400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Т.Айбергенов "Сағыныш" өлеңінің көркемдік қуаты. 3-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Т.Айбергенов "Сағыныш" өлеңінің көркемдік қуаты. 3-сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: қазақ әдебиеті

Мектеп:


Күні:

Сынып: 9 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Бөлім: Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы

Т. Айбергенов "Сағыныш" өлеңінің көркемдік қуаты.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.3.1 Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.


Сабақтың мақсаты

Т. Айбергенов "Сағыныш" өлеңі шығармадағы көркемдегіш құралдарды (фигура мен троп) тауып, талдау, автор стиліне баға беру.

Бағалау критерийлері

  • Көркемдегіш құралдарды ажырата алады;

  • Қолдану аясын түсініп, талдай алады;

  • Автор стиліне баға бере алады.

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану, талдау

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: троп түрлері, автор стилі, талдау, автор идеясы, мазмұн

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Шығарманы оқуға,сюжетін меңгеруге, негізгі ойды анықтауға, қарама- қайшылықты анықтауға,оқиғасын болжауға және шығармашылық, сыни тапсырмаларға жетелейді.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет теориясы, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Төлеген Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығы қайталау.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

2.Қызығушылығын ояту. Ой шақыру. «Кім тапқыр?» ойыны.

Төлеген Айбергенов және оның шығармашылығы туралы сұрақтар беріледі (қайталау мақсатында).

  1. Төлеген Айбергенов қай жерде дүниеге келді?

  2. Руы кім?

  3. Ең алғашқы туындысы?

  4. Шығармалары

  5. Қай өңірде дүниеге келді?

  6. «Сағыныш» өлеңі не туралы?

  7. Қай үзіндіні жатқа айтып бере аласыз?

Сынып оқушыларын ұсыныоған өлең үзінділері арқылы топқа бөлу.

1-топ:

Көркіңді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң,

Шын інім болсаң, бас ұрма, жаным, өсек-ғайбатқа бораған.

Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те,

Адамның заңғар ұлылығын, сен, сағынышымен есепте.


Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға,

Әуелі әбден сағынып алмай, шығушы болма сапарға.

Сағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай,

Бұлбұлдың даусын есіте алмайсың, бауларға кірсең сағынбай.


2-топ:

Сағынбай барсаң таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,

Ойлауы мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап.

Үмітке толы, арманға толы, әр жерде бір түп қарағай,

Сағынбай жүрсе қалуы мүмкін жамырасуға жарамай.


Биікте тұрған таулар да мынау нұрына таңның боялған,

Сені мен менің ғасырлап күткен сағынышымнан оянған.

Бабалар бізді сағынған, жаным, арманның аңсап биігін,

Әжелер бізді сағынған, жаным, талдырып асқар иығын.

3-топ:


Көкірегіңде сағыныш барда, мұрат та сенде бар жаным,

Алдыңда тұрған қыраттың сағын көрінбей жатқан ар жағын.

Жазира белдер қуанышыңды болмасын мәңгі шектемек,

Алыңнан орман кес-кестеп шықса, сағынышыңмен көктеп өт.


О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан,

Ондағы жандар көз ашпас еді ау, сағыну менен шаршаудан.

Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық беу, дүние,

Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан.

4-топ:

Сағыныш деген молшылық қазына, бола да берер артық-кем,

Ал нағыз асқақ сағыныштарда араның балы бар тіптен.

Мен мынау ыстық жүрегімменен қара тасты да сағынам,

Қаланып қалса тәртіппен.


Мен бүгін сонау көгілдір көлге сағынып ұшып барамын,

Бірге қанат қақ қасымнан қалмай, сағынып көрген қарағым.

Жалғасын сен айт, бұл асқақ әннің жабылып кетсем мен егер,

Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.

Оқушыларға сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, күтілетін нәтижені түсіндіріледі

Оқушылар назары сабаққа аударылады.


Ой шақыру. «Кім тапқыр?» ойыны.

Төлеген Айбергенов және оның шығармашылығы туралы сұрақтар беріледі (қайталау мақсатында).





























Оқушыларға сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, күтілетін нәтижені түсіндіріледі.


ҚБ


9-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы





Сабақтың ортасы






















ІІІ. Мағынаны тану. Жазушы тілі.

1-тапсырма.Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңіндегі жазушы тілінің сөздігі.

Жазушы тілі

Мысал

Мақал – мәтел


Шешендік сөздер


Басқа тілден енген сөздер


Тұрақты тіркес


Көнерген сөз


Жазушы жиі қолданатын сөздер



2-тапсырма. Шығармадағы көркемдегіш құралдарды (троп пен фигура) анықтау

Шығарманың үзіндісін кесте бойынша талдау.

Көркемдегіш құрал

Үзінді

Беретін мағынасы







Дескриптор:

  1. Шығармадағы жазушының тілін анықтайды;

  2. Шығармадағы көркемдегіш құралдарды тауып, талдай алады.

Бір-біріне кері байланыс береді.

2-тапсырма. Зерттеу сұрақтары арқылы автор стилін анықтау мақсатында әр топ ашық сұрақтарын құрастырады.

(Оқушылардың топта өзара сұрақ құрастыруына мүмкіндік беріңіз. Егер уақыт жетімсіздігі болса, дайын клишелерді беруге болады.)

1. Ақынның поэмасына негізгі арқау болған тақырып не?

2. Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?

3. Автордың стиліне баға беріңіз

Дескриптор:

  • Әр топ бір-бірінің сұрақтарына жауап бере алады;

  • Автор стиліне баға бере алады

Бағалау. Кері байланыс бере отырып, топ арасында төмендегі бағалау кестесі арқылы бір-бірін бағалайды:

Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңіндегі жазушы тілінің сөздігі кестесін толтырады.






Шығармадағы көркемдегіш құралдарды (троп пен фигура) анықтайды.







Зерттеу сұрақтары арқылы автор стилін анықтау мақсатында әр топ ашық сұрақтарын құрастырады.

















ҚБ






ҚБ


Әдебиет теориясы







«Сағыныш» өлеңін таратпа материалдар арқылу ұсыну



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
1157
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі