400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Т.Айбергенов «Бір тойым бар», 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары оқыту орыс тілінде жүретін 8-сыныпқа арналған. Пән мұғалімдеріне қосымша материал ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: Ы.Алтынсарин ат. ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Усенова С.У.

Сынып: 8 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Достық пен татулық – таптырмас байлық

Т.Айбергенов.«Бір тойым бар».

Сабақтың тақырыбы

Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.1.5.1 - тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: мәнерлеп оқиды, сұрақтар қойып, оларға жауап береді, өлеңнің мазмұнын түсінеді.

Көптеген оқушылар: тірек сөздерді анықтайды, өлең мазмұнын баяндайды.

Кейбір оқушылар: тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіндердің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;

  • мәтіндерді сөз деңгейінде талдайды;

  • мәтіндерді сөйлем деңгейінде талдайды;

  • өлең мазмұнын мәтін деңгейінде талдайды;

  • шартты рай теістігін ажыратады.

Тілдік міндеттер

Лексикалық минимум: қайтармау, сабылу, қайта қосу, құмар болу, бір асым ет, рахаттану, тарқамау, игілікті, көпшіл, парасатты, берік, жалған, ұйымшылдық.

Құндылықтар

Патриотизм

Адалдық

Жауапкершілік.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, музыка

АКТ дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады, бейнебаянды тамашалайды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Т.Айбергенов өмірбаяны бойынша сұрақ-жауап, өлеңін мәнерлеп оқу, өзара бағалау (5 минут).

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы















Сабақтың ортасы




























































1. Тренинг "Кел, балалар оқылық!"

2. Оқу мақсатымен таныстыру.

3. Суреттер бойынша тақырыпты болжау.

Сабақтың тақырыбымен байланыстыру.

Мәтіналды жаттығу.

Сөздікпен жұмыс.

Той -пир, торжество, мероприятие; сөзсіз- безусловно, ұран - призыв, клич, девиз; кемпірлер -старушки; қарт- старик; менің жарым- моя жена, супруга; кірпік ілмей- не сомкнув глаз; ән салам түн ауғанша -буду петь всю ночь;

Бәйге беремін жығылған палуанға -отдам победу проигравшему сопернику; "Жанам" деген жүрекке от беремін - Кто хочет гореть, тому дам огонь.

Алғы сөз. Ақынның өлеңдеріне арқау болған мына бір оқиға да бұл күндері аңызға айналған сияқты. «Бірде Төлеген өз достарын үйінде дастарқан жайып күтеді, алайда түрлі себептермен көпшілігі келмей қалады. Олармен ертеңіне кездескен Төлеген өз ренішін білдіріпті. Сонда ақындардың бірі оған: «Өкпелеме, жігітім, бір тойың болары сөзсіз мүмкін»,- деп басу айтқан екен. Сол оқиғадан соң ақынның «Бір тойым бар» өлеңі өмірге келіпті.

Көрсетілім. "Бір тойым бар" өлеңін тыңдау.

4-тапсырма.

Өлеңді оқу, талдау.

Топтық жұмыс. Білім алушы • Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды • Автор көзқарасы бойынша негізгі ойды табады.

Дескриптор/ Білім алушы - автор көңіл күйіне қатысты 5 тірек сөзді анықтайды; - автордың көңіл күйін анықтайды; - өлеңнен көңіл күйге қатысты дәлелдер ұсынады; - дәлелдер негізінде автор идеясын анықтайды.

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ... бірақ...

Ешкімді де билетпей қайтармаймын.

Онда ортаға тасталар ұран сондай:

Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,

Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,

Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам...

Сәбилерге ағаны үлгі етемін,

Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін.

Менің жарым бұл түні кірпік ілмей,

Ақ көңілімен қуаныш бүртігіндей,

Омырауынан бір тәуір шайқап есіп,

Ажырасқанды жүреді қайта қосып.

Мен өзім де ән салам түн ауғанша,

Менің жаным бұл күнге құмар қанша!

Бәйгі берем жығылған палуанға да,

Адалдығы сезіліп тұрар болса.

Қыз қуатын жігітке ат беремін,

Жанам деген жүрекке от беремін.

Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді

Бір тамаша той қылып өткеремін.

Біздің үйді сол күні бетке ал қауым,

Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.

Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,

Қазанымда бір асым ет қалмауын,

Мен сөйтіп бар шаңнан бір сілкінемін,

Мен сөйтіп рақаттанып бір күлемін.

Кім білсін талай күнгі арманым еді,

Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның.

Өлеңнен автордың көңіл күйіне қатысты 5 тірек сөзді анықтаңыз.

1. 2 . 3. 4. 5.


Өлеңнің идеясы туралы не айтар едіңдер?

Адам өмірінің бақытты кезеңдері және әр түрлі армандарға жету жолындағы адам баласының әрекеті.


Мәтіннен кейінгі жұмыс кезеңі

"Бес  жолды өлең“

1. Зат есім – Төлеген Айбергенов.

2. Сын есім – лирик, нәзік жанды.

3. Етістік – жазды, қуанды, сүйді.

4. Сөйлем – Төлеген Айбергенов- қазақтың біртуар ақыны.

5. Синоним – ақын.

Қорытындылау.

Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергенов аз ғана ғұмырында қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты.

Найзағай отындай жарқ еткен жырлары қазақ поэзия әлеміне жарық жұлдыз болып қосылды.

Қазақ әдебиетінде оны Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов сияқты әдебиет майталмандары ұстаз санады.

Кері байланыс. Жетістік критерийлері бойынша кері байланыс жасау.

  • сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіндердің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;

  • мәтіндерді сөз деңгейінде талдайды;

  • өлең мазмұнын мәтін деңгейінде талдайды.


Слайд








Слайд










Слайд 3




Бейнебаян "Бір тойым бар"







А4 парақтары














































Слайд















Сабақтың соңы



Өзін-өзі бағалау. Өзара бағалау

"Блоб" ағашын бояу.

Слайд



Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жеке оқушыларға көмек көрсетіледі. Оқушыларды қолдап, мадақтап отыру ескеріледі. Оқушыларға тапсырма орындауда таңдау жасау мүмкіндігі беріледі. Қабілеті жоғары оқушыларға жоғары деңгейлі сұрақтар ұсынылады.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Пәнаралық байланыс – тарих

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
9086
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі