Тәжірибелік жұмыс: "Көркем әдебиет арқылы бала тілін дамыту" авторлық жұмыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәжірибелік жұмыс: "Көркем әдебиет арқылы бала тілін дамыту" авторлық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем әдебиет арқылы бала тілін дамыту, мнемокесте технологиясын қолдану арқылы жұмыстар жүргізу,тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жоспар






Кіріспе

Көркем әдебиет-рухани азықтың қайсар бұлағы.


Негізгі бөлім

Көркем әдебиет оқу қызметін тиімді ұйымдастыру.


Көркем шығармалар арқылы баланың сөйлеу тілін

дамытуда театр түрлерін және мнемокесте технология-

сын қолдану тиімділігі.



Қорытынды

Көркем әдебиет- баланың шығармашылық, қабілетін

дамытатын танымдық қор.






1

«Балалар әдебиеті-жас буынның

сана -сезімін оятып, ақыл-есін

дамытатын, оларды адамгершілік

асыл мұратқа жетелейтін өмір

оқулығы »

Ш.Ахметов.

Кішкентай балалардың ана тілінде сөйлеуі отбасынан бастау алып, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде әрі қарай дамиды. ҚР. Білім және ғылым министрлігі бекіткен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бойынша жалпы білім беретін «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары негізінде құрастырылған. Мектеп жасына дейінгі баланың дүниетанымын, ой – өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, эстетикалық талғамын арттырып, адамгершілікке баулу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.

Мектеп жасына дейінгі балаларға оқып беретін шығармалар, негізінен үш салаға бөлінеді:

Ауыз әдебиеті үлгілері

Классик жазушылардың шығармалары

Қазақ жазушыларының шығармалары

Осы саладағы шығармалар бағдарламаларда нақты жүйеге бөліп берілген.

Көркем шығармаларды балаларға оқып беру және әңгімелеу.

Көркем шығарманы оқып беру арқылы қуаныш, реніш, ашу-ыза,өкіну,таңдану,сыйлау сезімдерді қалыптастыру. Әңгімелеуде көркем бейнелі сөздерді қолдана білуге баулу. Түрлі жанрдағы әдеби шығармалардың сипатын, мазмұнын түсіне білуге баулу.



2

Мәнерлеп оқу.

Көркем шығарманы мәнерлеп оқығанда сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, тілді дамыту. Өлеңді мәнерлеп жаттатуда сөздің дәлдігі мен қарқынын сақтау, дауыс ырғағын келтіру, бет құбылыс (мимика) оқып тұрған шығарманың мазмұнына үйлесімді болуына мән беру.

Шығармашылық әңгіме айту.

Сурет бойынша немесе сюжет арқылы түрлі тақырыптарда ойдан ертегі, әңгіме құрастырып айтуға үйрету.

Көркем әдебиет шығармалары балалардың жас ерекшелігіне ескере отырып жасақталған. Халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті шығармаларымен таныстыру барысында әдебиетке қызығушылығын арттыру, адамның қарым – қатынас әлемімен таныстыру көзделеді.

Көркем шығармаларды оқу барысында балаларды ауызша сөйлеуге, сөздік дыбыстық құрамын дұрыс айтуға, тілдің фонетикалық және граматикалық ерекшеліктерін, ойлау қабілеті мен дүниетанымын дамытады. Жаттауға ұсынылған шығармаларды түсіндіріп жаттау арқылы қабылдау, есте сақтау қабілеттері дамиды. Әдеби шығармалармен таныстыра отырып, балаларды шығарма жанрларын ажырата білуге үйретіледі. Олардың тілін ширатып, көркем сөз өнерін сүйе білуге баулып, адамгершілікке тәрбиелейді. Көркем әдебиет оқу қызметінде ұсынылған шығарма жанрлары: әңгіме, ертегі, өлең, мысал, жұмбақ, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер және т.б халық ауыз әдебиет үлгілері негізінде ұлттың мәдени құндылықтарын қалыптастырады.

Ертегі - халық ауыз әдбиетінің көлемді түрі, әдеби мұра. Ертегіні оқып бергеннен кейін, жасалатын талдауда.

3

Балалар оның мазмұнын, көркемдік жетістігін, ертегі жанрының ерекшелігін сезінуін қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана балалар оны ұзақ есінде сақтайды.

Әңгіме -жанрымен таныстыруда балалардың зейінін аударып, кітапқа деген қызығушылығын арттырып, көркем шығарманың мазмұнымен таныстырып, оның тәрбиелік мәнін ашу маңызды. Көркем шығарма арқылы балалардың ойын, қиялын дамыту, өмірімен салыстыруға мүмкіндік көзделеді.

Өлең - шағын көлемдегі поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған сөздер тізбегі. Өлеңді әсерлі етіп оқи отырып, білім мен тәрбие беру. Өлең мазмұны балалардың өзіндік іс-әрекетін жауапкершілікпен атқаруға, үлкендерге көмектесуде, мақсат қоя білу. Кішіге қамқорлық жасауда әрдайым дайын болуға үйретеді.

Мақал-мәтел- мейлінше дәл, айқын беретін ең мәнді сөздер, ал-әдеби жанр жағынан, мағыналы көркем шығарма. Мақалда айтылатын негізгі ойды мейлінше дәл, айқын беретін ең мәнді сөздер таңдап алынған. Оқу қызметінде тақырып мазмұнына сай қолданылады.

Жұмбақ -адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. Жұмбақта заттың түр-түсі, көлемі, қасиетімен қатар, оның атқаратын қызметі, қимыл-әрекеті де айтылады.

Жаңылтпаш - тілін жаттықтырып, сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатында пайда болған. Жаңылтпаш бала тілінің мүкістігін жоюға, сөздерді анық айтуға жаттықтырады. Баланы дұрыс сөйлеуге үйретумен қатар, айналасындағы алуан түрлі көріністермен, өмірмен таныстыруға көмегін тигізеді.

4

Осы аталған халық ауыз әдебиет үлгілерін көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту оқу қызметінде ойын түрінде қолданып келемін. Мысалы: «Сиқырлы қоржын» ойыны арқылы халық ауыз әдебиет үлгілерін үйретемін. Мұнда қоржын ішіне әр түске боялған асықтар салынады. Көк асық – ол жұмбақ шешу, қызыл асық – жаңылтпаш айту, сары асық – мақал – мәтел, ақ асық – айтыс, жасыл асық – ертегі, қызғылт сары – әңгіме, күлгін асық – өлең оқу. Осы асықтардың қандай түсін алса, сол түске байланысты халық ауыз әдебиет түрінен мысалдар айтылады.

Көркем шығармаларда кездесетін ұнамды, жақсы кейіпкерлердің мінезіне, олардың игі мақсат үшін істеген жетістіктеріне, жасаған әрекеттеріне балалардың сүйсіну, оларды мақтаныш етіп үлгі ету ынтасын туғызады. Мұның барлығы көркем әдебиет оқу қызметінде қысқа әңгімелер, өлеңдер, мысалдар, ертегі т.б. түрлі әдеби жанрдағы шығармаларды оқыту барысында жүзеге асырылады.

Көркем шығармаларды оқу мен оқу қызметінде жоспарлауда мына жағдайларды өте мұқият ескеру қажет:

Әр шығарманы оқып берерде баланың жас ерекшелігі, осыған байланысты тәрбие жұмысының мақсаты мұқият ескерілуі шарт.

Шығарманың лайықтысын ғана алу керек.

Кішкентайлар тобында тәрбиеші шығарманы мәнерлеп жатқа айтып беруі керек. Тәрбиешінің шығарманы жатқа айтып беруі балаларға қызықты болады, оларды жалықтырмайды.

Көркем шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнын сурет арқылы жылдам түсінеді. 5

Кішкентайлар тобы үшін шығарманы оқудан бұрын суретті көрсету арқылы әңгімелеседі, соңынан шығарманы оқып береді. Ал ересек топтар үшін шығармаға байланысты суреттерді шығарма оқылған соң берген дұрыс. Өйткені шығарманы оқудан бұрын сурет көрсетілсе, балалар ынтасы сол суретке ауады да, тәрбиеші оқығанда зейін қоймайтын болады.

Оқылған шығарманы әңгімелеп айтуға үйретуде жоспар құрып алудың маңызы зор. Мысалы:

1. Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі.

2. Тәрбиешінің әңгімені оқып беруі.

3. Оқылған әңгіме, ертегі мазмұнын көмекші сұрақтар қойып айтқызу.

4. Шығарманы қайталап оқу, шығарма мазмұнын балаларға айтқызу.

Оқу қызметі кезінде мынадай жоспар бойынша өткізуге болатынын ескеру:

1.Мәтін мазмұнын оқудан бұрын мәтініне байланысты баланың не білетінін анықтау барысында әңгімелесу.

2. Шығарманы оқу (сәбилерге ауызша айтылады).

3. Әңгімелесу.

4. Әңгімелету (суретпен, суретсіз, ойыншығын көрсету арқылы).

5. Экскурсия, бақылау.

Таныс шығармаларды, ертегілерді театр түрлері арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту барысында жұмыстар ұйымдастыру тиімділігін білеміз. Театр түрлері балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды және ерекше рөл атқарады. Бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен кішігірім әндер, тақпақтар, жұбату өлеңдерін, кіші сахна көріністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып, мұны одан әрі жалғастырса, ал ересектер тобында театр 6

іс-әрекеті өз бетінше жүргізіледі. Қарапайым шығармалардан кереметтей сахналық көрініс жасауға болады. Сахнаның жүру, тұру, сөйлеу, өзін – өзі білу, сыйлау мәдениетіне үйренеді. Рөлді ойнау арқылы бала жағымды әдет, жақсы қасиеттерді ажырата білуге үйренеді, өзі жаман қасиеттерді қайталамауға тырысады. Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерінде ойнап, кейіпкерлердің сөздерін, диалогтарын жаттап алу арқылы балалардың тілдері дамиды. Сәбилер тобынан бастап тақпақ, қысқа өлеңдер айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілуі үшін үстел – үсті театры, қысқа сахналық қойылымдарды қолдана берген жөн. «Қуыршақ театры», «саусақ театр», «үстел – үсті театр», «көлеңке театры», фланелеграф театры арқылы әдеби шығармалар мазмұнын көрсету балалардың эстетикалық талғамын оятады, сөйлеу тілін дамытады. Яғни балалардың шығармашылық қабілетін, сөйлеу мәдениетін, ой – өрісін, дүние танымын жетілдіруде театр түрлері тиімді нәтиже береді.

Балалардың ой – өрісінің кеңейуіне, сөйлеу тілінің дамуына байланысты сахналық қойылымның мәні зор:

І кезең: Балалар ұжым болып, ертегі, әңгіме мазмұнын ауызша айтады.

ІІ кезең: Ертегінің барлық кейіпкерлерінің сөздері балаларға ұсынылады.

ІІІ кезең: Балалар бірнеше шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

IV кезең: Рөлдерге бөліп, ертегіні ертеңгіліктерде, театрлық іс – әрекетінде ойнап көрсетеді.

Театр қойылымы барысында сөз мәдениеті және техникалық театр мәдениеті, театрландырылған ойын, ырғақты музыкалық тәрбие, қойылымды сахналау жұмыстары қамтылады. Оқу тәрбие жұмысында технологиялар түрін қолдану жүзеге асуд 7

Өз тәжірибемде мнемокесте және ойын технологияларын қолданамын.

Мнемокесте технологиясы – бала тілін дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі.

Мнемокестенің мазмұны – ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс- әрекетінің, басты мазмұнды әңгіменің сюжеті. Ең бастысы – көрнекілік, тірек сызба, бейнеленген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу. Сөздік қорын байыту үшін, әңгіме құруға үйретуде, көркем әдебиетті мазмұндауда, жұмбақ жасыру және шешуде, өлең жаттатуда қолданамыз.

Мнемокестені қолдану 3 – этаптан тұрады:

Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.

Мазмұнды бір бейнемен сәйкестендіру.

Қолданғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшу.

Көркем әдебиет оқу қызметінде оқылған ертегі, әңгіме, өлең мазмұнын жақсы түсінген жағдайда көркем сөздерді меңгереді. Мнемокесте арқылы шығарма мазмұнын бұзбай, жүйелі, мәнерлі әңгімелеуге балалардың белсенділігі артып, білімдерін тиянақтай, өз ойларын еркін айта алатын болады.

Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемокесте технологиясын қолдану тиімділігін көріп келеміз. Мұны іске асыру үшін баланың тілін дамытуға әр түрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет.

Қолданатын тәсілдер:

Көрнекіліктер, дидактикалық ойындар, суреттер, буындық кестелер, тірек – сызба, үлгілер т.б.

«Жинақтаушы» - сөйлеу материалдарын безендіру.

8

Жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтар, саусақ, тыныс алу жаттығулары т.б.

Мнемокесте арқылы көрнекілік – бейнелік есте сақтау және есту, суретін көру арқылы баланың есінде нақты қалады.

Мнемокесте – балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әңгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әңгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс – әрекеттердің жүйесі. Схема, мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады.

Мнемокесте балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерін байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады

Мысалы: «Мнемокесте бойынша қыс мезгіліне әңгіме құрастыру» «Дүкенші», «Күзгі жапырақтар», «Аққала», «Әй, кір бала, кір бала», «Көктем», «Жазда», «Әжемнің бауырсағы», мнемеокесте арқылы ертегіні әңгімелеу, мнемокеста арқылы жұмбақ шешу, «сөз, сөйлем ойла», «Ұйқасын тап» т.б.

Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ісі көрнекіліксіз іске аспайды. Әрбір ұйымдастырылған оқу қызметінде көрнекілікті басшылыққа ала отырып еңбек етеміз. Көркем әдебиет арқылы бала тілін дамытуда тек қана ертегіні оқып беріп қана қоймай, оны рөлдерге бөліп сахналау бала тілін дамытуға зор ықпалын тигізеді.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мемлекеттік стандартының «Коммуникация» білім беру саласында балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру мен дамытудың нормативі берілген.

Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі 9

балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.

Баланың тілін дамытуда көркем әдебиет түрлерін орынды пайдалана білген баланың түсінігін кеңейтіп, ұғымы байтады. Көркем әдебиет шығармалары балалардың қызығушылығын тудырады, сөздік қорын байытады. Кейіпкерлермен бірге қуану – қайғыруды үйрене отырып, балалар өзінің жанындағы жақын адамдардың көңіл – күйін байқай бастайды. Адамгершілік сезім – қайырымдылық қасиет, әділетсіздікке қарсы тұру қабілеті оянады. Бұл адалдық, нағыз азаматтық қасиеттердің қалыптасу негізі.Адам өзіне- өзі қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады. Өйткені менде бала бағбаны тәрбиешісімін. Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тажірибемнің мейірім дәндерін қондыру менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау үлкен бақыт. Себебі бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді. Кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, маған сенім артады. Әрине әрбір тірлікте жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал тәрбиешіде бұл қасиеттің түп негізі жауапкершілікте.

Менің өз іс-тәжірибемде басты міндетім бала жүрегіне жылулық ұялатып, қабілеті мен дарынын ашу деп түсінемін. Әр еңбегіңнің нәтижесін көру үшін тәрбиеленушілеріңнің әр түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орынға ие болуы. Біз яғни, балабақша тәрбиешісі ретінде, айнадай өнегесі ретінде балаларды қазірден бастап дұрыс сөйлеуге, тіл байлығын дамытуға,жақсы қалыптасуына көңіл бөлсек, осы еңбегіміздің келешекте олардың өміріне азық, қадамына қазық болары хақ деп білемін. 10

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы – тіл болып табылады. Тіл ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы.

Рухани байлығы, баға жетпес құдіретті қуаты, қайнар бұлағы. Баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, тілін дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болары сөзсіз.

Мен күнделікті оқу қызметінде мнемокесте технологиясын қолданамын.

Мнемокесте технологиясы - бала тілін дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүиесі. Мнемокесте технологиясын сөздік қорын байыту үшін, әңгіме құрауға үйретуде,жұмбақ айтуда және шешуде, өлең жаттауда қолданған тиімді.Сонымен қатар ертігілерді, сурет бойынша әңгіме құрап айтуға ыңғайлы.













11

Төмендегі кесте бойынша көруге болады:


Мнемокесте арқылы тақпақ жаттау

Доп, доп добым домалақ,

Қайда кеттің домалап?

«Бір, екі»- деп екі ұрдым.

Шатырға сен секірдің.



Мнемокесте арқылы сергіту жаттығуы

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстар болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.




12

Қыс мезгілі

Мақсаты: Сурет бойынша сөйлем құрастыру. Суретке қарап олардың түстерін, пішіндерін ажыратып сөйлем құрастырып айтуға үйрету.

Мазмұны: Балалар суретке қарап сөйлем құрайды. (Күн, қар, қысқы киім, аққала) сөздерін қастыра отырып әңгімелеу.



Күн

Қар

Қысқы киімдер

Аққала

Қыста күн суық, аязды болады. Қыстыкүнгі аяз терезеге , ағашқа қырау түсіреді. Күн дөңгелек пішінге ұқсас болады. Күннің түсі сары.

Қыста қар жауады. Қардың түсі ақ, жұмсақ. Қарды ақ ұлпа деп атаймыз.

Қыста адамдар жылы кимдер киеді. Қысқы киімдерге тон, қолғап, малақай, етік жатады.

Қыста балалар қармен қызықты ойындар ойнайды. Қардан аққала жасайды. Аққала дөңгелек пішінге ұқсайды. 13

Мнемокесте арқылы күз мезгілі туралы әңгіме

құрастыру











14

Мнемокесте арқылы «Мақта қыз бен мысық»

ертегісін әңгімелеу


Тапсырма:-Саған қай кейіпкер ұнайды? 15




Мнемокесте арқылы жұмбақ шешу


Өзінше ноян,

Қорқақ не?.... (Қоян)

Құйрығы он қарыс,

Бұл айбатты....... (Жолбарыс)

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт.

Үзсең бірден жүзін,

Оның аты....... (Жүзім)

Уылжыған албырт,

Дәмі ғажап ....... (Алмұрт

Жұмбақ шешу арқылы балаларды тапқырлыққа баулып

16

Сызба арқылы суретті пайдаланып сөйлем

құрау

Ана нанды қайда... салды?

(нан салғышқа)


Аға қантты қайда....салды?

(Қант салғышқа)

Әке дүкеннен кәмпит әкеп оны қайда....

салды?

(Кәмпит салғышқа)

17

Балалардың шығармашылығын дамытып

сурет салу арқылы өлең шығару


Бояуды аламын,

Сурет саламын.

түрлі-түсті бояумен,


Әдемі қылып боядым.


Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін артыру

мақсатында жұмыстар жүргізе білу.




18


Тәжірибелік жұмыстарымды ұсынамын

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: Шымшық.

Мақсаты: 1.Балалардың құстар туралы білімдерін тиянақтау. Дала құстары мен үй құстарының қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін түсіндіру.Құстар арасындағы шымшықпен таныстыру, ол туралы түсінік беру.

2.Шымшықтың басқа құстардан айырмашылығын әңгімелеп, балалардың құстарға деген қызығушылықтарын арттыру.

3. Балаларды құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Құстардың суреттері, шымшықтың суреті, суреттер, слайд.

Әдіс-тісілдері: Шаттық шеңбері,сұрақ-жауап, әңгімелеу, сергіту, өлең тыңдау,тақпақ жаттау, ойындар.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Қозғаушы қызмет түрі

Шаттық шеңбері: Әуен арқылы амандасу рәсімін жасау

Балалар шаттық шеңберіне тұрып амандасады

Ұйымдастырушы ізденушілік

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Қазір қай айы?

-Күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқадыңыздар?

Балалар, құстардың жылы жаққа ұшпай қыстап қалатын түрі бар

-Балалар, құстар әлеміне саяхат жасағыларың келе ме?

-Ендеше көзімізді жұмамыз, орманда, далада, тауда ұшып жүрген құстарды елестетейік

-Балалар ненің дыбысын естіп тұрмыз?

1,2,3-көзімізді ашамыз

-Қане, балалар, құстармен танысайық

-Мынау қандай құс?

-Ал мына құс ше?

-Мына құсты қалай атаймыз?

-Мына кішкене құс ше?

Қараңдаршы, балалар мына құс торғайға ұқсайды, бірақ бұл торғай емес

-Оның қандай құс екен білгілерің келе ме?

-Ол Шымшық деген құс

-Балалар бұл құстарды біздің жерімізден көріп жүрсіздер ме?

-Бұл құстар қандай құстар?

Жаңа тақырыппен таныстыру:

Балалар бұл Шымшық деген құс. Оның дене мүшесі ұсақ, түсі жасыл сарғыш болады. Ол көбіне орманда мекендейді. Ол ұясын ағаш басына салады. Ағашы жоқ жерде ұясын үйдің жарына да сала береді. Ол құрт-құмырсқалармен, дәндермен қоректенеді.

Шымшық торғайға ұқсас келеді. Оның торғайдан айырмашылығы қауырсыны ұзыншалау, түсі жасыл сарғыш.Ол ақпан айында ән салса, қатты шиқылдса көктемнің жақын қалғанын білдіреді, ал күзде ұясын ерте салса қыс қатты болады деп жорамалдайды.

-Балалар құстардың бірнеше түрі болады бейнетаспаға қарайық

Бейнетаспа : Құстар

Балалар құстар дала құсы, үй құсы және жыл құсы болып бөлінеді

Құстар туралы түсінік беру,дыбысын тыңдату

Бейнетаспа арқылы шымшықты бақылау

Сергіту сәті: «Үйрек биі»

Әуен арқылы қимыл жасау

Ән тыңдау: Бота Бисенованың «Қарлығаш» әнін тыңдату

Құстар туралы тақпақ айту

Мнемокесте арқылы тақпақ айту: «Шымшық»

Шымшық, шымшық,

Ұядан шық.

Шымшық,шымшық жем әкел,

Көп әкел, тез әкел.

Балапандар тойсын,

Шырылдауын қойсын.


Дид/ойын: «Өз мекенін тап?»

Құстарды ажыратып, өз мекенін тауып орналастыру

Әңгіме оқу: «Жаңғалақ бала»

Бірде Жаңғалақ атасымен орманға барады. Атасы жол бойы құстармен таныстырады. Әр құстың қалай сайрайтынын айтып береді. Ертеңіне Жаңғалақ достарына бәрін шатастырып айтады екен.

-Қане, көрейік бізде Жаңғалақ сияқты бала барма екен?

Ойын арқылы балалардың есте сақтау қабілетін байқау



Жаттығу ойын:«Құсты ұшырамыз»

Балалар екі қатардағы құстарды дем арқылы ұшырып, салыстырады


-Күз мезгілі


-3 ай бар

-Қараша айы

Күн салқындайды,

19

жапырақтар түседі, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді



Балалар көздерін жұмады




Құстардың





-Қарға

-Сауысқан

-Көгершін

-Торғай



Балалар құсты бақылап қарайды

-Бала жауабы


20

-Дала құстары








Балалар шымшықпен танысады




Балалар құстарды атайды, дыбысын тыңдайды


Бейнетаспадан шымшықты бақылайды

Әуен ырғағымен қимыл жасайды, жаттығады

Балалар ән қай құс туралы екенін айтады, 21

Құстар туралы тақпақ айтады


Тақпақ айтады:

Торғаймын, торғаймын,

Суықтамай тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа, шіркейден,

Бау-бақшаңды қорғаймын.


Құс ұясын бұзбаңдар,

Балапанын алмаңдар.

Құстар біздің досымыз,

Обалына қалмаңдар








22





Балалаойынға жақсы қатыса білді



Балалар ойынға жақсы қатыса білді


Әңгімені мұқият тыңдайды







Ойынға қызғушылықпен қатысады







23
































24

Жетекші-жөндеуші

Қорытынды:

-Балалар біз қандай құспен таныстық?

-Қандай үй құстарын білесіздер?

-Жыл құстары деп қай құстарды атаймыз?

Балалар бүгінгі оқу қызметімізді құстарға деген алғысымыз арқылы аяқтаймыз

«Жүректен-жүрекке» жылулық шеңбері

Қамқоршы боп жүреміз,

Табиғатқа құстарға.

Аялаймыз оларды,

Жақсы көріп бәріміз

Мадақтау:

Балалар сіздерге құстар алғысын білдіріп суреттерін беріп жіберіпті





Балалардың жауабы





Жылулық шеңберіне тұрады



25

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Шымшық туралы білді.

Меңгерді: Оның тіршілігі туралы білімін меңгерді.

Игереді: Құстар туралы тақпақ айтуды, қамқор болуды.














26

«Тәуелсіздік -ел тілегі!» тәрбиелік шара.

Мақсаты: Балаларды Отансүйгіштікке,патриоттыққа тәрбиелеу. Рәміздерді жатқа білуге, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Күміс күй мен әнге толып тұла бой,

Қуанышқа кенелтеді асыл ой.

Шаттандырған баласы мен бабасын,

Республика күні бүгін-ұлы той.

Армысыздар ұстаздар,бүлдіршіндер! Біздің Отанымыз-Қазақстан.Бұл туған еліміз -ең ғажап ел. Қазақстанда көптеген ұлттар тұрады. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.Республика күні мерекесі құтты болсын! Еліміз егемендік алып, дербес ел болғанымызға міне, 25 жыл толып отыр. Сіздер тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршіндерсіздер. Өмірлерің әрқашан мәнді де, сәнді болсын, аспандарың әрдайым ашық болсын.«Балдәурен» тобы бүлдіршіндерінің дайындаған «Тәуелсіздік-ел тілегі!» тақырыбында өткелі отырған ертеңгілігіміз қош келдіңіздер!

Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім.

Туған жерім-сөйлер сөзім,

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Әнұраны!

Хор: «Әнұран»

Жүргізуші: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мың тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкіммен күн тірілген.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске, 27

Айта бергім келеді, айта бергім!

Балалардың туған еліне, Отанына деген ақ тілегін өлең жолдары арқылы жеткізгелі отыр.

Айдын: Барлық елдің бөбегі,

Бір-бірімен туысқан.

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағын күмістен.


Саят: Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдң,

Ортада-аспан әлемі.


Жұлдыз: Отан әркім анасындай,

Қастерлейді бағалап.

Өйткені, Отан баласындай,

Бізді өсірер аялап.


Жүргізуші: Он алтыншы желтоқсан-

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Хор: «Қазақстаным»

Қасиет: Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.


Нұрсая: Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Ердігім-Елтаңбам.

28

Жүргізуші: Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.

Көркем сөз: Қ. Аманжолов. «Елбасына»

Ән: «Туған жер» Құндыз, Саят, Ұлжан,Даулет

Жүргізуші: Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты.

Ән: «Елтаңбасы елімнің» Асем, Нұрсая.

Би: «Сарбаздар» би тобы.

Жүргізуші: Бейбітшілік әніміз,

Бауырласпыз бәріміз.

Қазақстан даласында,

Жарасады сәніміз.

Ұлы Отанның аясында,

Жадырайды жанымыз.

Бүгін, міне, егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы

мерекесін тойладық. Аспанымыз ашық,

Жүзіміз жарқын болсын деп тілейміз. Сөз кезегін

балабақша әдіскеріне береміз.

Егеменді еліміздің болашағы-сіздерсіздер.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын!







29








30

«Алтын күз» тәрбиелік шара.

Мақсаты: Күз мерекесі, күз сыйы туралы түсінік беру.Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Қарсы алайық бәріміз,

Қырдан кепті қыдырып.

Алтын күзде нұр төгіп,

Молшылық жаршысы бола білген,

Алтын күз ырыс-береке ала келген!

Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер, қонақтар!

Бүгін «Балдәурен» тобының күз мерекесіне дайындаған «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Құстар қайтты қыс болды,

Сұр бұлт жапты аспанды.

Жапырақ түсіп, гүл солды,

Қараша ызғары басталды.

Ортаға бүлдіршіндерді шақырамыз.

Хор: «Жомарт күз»

Ел байлығын арттырған берекелі күз айыда келді. Күз

мезгіліне арнап ақын –жыршылармыз өлең шумақтарын

жазған. Күз мезгілінің әсемдігін, байлығын, көркемдігін

бейнелеп айтқан. Ендеше біздің бүлдіршіндерімізде

өздерінің білетін күз туралы өлең шумақтарын айтқалы

келіпті. 31

Жандәулет: Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.


Нұрәділ: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.


Сәндігүл: Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Тұрғанның қызық-ау.

Күз мезгіліне қандай теңеу айтсада жарасады. Күз

туралы тамаша әуені асқақтаған әндер де бар.

Ән: «Күз тамаша» Ұлжан, Қасиет, Нұрсая, Шапағат.

Би: «Қолшатыр»

Күз мезгілі бізге дәмді жеміс пен көкөністерін де сыйлайды. Олардың құрамында көптеген дәрумендер бар.

-Балалар сіздер көкөніс пен жемісті жақсы көресіздер ме?

-Олардың қайда өсетінін айтып беріңіздерші?

-Жарайсыздар балалар.Олай болса ортаға көкөніс пен жемістерді шағырамыз.

Ақнұр: Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қажеттімін адамға,

Оны жақсы білемін.

Айдын: Мен өрікпін, өрікпін,

Дәміммен тітті еліттім.

Сүйіктімін сәбиге, 32

Айтпасаңда бөліп тым.


Жұлдыз: Мені бәрі жүзім дер,

Бір-бірлеп үзіп жер.

Қызықтырам көркіммен,

Қатар-қатар тігілген.


Альтайыр: Мен алмамын, алмамын,

Таңдандырар бал дәмім.

Пісіп толдым, мінекей!

Баптап ерен бағбаным.


Райымбек: Мен қиярмын, қиярмын,

Салаттардың сәнімін.

Дәруменім мол менің,

Жегенге қуат сыйлаймын.


Әбілсейіт: Таңдандырар бәрін,

Асқабақпын дәмді.

Кептірілген дәнім,

Таптырмайтын дәрі.


Амина: Менің атым қызанақ,

Тұзды сеуіп молырақ.

Банкілерге салыңыз,

Аузын мықтап жабыңыз.

Тағамға дәм қоса мын,

Қыста тәбет ашамын.

Міне, балалар бақ пен бақшамыздан келген

жемістерімізде өздері туралы айтып берді.

Кезекті тамаша ән мен биге берейік.

Ән: «Күзгі жаңбыр» Асем, Саят, Дәулет 33


Би: «Жаңбыр» қыздар тобы.


Хор: «Жау, жау жаңбыр» 34

Би: «Хали,хали» балалар.

Біздің бүлдіршіндеріміз аналары тіккен күздік

киім үлгілерін көрсетпекші.

Бүлдіршіндеріміз дайын болғанша ата-

аналардың тапқырлығын, білімділігін байқап

көрелік, ата-аналаға арналған матограмманы

ұсынамыз.

Қ- дан мені бастасаң,

Шөліңді басар асыңмын.

Ж-ға айыр бастасаң,

Тамшы болып тасындым. (Қауын-Жауын)

Ендеше ортаға «Алтын күз-2016» топтамасын

шақырамыз.

Би: «Вальс»

Құрметті ата-аналар, барша қонақтар бүгінгі

бүлдіршіндеріміздің дайындаған мерекелік ертеңгілігіміз

мәресіне де келді ата-аналарға біздің және

бүлдіршіндеріміздің айтар алғысымыз шексіз.

Отбасыларыңызға әрқашанда байлық, береке, мықты

денсаулық тілейміз.

Сөз кезегін береміз:

1.Балабақша әдіскері: Ақгүл Бекесқызына

2.Ата-аналар:

Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет. Сау

саламатта болыңызда

35


Балалармен жүргізілген жұмыстардан

көрністер






36


Ата –аналармен жүргзілген жұмыстардан

көрністер




Picture 2



37





Пайдаланған әдебиеттер:





ҚР мемлекеттік білім беру стандарты.


Республикалық ғылыми – әдістемелік журналдар.



Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технология-

ларын пайдалану әдістемесі.


«Қатынас» білім беру саласы әдістемелік нұсқауы.











38

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
2093
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі