400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

тәжірибедегі рефлексия

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар қауымына керек...
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тәжірибедегі рефлексия»

Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясыны мектеп тренері

Абишева Асия Жандосовна

Мен Алматы қаласы Педагогикалық Шеберлік Орталығы филиалында «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша курстан өттім.Курстың маңызы:педагогика кадрларына, яғни әріптестеріме оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау, логикалық ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерту болып табылады.Курс кезінде бағдарлама идеясын толық түсіндім.Алдыңда отырған шәкірттеріңді білім нәрімен сусындату бір төбе, ал әріптестерді оқыту дегеннің өзі оңай шаруа емес екен.Мен мектебіме келіп, топты жинау,, курс өткізуді ұйымдастыру іс-шараларын жоспарлауда және маған сенім арта отырып, қолдау көрсеткендеріне:мектеп басшысы Б.М.Ашимбаева және директордың бейін бойынша орынбасары Р.М.Шойбекова апайларыма айтар алғысым шексіз. Курс өткізу кезеңдерінде кездескен кедергілер және ол кедергілерден қалай шығуға болатынына үнемі жол көрсетіп отырған тренерімның үйреткен әдіс-тәсілдері десем артық болмас.Алдыма келген әріптестеріме нұсқаулықты нақты болуы керектігін, уәжді туғызатын өзім екенін және әріптестеріме үнемі жауапкершіліктерін сезіндіре білуім керектігін тіпті дауыс тембрінің де маңызы зор екендігіне көзім жетті.Оқыту мен зерттеуге ынта-жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін, мұғалімдерге қамқорлық көрсете отыратын, ықпал ететін,бағдар беретін мектеп тренері болуға тырыстым. Ұстаздық жолымда үлкен бетбұрыс болды .Психологикалық ахуал-өзара қарым-қатынас, адамның көңіл-күйін білдіретін психологиялық үғым.Бір ұжымда қызметтес болсақта адамды жақын танып-білуге уақыт.жылы қарым-қатынас керек екен...

Адам жаны жаңалыққа әрқашан құмар. Әсіресе жаһандану кезінде заман ағымына ілесу, заман ағымымен бірге өмір сүру ол –заңдылық. Ерте кезде бір ғұлама айтқан екен: «Соқырға дүниенің қандай әдемі екенін, күннің қандай жарық екенін айтып түсіндірудің қажеті жоқ. Ол үшін оның көзін емдеп жаз. Сол кезде әдемілікті өзі көре алады». Сол айтқандай мектеп бағдарламасына еніп жатқан әлем елдерінің педагогтарының жаңа тәжірибелерімен бөлісіп, оны өз тәжірибемізде қолдану, біз үшін жаңалық

емес, біз үшін үлкен –тәжірибе.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз. Қазақстандық-тар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты,» – деді өз жолдауында. Қазір әрбір ұстаз алдында білім беруде бағалау, сабақ өту барысында, онда қолданатын әдіс-тәсілдерде жаңа технологияның маңыз зор. Оны үйреніп өз тәжірибемізде қолдану – бізге міндет. Біз осы курстың бағдарламасын әріптестеріме мақсатымыз –жаңашылдықты бойымызға дарытып, оны тәжірибелеріндеде қолдана білу дағдысын дамыту. Сабақ барысында жаңа жетістіктерге жету үшін жоспарды сауатты және жүйемен жасап, ондағы қолданынатын тәсілдерді орнымен пайдалану. Жаңа технологиямен сабақ өту ең алдымен оқушылардың сабақты түсіну мен меңгеруіне үлкен ықпалын тигізеді. Олардың өздігінен ойларын айта білуіне, топтасып жұмыс жасауына, үлгерімі төмен оқушыларды қатарларына тартуы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуына ықпал етеді. Мұғалім әрекеті мен оқушы әрекеті арасындағы үндестік пен байланыстың дұрыс ұйымдастырылып, дұрыс жүруі сабақтың сапалы өтуіне әсерін тигізеді.

Мұғалімдер топта формальды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құрады және оқыту мен оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу керектігі жөнінде негіздеме айттым Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмыстарының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқытудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер етті.ЭЫДҰ есептері мен білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы елдердің нәтижелері негізінде әлемнің қарқынды өзгеруі жайында оқушыларға қойылатын жаңа талаптар жөнінде түсінігін қалыптастырдым. Мектепке олардың оқушыларын табысты жұмыс істеуге дайындау және өмірлік жағдайда олардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсындым.Тиісті кестелерді қолдана отырып, шағын топтарда жұмыс орындап отырған туралы қысқа бейне жазбалар бойынша критерийлер құрастыру. Мұғалімдердің пікірлерін талқылау және оларға арналған ұсынымдар бойынша шешім қабылдау.Мұғалімдер өз сабақтарында топпен жұмыс жүргізу дағдыларын қолдана алады. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметік және эмоционалдық тұрғыдан дами түседі. Оқушылар арасында тиімді қарым-қатынас жасалып, идеяларды ұсынуға, оны қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, мәселенің шешімін табуға үйренеді. Адам ақылын басқара алатын болса, тәнін де, жанын да, санасын да, көңілін де, рухын да, арын да «таза» ұстай алады, осыны ұмытпайық.

Болашақта мектеп тренері ретінде әріптестеріммен өзара іс-қимылдың тиімді тәсілдерін ұйымдастырып, қызметтегі өзгеріске талаптандыру бағытында жұмыс жасаймын

«Тимбилдиг» әдісі

«Қонаққа бару » стратегиясы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
403
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі