400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Тамақтану тәртібі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі











Тақырыбы:

«Ас адамның арқауы»

(Тәрбие сағаты)









Өткізген: А.Е. Каримова







2018-2019 оқу жылы

Мақсаты:1.Оқушылардың дастархан басында сақталатын рәсімдермен, ырым- тыйымдармен таныстыру.Ұлттық тағамдарымыздың қасиеттерімен және ұлттық ыдыс- аяқтармен таныстыру.

2. Оқушыларды дәстүрді сақтауға нанды, басқа да тағамдарды қастерлеуге, ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.

3. Оқушыларды мәнерлеп айту дағдыларын қалыптастыру, тілдерін дамыту, сөздік қорын байыту.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ыдыс- аяқ суреттері, мақал-мәтелдер.

Сабақтың жүру реті:

I. Дастархан басындағы дәстүрлер.

II. Ырым- тыйымдар.

III. Асты қалай ішу керек.

IV .Түрлі-түрлі тағамдар.

V. Ыдыс-аяқ туралы жұмбақтар.

VI. Қорытындылау.

I. Дастархан басындағы дәстүрлер.

1.Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен.Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан халық дастарханды «Құттыханның берекесі»деп қасиет тұтады.

2.Дастарханнан дәм татқандар татуласу,келісу сияқты рәсімдерді орындайды.

3. «Таспен атқанды аспен ат »деп халық бекер айтпаған.Себебі дастархан дәмі-киелі. Оны татып,келісімін бұзса, астың киесі ұрады дейді.

4.Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той- тамашаға,ас-су беруге жайылады.

5.Онда ас қою, ас ұсынуы, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады.

6.Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басында асты ең алдымен ата-анаға үлкенге ұсынылады.

7.Ас ішу кезінде ауызды салпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау,түзу отыру,тазалық сақтау рәсімдері орындалады.

8.Дастархан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.

9.Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң қолға су құйылады.Құйылатын су жылы болу керек.

10.Су құйдым да құманмен.

Қолына мен әкемнің

Содан кейін оған мен

Орамалды әпердім.

11.Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.

12.Тамақтанып болғаннан кейін дастархан басындағы ең үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді.

13.Тойға жайылған дастарханға қойылатын ас тәртібі оған жиналған адамдардың достық, туыстық қатынастарына байланысты орындалады.

14.Қазіргі тойларда жаю-мәдениетті дәстүр.Онда астың барлық түрлері болады.Әсіресе жеміс пен көкөніс дастарханның сәні.

II.Дастархан басында сақталатын ырым-тыйымдар.

1.Ас жүрген жер-береке.

2.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды.

3.Нанды бір қолымен сыңдыруға болмайды.

4.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды.

5.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды.

Себебе сынық ыдыспен ас беру-қонақты сыйламағандық.

6.Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады.Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді.Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама.

7.Ас ішіп болған соң «тойдым»деуге болмайды, «қанағат»деу керек.

8.Дастарханды аттауға болмайды.

9.Ас үстінен аттама,

Астан үлкен емессің.

III.Ас ішу тәртібі.

1.Тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.

2.Асты асықпай,әбден шайнап жұту керек.

3.Асты ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.

4.Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті витамендер болады.Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.

5.Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары өте пайдалы.

Ұлттық тағамдарымызға бауырсақ, қазы-қарта,жал-жая,қымыз, шұбат, құрт т.б.

IV.Түрлі-түрлі тағамдар.

1.Алға жайып тұз-дәмін,

Келтіреді үй сәнін.

Ол халқымның ақ жаны

Жақсы дәстүр маржаны,

Кең пейіл де арайлы

Осы жерден тарайды. Бұл не?

(Дастархан)

2.Дәмді етер асты. (Тұз)


3.Түсі аппақ,

Тысы қатты-ақ

Екі түрлі уызы,

Жесең тәтті-ақ.

(Жұмыртқа)

3.Мал төлдер,

Әр ауыл

Пісіреді ақ бауыр.

(Уыз)

4.Әжем уыстап сығып,

Далада кептірген.

Қатты әрі тәтті,

Дәмін кім бар жеп көрген.

(Құрт)

V.Ыдыс – аяқ туралы жұмбақтар.

1.Отқа қойсаң елпілдеп

Быж-быж етіп тұншығар.

Тақиясы селкілдеп,

Танауынан су шығар.

(Шәйнек)

2.Басы құдық-

Сабы сырық.

(Ожау)

3.Сабы бар,басы шатыр,

Табысын өлшеп әкеп

Құдыққа тасып жатыр.

VI.Қорытынды. (Қасық)

Бүгінгі тәрбие сағаттымызда «Тамақтану тәртібі »туралы көптеген мағлұматтар алдық.Тамақтану тәртібі туралы ережелерді әрқашада естен шығармайық.Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
698
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі