жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МАМАНДЫҒЫН ДАЙЫНДАУДАҒЫ ДУАЛЬДІ ЖҮЙЕНІҢ МАҢЫЗЫ
ТАМАҚТАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МАМАНДЫҒЫН ДАЙЫНДАУДАҒЫ
ДУАЛЬДІ ЖҮЙЕНІҢ МАҢЫЗЫ
Білім әлеуметтік қажеттілік. Білім –қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Білім бар жерде алынбайтын қамал жоқ. Білім мен тәрбие өте тығыз байланысты. Еліміздегі осы заманғы білімдену жүйесі-халыққа сапалы білім беріп, білікті маман даярлаудың бірден-бір жолы – елімізде дуальді оқыту жүйесін енгізу.
Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуальды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет» — деп, бұл оқыту жүйесінің техникалық салада алар орнынын айқындап берген болатын. Сондай-ақ, колледждерде дуальды оқыту әдісін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктеген. Осыған байланысты елімізде кәсіптік-техникалық білім беру саласында жаңа жүйе жасалына бастады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары индустриялық – иновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті бәсекеге қабілетті мамаман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өзіндік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді.
Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.«Дуальды» деген термин негізінде «бірлескен»деген мағына береді.Дуальды оқыту жүйесі– мемлекетіміздің болашақ мамандарға деген қызығушылығынан туған жүйе. Дуальды жүйе – жас мамандардың өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру, жұмыс берушілермен серіктестігін берік нығайту және жұмыспен қамтылуы үшін таптырмас жүйе болып табылады.Дуальды оқыту әдісі әлемнің көптеген елдерінде, мысалы, Германия, Австрия, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерде табысты жұмыс істеуде.Дуальды оқу жүйесінің дәстүрлі оқу процесінен айырмашылығы – практикалық және кәсіптік білімнің біріктірілуінде.Дуальды оқыту жүйесі мынадай принциптер бойынша жүргізіледі: оқу процесінің 40% - да студенттер теориялық білім алады, оқу процесінің 60% пайызында студенттер өндіріске жіберіледі.Өндірісте студенттер өндірістегі шеберлердің көмегімен практика жүзінде білімдерін жетілдіріп, толықтырады.Дуальды оқыту жүйесінің жас түлектер үшін маңыздылығы қандай? Дуальды оқыту жүйесімен оқыған түлектер ертерек өндірістік мекемелерге жұмысшы маман ретінде қабылданады, өндірістегі барлық функционалдық міндеттерді орындайды және оларға тікелей бағынады,қызметтік жауапкершілікке жүктеледі, мамандығы бойынша өз жұмысын үйренеді,кейбір жағдайларда жалақы да ала алады.
Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығын дайындаудағы дуальды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.Дуальді оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы.
Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығында дуальды оқыту жүйесінің маңыздылығы, студент өз мамандығын жетік меңгереді, практикалық білімін ертерек жетілдіреді,сонымен қатар қоғаммен тез тіл табысуға үйренеді, өз ортасында беделі жоғары болады және жауапкершілікке тәрбиеленеді.Жұмыс үрдісінде студент өз мамандығына жаңаша көз қараспен қарайды және өз мамандығын жаңылмай дұрыс таңдағанын түсінеді.Осылардан басқа болашақ маман өндірісте жұмыс істей жүріп, жұмыс өтілін жинайды, қосымша табыс табады және оқу орнын бітіргеннен кейін, жаңа заман талабына сай шарттарға байланысты яғни, еш қиындықсыз қызметке орналасады.
Өндіріс мекемелер үшін таптырмас мүмкіншілік болып табылады
Дуальды оқыту жүйесінің өндірістік мекемелер үшін маңыздылығы

Оқу мекемесінің тартымдылық беделі артады

Студенттің контингенті жоғарлайды
Қазіргі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жою мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету – бұл жетістікке қол жеткізу. Мұндай жағдайда жас мамандардың оқу үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды.
Жұмысшы кадрлардың дайындық сапасы бүгінгі күнде техникалық және кәсіптік білім деңгейімен анықталады. Қазіргі кезең жоғары білікті жұмысшы кадрлардың кәсіптік дайындығының белсенді дамуын талап етеді.
Алматы облыстық басқармасының 2014 жылғы 7 тамызда №167 бұйрығы негізінде Бақанас аграрлы – индустриалдық колледжі дуалды оқытудың элементтерін енгізу бойынша, 2016 – 2017 оқу жылының 1-ші қыркүйегінен бастап 0508000 –«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша дуальді оқыту жүйесі оқу үрдісіне енгізілді.
Әлеуметтік серіктестік аясында Бақанас аграрлы – индустриалдық колледжі негізінен қызмет көрсету саласында жас кадрларды даярлау үшін ауданымыздағы көптеген өндірістік мекемелермен келісім шартқа отырып, дуальдық оқыту жүйесін дамытуда.«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Іле» мейрамханасы, «Мухтар» тойханасы, «Бірлік» тойханасы, «Қанағат» кафесі, «Ақ отау» мейрамханасы, «Айтуар» кафесі, «Ботакөз» кафесі, «Тәтті» асханасы, Орталық асхана, «Айгөлек» дәмханасы, «Жасұлан» балабақшасы, Балқаш аудандық ауруханасы негізгі әлеуметтік серіктестермен бірігіп келісім шартқа отырып, студенттер аудан және ауылдардағы өндіріс орындарына барып, шебердің нұсқауы және бас аспазшының бұйрығы бойыншамекеме базасында тағамдарды даярлауға көмектеседі. Әр студент медициналық куәландыруды және қауiпсiздiк техникасы бойынша алғашқы нұсқаулықты өтедi.
Өндірістік сараман өндіріске таныстыру экскурсиясынан басталады.Алдымен студенттерге, шикізат сақтау қоймасы ,жұмыс орны,өндірістегі құрал-жабдықтар,салқын және ыстық цех, қондырғылар мен олардың жұмыс жасау технологиясы түсіндіріледі.
Әлемдік тәжірибеге қарағанда, білім берудің дуальды жүйесі мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді.Еңбек өнімділігі артады, халықтың көшіп –қонуы азаяды,әлеуметтік шиеленіске жол берілмейді.
Дуальды жүйенің негізі — болашақ жас маманның оқу орны мен өндірісте қатар оқытылу. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғарылату.Дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, оқушы оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп қана қоймай, нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайтын болады және дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі — еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.
Жастардың табысты еңбек етуі төмендегі факторлармен тығыз байланысты:
1. Бүгін білім алу көзі кеңейіп, өз бетімен оқимын деушілерге мол мүмкіндік туып отыр;
2. Білім әлемінде өз жолын тауып, өздігінен білім алуға ұмтылыс жасау;
3. Адамның өзіндік қызығушылығы, түрлі мотивтері болуы;
4. Жұмыс істейтін орында оның үнемі даму үстінде болуына жағдай жасалуы.
Дуальдық оқыту – әлеуметтік серіктестікпен байланыс жұмысы. Тереңірек тоқталсақ, адамның өмірдегі жағдайымен қоғамдағы өз орнын тауып, таңдаған мамандығы бойынша табысты еңбек етуіне ықпалын тигізетін жүйе. Дуальдық оқыту жүйесінде студент таңдаған мамандығы бойынша білімін іс жүзінде қолдануға машықтанып, дағдыны игеріп, біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады. Соған орай дуальдық оқыту барысында білім мекемесі басшылары мен кәсіпорын басшылары арасында әлеуметтік серіктестік арта түседі.
Оқытудың дуальдық жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Осыдан шығар қорытынды дуальдық білім беру - кәсіби шеберлігі еңбек нарығына бейімделген іскер азаматтарды даярлауға негізделген халықаралық жүйе. Колледж түлегі өндірістік тәжірибелер нәтижесінде өзінің жан-жақты қабілетін көрсетіп, келешектегі жұмыс орнын алдын-ала дайындауға мүмкіндік алса, жұмыс беруші мекемелер өз тарапынан білімді де, білікті жас мамандарды осы бастан таңдау мүмкіндігіне ие болады. Білім мекемесінің жұмыс берушілердің сұраныстары мен талаптарына сай мамандар даярлау жолында үнемі ізденіс және тынымсыз жұмыс жасау жауапкершілігі артады.
Оқу үрдісіне дуальды білім беру жүйесін сәтті енгізу келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:
1.Талапкерлердің кәсіби өзін өзі билеуі;
2.Оқу мекемесінің тартымдылық беделінің артуы, студенттер контингетінің жоғарылауы;
3.Оқушылардың қызығушылығы мен сұранысына қарай бағдарламалар, элективті (икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу;
4. Мамандықты тереңірек ойланып таңдауға, социализация, тапқырлық пен шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы;
5.Дуальды жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек дағдыларына, кәсіби білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;
6. Бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;
7. Бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы;
8. Бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;
9. Білім беру мекемелерінің жобаларды жүзеге асыру кезеңдерінде қосу арқылы кәсіпорындармен өзара әрекеттесу аясын кеңейту;
10. Білім беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылату.
Бұл мақсатқа жетудің негізгі сапалы білім беріп, дұрыс жолға бағыттаушы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы – өз пәнін жетік білетін, кәсіби дағдылары, педагогикалық дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын, өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар мен оқу өндірістік шеберлері жұмыс атқару қажет.
Еңбек нарығы шарттарының өзгеруін ескере отырып, білікті мамандар дайындау жүйесін құрудағы әлеуметтік серіктестіктердің құрылымын белсенді пайдалану қажет. Кәсіптік білім беру саласында әлеуметтік серіктестіктің байланысы арқылы студенттердің таңдаған мамандық туралы түсініктері қалыптасады, оқу поцесінде алған теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдетеді, өндірістік жағдайда шешім қабылдау іскерлігі қалыптасады.
Біздің Бақанас аграрлы – индустриалдық колледжінде аймақтық еңбек нарығының жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру, білікті жұмысшы кадрларды бірлесе даярлауға жұмыс берушілерді жұмылдыру мақсатында жұмыстар жасалынып, Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығына байланысты әлеуметтік серіктестіктермен жұмыс берушілер арасында келісім шарттар жасалса, ынтымақтастық төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
-
Кәсіпорынның материалдық – техникалық базасын қолдану арқылы оқушылардың тәжірибелік оқуын ұйымдастыру (құралдар мен арнайы жабдықтарды қолдану мүмкіндігі беріледі).
-
Ары қарай жұмысқа орналасумен өндірістік тәжірибеден өтуге үш жақты шарттар жасау.
-
Өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс бағдарламаларын бірлесе әзірлеу.
-
Бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізу.
Дуальді жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды,іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан – жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара бірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз.
Дуальды жүйемен оқытудың маңыздылығы:
Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа
орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен
тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің барлық талаптарын
игеріп, меңгерген жұмысшы маман
болады.
Екіншіден, жақсы білімді, болашақ жұмысшы
маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген дайын маман
болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады. Теория мен
тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі
жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және
өндірістегі жұмыстарға
бейімделеді.
Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға»
принципімен жұмыс жүреді, оқушы теориялық, яғни текстпен айтудан
гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді. Теориядағы
қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде
шешеді.
Төртіншіден, жұмыс берушінің
оқушыға берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен
байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы
болған оқушы, өзінің білім мен ынтасын
көрсетеді.
Бесінші, оқытушы тек қана теорияны ғана
меңгермей, өндірістегі соңғы жаңалықтарды біліп, заманауи
талаптарды меңгереді.
Алтыншы, бюджеттік шығын азаяды,
себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі өндірісте болғандықтан
оқушы оны күнделікті көріп, игереді.
Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы дуальды оқыту технологиясы
енгізіліп, жүзеге асқан кезде қол жеткізетін
нәтижелер.
Еліміздегі кәсіби-техникалық білім беру жүйесі ең бірінші кезекте
ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі
сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Өйткені, экономиканың
қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн
санап артуда. Соған орай, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық
берілетін дуальдық жүйені енгізу халықты жұмыспен қамту проблемасын
шешудің бірден-бір тиімді жолы екендігі
анық.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы
2.Қазақстан республикасының «Білім туралы»Заңы
3. «Дуалды оқыту жүйесі: кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі»
4.«.ТжКБ жүйесіне халықаралық тәжірибелерге негізделген оқытудың дуалды жүйесін енгізу перспективасы»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген