Тайм менеджмент дағдыларының психологиялық ерекшеліктері
Тайм-менеджмент – бұл уақытты тиімді басқару өнері, яғни адамның өз міндеттерін, мақсаттарын және ресурстарын белгілі бір жүйеге келтіріп, өнімділік пен нәтижелілікті арттыруға бағытталған тәсілдер жиынтығы. Тайм-менеджменттің психологиялық ерекшелігін зерттеуге деген қажеттілік адамдардың уақытты тиімді пайдаланып, өмірлерін жүйелі түрде басқаруға деген қажеттілігінен туындап отыр. Бұл тек күнделікті міндеттерді жоспарлау ғана емес, сонымен қатар жеке мақсаттарға жету үшін ішкі тәртіп пен мотивацияны дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда осы бағытта түрлі жұмыстар атқарып, ғылымға жаңа жетістіктер әкеліп жатқан ғалымдар қатарында мемлекетіміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұстаздары мен білімгерлері де бар. Іргесі сонау 1934 жылы қаланған қара шаңырақ білім ордасы осы сәтке дейін ғылымды байыту, зерттеулерді толықтыру мақсатындағы қызметін бір сәтке де тоқтатқан емес. Бұл сөзіміздің айқын дәлелі ретінде оқу орнының ғылыми орталықтарын айта аламыз.
Әл-Фараби орталығы 1993 жылы 1 қаңтарда «Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мәдениеті» республикалық ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік орталығы негізінде құрылды. Осылайша орталық 25 жылдан астам уақыт бойы ғылыми қызметті жүзеге асырып келеді. Әл-Фараби орталығы өзінің алғашқы құрылған күннен бері фарабитану мен жалпы Қазақстан ғылымының дамуына елеулі үлес қосты. Әл-Фараби мұрасын қазақстандық рухани мәдениеттің дамуын ұғыну контексінде зерттеу бүгінгі күні де өте өзекті. Осы мәселе төңірегінде университеттің Философия және саясаттану факультетінің профессор-оқытушылары мен білімгерлері әлі күнге дейін үздіксіз еңбек етуде. Осы тұста аталған факультет оқытушыларының мақаламыздың негізі болған феноменді зерттеген біршама еңбектері бар екенін атап өткім келеді.
Тайм-менеджменттің психологиялық ерекшеліктері уақытты тиімді басқару қабілетіне негізделеді, оған жоспарлау, басымдықтарды анықтау және прокрастинацияны бақылау дағдылары жатады. Бұл өз мақсаттарын түсінуді, жеке биоритмдерді ескеруді және өнімділікті арттыруға арналған мотивациялық стратегияларды қолдануды қамтиды. Тайм-менеджмент өзін-өзі тәртіпке келтіру мен эмоцияларды реттеумен тығыз байланысты, бұл адамның жұмыс жүктемесімен қатар, кәсіби және жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауына ықпал етеді.
Қорыта айтсақ, ағымы жылдам қазіргі жаңа заманда уақытты басқара білу адамдарға ең қажетті жұмсақ дағдылардың бірі деп нық сеніммен айта аламын. Алдағы уақытта тайм менеджмент феноменін тағы да зерттеп, практикалық қолданысын кеңейту үшін түрлі білім ордалары нәтижелі жұмыс атқарады деп сенемін.
Тленчиева Н.С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Әбілда Ф.Н.
Психология мамандығының студенті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тайм менеджмент дағдыларының психологиялық ерекшеліктері
Тайм менеджмент дағдыларының психологиялық ерекшеліктері
Тайм менеджмент дағдыларының психологиялық ерекшеліктері
Тайм-менеджмент – бұл уақытты тиімді басқару өнері, яғни адамның өз міндеттерін, мақсаттарын және ресурстарын белгілі бір жүйеге келтіріп, өнімділік пен нәтижелілікті арттыруға бағытталған тәсілдер жиынтығы. Тайм-менеджменттің психологиялық ерекшелігін зерттеуге деген қажеттілік адамдардың уақытты тиімді пайдаланып, өмірлерін жүйелі түрде басқаруға деген қажеттілігінен туындап отыр. Бұл тек күнделікті міндеттерді жоспарлау ғана емес, сонымен қатар жеке мақсаттарға жету үшін ішкі тәртіп пен мотивацияны дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда осы бағытта түрлі жұмыстар атқарып, ғылымға жаңа жетістіктер әкеліп жатқан ғалымдар қатарында мемлекетіміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұстаздары мен білімгерлері де бар. Іргесі сонау 1934 жылы қаланған қара шаңырақ білім ордасы осы сәтке дейін ғылымды байыту, зерттеулерді толықтыру мақсатындағы қызметін бір сәтке де тоқтатқан емес. Бұл сөзіміздің айқын дәлелі ретінде оқу орнының ғылыми орталықтарын айта аламыз.
Әл-Фараби орталығы 1993 жылы 1 қаңтарда «Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мәдениеті» республикалық ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік орталығы негізінде құрылды. Осылайша орталық 25 жылдан астам уақыт бойы ғылыми қызметті жүзеге асырып келеді. Әл-Фараби орталығы өзінің алғашқы құрылған күннен бері фарабитану мен жалпы Қазақстан ғылымының дамуына елеулі үлес қосты. Әл-Фараби мұрасын қазақстандық рухани мәдениеттің дамуын ұғыну контексінде зерттеу бүгінгі күні де өте өзекті. Осы мәселе төңірегінде университеттің Философия және саясаттану факультетінің профессор-оқытушылары мен білімгерлері әлі күнге дейін үздіксіз еңбек етуде. Осы тұста аталған факультет оқытушыларының мақаламыздың негізі болған феноменді зерттеген біршама еңбектері бар екенін атап өткім келеді.
Тайм-менеджменттің психологиялық ерекшеліктері уақытты тиімді басқару қабілетіне негізделеді, оған жоспарлау, басымдықтарды анықтау және прокрастинацияны бақылау дағдылары жатады. Бұл өз мақсаттарын түсінуді, жеке биоритмдерді ескеруді және өнімділікті арттыруға арналған мотивациялық стратегияларды қолдануды қамтиды. Тайм-менеджмент өзін-өзі тәртіпке келтіру мен эмоцияларды реттеумен тығыз байланысты, бұл адамның жұмыс жүктемесімен қатар, кәсіби және жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауына ықпал етеді.
Қорыта айтсақ, ағымы жылдам қазіргі жаңа заманда уақытты басқара білу адамдарға ең қажетті жұмсақ дағдылардың бірі деп нық сеніммен айта аламын. Алдағы уақытта тайм менеджмент феноменін тағы да зерттеп, практикалық қолданысын кеңейту үшін түрлі білім ордалары нәтижелі жұмыс атқарады деп сенемін.
Тленчиева Н.С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Әбілда Ф.Н.
Психология мамандығының студенті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
шағым қалдыра аласыз













