Т.Айбергенов "Сағыныш" өлеңі. "Кеудемді кернеп тұр бір сағыныш" . 4-сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Т.Айбергенов "Сағыныш" өлеңі. "Кеудемді кернеп тұр бір сағыныш" . 4-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Т.Айбергенов "Сағыныш" өлеңі. "Кеудемді кернеп тұр бір сағыныш" . 4-сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ әдебиеті

Мектеп:


Күні:

Сынып: 9 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Бөлім: Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы

Кеудемді кернеп тұр бір сағыныш...

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Сабақтың мақсаты

Т. Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңін басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Бағалау критерийлері

  • Шығарманы салыстыра алады;

  • Тарихи мен көркемдік тұлғасн бағалай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2. Психологиялық ахуал. «Мен саған сенемін!» тренингі

Қызығушылықты ояту.

Ой шақыру. Тақтада Төлеген Айбергенов туралы қанатты сөздер мен ой-пікірлер ұсынылады.

  1. Төлеген Айбергеновтің «Сағынбай барсаң таулар да сенің, алдыңнан шықпас асқақтап» - деген өлең жолдарын шекараның кіре берісіне алтын әріптермен жазып қойса да артық емес. Сағынбай, сүймей тұрып өлең жазбаған ақынның оптимистік жырлары адамды өмірге өзгеше қырынан қарауға үйретеді.

  2. Төлеген сияқты қадау ақындардың тегеуріні өзіне ешқандай теңеуді дарытпайды. Ол шын мәнінде ақын еді. Шығармашылық бабына келген 30 жасында мезгілсіз өмірден озған ақынның Қасымнан кейінгі қазақ поэзиясына жаң түр, өзгеше өң бергені жасырын емес.

  3. Айбергенов поэзиясының әсеріне елігіп, ақ жүректі ақынның егіле-төгіле жырлауына еліктеп өскен жыршылардың бірі - Мұхтар Шаханов. Талай шырғалаңға ұшыраса да Махамбет мінезді Төлегенше жазуға талпынған ақын. Ол өз сөзінде: «Төлеген Айбергенов, Шәмші Қалдаяқов үшеуміз ерекше достық қарым-қатынаста болдық. Анам марқұм 13 құрсақ көтерген, соның ішінде менен басқасы түгел о дүниелік болып кеткен. Неше балаңыз бар деп сұраған адамдарға: «Менің үш балам бар: үлкені – Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы – Төлеген Айбергенов, кішісі – мына Мұхтар» – дейтін. "Шәмші де, Төлеген де анамды ерекше қадірлейтін"- деді. Мұхтар Шаханов Төлеген шығармаларынан нәр алып, ағалық ақылын тыңдап, қасында жүріп, көп нәрсені үйренген.

Сынып ұсынылған пікірілерді талдап, талқылап береді, өз пікірлерін айтады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

Тақтада оқушыларға Төлеген Айбергенов туралы қанатты сөздер мен ой-пікірлер ұсынылады.











Сынып ұсынылған пікірілерді талдап, талқылап береді, өз пікірлерін айтады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Қалыптастырушы бағалау.

ҚБ



9-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

Сабақтың орасы







Мағынаны тану. 1-тапсырма. САЛЫСТЫРУ әдісі

Яғни әр топ өздеріне ұсынылған ақын-жазушылардың шығармашылығымен Төлеген Айбергеновтың шығармашылығын салыстыра отырып, талдайды. (постер арқылы ұсыну)

1-топ: Төлеген және Мұхтар


2-топ: Төлеген және Мұқағали

3-топ: Төлеген және Қасым

Дескриптор:

  • Ақынның шығармашылығын ұқсас туындылармен салыстыра отырып, талдайды.

ҚБ

САЛЫСТЫРУ әдісі

Яғни әр топ өздеріне ұсынылған ақын-жазушылардың шығармашылығымен Төлеген Айбергеновтың шығармашылығын салыстыра отырып, талдайды.

1-топ: Төлеген және Мұхтар

шығармашылығын талдайды.


2-топ: Төлеген және Мұқағали

шығармашылығын талдайды.




3-топ: Төлеген және Қасым

шығармашылығын талдайды.








ҚБ



ҚБ



ҚБ






Әдебиет хрестоматиясы

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24159/








Сабақтың соңы


Ой толғаныс. «Шағын эссе жазу»

«Т. Айбергенов шығармаларындағы тарихи және көркемдік құндылықтың орны» тақырыбында эссе жазу – 80-100 сөз

Дескриптор:

  • Шығармалардағы тарихи және көркемдік құндылықты таба алады;

  • Өз бағасын бере отыра, эссе жаза алады

ҚБ

Қосымша деректер

10 жылдай ғана жыр жазды

Қазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергенов аз ғана ғұмырында қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Найзағай отындай жарқ еткен жырлары қазақ поэзия әлеміне жарық жұлдыз болып қосылды. Қазақ әдебиетінде оны Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов сияқты әдебиет майталмандары ұстаз санады. (Өлеңдерін атап өту)

Мұхтар Шаханов ол туралы бір өлеңінде:

Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана,

Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.

Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақты

Толғандырған, таң қалдырған

Махамбет пен Сен ғана – деген еді.

Нағыз жыр перзенті

Азғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне ғана тән табиғи даралықпен шебер бейнелеген дарынды суреткер. Жарық дүниенің 30-ақ жыл сәулесін көрген ақын бізге отты жыр, өлмес өлең қалдырды.

Ақын Мұқағали Мақатаев жыр перзентіне арнаған «Төлегенге» өлеңінде:

Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,

Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.

Торғай – өлең шырылдап бара жатты,

Аузында ажал деген сұрапылдың... деп жырлапты.

«Автор орындығы». Үздік эсселер «Автор орындығында» оқылады.


«Т. Айбергенов шығармаларындағы тарихи және көркемдік құндылықтың орны» тақырыбында эссе жазу – 80-100 сөз.

























Үздік эсселер «Автор орындығында» оқылады.


ҚБ





Рефлексия


  • Кері байланыс: «3-2-1»

3 негізгі ақпарат

2 маңызды факті

1 қорытынды



Үй тапсырмасы

Төлеген Айбергеновтың шығармашылығы






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2024
1049
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі