жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Т.Айбергенов «Сағыныш» өлеңі.
Т.Айбергенов «Сағыныш» өлеңі.
|
САБАҚ: 3-бөлім: Адам жанының құпиясы. Тақырыбы: Т.Айбергенов «Сағыныш» өлеңі. 20-сабақ |
Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясы |
||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Жетписбаева Толкын Кунаевна |
||||||||||||||
|
СЫНЫП: 9 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||
|
Оқу |
9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау. |
||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: |
||||||||||||||
|
|||||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: |
|||||||||||||||
|
|||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: |
|||||||||||||||
|
|||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
|
||||||||||||||
|
Оқыту деңгейі |
Түсіну, қолдану,талдау, жинақтау, бағалау. |
||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: |
||||||||||||||
|
Көркем шығармадан ақын сезіміне нақты дәлелдер келтіреді. |
|||||||||||||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: |
|||||||||||||||
|
Сағыныш, көркем шығармадағы психологизм, аналитикалық психологизм, ішкі монолог. |
|||||||||||||||
|
Диалог құруға / шығарма жазуға пайдалы сұрақтар: |
|||||||||||||||
|
Өлеңді оқыған кездегі өз сезіміңізді жазып, сағыныш ұғымына сай пікіріңізбен бөлісіңіз. |
|||||||||||||||
|
Талқылау барысында қолданатын тіркестер |
|||||||||||||||
|
Неліктен Т.Айбергенов «Сағыныш» өлеңін М.Шахановқа арнаған деп ойлайсыз? |
|||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу. |
||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих. |
||||||||||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім: |
Т.Айбергеновтың поэзиясын еске түсіру. |
||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||
|
Кезеңдер |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурс |
|||||||||||||
|
Қызығушылық ояту 7 минут |
Ұйымдастыру сәті. Амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады. Ширату жаттығуы: Т.Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңіне жазылған әннің үзіндісін тыңдайды. (Әнін жазған: Гүлмира Сарина) Әнді тыңдағаннан кейін дәл осы сәтте ойыңызға не келді? (Оқушылар өз сезімдерімен, өз ойларымен бөліседі.) (Ендеше, бүгін Т.Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңіндегі автор сезімін талдаймыз.) |
https://www.youtube.com/watch?v=n3iibAg5zSk |
|||||||||||||
|
25 минут |
Қазақ әдебиеттануында психологизм ұғымына алғаш назар аударғандардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы болды. 1) Ес ұғымы, яғни еске керек ұғым. Ес ұғымының арқасында дүниедегі нәрселердің бәрін, задын, сырын, сипатын, мүдетін, мұратын танимыз. 2) Іс ұғымы, яғни іске керек ұғым. Іс ұғымы арқасында табиғат ісін, күшін нәрселерін қалай пайдаланатын жолын білеміз. Көркем шығармадағы психологизм – адамның ішкі сезімін, жан дүниесін, толғанысын, эмоциясын терең ашып көрсетуге мән беру. А
(Көкем шығармадағы психологизм, ұғымдарымен, А.Байтұрсынов пікірімен таныстырады. ) №1 ТАПСЫРМА. Т.Айбергенов туралы білетін ақпараттарыңызды топтастырып кестеге жазыңыздар.
Дескриптор:
Өлеңді оқымастан бұрын мына сөздердің мағынасына көз жүгіртейік. Шұғыла – күннің нұры, сәулесі, шапағы. Бұл жерде: поэтикалық қолданыста беріліп, адамдық қасиетті айтып тұр. Сарша – шілденің аяқ кезі мен тамыздың бас кезіндегі ми қайнататын ыстық, аптап кез, жаздың нағыз қызған шағы, жаз амалы. Ендік – мағынасы көп. Мұнда ауыспалы мағынада жан-жақтан, тұс-тұстан деген. Шағыл (дар) – 1) белес-белес, жота-жота болып үйіліп қалған құм; 2) ұсақталған қиыршықтас; 3) ағаштың кепкен түрі; 4) жел әрекетінен пайда болатын ысырынды құм төбелер; 5) жарқыраған күн; 6) етістік: сыну, қирау; 7) талану, тістелеу; 8) сәуле түсу. Бұл жерде: бірінші мағынада. (Оқулықтан оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. 198-199 б) |
Оқулық, интернет материалдары |
|||||||||||||
|
№2 ТАПСЫРМА. Өлең шумақтарынан ақын сезіміне мысалдар келтіріп, психологизмді анықтаңыздар.
Дескриптор:
№3 ТАПСЫРМА. Өлеңді оқыған кездегі өз сезіміңізді жазып, сағыныш ұғымына сай пікіріңізбен бөлісіңіз. Дескриптор:
|
Интернет материалдары, оқулық |
||||||||||||||
|
Соңы 5 минут |
Кері байланыс. «Зерде». Бүгін сабақта алған ақпараттарды тұжырымдап, кері байланыс береді. Білім – тақырып бойынша алған ақпараттарым. Эмоция – сабақтағы көңіл-күйім. Баға – жетістігіме беретін бағам. Сын – өз бойымда нені дамытуым керек? Идея – маған келген жаңа ой. |
|
|||||||||||||
|
Үйге 3 минут |
Қазақ әдебиетінде сағыныш тақырыбында жазылған шығармалар жайлы ақпарат жинақтап, Т.Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңіндегі ішкі монологпен салыстырыңыз. (Нақты бір шығарма мен авторды алуға болады) |
М.Мақатаев, М.Шаханов, шығармалар жинақтары |
|||||||||||||
шағым қалдыра аласыз














