Ақтөбе
облысы
Байғанин
ауданы
Жарқамыс
ауылы
Тақырыбы:
«Талаптыға нұр жауар»
Сыныбы- 6 «А», 6 «Б»
Өткізген: Алпысбаева Айгүл
Маратқызы
Мақсаты: Оқушылардың ой- өрісін
кеңейту, логикалық ойлау, шапшаңдық, іздемпаздық, адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыру,өз пікірін қорғай алуға
үйрету.
Көрнекілік: білім, оқу туралы қанатты сөздер,
мақалдар, презентация
Сабақ
түрі- сайыс
сабақ
Сабақтың
барысы:
1
жүргізуші:
- Сәлематсыздар ма, құрметті
ұстаздар мен оқушылар және сайысқа қатысушы сайыскерлер! Білім
сайысын ашық деп жариялаймыз.
Сонымен оқушылар , іске сәт!
Жұлдыздарың жансын.
1.Әділқазылар
сайлау.
2. Әр сайысқа баға
беру.
Әр сыныптан төрт оқушыдан
шығып, екі команды болып жарысады.
1
бөлім. Таныстыру (топқа ат қойылып, ұран
дайындайды)
2
бөлім.Кім жылдам?
3
бөлім. Мақал-сөз атасы
4
бөлім. Білгенге
маржан
5
бөлім. Жұмбақ өнері
1
бөлім. Бәйге
сайысы.
1 топ.
1. Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі ( қазақ тілі)
2. Қазақ тілінде қанша әріп
бар? 42 ә
3. Кел балалар өлеңінің
авторы . ( Ы. Алтынсарин)
4. Басты байлық (
Денсаулық)
5. 12 ай ( Жыл)
6. Күйді орындаушы адам. (
Күйші)
7. 25 қазан қандай күн (
Республика күні)
8. Заттың аттарын білдіретін
сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Кім? Не?
9. Қалам сөзінде неше буын
бар? 2
10. Үш биді ата.
2 топ.
1.Қазақстан мемлекеттік
рәміздерін ата.( ту, елтаңба, әнұран)
2. Көру мүшесі.
(Көз)
3. 100 жыл. (
ғасыр)
4.Сөйлем неден құралады?
Сөзден.
5.ҚР тұңғыш ғарышкері.( Т.
Әубәкіров)
6. Екі ақынның жарысы (
айтыс)
7.Күндіз көрмейтін құс(
жапалақ)
8. Заттың сынын білдіретін
сөздерге қандай сұрақтар қойылады? Қандай, қай..
9. Қарақат сөзінде неше буын
бар? 3
10. 9 мамыр қандай күн. (
Жеңіс күні)
2 бөлім.
Кім
жылдам?
1 топ.
1.Ақ қарда тек
тұрмадым.
Қос таяқпен
зырладым(
шаңғы )
2.Бұрылса болды
құлағы
Бұраса уақытты
қуады.
(сағат)
3. Тілі бар да, үні
жоқ,
Сөйлеп тұрар
ішінен,
Көзбен шалсам бір
рет,
Не дегенін түсінем
(
кітап)
4. Жансызда бір жансыз бар,жалғыз
аяқ
Беліне қыстырғаны шиден
таяқ,
Келбетіне қарасаң ештеңе
емес,
Беліне
буыныпты аямай_ақ (Ұршық)
2 топ.
1.Бетін
адам ашады,білім нұрын шашады.(кітап,книгаіbook)
2.Ешкім
төңкере алмайтын күмбез (аспан,небо,the
sky)
3.Тұратұғын әр үйде,жайлы
орын сәбиге,
Шаңғы
табан үйшік ол,тербететін әрине (Бесік)
4.Тұрғыны
жоқ елдер,үйі жоқ қалалар,ағашы жоқ ормандар, суы жоқ
теңіздер(карта,карта,map)
3
бөлім.Мақал -сөз атасы.
І-топқа
1. Қар жана ма?
2. Инемен құдық қазуға бола
ма?
3. Аппақ қарға бола
ма?
4. Ең тәтті не?
5. Адамның қай мүшесі
қорқақ,қай мүшесі батыр?
ІІ- топқа.
1. Ер неше рет,қорқақ неше
рет өледі?
2. Отқа түсіп күймеуге бола
ма?
3. Оттанда ыстық
не?
4. Білгенің қанша,білмегенің
қанша?
5. Тауық түс көре
ме?
4 бөлім.Білгенге
маржан . Логика
1 топ
Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып
кетті? Торда қанша құс қалды?
Жауабы12 құс. (Тордан ұша
алмайды)
2-топ.2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам
неше сағат ойнайды?
Жауабы2 сағат
ойнайды
1-топ.Бір күні әкесі ұлына бір кітап
беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған
2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп,
«Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі
баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты
оқымағанын әкесі қайдан білген?
Жауабы
Өйткені 2000 теңге кітаптың
ішінде болған.
2-топ-2Логикалық сұрақтарБір ананың үш қызы
болады.Шешесі 42 жасқа келгенде,
үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа
толады.
Қанша жылдан кейін анасы мен
үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойлынып көр.
ЖауабыАлдымен үш қызымен
шешесінің жас айырмасын табу керек. Ол 10 жас. Бір жылда шешесінің
жасы 1-ге, үш қызынікі 3-ке артады. Олай болса 3-тен 1-ді шегеру
керек. 2 саны шығады. Ол 10 айырмаға сай келеді, яғни 1 санына 5
жас сәйкес. Демек, бес жылдан кейін шешесі мен үш қызының жасы
бірдей болады
1
-топ-2Серік әкесінің бүгінгі жасына
жеткен кезде, қарындасының жасы қазіргі жасынан 2 есе үлкейеді. Ал
қарындасы әкесінің бүгінгі жасына жеткенде, Серіктің жасы бүгінгі
жасынан 2 есе үлкейеді. Үшеуінің жастарының қосындысы 100 болса, әр
бірінің жасы қаншада?
ЖауабыСерікпен қарындасы 25
жаста, әкелері 50 жаста
2-топ-2Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі
келді.Оларға жетеуден берсе,
асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі
жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы
нешеу?
Жауабы23 асық, 3
немере
Қанша жаста
5
Бөлім Жұмбақ өнері
І-топ
-
Тептім терекке шықтым (Үзеңгі)
-
Сөйлесесің әркіммен, естілмейді
дыбысың,білінбейді бір ісің (көрген түс)
-
Көтерейін десем,ауыр кілем
-
Көтермейін десем,тәуір кілем (Жер
шары)
-
Сүмбіл теректі,жасыл желекті,
Ерден қалмайды,жауға керекті
(найза)
ІІ-топ
-
Ортасында ақкөлдің ,қара көлге тап болдым (көздің
ағы мен қарасы)
-
Өзі тоқ,көлеңкесі жоқ (құдық)
-
Тізіле өскен тісі бар,көп істеген ісі бар
(орақ)
-
Тап,тап,тап жорға,табаны жоқ боз
жорға,
Желіп кетсе жеткізбес, жерге
түссе таптырмас (Ине)
5.Аяғы бар жүрмейді,аузы бар күлмейді,
Айнымайды бқпемнен,тек
сөйлеуді білмейді (Қуыршақ)
Қорытынды: - Сонымен балалар, бүгінгі
сайысымыз да өз мәресіне жетті. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша
жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін әділ қазыларға сөз кезегін
берейік. Жеңімпаздарды мадақтау.