400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Талдықорған агро-техникалық коллдежі" МКҚК арнайы пән оқытушысы Кымбатова Айдана Жумагалиевна

Материал туралы қысқаша түсінік
жемқорлыққа жол жоқ атты сыныптан тыс іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» ММ

«ТАЛДЫҚОРҒАН АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК




КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Топ жетекшілер әдіскері Директордың тәрбие ісі

_______Ғ.Н.Тойлыбаева жөніндегі орынбасары

_______Ж.Ж.Канапиев

Picture 1




СЫНЫПТАН ТЫС ІС – ШАРАНЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ

Тақырыбы:


Ұйымдастырушылар: Касенова Н.

Кымбатова А.Ж. Нақысбек С.









Талдықорған қ, 2019 жыл

Кіріспе


Қоғамдағы лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалануды, билік етуді немесе лауазымдық өкілеттілікті арттыру, қызметтік жалғандық, сеніп тапсырылған мүліктерді ұрлау және иелену, біле тұра өтірік айғақ көрсетуді, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдау жиі кездесетінін көрсетіп отыр.

Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметпен байланыстырады. Бар беталысқа қарамастан және басқа салада – үкімет билігі және жеке кәсіпкерлердің әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы таратуда – мемлекеттік лауазымдық тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заң аса егжей – тегжейлі әзірленген. Шынында да мемлекеттік қызметшілер анағұрлым ауқымды дискрециялық өкілеттілікті иелене және көбінде бақылаусыз әрекет ете отырып, өз мүдделерінде және мемлекеттік мүддесіне қарамастан лауазымдық мансаптығын қолданудың барлық мүмкіндігін иелене алады.




















Мақсаты:


Білімділік: Студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;


Дамытушылық: Студенттерді өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;


Тәрбиелік: Студенттерді патриоттық тәрбиеге баулу.


Көрнекілігі: Слайдтар, плакат, кітаптар, видео


Өткізудің формасы:  Сыныптан тыс іс - шара


Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ-жауап, видеоролик

 


















Барысы:


I.Ұйымдастыру

Көрме ұйымдастыру:

  • «Жемқорлық – қоғам дерті» атты иллюстрациялық кітап

  • білім алушылар салған газеттері


II.Кіріспе сөз

  • Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.


III.Тәрбие сағаты:

  • Видео

  • Викторина

  • Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:

  • Білім алушыларға тапсырма  

 
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме. Бүгінгі біздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты сыныптан тыс іс - шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!!! (Слайд №1)


2-жүргізуші: Бүгінгі біздің сыныптан тыс іс – шарамыздың мақсаты білім алушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу. Студенттерді өз құқықтарын қорғай білуге үйрету. Студенттерді патриоттық тәрбиеге баулу. (Слайд №2)

 

3-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол

cаяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатыны анық.


1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке    бірлесе қарсы тұруымыз керек.    Н.Ә.Назарбаев. (Слайд №3)

 

2-жүргізуші:  «Сыбайлас жемқорлық» деген не? (Слайд №4)

“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.


3- жүргізуші: Келесі кезекте бейнероликке берсек (Слайд № 5)

Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар? Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па? видео

 

1-жүргізуші: ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. (Слайд №6)

 

2-жүргізуші:

Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:

- қоғамның бақытты болашағын тежейді;

- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;

- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. (Слайд №7)

 

3-жүргізуші:   СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР: (Слайд № 8, 9)

  1.  ҚР  37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін  қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті  реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды

Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады.

•      ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану

•      Коммерциялық сатып алу

•      Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану

•      Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану

•      Пара алу

•      Қылмыстық жалғандық жасау

2001 жылы Мексикада БҰҰ - ныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды БҰҰ. 2003ж. 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.





«КАЗИНО» ойыны  (Слайд №10-11)

  1. Балапан ұяда не көрсе,
    (Ұшқанда соны алады. )

  2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қашан қабылданды? 02.07.1998 жыл

  3. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
    (Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.)

  4. “Сыбайлас-жемқорлық” деген не? (“Сыбайлас - жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.)

  5. Әдепті бала – арлы бала,( әдепсіз бала – сорлы бала. )

  6. ҚҰҚЫҚ деген не ? (мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.)

  7. Ағаштан ағаш сәнін алады,
    (Адамнан адам тәлім алады.)

  8. Заң деген не?  (мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк кесiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.)

  9. Тәрбиелі адам (тағаланған атпен тең.)

  10. Қылмыстық Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген  адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы   немесе құны неше айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса қылмыстық жауапкершілікке жатпайды? (2 айлық есеп)

  11. Адалдық — ардың ісі.(Ауырды көтеру-нардың ісі)

  12. Пара беру дегеніміз не? (қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау.)

  13. Адалдық жүрген жерде, (адамдық жүреді.)

  14. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген?  (Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі)

  15. Ағын су жолын табады, (ақ адам оңын табады)

  16. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн қашан жарияланды? (2003 ж 9 желтоқсан)

  17. Арамдықты адалдық жеңеді, (жамандықты адамдық жеңеді)

  18. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы”   заң қашан қабылданды? (18 .11. 2015 жыл)

  19. Ақыл — жас ұланнан,
    (Жүйрік — тай құнаннан.)

  20. БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы қашан қабылданды? (31.10.2003ж.)

  21. Өз білмегеніңді кісіден сұра,(Үлкен жоқ болса кішіден сұра.)

  22. Білім гауһар, бағасы жоқ. (Надандық кесел, дауасы жоқ.)

  23. Ақыл — тозбайтын тон,(Білім – таусылмайтын кен.)

  24. Оқу — білім бұлағы, (Білім — өмір шырағы.)

  25. Білімдіге дүние жарық, (Білімсіздің күні қаріп.)

 2- жүргізуші:  Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру: (Слайд №12)


1. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?

2. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты

(гүл, сағат, портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?

3. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?

4. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма?


Психологиялық тренинг (Сергіту)    


3- жүргізуші.   (Слайд №13)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі барлық алынған білімдері бойынша, әр топқа жеке тапсырма беріледі.




1 жағдай: Сыбайластық жемқорлық түбегейлі жойылу үшін қандай шара қолдану керек? Сіздің әрекетіңіз.

2 жағдай: Сізге, қызмет жетекшісіне, заңнамаға сәйкес емес арнайы қызмет үшін ақшалай көмек ұсынады. Сіздің әрекетіңіз.


3 жағдай: Ыстық жақта демалу үшін, сізге жедел түрінде шетелдік құжат қажет. Бірақ оны бір айдан кейін алаласыз. Сіздің әрекетіңіз.


4 жағдай: Жолда сіз көлікпен келе жатқан кезде, жол полиция қызметкері тоқтатты. Айыппұл жазудың орнына сізден қолма қол төлем сұрады. Сіздің әрекетіңіз.


Литмонтаж

1- білім алушы 
1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды.

2- білім алушы  
Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққы қарсы күрес» туралы заң қабылдады.


3- білім алушы  
Жемқорлық латынша сатып алу. Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің жеке бастарының пайдасы мен мүдессі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс - әрекеттері.
4- білім алушы  
Жамандыққа тосқауылды қояйық, Пара алғанның жолы жабыққой анық, «Қазақстан-2050»-айқын жол, Күресейік,жемқорлықты жояйық.

5- білім алушы

Арайлап атқан әр күні, ала таңы!

Бұл елдің саналы ұрпақ болашағы.

Сол ұрпақтар бұл елге үлес қосса,

Кімдер келіп байлыққа таласады?!

Білім, ғылым алға қойған мақсаттарын

Қазақ елі мәңгілік асқақтағын!

Артында білімді ұрпақ тұрған кезде,

Көркеюден ешқашан бас тартпағын.



Қортындылау:

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай — «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады.Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек».


 


Құрметті білім алушы әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
309
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі