Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тамақтану әдебі. 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
АШық сабақ: Тамақтану әдебі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар №22

Тамақтану әдебі

Бөлім:

8-бөлім. Дұрыс тамақтану. Одағай түрлері

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тамақтану әдебі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7. 1. 3. 1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу

7. 4. 4. 4 одағай түрлерін ажырата білу, қолдану

Сабақтың мақсаты:

Ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады

одағай түрлерін ажыратады, қолданады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, назарын сабаққа бұру

Топқа біріктіру:

Қызығушылықты ояту

Оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы

Жасампаздық және жаңашылдық Әр түрлі таным құралдарын қолдану, әлем туралы білімді жинақтай алу (тілдік, оқырмандық мәдениет, ақпараттық, цифрлық ортадағы қызмет)

І.Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Оқу тапсырмасын сұрау

9-тапсырма.

Жағдаяттық тапсырма бойынша жасаған жоспарларыңды пайдаланып, шағын әңгіме жаз. Жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескеріп, әңгімеде көркемдегіш құралдарды орнымен қолданады

ІІІ. Қызығушылықты ояту

Дені сау адам осылай тамақтануы керек, Біле жүріңіз, Керек арнасы, Тамақтану әдебі туралы керек кеңесті тыңдайды

Талқылау сұрағы:

Тамақтану әдебі дегеніміз не? Оны сақтау не үшін маңызды?

Қандай тамақтану әдеттері сыпайылықтың белгісі болып саналады?

Әлемнің әртүрлі елдеріндегі тамақтану әдебі қандай ерекшеліктерімен ерекшеленеді?

Сіз үшін дастархан басындағы ең басты ереже қандай?

Тамақтану кезінде ұялы телефон қолдану әдепке жата ма? Неге?

Сабақтың ғибратты сөзі:

Тоқ адам асты таңдап ішеді,

Аш адам тамағынан өткенді ішеді.

Жүсіп Баласағұни

Дескриптор:


- дискуссивті эссе жазады

- сұраққа жауап береді

- болжамдары талқыланады

- көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдайды



Оқулық

184 -бет

https://www.youtube.com/watch?v=mrcj8QZrwUQ


Сабақтың ортасы

10 мин.

1-тапсырма

«Дәмдінің бәрі пайдалы емес» мәтінін тыңдап, деректер мен көзқарастарды ажыратып жаз.

1-тапсырма. Әжемнің қонағы


Деректер

Көзқарастар



Көңіл күй одағайларын қандай сөздермен ауыстыруға болады?

Дескриптор:

- Ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады


7-сынып оқулығы,




5 мин

Есте сақта!

Тіл таным

Көңіл күй одағайлары

Бұл топтағы одағайлар адамның әртүрлі сезімдерін, көңіл күйін білдіреді. Олар сан жағынан мол, мағыналық түрленуі жағынан әр қилы. Көңіл күй одағайлары әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл күйді білдіре алады. Осы қасиетіне қарай көңіл күй одағайлары ішінара үш топқа бөлінеді.

1. Жағымды көңіл күйді білдіретін одағайлар: алақай, һә, паһ-паһ, бәрекелді, оһо т.б.

2. Жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар: әттеген-ай, әттең, қап, тфу, тәйірі, түге, ойбай-ай, пішту т.б.

3. Әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар. Мысалы, паһ-паһ одағайы қарама-қарсы екі мәнде жұмсалады:

а) таңдану, сүйсіну, таңырқау;

ә) ренжу, наразылық мағынасында.

Дескриптор:

-ережемен танысады

-мысал келтіреді


10 мин

5-тапсырма.

«Паһ, шіркін!», «Мәссаған!», «Бәрекелді!» одағайларын қатыстырып, оқылым мәтінінің мазмұнын толықтыратын үш сөйлем құра

5-тапсырма

«Эмоцияны толықтыру» әдісі

1-қадам: Тақырыпты анықтау
Мәтінге тақырып ұсынады

2-қадам: Одағай сөздердің қандай эмоция білдіретінін түсіндіреді

Паһ, шіркін! – таңдану, сүйсіну

Мәссаған! – таңырқау, сенімсіздік

Бәрекелді! – мақұлдау, мадақтау

3-қадам: Оқушылар одағайларды қолданып, оқылым мәтініне сай 3 сөйлем жазады.

4-қадам: Оқушылар жазған сөйлемдерін оқып, сыныптастарымен бөліседі, қажет болса, түзетулер енгізеді.

5-қадам: Одағайлардың мәтін мазмұнын толықтырудағы рөлін талқылау.


Дескриптор:

- Одағайларды орынды қолданады

- одағай сөздердің мағынасын ашады

-3 сөйлем құрайды

Сөйлемдер оқылым мәтінінің мазмұнын толықтырады


10 мин

8-тапсырма. Екі тапсырманың бірін орындаңдар

1. Дастарқан тәрбиесіне қатысты мәтін жазады.

2. Жұбыңмен бірге жағдаяттық тапсырманы орында.

8-тапсырма

1. Дастарқан тәрбиесіне қатысты мәтін жазады

1. Мәтінге күрделі жоспар құрады.

2. Тамақтану ережелерін, ұлтымызға тән дастарқан әдебін сақтаудың маңызы туралы ұсыныстарды қамтиды.

3. Осы әдеттерді сақтау бойынша өз кеңесіңді ұсынады


2. Жұбыңмен бірге жағдаяттық тапсырманы орындайды.

Сені аспаздық шоуға қонақ ретінде шақырды делік. Пайдалы әрі дәмді тағам дайындаған бейнебаянның сценарийін жазады. Жағымсыз эмоцияны білдіретін көңіл күй одағайларын қолданады

Дескриптор:

-мәтін жазады

-бейнебаянның сценарийін жазады

-көңіл күй одағайларын қолданады


Сабақтың соңы


5 мин.



Бекіту: Wordwall платформасы арқылы тапсырманы орындаңыз

Кері байланыс:

«Үш сөз» әдісі

Wordwall платформасы арқылы тапсырманы орындайды

Кері байланыс: «Үш сөз» әдісі Оқушылар сабақ бойынша үш сөзбен өз әсерін сипаттайды (мысалы: «қызықты, пайдалы, ойландыратын»).

Сындарлы кері байланыс

https://wordwall.net/resource/6920440


Оқу тапсырмасы:


9-тапсырма.

Дастарқан басындағы әдепті бала мен әдепсіз балаға тән мінездерді ажыратып жаз.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2025
161
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11