15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәлімгер жоспары
Бекітемін
мектеп директор міндетін уақытша атқарушы: Досметов.Х.А
« 13 » « 09 » 2018 жыл
№ 56Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің 2018 – 2019 оқу жылындағы
тәлімгердің жылдық жоспары
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Досметов.Х.А
Тәлімгер: Рустамбеков Ж
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы бойынша
2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы: Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.«Жас Ұлан»- өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухына қалыптастыратын ұйым.
«Жас Ұлан»- өзінің қызметін шығармашылық, спорттық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен және мемлекеттік мекемелермен бірлесе жүзеге асырады.
«Жас Ұланның» мақсаты:
- өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Тақырыбы: Жас Ұландықтардың шығармашылық, іскерлік қабілеттерін дамыту
Мақсаты:
Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және іскерлік қабілеттерін қанағаттандыру, шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал ету, жауапкершілікті қалыптастыру.
Міндеті:
-Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
-Өскелең жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімін арттыру
1.«Зерде»
1.Мақсаты: (танымдық) бағыты - өзін-өзі тану, отбасы және қоршаған орта туралы толық білу, осы заманғы ғылыми және мәдени біліммен қарулану, өз елінде және өзге елде болып жатқан жаңалықтармен танысу. Сабақтан тыс уақытта оқушылардың зияткерлік деңгейінің көтерілуін, жан-жақты көзқарасының кеңеюін жетілдіруге, үнемі ізденіс пен білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал ететін шараларды қамтиды.
№ |
Іс шара атауы |
Мақсаты |
Орындалу мерзімі |
Қатысушылар |
Өтетін орны |
Шараға жауапты адамның аты-жөні, қызметі, байланыс телефоны |
1 |
«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының белсенділерін тағайындау. Ұйымның атрибутикасымен таныстыру. |
«Жас Ұлан» ұйымының ереже, жарғысымен таныстыру |
Қыркүйек |
7-10 сыныптар |
акт зал |
Ж.Рустамбеков Сынып жетекшілер |
2 |
Жас ұлан ұйымының отырысы |
«Жас Ұлан» ұйымының мүшелерінің алдағы уақытта атқаратын жұмыстарын талдау |
Қыркүйек |
8-10 сыныптар |
Акт зал |
Ж.Рустамбеков |
3 |
Жас ұлан ұйымының кестесі |
«Жас Ұлан» тобына қабылдайтын оқушыларды анықтау |
Қазан |
8-10 сыныптар |
Акт зал |
Ж.Рустамбеков |
4 |
«Жайнай бер Қазақстан» ктк ойыны |
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. |
Ақпан |
8-10 сыныптар |
акт зал |
Ж.Рустамбеков |
5 |
«Жас Ұлан» басшысы және мектеп комитетін (сайлау) |
Жауапкершілік пен еңбексүйгіштігі қалыптастыруға көшбасшылық қабілеттерін дамыту. |
Қазан |
Жас ұландықтар |
Акт зал |
Ж.Рустамбеков |
2. «Руханият»
2. Мақсаты: (адамгершілік, адалдық) бағыты - балалар мен жас жеткіншектерді жалпы адамгершілік қасиеттерге ие болуға және Отанға, еңбекке, жалпы қоршаған ортаға, өзінің жеке тұлғасына деген сезімін тәрбиелеу. Даму және дамыту, ізгілік пен парасаттылық қасиеттерін сіңдіру. Жақсылық атаулыға деген сезімді арттыратын, жамандыққа жол бермейтін; ата-ана, туыс, достар, ұжым, халқы, Отан алдындағы парызды сезінетін, адалдық, адамгершілік ұстанымдарды берік сақтауға үйрететін шараларды қамтиды.
№ |
Іс шара атауы |
Мақсаты |
Орындалу мерзімі |
Қатысушылар |
Өтетін орны |
Шараға жауапты адамның аты-жөні, қызметі, байланыс телефоны |
1 |
«1-қазан қарттар күні» (ардагерлерге көмек іс-шара ұйымдастыру) |
Жас жеткіншіктердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. |
Қазан
Мамыр |
Жас ұлан ұйымы |
мектеп ауласы |
Жас Ұлан ұйымы Ж.Рустамбеков |
2 |
«Ұлылықтың басында ұстаз- тұрар». Өзін- өзі басқару күні! |
Оқушыларға ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білу, ұстаз мамандығының қыр сырларын түсіндіру. |
Қазан |
8-10 сыныптар |
мектеп фаесі |
Ж.Рустамбеков Жас Ұлан ұйымы |
3 |
«Тұғыры биік Тәуелсіз ел» 16-желтоқсан Қазақстан республикасының мерекесіне байланысты қабырға газеттерін шығару |
Іс шара ұйымдастыру |
Желтоқсан |
7-10 сыныптар |
мектеп фаесі |
Жас ұлан ұйымы |
4 |
«Жігіт сұлтаны – 2019» (байқау) |
Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану |
Сәуір |
7-10 сыныптар |
мектеп фаесі |
Ж.Рустамбеков |
5 |
Шаңырақ оқушылар қауымдастығы арқылы тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру (шаңырақ) |
Бүгінгі қоғам мектеп алдына өзін-өзі реттей алатын,еркін қарым-қатынас жасай білетін, жаңа әлеуметтік ортаға бейім тұлға қалыптастыру |
Қазан |
7-10 сыныптар |
баяндама |
Ж.Рустамбеков |
3. «Отан»
3. «Отан» (патриоттық) бағыты - Отанымыз – Қазақстанның өткен тарихы мен оның қалыптасу, даму, нығаю жолдарымен таныстыратын, халық тарихына қатысты ұлы тұлғалар жөнінде білім беретін, әдеби және мәдени құндылықтарды насихаттайтын, шет елде тұратын қазақ балаларымен байланыс орнатуға ықпал жасайтын, жалпы халықтық мейрам-мерекелерді өткізуді, мемлекеттік тілді меңгертіп, оның қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған шараларды қамтиды.
№ |
Іс шара атауы |
Мақсаты |
Орындалу мерзімі |
қатысушылар |
Өтетін орны |
Шараға жауапты адамның аты-жөні, қызметі, байланыс телефоны |
1 |
Менің тату отбасым Мен отбасымды мақтан тұтамын |
Отбасы –құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарын кеңейту. |
қыркүйек |
5-9 сыныптар |
Акт зал |
Ж.Рустамбеков сынып жетекшілер |
2 |
Тәуелсіздіктің 27-жылдығына орай патриоттық әндер байқауы |
Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, ел абройын қорғауға құрметтеуге баулу. |
қараша |
7-10сыныптар |
Акт зал |
«Жас Ұлан» ұйымы Сынып жетекшілер |
3 |
1-желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған жиын |
Оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеу. |
Желтоқсан |
1-11сыныптар |
Акт зал |
«Жас Ұлан» ұйымы Сынып жетекшілер |
4 |
«Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымына қабылдау |
Патриоттық сезімдерін ояту |
желтоқсан |
1 11сыныптар |
Акт зал |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
5 |
«Ұлтаралық достық пен татулықты бекіту.» (шаңырақ бағдарламасы) |
Халықтар бірлігі күніне арналған салтанатты жиын |
мамыр |
1-11сыныптар |
Мектеп ауласы |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
6 |
«Ерлік жыры елдіктің ескерткіші» |
Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын |
мамыр |
1-11сыныптар |
мектеп ауласы |
«Жас Ұлан» ұйымы
А.Ауелбек |
4. «Салауат»
4. «Салауат» (салауатты өмір салты) бағыты – ағзаны шынықтыратын, дененің дұрыс қалыптасуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамассыз ететін, гигиеналық дағдыларға баулитын, ұлттық ойындарды игеретін, олардың пайда болу және даму тарихымен таныстыратын, салауатты өмір салтын насихаттайтын, ірі спорттық жетістіктерге ынталандыратын, әр кезеңдегі спорт саңлақтарының өмірі мен спорттағы жетістіктерімен таныстыратын шараларды қамтиды.
№ |
Іс шара атауы |
Мақсаты |
Орындалу мерзімі |
Қатысушылар |
Өтетін орны |
Шараға жауапты адамның аты-жөні, қызметі, байланыс телефоны |
1 |
«Салауатты өмір салтын ұстан!» |
Салауатты өмір салтын насихаттау |
Қыркүйек Сәуір |
3-10 сыныптар |
Мектеп алаңы |
|
2 |
Тәуелсіз елдің ұланымыз флешмоб |
|
Қаңтар
|
3-10 сыныптар |
Спорттық зал |
«Жас Ұлан» ұйымы,тәлімгер |
3 |
Қыста да талай қызық бар |
Қысқы сауықтыру ойындарын ұйымдастыру |
Ақпан |
1-11сыныптар |
Спорттық зал |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
4 |
Оқушыларды салауаттылық бәсекелестікке баулу. (шаңырақ бағдарламасы) |
Бүгінгі қоғам мектеп алдына өзін-өзі реттей алатын,еркін қарым-қатынас жасай білетін, жаңа әлеуметтік ортаға бейім тұлға қалыптастыруды |
Қаңтар |
3-10 сыныптар |
Спорттық зал |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
5 |
«Мен Қазақстан азаматымын» |
Спорттық флешмоб |
Сәуір |
|
Мектеп алаңы |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
5 |
Жолда жүру ережесі мен таныстыру слет |
Сайыстық топ |
Сәуір |
3-10 сыныптар |
Мектеп алаңы |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
5. «Еңбек»
5. «Еңбек» (еңбексүйгіштік, іскерлік) бағыты – жеке тұлға ретінде қалыптасуға ықпал ететін қоғамдық негізде ұйымдастырылған жұмыстарға қатысу, өзі тұратын өңірде қең таралған еңбек түрлерімен танысу арқылы қажетті еңбек дағдыларын үйрену. Туған өлкесіндегі әр кезеңде еңбегімен танымал болған атақты тұлғалардың өмірі мен еңбектегі жетістіктерімен танысып, оны мақтаныш етуге, өнер түрлері (қолөнер, сурет, мүсіндеу, архитектура, т.б.) туралы түсініктемелерін кеңейтуге, еңбек рахатын, сұлулығын сезіне білуге ықпал ететін шараларды қамтиды.
№ |
Іс шара атауы |
Мақсаты |
Орындалу мерзімі |
Қатысушыла р |
Өтетін орны |
Шараға жауапты адамның аты-жөні, қызметі, байланыс телефоны |
1 |
«Ұстаздар күніне арналған» кеш |
Оқушыларға ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білу. Ұстаз мамандығының қыр сырларын түсіндіру. |
Қазан |
Жас ұлан ұйымы |
мектеп ауласында |
Ж.Рустамбеков «Жас Ұлан» ұйымы Сынып жетекшілер |
2 |
«Төрле, төрле Жаңа жыл!» |
Мектепішілік мерекелік іс шара |
Желтоқсан |
1-11 сыныптар ата аналар |
Акт зал |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
3 |
Еңбек күніне |
Мектепішілік мерекелік іс шара |
Қыркүйек |
|
Акт зал |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
4 |
1-наурыз Шаңырақ бағдарламасы бойынша үш тілдік патриоттық әндер байқауы және мәнерлеп оқу. (мәңгілік ел) |
Өзін қоршаған ортаны қадірлей білуге және ата – ана, ұстаз, достарына құрметтей білуге тәрбиелеу. Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. |
Наурыз |
5-10 сыныптар |
Акт зал |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
5 |
Наурыз мерекесіне арналған «Асыл анашым» мерекеге байланысты қабырға газеттерін шығару |
Оқушылардың ойлауын дамыта отырып, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту. |
Наурыз |
3-10 сыныптар |
Мәжіліс зал |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
6 |
«Жігіт сұлтаны-2019» (байқау) |
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану |
Сәуір |
7-10сыныптар |
Мәжіліс зал |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
6. «Жеті жарғы»
6. «Жеті жарғы» (құқықтық) бағыты – мектеп Жарғысын, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелерін білуге, оны сақтауға, мемлекет пен оның заңдарына құрметпен қарауға, жеткіншектердің күнделікті өмірде өздерінің жүріс-тұрысына басшылық жасай білуіне ықпал ететін, өз мемлекетінің азаматтарына қамқорлықпен қарап, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысатын оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыруға, заң бұзушылыққа қарсы күресуге ықпал ететін шараларды, жастар арасында әр түрлі жүргізілетін әлеуметтік-құқықтық маңызы бар шараларды қамтиды
№ |
Іс шара атауы |
Мақсаты |
Орындалу мерзімі |
Қатысушылар |
Өтетін орны |
Шараға жауапты адамның аты-жөні, қызметі, байланыс телефоны |
1 |
1-қыркүйек білім күні салтанатты жиынды дайындау және өткізу |
Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ұлтжандылыққа отансүйгіштікке тәрбиелеу |
қыркүйек |
1-11 сыныптар ата аналар |
мектеп ауласы |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
2 |
«Үздік мектеп сыныбы 2019». Үлгілі оқушы, ең үздік күнделік (рейтинг) |
Мектеп оқушыларының белсенділігі мен танымдық ұстанымдарын арттыру |
мамыр |
2-11 сыныптар |
мектеп ауласы |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
3 |
«Ең бағалы күнделік!», «Ең таза күнделік» күнделік тексеру |
Мектеп оқушыларының белсенділігі мен танымдық ұстанымдарын арттыру |
Ай сайын |
2-11 сыныптар |
|
«Жас Ұлан» ұйымы
|
4 |
«Ғасыр дерті жемқорлық» (сурет байқауы) |
Оқушыларға жемқорлыққа қарсы тәрбие беру |
Ақпан |
5-10 сынып |
Мектеп фаесі |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
5 |
Сыңғырла соңғы қоңырау! (салтанатты жиын) |
Оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалануын насихаттау |
Мамыр |
1-11 сыныптар ата аналар |
мектеп ауласы |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
7. «Экоәлем»
7. «Экоәлем» (экологиялық) бағыты – табиғат туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат пен адамзат арасындағы байланысты сезінуге, қоршаған орта сұлулығын көре білуге, оны қорғауға, туған өлке табиғатын танып білуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, экологиялық зардаптардың себебін түсініп, оны жоюға ұмтылдыратын, жалпы экологиялық мәселенің адамзат тіршілігіне тікелей байланысын сезінуге ықпал ететін шараларды қамтиды.
№ |
Іс шара атауы |
Мақсаты |
Орындалу мерзімі |
Қатысушылар |
Өтетін орны |
Шараға жауапты адамның аты-жөні, қызметі, байланыс телефоны |
1 |
Табиғатты аяла да, бағала |
Мектеп ауласына көркейту көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге ат салысу |
Сәуір |
5-10 сыныптар |
мектеп саябағы |
Сынып жетекшілер Тәлімгер |
2 |
«Алтын күз» (байқау) |
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. |
Қазан |
3-10 сыныптар |
мәжіліс зал |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
3 |
«Адал Ұрпақ» ерікті клубы. Оқушылар арасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз», «Адал және сатылмайтын еңбек» тақырыбында 1-9 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастыры |
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту |
Қазан |
8-10 сыныптар |
мектеп фаесі |
«Жас Ұлан» ұйымы
|
4 |
Қыс кереметі |
Балалардың табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын суреттеу. |
Ақпан |
3-10 сыныптар |
мектеп ауласы |
«Жас Ұлан» ұйымы
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген