Түркістан облысы,
Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылы,
«С.Ерубаев атындағы
жалпы орта мектеп»
мемлекеттік коммуналдық
мекемесінің биология пәнінің
мұғалімі:
Ешмұратова Гүлнар
Бегалықызы
Сабақтың тақырыбы:
Тамырдың бөлімдері.
Тамырдың түр
өзгерістері
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі – тамырдың түрөзгерісі,
оның түрлері жайлы мағлұмат беру.
Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік
шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге
жету.
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа
байланысты қызығушылықтарын
дамыту.
Құрал -
жабдықтар: электронды
көрсетілімдер, оқулықтағы
суреттер,плакаттар,маркерлер
Сабақтың
типі: аралас
сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды тамыр жүйелерімен III топқа
бөлу
Үй тапсырмасын
тексеру
Үй тапсырмасын тексеру
кезеңі
“Ой
қозғау”
1.Мүше дегенді қалай
түсінесіңдер?.
2.Қандай мүшелер
болады?
3. Неліктен вегетативті
мүшелер дейді?
4.Вегетативті мүшелерді
атаңдар.
5.Вегетативті мүшелер
өсімдіктерге не үшін қажет?
6.Тамырдың қызметін
атаңдар.
7.Тамырлар шығу тегіне
қарай нешеге бөлінеді, олар қайдан пайда
болады?
8.Негізгі, жанама,
қосалқы тамырлардың жиынтығы нені
құрайды?
9.Олардың айырмашылығы
және қандай өсімдіктерде болады?
Біз бүгін нені
білдік
Тамыр-
өсімдіктің
вегетативті
мүшесі:
Тамыр өсімдікті топыраққа
бекітеді.
Өсімдік тамыр арқылы су
мен
минералды заттарды
алады.
Кішкентай ұрық тамыршасы
өсіп,біртіндеп
ұзарады әрі
жуандайды.
Тұтас қарағай сияқты ағаштарды
бұтақтарымен
және жапырақтарымен бірге
діңін ұстап
тұру үшін тамыр жүйесі мықты
болуы керек екен.
Бүкіл тіршілік бойы
өсімдіктерде жаңа
тамырлары түзіліп, ескілері
өсіп отырады.
Өсімдіктің барлық
тамырларының
жиынтығын
тамыр
жүйесі деп
атайды.
Жаңа
сабақ
“Тамыр бөлімдері”,”Тамыр
түрөзгерістері”
Түртіп алу әдісі бойынша
сабақты меңгеру
V- түсіндім + мен үшін
жаңалық
Тамыр
түрөзгерістері
Өсімдіктің барлық
мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі
ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін
өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы
бейімделуін түрөзгеріс
(метаморфоз) дейді.

Тамырдың
түрөзгеріс-тері
Қысқаша сипаттамасы,
атқаратын қызметі
-
Жем-тамырлар
-
Әр түрлі органикалық заттар
өсімдіктердің негізгі тамырларының жасшуаларында қорға жиналады,
жуандап түрін өзгертеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық
заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады.
Екі жылдық өсімдіктер (редискадан
басқасы).
-
Тіреу
тамырлар
-
Тропиктік ормандарда өсетін
ағаштарда болатын қосалқы тамырлар. Дами келе қосалқы тамырлар
шығып, біртіндеп ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы
тамырлардың саны көбейеді, жуандайды. Тіреу тамырлар ағаштың
діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлпасы
үлкен болады. Үлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп
өседі.
-
Емізік
тамырлар
-
Паразиттік тіршілік ететін
өсімдіктердің тамырлары. Бұлар пішіні, түсі жағынан басқа
өсімдіктерге мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы
мен тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Еміздік тамыр
алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа
өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамыры арқылы дайын
қоректік заттарды сорады
-
Түйнекті
тамырлар
-
Тамырдың барлығы жуандап,
шырынды болады. Егер шашақ тамыр түйнек тамыларға айналса, барлық
тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнек тамырлар
өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін
керек.
-
Ауа
тамырлар
-
Сабақтан дамиды. Оттегі жоқ,
батпақта, сазды жерлерде өсетін өсімдіктер ұштары батпақтан шығып
тұрады, қабығы жұқа болады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің
(орхидея) ауа тамырлары ағаш қабығынан сырғып аққан су мен жаңбыр
суын сіңіреді. Жапырақтары болмайтындарында фотосинтез қызметін
атқарады.
Жаңа сабақты
бекіту
Кластер (тұжырымдамалық
карта)
III-топтың жаңа сабақты қалай
тусінгенін тексеру:
1 топтың
сұрағы:

ІІ топтың
сұрағы:

ІІІ топтың
сұрағы:
Тамырдың
түрөзгерістеріне мысал
келтіріп,суретін салыңдар.
Үйге
тапсырма
«Тамырдың түрөзгерістері»
тақырыбын оқып келу, жалпы өсімдіктің вегетативті мүшесінің бірі –
тамыр жайлы өтілген тақырыптарды қайталап келесіздер, келесі
сабақта биологиялық тест жұмысы
алынады