Тәлімгерлік жүйесі
қызметінің тиімділігі бойынша
АНЫҚТАМА
Бақылау
мақсаты: Тәлімгерлік жоспарының
қойылған мақсатқа сәйкестігі мен мерзімінде жүзеге асырылуын
анықтау.
Бақылау
объектісі: Тәлімгерлік
жоспар
Бақылау жүргізілген уақыт
: қыркүйек
айы , 2024-2025 оқу
жылы
Бақылау
нысаны: кешенді-жалпылаушы
бақылау/ құжаттармен
танысу
Тексерді: директордың ғылыми әдістемелік
ісі жөніндегі орынбасары
Тәлімгерлік жоспары
педагогикалық ұжымның кәсіби дамуы мен тәрбиелік үдерісін тиімді
басқаруға бағытталған маңызды құжат болып табылады. Тәлімгерлік
бағдарламасы педагогтың тәжірибесін арттыру, жаңа әдіс-тәсілдермен
таныстыру, сондай-ақ педагогикалық қызметте тиімділікті жоғарылату
мақсатында жасалады. Осы анықтамада тәлімгерлік жоспарының нақты
мақсатқа сәйкестігі және оның жүзеге асырылу мерзімінің сақталуы
бағаланады.
Мектебіміз бойынша 2024-2025
оқу жылына ФИО –тарих пәнінен
және ФИО – қаза тілі мен әдебиеті
пәнінен жас мамандар жұмысқа қабылданды. Жас мамандарға тәлімгерлік
ететін ұстаздар: ФИО мен ФИО аталған ұстаздарға тәлімгерлік
тағайындау бойынша бұйрықтары шығарылып, жоспарлары жасалынып,
тексерілді.
Жоспардың мақсатына
сәйкестігі:
-
Қойылған мақсаттар мен
міндеттер:
Тәлімгерлік жоспарының негізгі мақсаттары нақты әрі айқын
анықталған Қойылған мақсаттар педагогтың кәсіби дамуына ықпал ету,
оқыту мен тәрбие үрдісінде жаңа әдістерді енгізу, білім алушылардың
оқу жетістіктерін арттыруға
бағытталған.
-
Мақсаттардың нақты шеңбері мен
бағыттары:
Мақсаттар мен міндеттер нақты, өлшенетін және қол жеткізуге болатын
шеңберде тұр. Мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажет іс-шаралар мен
іс-әрекеттер айқын анықталған.
-
Тәлімгерлік жоспарының
өзектілігі:
Жоспардың мазмұны педагогикалық қызметтің қазіргі талаптарына,
мектептің даму жоспарына және оқыту үдерісінің ерекшеліктеріне
сай. Тәлімгерлік бағдарламасында педагогтың жеке даму
мақсаттары ескерілген.
Жүзеге асырылуы мен
мерзімділігі:
-
Жоспардың мерзімінде
орындалуы:
Тәлімгерлік жоспарының іс-шаралары жоспарланған мерзімдерге сәйкес
жүзеге асырылған. Белгіленген іс-шаралар мен
тапсырмалар уақытылы орындалып, белгілі бір нәтижелерге қол
жеткізіледі жеген ойдамын. Кез келген кідірістер мен кейінге қалдырулар
тіркелген жоқ.
-
Іс-шаралардың сапасы мен
тиімділігі:
Тәлімгерлік жоспарында қарастырылған іс-шаралар тиімді
ұйымдастырылған. Олар педагогтың кәсіби
дамуында оң нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етуде. Іс-шаралардың
әрбір кезеңі тәлімгерлік жоспарына сәйкес жүзеге асырылғанын
көрсетеді.
-
Қорытынды
бағалау:
Тәлімгерлік жоспарының орындалуы нәтижесінде педагогтың кәсіби
дағдылары мен білімінің артуы байқалуда. Жоспардағы іс-шаралар
арқылы қойылған мақсаттарға жету үшін әлі де көптеген жұмыстар
атқарылатын болады.
Қорытынды:
Тәлімгерлік жоспарының
қойылған мақсатқа сәйкестігі мен мерзімінде жүзеге асырылуы жалпы
түрде оң нәтижелерді көрсетеді. Мақсаттар айқын қойылып,
белгіленген мерзімдерде орындалған. Педагогтардың кәсіби дамуына
қол жеткізу үшін жоспардағы іс-шаралар сапалы түрде ұйымдастырылды.
Дегенмен, кейбір педагогтар үшін уақытша қиындықтар орын алуы
мүмкін, бірақ жалпы алғанда жоспардың нәтижелілігі байқалады.
Болашақта жоспарды жүзеге асыру барысында кідірістер мен
кемшіліктердің алдын алу үшін жекелеген іс-шараларды қайта
қарастыру ұсынылады.
Бақылауды жүргізген
директордың
ғылыми-әдістемелік ісі
жөніндегі
орынбасары м.а:
ФИО