағаны үлгі етемін, Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін... Т.Айбергенов Тыңдалымнан кейін Ж. «Негізгі бес сұрақ» әдісі Берілген сұрақтар бойынша жауап беріңіз. 1.Өлең не туралы? 2.Той қашан болады? 3.Тойдың ұраны қандай? 4. Қарттарға нені сағындыртады? 5. Сәбилерге кімді үлгі етеді? Бағалау критерийі: • Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; Дескриптор: - сұрақтарға жауап береді; ҚБ. Әр оқушыға мұғалім кері байланыс береді. Сұрақ қою, түсіндірме ЖЖ. «Кластер» әдісі Өлеңдегі тірек сөздерді тауып, негізгі ойын анықтаңдар. Ықтимал жауаптар: бір тойым, қай күні, ұран сондай, айта алмаймын, билетпей қайтармаймын, ән салмай, үлгі етемін Бағалау критерийі: тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды; Дескриптор: - өлеңнен тірек сөздерді табады; - негізгі ойды 1 сөз/сөз тіркесімен көрсетеді; ҚБ. Өзара бағалау. «Мадақтау сэндвичі» әдісі. 1-қабат – түсінгені туралы 2-қабат – сыни көзқарас, нені өзгерту керек, қалай өзгерту керек. 3-қабат – болашаққа ұсыныс береді, маған ұнады, алайда ........ Жазылым тапсырмасы. Жақын достарыңызды жинап той өткізу қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Осындай той достықты нығайтуға септігін тигізе ме? Өз ойыңызды осы өлең жолдарын дәлел ретінде қолданып жазыңыз. Жұмысыңызда біріңғай мүшелерді, төл сөздерді, сұраулы сөйлемдерді қолдана отырып тыныс белгісінің дұрыс http://expert.mektep.kz/ru/shop/48649-8_klass/49630-aza_tl_men_debijet/1 Флипчарт, маркерлер

жазылуына назар аударыңыз. Сөз көлемі 70-80 сөз. Жазылымнан кейінгі тапсырма. «Ыстық орындық» әдісі арқылы бірнеше оқушы өз ой толғауларын оқиды. Қалған оқушылар өздері қызықтырған жердегі тыныс белгі қалай қойылғанын сұрайды. «F» бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды. Дескрипторлар. · Тыныс белгілерді орынды қолданады · Өз ойын жеткізе алады · Өлең жолдарынан дәлел келтіреді Жаңа сөздерді қолданады Ж. «ПОПС» формуласы «Бір тамаша той қылып өткеремін» деген ойға өз пікірлеріңді білдіріңдер. Бірінші сөйлем. Менің ойымша ................. Екінші сөйлем. Себебі мен оны .............. деп түсіндіремін. Үшінші сөйлем. Оны мен .................... фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын. Соңғы сөйлем. Осыған байланысты мен .......... деген түйін жасадым. Диалог және қолдау арқылы саралау: А. Бұл оқушылар дәлелдеме келтіріп, пікір білдіруге жетелемейтін нақты сұрақтар бойынша ғана жауап береді. В. Бұл оқушыларды ойды ашып айтуға бағытталған ашық сұрақтар арқылы мұғалім дәледі көзқарас айтуға жетелейді. С. Бұл оқушылар формулаға сүйеніп, өз ойларын ашық айтады. Бағалау критерийі:«Бір тамаша той қылып өткеремін» деген ойға пікірлерін сенімді дәлелдейді Дескриптор: - клишені қолданып сөйлейді; - пікіріне өлеңнен дәлелдер келтіреді; ҚБ. Өзара бағалау. «2 жұлдыз, 1 тілек» әдісі

Сабақтың соңы

Рефлексия. «Шығу парағы» әдісі 1. Бүгін сабақта не білдіңдер? Бұрын не білетін едіңдер? 2. Қанша жаңа сөз үйрендіңдер? 3. Сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер ме? «Шығу парағын» пайдаланып, оқушылар сұрақтарға жауап беред



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!