Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәжірибедегі рефлекция

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибедегі рефлекция тыңдаушыларына арналған материал, • Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны мен мақсаттарын білдім, түсіндім. • Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді , оқу материалдарын қолдана білемін. • Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсіндім, қолдана аламын. • Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктерім мен дағдыларым қалыптасқан. Мен нағыз ХХІ ғасырдың жаңалыққа бет бұрған, шәкірттерін функционалдық сауаттылыққа баулитын тәжірибелі мұғаліммін. Бұл ізденісім толағай табыстарға жеткізеді деген сенімдемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сатыбалдиев Кадирхан

«Тәжірибедегі рефлексия»

Тәжірибені түрлендіру . Қуатты педагогикалық құралдармен оқушының

білім сапасын көтеруде жаңа әдіс – тәсілдердің тиімділігі.

Білім беру жүйесінің басты міндеті –Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау , оқытудың жаңа технологияларын енгізу , білім беруді ақпараттандыру , халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу " – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді .Бұл міндеттерді шешу үшін , әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы , барлық жаңалықтар мен қайта құру , өзгерістерге жол ашарлық жаңа практикаға , жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық кәсіптік , адамгершілік , рухани , азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін – өзі дамытып ,оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Мектептегі барлық жаңару үдерісінің басты қозғаушы күші бағзы замандардан бері – мұғалім, олай болса бұл әлі де жалғасын тауып келе жатыр деген сөз.Соңғы жылдары қазақстандық білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер орын алуда.Бұл үдерісті жүзеге асыру білім беру мен тәрбиенің ортақ тұлғасы ұстаздың қызметіне тікелей байланысты болмақ.Педагогикалық сипат шығармашылық сипатқа ие , себебі ол ұстаздың алдына қойған міндеттердің күрделілігі мен жан – жақтылығына , нақты педагогикалық жағдайлардың әр түрлілігіне , педагог пен оқушының жеке ерекшеліктеріне негізделген. Жалпы орта білім берудің мақсаты – қарқынды дамып жатқан ортада өмір сүруге қабілетті , өзінің мүддесімен қатар қоғам мүддесіне қарай өзін іс жүзінде танытуға дайын білімді , шығармашыл , білікті әрі бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады.Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнының жаңарту аясында мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта түсуде. Осыған орай мұғалімдердің тәжірибесін арттыру және қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламары бойынша біліктілігін арттырған мұғалімдердің әлеуетін пайдалану қарастырылған.Бағдарлама мақсаты: педагогика кадрларына оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау, логикалық ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерту. Әлеуметтік – сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Выготский, 1978) осы бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Оқыту - ұстаздар үшін үздіксіз жүретін үдеріс. Оның нәтижесі үдеріске қатысқан ұстаздардың құлшынысы мен тренердің тренингтерді қалай жоспарлауына тікелей байланысты. Жоспардың айқын қойылған мақсаты мен міндеті, құрылымы сақталса, үдерістен күтілетін нәтиже мол болары анық. Осы тұрғыдан алғандағы оқыту үдерісіне үйренуші ұстаздардың қызығушылығының жоғары екендігін ескере отырып, тренер барлық тыңдаушылардың ынталануын қамтамасыз етуге тырысты. Сол мақсатта тыңдаушылардың зейінін шоғырландырып, ортақ атмосфераға жұмылдыратын, өзара әрекеттестікке тартатын жұмыстың түрлерін ендірді.Жоспарланған білім беру ортасы барлық тыңдаушылардың сабаққа белсенді қатысуын көздеді. Олар тақырыпқа байланысты сергіту сәттері мен мағынаны тану кезеңіндегі жұмыс түрлері «Модерация», «Рефлексия алаңы», кинометафора,социометрия, бейнеталдау, теңгерім дөңгелегі,миға шабуыл, тақырыптық жаттығулар тыңдаушылардың танымдық, эмоциялық,әлеуметтік бағытта жұмыс жасау дағдыларын дамытуға арналды. «Сиқырлы микрофон», топтық талдаулар қатысушылардың өз ойларын жеткізуіне бағытталса, «Критерий арқылы бағалау» түрлерін жетілдіру бағалаудың тиімділігін артыруға жұмыс жасайтынын аңғардық. Бұл әдістердің өзгелердің қажеттіліктерін қаншалықты қанағаттандыратынына мән берді. Оқыту мен оқудың бұл әдістері тыңдаушылар нақты нені білу керек, нені жасай алуы керек, неге мән беруі керек деген сұрақтардың жауабын жан- жақты қарастырды. Ал енді оқу барысында қалыптастырушы бағалауды қолдана отырып,мұғалімдердің оқуы мен табысқа жетуін қолдауды басты назарда ұстайтын бақылаушы ретінде кедергілерді сезінгенім рас. Өйткені жоспарланған ықшамсабақтарды өткізу кезінде тренерлердің тәжірибеге енгізуге жоспарланған өзгерістерді жүзеге асыруы мен бағалауын бақыладым. Осы жерде мен қалыптастырушы бағалаудың қаншалықты маңызды екенін және қолдау үшін тиімді кері байланыс беру қаншалықты қиын екенін түйсіндім.Бақылау фокусының үлкен болуы, ықшамсабақ уақытының қысқалығы және бақылау дағдысының қалыптаспауы мен үшін басты кедергілер еді. Бұл кедергі жалғыз мен де ғана кездесіп қоймай, көптеген әріптестерімде де орын алды.Бұл кедергілерді жою мақсатында тренердің пайдаланған тиімді стратегиялары маған өз көмегін тигізді.Баға беретін пікірді бағасыз пікірге көшіру технологиясы бойынша жүргізілген жұмыстар арқылы мен тиімді кері байланыс жасау жолын үйрендім.Мұнан бөлек нені қалай бақылау керектігін басты назарда ұстауды да үйрендім .Осы курс бойынша үйренген әдістерді пайдалана отырып өткізген сабақтарым өте сәтті болды. Мәселен, қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес оқушының ой-өрісін дамытып, алған білімдерін өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларда қолдану,біліктілігін арттырып, ізденімпаз,шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы сындарлы оқыту теориясын меңгерген мұғалім болып табылады. Бір сабақтың әр кезеңдеріне түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс- тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын орынды да нәтижелі.Білім берудің Кембридж тәсілінің теориялық тәсілдері орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген тәсіл.Сонымен қатар мұнда ұсынылған түсініктер мен тәсілдер еңбек жолын жаңа бастап жатқан мұғалімдердің , сондай-ақ тәжірибелі ұстаздардың көп жылғы тәжірибесіне негізделген.Кембридж тәсілінің теориялық негізі құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы ,мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді.Осылайша , оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады.Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп,қабылдайды.Сондықтан , білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби біліктілігімен өзара байланысты Мен 7-сыныптағы алгебра сабағыма түрлі әдістерді қолдану арқылы сабақ өткіздім. Сабақ тақырыбы: Қысқаша көбейту формуллалары. Оқу мақсаты:7.2.1.10. , екі санның қосындысы мен айырмасының квадраты.Қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану. Алынған мақсат шынайы болды. Осы мақсатқа жету үшін белсенді оқудың бірнеше тәсілдерін қолдандым. Белсенді оқу- шынайы өмірден алынған, ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып, оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді шешуге жетелейді. Білім беру бағдарламасының барлық салаларын барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, кеңейтуге болады. Белсенді оқу білім, дағды және көзқарас деп аталатын оқудың негізгі үш саласы қамтып, оқудың бұл таксаномиясын «оқу үдерісінің мақсаты» деп санауға болады. (МАН,2016ж.) Сабақ басында «Адасқан формулла» әдісі арқылы қағаз қиындыларындағы формуллаларды біріктіру арқылы үш топқа біріктірдім. «Көпмүше», «Бірмүше», «Ұқсас мүше» топтары жасақталды. «Математикалық диктант» әдісі арқылы өткен тақырыпты бекітіп, жаңа сабаққа кірдім. Бұл екі тәсіл де балалардың жас ерекшелігіне сай болды және оқушылардың қызығушылығы жоғары деңгейде болды. Осы тұрғыдан келгенде екі әдіс те сәтті болды. Сабақ ортасында «Тірек белгілері»,«Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясын пайдаланғанмын. «Тірек белгілері» стратегиясын оқушыларға жаңадан әкелгендіктен болар, балалар түсінбеген сияқты болды. Бірақ жаңа сабақтағы негізгі тірек сөздерді ұмытпау үшін өте тиімді болды. Әр тапсырмадан соң кері байланыс алып отырдым. Пәннің күрделілігіне орай уақытты тиімді пайдалану керек. Сол себепті кері байланысты ауызша алып отырдым. Оқушылар тапсырмаға сай әдіс- тәсілдердің ұнағандықтарын жеткізді. Сабақ соңында «Тазалық» әдісі арқылы сабақты қорытындыладым. Оқушылар жаңа сабақ бойынша өз қоржынына салған формуллаларды, керек емес мәліметтерді, әлі де ізденуді қажет ететін мәліметтерді айтып, сабақ мақсатының қаншалықты орындалғанына көз жеткіздім. Бір түйгенім: белсенді оқудың әдістері арқылы жаңа сабақты нәтижелі игеруге болады екен. Әр сабағымда осындай әдістерді қолдану керек деп шештім. Тізбектелген сабағымның екінші тақырыбы да қысқаша көбейту формуллалары. Бұл екінші сабағымдағы оқу мақсаты-

7.2.1.11

қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану; Өткен сабаққа қарағанда бұл сабақ күрделі. Білім берудегі спиральдік білім беру қағидатына сай жеңілден күрделіге қарай бағытталған тапсырмалар. Тапсырмаларды орындау барысында мынадай стратегияларды қоланып отырдым. Сабақ басында «Атом және молекулла» әдіс арқылы топқа біріктірдім. Үй тапсырмасын сұрап, өткен сабақты еске түсіру үшін «Лездік сұрақтар» тәсілін қолдандым. Бұл әдіс баланы шапшаңдыққа , нақтылыққа үйретеді. Бір тиімділігі -уақытты үнемдеу.Сабақ ортасында «Қарлы кесек» әдісі арқылы бір-біріне жасырылған өрнектер, шығарылған есептер арылы тапсырмалыар бердім. Оқушылар бір-бірінің тапсырмасын тексеру, бақылау арқылы білімдерін кеңейтуга мүмкіндік алды. «Мен –саған, сен- маған» әдіс арқылы жұптық жұмыс орындады. Бұл сыныптағы «С» деңгейіндегі балалар үшін өте тиімді әдіс болды деп ойладым. Қасындағы оқушы көмегі арқылы білменен нәрсені үйренді. «Түртіп алу» әдісі бойынша өз қателіктерін жөндеп, досының көмегі арқылы түзету жұмыстарын жасады. Осы тапсырмалардан соң әдеттегідей ауызша түрде «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» кері байланыс жасап отырды. Оқушылар сабақта қолданып жатқан тәсілдердің өздеріне ұнағандықтарын айтты. Әр топтың жұмысын топ жетекшілері критерийлер арқылы бағалап отырды. Балалар белсенді отыфрды. Тапсырмалардың қиындығына қарамастан өз үлестерін қосты. Әр топ өзара ынтымақтастық арқасында өзге топтардан қалғысы келмейтіндіктерін көрсеті. Бұл да болса, белсенді оқудың тиімділігі. Деңгейлік тапырмалар соңында «Сәттілік баспалдағы арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты орындалғандығын байқадым. Оқушылардың басым көпшілігі формулланы жатқа біліп есеп шығаруда қолданатьындықтарын дәлелдеді.»Бос микрофон» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жасаттым. Оқушылардың дені сабақ ұнады деп жауап берді. Бағалау барыснда оқушылардың көпшілігі жақсы баға алды. Сабақта қолданған тәсілдер сәтті болды. Оқу мақсатыма жеттім. Келесі сыныпқа өткізген «Жай бөлшектің қасиеті» тақырыбындағы сабағыма да белсенді оқудың түрлі әдіс тәсілдерін пайдаландым. Бұл сыныптағы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары басым. Үнемі жаңа технологияларды қолданғанды жақсы көреді. Сол себепті бүгінгі сабағыма оқытудың түрлі әдістерін пайдаланғанды жөн көрдім. Сабақ басында белсенді оқудың "Сыңарын тап" әдісі арқылы геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлдім. Топ басшысын сайлап, топ ережесін құрдық. Бұл- оқушылардың нәтежиелі оқуға деген құлшынысы.

«Мен –саған, сен-маған» сұрақ-жауап арқылы оқушылар өзі бір- біріне сұрақ қоя отырып ,өткен сабақ туралы не білгендерін ортаға салады. Бұл кезде оқушылар белсенді болды.«Джигсо» әдісі бойынша әр топқа тапсырмалар таратылды.Тақырыптың мазмұнын қысқаша баяндады,тақырыптың ең маңызды жерін ең қызық жерін тапты,оны неге қызық деп тапқанын айтты,тақырып туралы ақпарат жинады, өмірмен байланыстырды.Жай бөлшектің негізгі қасиетін қорытып шығарды.Әрбір тапсырма соңында оқушылардан кері байланыс алып отырдым. Оқушылардан алған кері байланыс кезінде «Мен –саған, сен-маған» әдісінде қатты қиналғандарын айтты. Уақытқа бағыну сәтінді өздері сасқаннан қате жауаптар айтып жатқандарын білдірді. Ал топтық жұмыс кезіндегі деңгейлік тапсырмалар оқушыларға ұнағандарын айтты. Тапсырманы орындау кезінде оқушылардың сыни ойлай отырып, жауап беруін бағаладым.Бұл әдіс бойынша математика пәнінен сын тұрғысынан тапсырма беріп, бағалау кезінде «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»арқылы бағалаған сәтті деп ойладым. Уақыт та үнемделеді. Математика пәнінде көбіне мен уақыт жағынан ұтылып қалатын едім. Осы әдіс- тәсілдерді қолданған сәттен –ақ мен уақытты үнемдей алатын болдым. Сабақ та тартымды, оқушылар жаңа сабақты меңгерді.Қортындылай келе, белсенді оқу әдістері іс жүзінде тиімді екенін байқадым. Жалпы бұл бағдарлама сабақтың өн бойына сын ойлауға бағытталған Алдағы уақыттарда да әріптестеріміздің бұл әдістерді жан - жақты жандандыра түсетініне көзім жетті. Әр адамның ойлауы, ұйымдастыруы әртүрлі болғандықтан әр сабақтар сан түрлі өткізілгенін ойыма түйдім. Қоғам сұранысына орай көштен қалмай жаңалыққа бет бұру керектігін түсіндім. Жаңартылған бағдарлама оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де, тіпті ата-аналар үшін де тиімді, оңтайлы бағдарлама екендігіне көз жеткіздім. Осы орайда Н.И.Пироговтің « Оқыңыз, үйреніңіз,пайымдаңыз және бәрінің ішінен ең пайдалысын алыңыз» деген сөзі мен « Қазіргі таңда мектептегі білім жүйесінін реформалаудың басты мақсаты –білімді игеруде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу . Мұнда басты назар мұғалімнен жеке тұлғаға ауысады. Бұл мезетте тұлға өзінің өмірлік проблемаларын тиімді және рухани тұрғыдан шеше білетіндей өмір сүре алуды үйренуге міндеттеледі.Жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы ,жинақтаушы ,өзіне сініруші рөлдерін атқарса , ал жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы ,үйрене білуші ретінде танылады.Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет . Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған» деген Хэттидің сөзі еске түсіп тұр. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту ,олардың бұрынғы алған білімдер мен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Осы «Тәжірибедегі рефлексия» курсының әр күнінде өткізілген жаңа сабақ мен үшін үлкен мектеп, үлкен жаңалық болды. Деңгейлік бағдарламаның сүйенетін жеті модульінің біреуін сабаққа қолдану арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруға болады. Бұл курстан мұғалімнің қалай оқу керектігін, «оқуға үйрететін орта» құру керектігін білдім десем артық болмас. Оқушылардың алған ақпаратты сақтаудың орташа пайыздарын біліп, осы сандық дерекке сай тапсырмалар орындауды білдім. Жалпы айтқанда өзімнің кәсіби дамуымда жоспар жасаудыбілдім. Және оқу нәтижелері: Оқушыға бағытталу керек,белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек, оқушының оқу үлгірімі тұрғысынан жазылуы керек екенін білдім. Әрине мен әлі де өз бақылау дағдымды қалыптастыру үшін жұмыс жасайтын боламын.Сонымен бірге бағалау әдістерімнің дұрыстығы, ақиқаттығы және негізділігі тұрғысынан талдау жасайтын боламын Педагогикалық тәсілдердің метаталдауын жүргізген Хэтти мұғалімдерді «үйлестіруші» және «жандандырушы» болатын тәсілдердің әсерін салыстырған. Нәтижесінде жандандырушы мұғалім әрекеті ғана нәтижелі болатындығын көрсеткен. Осы курстан соң мен не істей аламын? . Белсенді оқудағы мұғалім рөлі қандай болмақ? Енді осыған тоқталайын. Оқушылар өз Жақын арадағы даму аймағында (ЖАДА) жұмыс жасағанда үнемі қолдау көрсетіп отырамын. Әдепкі кезде жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып отырамын. Егер оқушыларға өзі білетін дағ,дыларды ғана қолдауға рұқсат етілсе, олар ештеңенң үйренбейді деуге болады. Модельдеуші мұғалім ретінде тікелей оқыту қағидаттары мен оқытудың сындарлы әдіс- тәсілдерін үйлестіріп қолданамын. Оқу мақсаттарын қоя отырып, үйретілетін ұғымдар мен дағдыларды тікелей көрсету арқылы оқуға жетекшілік етемін. Курстан үйренгенім бойынша мен де өзімді критерий арқылы бағалайын.

  • Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұны мен мақсаттарын білдім, түсіндім.

  • Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді , оқу материалдарын қолдана білемін.

  • Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсіндім, қолдана аламын.

  • Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктерім мен дағдыларым қалыптасқан.

Мен нағыз ХХІ ғасырдың жаңалыққа бет бұрған, шәкірттерін функционалдық сауаттылыққа баулитын тәжірибелі мұғаліммін. Бұл ізденісім толағай табыстарға жеткізеді деген сенімдемін.









































[Введите текст] 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2018
746
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12