Материалдар / тәжірибелік - эксперименттік жұмыс бағдарламасы 1 кезең
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

тәжірибелік - эксперименттік жұмыс бағдарламасы 1 кезең

Материал туралы қысқаша түсінік
тақырыбы: "Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында білім беру стандартын іске асыратын инновациялық білім беру технологиялар негізінде оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2022
744
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 27 орта мектеп» КММ

2020-2021 оқу жылы

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламасы

Мұғалім .Магауиянова А.А.

ТОЛЫҚ АТЫ: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында білім беру стандартын іске асыратын инновациялық білім беру технологиялар негізінде оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.

Қаланың іздеу тақырыбы: «ХХІ ғасырда оқушылардың дағдыларын дамыту» - жаңа күрделі әлемде нені білу және не істеу керек ».

Мектептің іздеу тақырыбы: «Білім беру стандарттарын іске асыратын инновациялық білім беру технологиялары негізінде білім мен тәрбие сапасын арттыру»

Әдістемелік бірлестіктің іздеу тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық – коммуникативтік технологияны енгізу арқылы оқушылардың коммуникативтік тілдік дағдыларын қалыптастыру»

Мұғалімнің іздеу тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында білім беру стандартын іске асыратын инновациялық білім беру технологиялар негізінде оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру».

Кезең: дайындық

Өзектілігі: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың сөйлеу дағдыларының нашар дамығанын байқауға болады. Балалар сабақта көбінесе жаттанды сөздерді көп қолданады, сонымен қатар жоғары деңгейлі сұрақ қойған кезде, оқушылар төмен деңгейлі жауап береді, яғни иә\жоқ деген жауаптармен шектеледі. Соның алдын алу мақсатында іздеу тақырыбын оқушылардың коммуникативті дағдыларына байланысты алдым.

Коммуникативтік дағды дегеніміз не? Яғни, «коммуникативтік дағды» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөйлесу, қарым – қатынас жасау сөзінен шыққан) – яғни менің іздеу тақырыбымда оқушылар қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды.


Зерттеу мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында білім беру стандартын іске асыру мақсатында инновациялық технологияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың қазақ тілінде коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.

ТЭЖ міндеттері:

1. Оқуышылардың қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында негізгі ұстанатын бес дағдыда байланысты коммуникативті яғни тілдік дағдыларын қалыптастыру.

2. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылар тек жаттанды сөздерді қолданбай, өз ойларын айтып дағдыландыру, оқушыларды соған бейімдеу.

Зерттеу нысаны: бастауыш және орта буын оқушылары

Зерттеу пәні: қазақ тілі мен әдебиеті пәні

Зерттеу болжамы: егер менің оқушыларым қазақ тілінде дұрыс сөйлеп немесе мәтінмен дұрыс жұмыс жасап дағдыланса, мемлекеттік тілге байланысты іс – шараларға (сайыстарға) қатысып қазақ тілінде білімдерін көрсетсе. ол өзге ұлттардың қазақ тілін үйренуге қызығушылықтарын арттырады. Сонымен қатар талапқа сай функционалдық сауаттылықтары қалытасады.







Зерттеу әдістері:

Эмпирикалық әдістер: эксперимент тақырыбындағы әдебиеттерді, нормативтік және нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды зерттеу, құжаттаманы талдау, педагогикалық байқау, сауалнамалар, тәжірибені зерттеу, жинақтау

Теориялық әдістер: модельдеу, салыстыру, рефлексия, түзету.

ТЭЖ нәтижелерін тіркеу:

1. белгіленген проблема бойынша ғылыми есеп;

2. негізгі құзыреттілікті дамытуға бағытталған оқу сабақтарын өткізудің мазмұны мен формаларының жүйесі;

3. осы жүйені іске асыруға арналған әдістемелік нұсқаулық және әдістемелік ұсыныстар;

4. зерттеу бағдарламасы бойынша дидактикалық материал;

5. тақырып бойынша бағдарлама;

6. оқушылар мен мұғалімнің шығармашылық жұмыстарының жинағы;

7. оқушылардың шығармашылық жұмыстарының жинағы;

8. ізденіс тақырыбы бойынша есептер;

9. ғылыми-әдістемелік басылымдар;

10. қала (облыс) мектептерінің тәжірибесіне енгізу үшін зерттеу нәтижелерінің мультимедиялық презентациясы.

Зерттеу базасы: сыныптаны тыс іс - шаралар ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу, Орта буын оқушыларымен эссе жазу, бастауыш сынып оқушылармен әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда жұмыс жүргізу. Мерзіміне сай өткізілген әрбір шарадан кейін рефлексивті есеп жазу, фото жинау, балалардың жұмыстарын жинау (тапсырмалар парағы және шығармашылық тапсырмалар – коллаж). ТЭЖ соңында әріптестермен бөлісу, баяндама жасау және басылымға дайындау.

Эксперименттік жұмыстың күтілетін нәтижелері:

1. Оқушыладың қазақ тілі мен әдебиеті сабағында мемлекеттік тілде еркін сөйлеу, өз ойларын ерін жеткізу, басқалармен қарым қатынасқа түсу (сұхбат), мәтінмен сауатты жұмыс істеп дағдылану ( функционалдық сауаттылық)

2. Өмірлік жағдаяттарда қазақ тілінде дұрыс сөйлей білу (мысалы мектеп қабырғасынан тыс жерлерде)



Ізденіс тақырыбының бірінші кезеңі бойынша жұмыс жоспары

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Нәтиже

1

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында білім беру стандартын іске асыратын инновациялық білім беру технологиялар негізінде оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру тақырыбында әдебиеттермен танысту

қыркүйе

берілген тақырып бойынша ресуртстарды жинақтап, баяндама жасау, басылымдарға жариялау.

2

Іздеу тақырыбына байланысты және танысып өткен әдебиеттер негізінде жұмыс жоспарын құру

қазан

жұмыс жоспарын құру, ӘБ отырысында таныстырп өту, түзетулер керек жағдайда жасау

3

Оқушылармен берілген тақырыптарға эссе жазу. Эссе түрлері мен жазу ережелерімен таныстырып өту. 50 – сөзден тұратын эссе жазғызу (орта буын оқушылары)

қараша

СВОД – талдау жасау, мониториннг жасау, рефлексивті есеп.

4

Басатуыш және орта буын оқушылармен мемлекетік тілде сыныптан тыс іс – шара өткізу (1 желтоқсан - Елбасы күні мен

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне байланысты)

желтоқсан

қысқа мерзімді жоспар, рефлексивті есеп, коллаж, фото есеп

5

Оқушылармен сөздік диктан ұйымдастыру, белгілі бір тақырыпқа сұхбат құрау, «Негізгі сөздер» әдісін қолдана отырып мәтін құрау (бастауыш буын оқушылары)

қаңтар

тапсырмалар жинағы, мониторинг, СВОД талдау, рефлексивті есеп.

6

Ізденіс тақырыбына сай бастауыш және орта буын оқушыларымен ашық сабақ ұйымдастыру (топпен жұппен жұмыс, шығармашылық тапырмалар және балалардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыратын тапсырмалар ұйымдастыру)

ақпан

қысқа мерзімді жоспар, коллаж, рефлекситі есеп, СВОД талдау, фото.

7

22 – наурыз мейрамына байланысты ортажәне бастауыш сынып оқушылармен іс- шара өткізу (ашық сабақ, мәнерел оқу сайысы және т.б.)

наурыз

қықа мерзімді жоспар, рефлексивті есеп, фото

8

Жыл көлемінде өткізілген іс – шараларға байланысты баяндама жазу, қысқа мерзімді жоспарларды, рефлексивті есеп, фото есептерді жинақтау .

сәуір

барлық материалды жинақтап басылымдарға дайындау (журнал)

9

ӘБ отырысында әріптестермен тәжірибе бөлісу, мықты әлсіз жақтарын талдау, фото есептер мен коллажды көрсету мақсатында пезентация ұсыну.

мамыр

Әріптестерімнің ұсыныстарын ТЭЖ – дің екінші кезеңіне енгізу (яғни түзету). Келесі екінші кезеңге жоспар құру.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!