«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму
бағдарламасының рефлексиялық есебі
Орындаған математика пәні мұғалімі:
Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру бүгінгі заманның талабы. Бүгінгі күнгі мектебіміздің ең негізгі мақсаты – денсаулығы зор, білімі терең, адамгершілігі бар, туған жері мен тарихының ұлылығын құрметтей білетін жас ұрпақты тәрбиелеу. Бұл орайда адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда оқытылатын пәндердің балалардың таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына яғни, мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударылады. Жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады.
Мен өзім мектептегі тәжірибе кезіңде қай модулді алсам екен деген ой келді. Саралай келе курс кезеңінде алған білімімді және мұғалімге арналған нұсқаулықтан теорялық түсінігімді пайдалана отырып, өзім математика пәні мұғалімі болғасын «Сын тұрғысынан ойлау» модулін таңдап алдым. Басқа модулдерден ерекшелігі мұғалімнің де, оқушының да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сонымен бірге сабақ сайын өз – өзіме сұрақ қойып, күнделікті досым күнделігіме жазып отырдым. Мындай сұрақтарды қамтып отырдым.
-Бүгінгі сабағымда оқушылар не үйренді?
-Бүгінгі тақырып оқушыларға қаншалықты ауыр немес жеңіл болды ма?
-Қаншалықты оқушының көзімен қарай алдым?
-Оқушыға сабақ барысында өздігінен білім ауына қандай мүмкіндік жасадым?
Сын тұрғысынан ойлау модулін сабақтар топтамасына неге алдым деген сұраққа жауап беретін болсам, бұрын оқушылар ашық сабақта ғана топқа бөлініп жұмыс жасайтының, өз ойын еркін жеткізе алмай менің айтуыммен ғана менің қасым мен қабағыма қарап ойын еркін жеткізе алмайтын сияқты келеңсіз кедергілерді жойғым келді.
Мен сабаққа жоспар құрмас бұрын өзіме үлкен мақсат қойдым: ол-осы Бағдарламадан алған білімімді, үйренген әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде тиімді пайдалану және оқушылардың өздігінен білім алып, ізденушілік қабілеттерін дамытып, қызығушылықты арттыруға атсалысу және үлгерімі төмен оқушыларды үлгерімі жақсы оқушылардың санатына қосу. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын ”көпірді салуға” негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Бағдарламаның әдіс-тәсілдерін кіріктіре отырып, қысқа мерзімді жоспар құрдым.
Өзімнің тәжірибе кезінде өтуге тиісті үш сабағыма әр түрлі белсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып,оқушыларға сыни тұрғыдан ойланта отырып,білімге құштарлықтарын оятуды көздедім.
Ең алғашқы сабағым «Натурал көрсеткішті дәрежелер» тақырыбында болды. Бұл сабақты кіргеннен оқушымен амандасу, олармен тренинг, сергіту сәттерін өткізу арқылы оқушылармен өзара ынтымақтастық атмосферасын жасадым. Сабақты тренинг «Бір – біріне сәттілік тілек білдіру» сабаққа психологиялық дайындықты ұйымдастыру және ынтымақтыстық атмосферасын қалыптастыру мақсатында алдым. Алғашқы сабақ болған соң ба, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды ұйымдастыруда оқушылардың белсенділігі төмен болды деп айтуға болады.
Сабақты бастамас бұрын топқа бөлуді «Түстер» ойыны арқылы бөлдім. Сыныпты топқа бөліп, топ ішінде бір – бірімен танысудан басталды.. Топқа бөлінгеннен кейін оқушыларда келіспеушіліктер кездесті, мен оларға әдемі жылы сөздер айта отырып күндегі сабақта әр топқа ауысып отыратынына ескерту айтып бір жүйеге келтірдім.
Сабағымның бұрынғы сабағымнан өзгешелігін айтып, тақырыбы мен мақсатын түсіндірдім. Сабақ барысында топтағы оқушылардың іс-әрекетін көруге болады, бірақ топ ішіндегі кейбір оқушылар берілген тапсырмаға ондай белсене қатыспады. Себебі мұндай сабақ түрі жиі болмағандықтан.
Алғашқы үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісінен бастап, өткен тақырып бойынша оқушыларға сұрақтарды қойғызудан бастадым. Мақсатым оқу бойында сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту болды. «Ыстық орындыққа» Б. есімді оқушым отырып, үй тапсырмасына қатысты түрлі сұрақтар қойдым, сұрақтарға Б. ойлана отырып, дұрыс жауап берді. Менің байқағаным Б. ойлау қабілеті дамығанына, кез келген сұраққа дәлелмен жауап бергенде көзім жетіп отырды. Өйткені Б. Үй тапсырмасына жан-жақты дайындалып келген. Оқулықтан дәлелдер келтіріп отырды. Оқушының сыни ойлай алатына бет бұрып келе жатырғанын көрдім.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту бойынша оқулықтағы жаңа тақырып бойынша жұмыс істеді. Өз беттерімен жаңа материалды меңгеріп, жұпта
және топ ішінде талқылауын бақыладым.
Материалдарды түсіндіру мақсатында сын тұрғысынан ойлау стратегиясының сұрақ- жауап, ой қозғау, миға шабуыл, әдіс- тәсілдерін пайдаландым. Топтағы әрбір оқушы мәтінді жеке түсініп оқып, дәптерге негізгілерін түртіп алды. Содан кейін пікірлерін жұппен, топпен бөлісіп отырды. Түйінділеріне топтың ішінде ортаға салды. Ойларын ортақ плакаттырға түсірді. Мен өзім үш баланы бақылауға алдым. Осы балаларды топпен жұмыс, жеке жұмыс, жұппен жұмыс барысында қадағаладым. А деңгейлі бала өзінің көшбасшы екенін дәлелдей білді. Барлық жұмысты өзі атқарып ғана қоймай тобына үнемі көмектесіп отырды. Ал, Б болса тұйық, белсенділігі орташа оқушы сабаққа қатысқанымен сыныптастарына көмегі аздау болды. С үлгерімі төмен оқушы топқа бөлгенде араласуы басында қиынға соқты. Бақылаған кезімде оқушыға қызықсыз болған сияқты. Келесі сабақтарда осы оқушыны қалай да болса, бір сатыға деңгейін көтеруге тырысуды алдыма мақсат етіп қойдым.
Әр топқа берілген деңгейлік тапсырмалар, кітаппен жұмыс орындаған кезде әр топ өз ойын айта білді. Топтық жалпылама берілген есепті топтар постермен алып шықты. Бағалаған табыс критериймен, арқылы бағалады. Сабағымды қорыта келгенде, бірінші сабақ болған соң, бұл сабағым өз көңілімнен шықты деп айта алмаймын. Себебі: әлі де оқушылар не істеуі керек екенін, топтарда жұмыс істей отырып, өз пікірлерін көпшілік алдында еркін айта білуге және алынған деректерді қолдануға толық бейімделмеген, топпен жұмыс істегенде оқушылардың арасында түсінбеушілік болды, бір-бірінің жауаптарын зер салып тыңдаған жоқ және уақытымның жетіспеушілігі де себеп болды. Кейбір оқушылар топқа белсене қатыспады және бағалау кезінде әділ баға қойылмаған, яғни оқушылар бір – біріне бұрмалаушылық немесе бағаны көтермелеу деген сияқты байқалды.
Сабақтың соңында оқушылармен «Бес саусақ» әдісі бойынша рефлексия жүргізіліп, оқушылар өз ойларын жазды
-
Бас бармақ – Не үйрендім?
-
Балан үйрек – Неге көңіл аудару керек?
-
Ортан терек – Кімге көмектестім?
-
Шылдыр шүмек – Алған әсерім, Көңіл-күйім?
-
Кішкене бөбек – Неден қиналдым
Екінші сабағым «Бүтін көрсеткішті дәреже» тақырыбында болды. Ж. бүгінгі сабаққа келгенде топ болып жұмыс жасаймыз ба, апкей? -, деп алдын ала маған сұрақ қойды. Мен саған топ болып жұмыс жасаған ұнайды ма дегенде, ия, математика сабағы маған қатты ұнайды-, деп жауап берді. Бұдан ой түйетінім Ж.сабаққа деген құлшынысын оята білгенімді білдім. Сабақты атмосфералық ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында және де сергіту сәтінен бастадым. Шаттық шеңбер құрып тізбектелген тілек ойыны ойнатылды. Әр оқушы тізбектелген тілекті оң жағындағы көршісіне айтады, ол әрі қарай тілекті оң жағындағы көршісіне айтып жалғастырады. Оқушылар өте жақсы қабылдады. Сабақты бастамас туылған жыл мезгілдері (жаз, қыс. көктем-күз) арқылы оқушыларымды үш топқа бөліп алдым.
Мұнда сыныпты топқа бөліп, үй тапсырмасын сағат тілімен дәптерлерін алмасып, тексерді және бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау жүргізілді. Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын өткен тақырып бойынша ауызша есептер орындатылып, жетелеуші сұрақтар берілді. Сабақта жиі сұрақ қою әдісін қолданылы. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды.
Оқушылардың ойын жинақтауға, тез ойлауға негізделген «Миға шабуыл» логикалық тапсырма берілді "Ойлан тап" ойыны. Бұл тапсырмаға оқушылардың қызығушылықтары өте жоғары болды. Себебі оқушылар ойын тез жинақтап, нақты жауап беруге дағдыланады. АКТ модулі бойынша оқушыларға келесі тапсырмада қысқаша көбейту формулаларын сәйкетендіру кестесі берілді. Бұл тапсырманың негізгі мақсаты тез ойлауға, бір шешімге келуге, топпен талқылауға дағдыландырады. Негізінен бірінші сабақта қолданылған «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулі жалғасын тапты. А оқушының көшбасшылық қабілеті жоғары болғандықтан, барлық тапсырмаларға белсенді қатысты. Б болса берілген тапсырманы орындап, келесі топтың да есептерін шығарды, С нашар оқитын, сабаққа қатысуы өте төмен оқушы болса да бірінші сабаққа қарағанда екінші сабақта белсенділік танытты. Өзіне берілген тапсырманы орындауға тырысты. Толық жеткізе алмаса да өзінің түсінгендерін айта білді. Оқушыларды бағалауда тест жұмысын алдым. Тест жұмысының жауаптары интербелсенді тақтада беріледі.Оқушылар жұп болып тексере отырып, бірін-бірі бағалады. Сабақтың соңында кері байланыс парағы таратып берілді. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін, алдына қойған мақсаттарына жеткен-жетпегендігін анықтайды және бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен көңіл-күйлерін стикерлерге жазды.
Сабақ оқушыларға ұнады, бірақ кейбір оқушылар оқушылардың шулауы кедергі келтіргенін кері байланыс парағын берген кезде жазыпты. Осы сабақ менің ойымша орташа деңгейде өтті деп ойлаймын, әрі қарай қызықты сабақтарды өткізу үшін маған көп іздену қажет. Мен осындай сабақтары түрлендіріп өткізсем оқушыларым ең дарынды, ең талантты ораторлық қасиеті дамыған оқушылар болатынына сенімдімін.
Үшінші сабағым «Екі өрнектің квадраттарының айырымы». Сабақты бастамас бұрын топқа бөлуді «Молекулалар және атомдар» ойыны арқылы бөлдім.
Әр топқа берілген тапсырманы «Кубизм» стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар, кітаппен жұмыс орындаған кезде әр топ өз ойын айта білді.
«Кубизм» әдісі арқылы оқушылар қаншалықты сыни ойлана отырып жауап береді деген оймен осы әдісті алған болатынмын.
-
Бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтіндіні не деп атайды? Неліктен?
-
Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі неліктен бірмүше деп аталады?
-
Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын деп қандай қосындыны атаймыз?
-
(а-в)(а+в)= а2-в2 оңнан солға қарай оқылады? Қандай айырмашылығы бар?
деген сияқты түрлі сұрақтарға оқушылар талдау жасап, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлел келтіріп, белсенділіктерін көрсетті. Мұғалім дұрыс сұрақ қоя білсе, оқушының ойлауына түркі болатының байқадым. Осы сабақта Ф.,А.,М. ойлана отырып,төмен және жоғары дәрежедегі сұрақтарға да жауап беріп отырды.Сұраққа жауап бере алмаған оқушының сұрағын басқа оқушыға бағыттап отырдым. Барнс оқудың тілі қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етенін айтады. Оқушыларға түсінікті тілмен жазылғандықтан оқушыларға түсінікті бола білді. Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану»деп сипатталған. Расында да мұғалім оқушының ойлана отырып жауап беруіне жағдай туғызу қажет екенін осы практика кезінде ұғындым. Оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтің қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады деген тұжырымды бүгін сабағымда дәлелдегім кеп С деңгейлі оқушымды А деңгейлі оқушымен отырғызып, сабаққа деген белсенділігін тапсырма беру арқылы байқадым. Бұл жай мені қуантады. Өйткені бұрын бұл оқушы сабаққа немқұрайлы қарап,сабаққа дайындықсыз келетін.Болашақта осы оқушының танымдық қабілетін дамыту үшін өзім жұмыстануым керек деген ой түйдім.
Топтық жалпылама берілген есепті топтар постермен алып шықты. Бағалаған табыс критериймен, арқылы бағалады. Сабағымды қорыта келгенде, бұл сабағым өз көңілімнен шықты деп айта аламын. Себебі: оқушылар не істеуі керек екенін, топтарда жұмыс істей отырып, өз пікірлерін көпшілік алдында еркін айта білуге және алынған деректерді қолдануға азда болса бейімделген. Кері байланыста тақтаға дөңгелек күн ілініп, оқушылар күнге сәулелерін жабыстырды. Сабақ ұнады, көп ақпарат алдым -сары сәуле, сабақ ұнаған жоқ, ешқандай қажетті ақпарат алмадым - көк сәуле жабыстырды. Оқушылардың барлығына сабақ ұнап, сары сәулені жабыстырды.
Бұл сабақтар басқа сабақтарға қарағанда бағалауы өзгеше болды. Күнделікті қолданып көрмеген табыс критерийлер арқылы жұмыс жасадым. Оқушыларға ескерттім. Қалай жұмыс жасағанда, қандай табысқа жететінін айтып өттім. Оқушылар мен күткендей бірінші сабақта критерийлермен жұмыс жасады деп айта алмаймын. Көбі жетті деп өздерін бағалаған. Себебі мен өзім оқушыларға дұрыс жеткізе білмеген шығармын деп ойладым.Менің сын тұрғысынан ойлау модулі бойынша әр оқушыға берілген тапсырманы көпіршелер арқылы нұсқап ,бағыт-бағдар берсек,оқушының өздігінен білім алуына болатыным білдім. Келесі сабақтар нәтижелі болды, ең алғаш сабақтарыма қарағанда оқушылар біршама жүйеленді,олардың ойлары ұшқыр,кей сәттерде мені таңқылдырып та жатты. Бірақ әлі де болса маған қажырлы еңбек ету керек. Сабақтарымда уақыттың жетіспеуі, сөйлеу мәнері, дискрипторларды пайдалану кедергі келтірді.Сол себепті ,келешекте сыни тұрғысынан ойлаудың «Блум»таксономиясы, «Кубизм», постер қорғау әдістерін дамыта отырып, балалардың сыни ойлау қабілетін дамытуым қажет. Сабақтарыма өзгерістер енгізу жаңалық болумен қатар өзім де өзгерудемін. Мен осы сындарлы оқытудың теориясын меңгергеніме қуаныштымын.
Өзім ізденіс үстінде жүріп сабақ соңында қол жеткізген нәтижелерім: оқушының танымдық ізденімпаздығы қалыптасып,мәселелерді терең талдауға үйренді, шығармашылық ой-өрісі артты,ұжымдық ой-пікірлері жетіліп,топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренді, оқушы өз ойын еркін айтуға,сөз мәдениетіне үйренді,өз әрекетіне сыни тұрғысынан қарауға,тұжырым жасап қорытындылауға үйренді. Оқушылардың дәлелді ойлар айтып, тұжырым жасай отырып, оқиғалар мен кейіпкерлерге сыни көзбен қарап, салыстыра білуге мүмкіндік беретін, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізетін модуль екеніне көзім жетті. Менің тәжірибе барысында байқағаным бұрын оқушы тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім бағыттаушы,ұйымдастырушы екенін ұқтым. Осы модулден байқағаным оқушы өзін-өзі бақалайды,бағалайды,тыңдайды,сөйлейді.
Қорытындылай отырып, сабақтағы өз бетімен жұмысты жетілдіруде оқушылардың
деңгейін міндетті түрде ескерілу керек, қалыптастырушы бағалауды түрлендіре отыра, әр сабақта мұғалімге оқушылардын кері байланыс алу міндетті түрде керек деген түйін жасалды. Жеке жұмысты берер алдында, оқушылар тақырыпты топта талдаса жақсы нәтижеге жетуге болады. Сабақта бағалау парағын ұсыну, өздері қол жеткізе алатын нәтиже ғана емес, сабақ бойы қандай іс-әрекетпен айналысатынымен хабардар болып отыруға мүмкіндік береді, бұл олардың өз-өздерін реттеп үйренуге, өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландырады деген қорытынды жасалды.
Бұл тәсілдердің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуға үйреттік. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып,бірін-бірі, өздіктерін, жұптарын, топтарын бағалауға үйретіп, оқуға деген қызығушылығын арттырдық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәжірибедегі рефлексия

шағым қалдыра аласыз