Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Талантты ұстазға – дарынды оқушы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, Жас ұрпақтың болашағы – бүгінгі ұстаздың қолында» Н.Ә.Назарбаев
Материалдың қысқаша нұсқасы

Талантты ұстазға – дарынды оқушы

«Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

Жас ұрпақтың болашағы – бүгінгі ұстаздың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Желтоқсан айы Нұр – Сұлтан қаласында «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми – зерттеу орталығы Қазақтың тұнғыш педагогы, қазақ даласында алғаш мектеп ашып, қазақ жастарының білімге деген құштарлығын оятқан ағартушы Ыбырай атамыздың шығармашылығын кеңінен таныту мақсатында «Ы.Алтынсарин атындағы І республиалық олимпиадасы» атты конкурстың студенттер мен оқушылар арасында өтетіні жарияланды. Олимпиада ІІ кезеңнен тұрды. І кезең сырттай өтті. Онда оқушылар жазған эссе, өлең, ғылыми жобаларын «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми – зерттеу орталығына жолдаған. Осы конкурсқа біздің мектептің 11 сынып оқушысы Тыныштық Береке қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Досмаганбетова Айнагуль Тулегеновнаның жетекшілігімен қатысты. Оқушы эссе жазып, жұмысы жинақ кітабына қабылданды. Сүрінбей өткен талантты оқушылар ІІ кезеңге елордамыз Нұр – Сұлтан қаласына шақырылған болатын. Еліміздің барлық облыстарынан келген оқушылар мен студенттер өз білімдерін сынады. Осы оқушылар қатарында біздің Раздольный орта мектебінің оқушысы Тыныштық Береке және жетекшісі Досмаганбетова Айнагуль Тулегеновнада болды. Әр қатысушыға Ыбырай атамыз жайлы сұрақ қойылды. Береке өз жұмысын қорғап, ІІ жүлделі орынды иеленіп, еліміздің белгілі тұлғаларынан «Ы.Алтынсарин атындағы І республикалық олимпиадасы» атты төсбелгі, жұмысы енген түрлі – түсті жинақ кітабы және дипломмен марапатталды. Осы олимпиадаға дайындаған жетекшісі де «Ы.Алтынсарин атындағы І республикалық олимпиадасы» атты төсбелгі, түрлі – түсті жинақ кітабы, куәлік және алғыс хатпен марапатталды. Бұл біздің мектебіміздің жетістігі және мақтанышы. Алдағы уақытта оқушымыз Тыныштық Береке біраз белестерді бағындырып, биіктен көрініп егеменді еліміздің елеулі азаматы боларына сенімдіміз.


Науырзым ауданы Раздольный орта мектебі

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жакибаева Кулпаш Айтбаевна













Нұр-сұлтан қаласында марапаттау рәсімі





Мектеп қабырғасында ұстаздармен бірге


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
553
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12