Сабақтың тақырыбы: Тамсандырған дала. Медеу Сәрсеке
Сабақтың мақсаты: а)Қазақ жерінің табиғаты туралы баяндау. Геолог туралы қосымша мәліметтер беру.
ә) Мазмұнын айту арқылы сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту
б)Қазыналы, бай елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі. Түсіндіру, баяндау, сипаттау, сұрақ –жауап
Сабақтың көрнекілігі. Оқулық, портрет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Балалар, қатар бойынша үш топқа бөлінеміз. Бүгінгі сабағымызда топ болып тапсырмалар орындаймыз
Үй тапсырмасын пысықтау.
«Үш бақытым» М.Мақатаевтың өлеңін жатқа айтады.
-
Қызығушылықты ояту.
1-топ: Қазақ елінің атақты ақын – жазушыларын жазады: А.Құнанбаев, М.Әуезов, Ы.Алтынсарин, Ғ.Мүсірепов, М.Мақатаев, М.Жұмабаев, С.Сеййфуллин
2-топ: Қазақ елінің қаһарман батырларын атайды. Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Маметова, Қ.Рысқұлбеков,
3-топ: Ғалым, геологтарын атап шығады Ш.Уалиханов, Қ.Сәтбаев. Соның ішіндегі атақты геолог Қаныш Сәтпаев туралы айтылып өтеді.
Қаныш Сәтпаев – аса көрнекті геолог, ірі ғалым. Ол минералды шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарды ерекше назар аудара зерттейді. Сәтбаев мыс, темір, марганец, көмір, қорғасын кен орындарын ашты.
Мағынаны тану.
Автормен таныстыру. МЕДЕУ САПАҰЛЫ СӘРСЕКЕ
1936 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ тау-кен институтын бітірген.
«Лениншіл жас» және «Социалистік Қазақстан» республикалық газеттерінде, Семей және Өскемен қалаларындағы ауыр өндіріс зауыттарында қызмет атқарған. Қатардағы инженерден техникалық бөлімнің бастығы дәрежесіне дейін көтерілді.
Ертіс өңірінің әдебиетшілерінің облысаралық бөлімшесіне басшылық етті. Отыз жылдам астам Қазақстан Жазушылар одағының Семей облыстық бөлімшесін басқарды.
Еңбектегі жетістіктері мен шығармашылық қызметтері үшін «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Семей қаласының құрметті азаматы.
Мәтінді тізбектей оқиды.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Усов М.А – ғалым, Қаныш ауылына келген қонақ
Жазиралы жер – қараса көз тоймайтын көрікті жерлер
Кексе – жасы ұлғайған адам
Топтық жұмыс.
1-топ. Баяндап беруші – мәтіннің мазмұнын айтады.
2-топ. Зерттеуші – мәтіндегі оқиға қай кезде, қайда болған, басты кейіпкерлері кімдер негізгі сауалдарға жауап іздейді.
3-топ. Сұрақ құрастырушы – қарсылас топқа ойланатындай, ізденісті талап ететіндей мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.
Сөздік жұмысы.
|
Қазақстан – әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Мыстың көп бөлігі Жезқазған аймағында өндіріледі. |
Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі жер атауларын түртіп ал
Баянауыл, Тарбағатай, Шыңғыстау, Шідерті, Қарқаралы, Көкшетау, Нияз, Алғабас, Қарағанды, Екібастұз
Бекіту. Жұмбақ
Толассыз күні – түні шахталары,
Тереңнен қазынасын ақтарады.
Көмірлі болғанымен осы қала
Атымен өсімдіктің аталады. (Қарағанды)
Қараған – бұршақтар тұқымдасына жататын бұта (ағаш).Қараған – топырақ талғамайды, құрғақшылыққа, суыққа төзімді өсімдік. ҚазақстандаАқмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының өзен алқаптарында, орман шетінде, шөлде, орманды далада, тоғайда, таудың тастақты беткейлерінде өсетін 18 түрі бар.
Сары Қ. – дәрілік өсімдік, оның қайнатылған тұнбасын бас, бауыр ауырғанда ішеді. Ал жапырағынан қайнатылған тұнбасының бактерияны жоятын қасиеті бар
Мақал – мәтел
Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.
Қорытынды.
-
Қонақ ғалым қазақ жерінің қандай қасиетіне таңданды?
-
Қаныш ғалымның соңғы сөзіне неліктен таңғалды?
Үйге тапсырма.
Түсініп оқып, мазмұндау. «Қазақстанның кен орындары» тақырыбында қысқаша зерттеу жаз.
Бағалау, мадақтау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тамсандырған дала. Медеу Сәрсеке 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тамсандырған дала. Медеу Сәрсеке
Сабақтың мақсаты: а)Қазақ жерінің табиғаты туралы баяндау. Геолог туралы қосымша мәліметтер беру.
ә) Мазмұнын айту арқылы сөздік қорын, байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту
б)Қазыналы, бай елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі. Түсіндіру, баяндау, сипаттау, сұрақ –жауап
Сабақтың көрнекілігі. Оқулық, портрет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Балалар, қатар бойынша үш топқа бөлінеміз. Бүгінгі сабағымызда топ болып тапсырмалар орындаймыз
Үй тапсырмасын пысықтау.
«Үш бақытым» М.Мақатаевтың өлеңін жатқа айтады.
-
Қызығушылықты ояту.
1-топ: Қазақ елінің атақты ақын – жазушыларын жазады: А.Құнанбаев, М.Әуезов, Ы.Алтынсарин, Ғ.Мүсірепов, М.Мақатаев, М.Жұмабаев, С.Сеййфуллин
2-топ: Қазақ елінің қаһарман батырларын атайды. Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Маметова, Қ.Рысқұлбеков,
3-топ: Ғалым, геологтарын атап шығады Ш.Уалиханов, Қ.Сәтбаев. Соның ішіндегі атақты геолог Қаныш Сәтпаев туралы айтылып өтеді.
Қаныш Сәтпаев – аса көрнекті геолог, ірі ғалым. Ол минералды шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарды ерекше назар аудара зерттейді. Сәтбаев мыс, темір, марганец, көмір, қорғасын кен орындарын ашты.
Мағынаны тану.
Автормен таныстыру. МЕДЕУ САПАҰЛЫ СӘРСЕКЕ
1936 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ тау-кен институтын бітірген.
«Лениншіл жас» және «Социалистік Қазақстан» республикалық газеттерінде, Семей және Өскемен қалаларындағы ауыр өндіріс зауыттарында қызмет атқарған. Қатардағы инженерден техникалық бөлімнің бастығы дәрежесіне дейін көтерілді.
Ертіс өңірінің әдебиетшілерінің облысаралық бөлімшесіне басшылық етті. Отыз жылдам астам Қазақстан Жазушылар одағының Семей облыстық бөлімшесін басқарды.
Еңбектегі жетістіктері мен шығармашылық қызметтері үшін «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Семей қаласының құрметті азаматы.
Мәтінді тізбектей оқиды.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Усов М.А – ғалым, Қаныш ауылына келген қонақ
Жазиралы жер – қараса көз тоймайтын көрікті жерлер
Кексе – жасы ұлғайған адам
Топтық жұмыс.
1-топ. Баяндап беруші – мәтіннің мазмұнын айтады.
2-топ. Зерттеуші – мәтіндегі оқиға қай кезде, қайда болған, басты кейіпкерлері кімдер негізгі сауалдарға жауап іздейді.
3-топ. Сұрақ құрастырушы – қарсылас топқа ойланатындай, ізденісті талап ететіндей мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.
Сөздік жұмысы.
|
Қазақстан – әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Мыстың көп бөлігі Жезқазған аймағында өндіріледі. |
Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі жер атауларын түртіп ал
Баянауыл, Тарбағатай, Шыңғыстау, Шідерті, Қарқаралы, Көкшетау, Нияз, Алғабас, Қарағанды, Екібастұз
Бекіту. Жұмбақ
Толассыз күні – түні шахталары,
Тереңнен қазынасын ақтарады.
Көмірлі болғанымен осы қала
Атымен өсімдіктің аталады. (Қарағанды)
Қараған – бұршақтар тұқымдасына жататын бұта (ағаш).Қараған – топырақ талғамайды, құрғақшылыққа, суыққа төзімді өсімдік. ҚазақстандаАқмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының өзен алқаптарында, орман шетінде, шөлде, орманды далада, тоғайда, таудың тастақты беткейлерінде өсетін 18 түрі бар.
Сары Қ. – дәрілік өсімдік, оның қайнатылған тұнбасын бас, бауыр ауырғанда ішеді. Ал жапырағынан қайнатылған тұнбасының бактерияны жоятын қасиеті бар
Мақал – мәтел
Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.
Қорытынды.
-
Қонақ ғалым қазақ жерінің қандай қасиетіне таңданды?
-
Қаныш ғалымның соңғы сөзіне неліктен таңғалды?
Үйге тапсырма.
Түсініп оқып, мазмұндау. «Қазақстанның кен орындары» тақырыбында қысқаша зерттеу жаз.
Бағалау, мадақтау.
шағым қалдыра аласыз


