Таңдау курсы
«Сөз сыры»
6-сынып
Түсінік хат
Бұл бағдарламаны құрудағы мақсатым – оқушыларды көне сөздердің шығу тарихына үңілдіре отырып, сөз сырын, сөз қасиетін ұғындыру. Ата –бабаларымыз кезінде қолданған небір ұғымдар, өлшемдер, ескірмейтін есті сөздер кейбір шығармаларда ғана кездесіп, бүгінде өз қасиетінен айырылып барады. Сонымен қатар қазіргі кезде интернет олимпиадаларда көне сөздер сұрақ болып көптеп кездеседі. Ол ұғымдар туралы оқушылар толық хабардар болмағандықтан, ол сұрақтардың, сөздердің мағыналарын білмейді. Сондықтан дұрыс жауап бере алмайды. Ұлттық өлшем атаулары, ұлттық дәстүрлер – біз ұлт болып тұрған соң өз қадір –қасиетін жоғалтпақ емес.
Тірлікте сөз қадірін
ұқпағанның рухани жан дүниесі шын мәнінде салтанат құра
алмайды. Өйткені, онда құдірет бар. Сөз – құндылық. Бойында
құндылығы бардың ғана сөзі өтеді. Мұндай құндылықтан ада қалғаннан
есті сөз шықпайды.
Сөзсіз – әлем күйрейді. Сөз –
қасиет. Ол жоқ жерде береке
болмайды.
Сөз құдіретті. Сөз – бір
әлем. Сөз – адам өмірін айшықтайтын, адам танымын танытатын,
кеңітетін құрал. Қазақта «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген аталы
сөз бар. Яғни, берекеттің бір ұшы, құт-берекенің қадір-қасиеті де
осы «Сөз» деген ұлылықтан шығып отыр. Неше ғасырлық тарихқа,
шежіреге бай халқымызда қара қылды қақ жаратын әділдігімен бір
руды, одан қалса, бір ауылды басқарып, жол сілтеп отыратын, ақсақал
қариялар, одан билер мектебі қалыптасқан кезде де «Сөз» құдіреті өз
мәнін жоймаған. Ақты ақ деп, қараны қара деп әділдікпен тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйінін кесіп айтқанда, жүгірген баласынан еңкейген
қартына дейін тағы да «Сөз» құдіретіне бас иген. Халқымызда «Аталы
сөзге арсыз ғана тоқтамайды» деген даналы сөз осыдан қалса
керек.
Сөздің адам баласының жан дүниесіне әсер ететін дара қасиеті де баршылық. Сондықтан сөзді басқа атаумен энергия, құбылыс, толқын, күш-қуат, нұр, яғни әсер ретінде танығанымыз дұрыс. Бұл сөзімізге өзіміздің ойшыл, кемеңгер аталарымыздың сөздері мысал бола алады. Даналықтың иісін сезіп, дәмін татқан ұлы Абай, Шәкәрім аталарымыздың жүрекке ерекше әсер беріп, бойды шымырлата, ойды қозғалта айтқан өнегелі өсиеттері мен қазыналы сырға толы сөздері адам баласының жанын жадыратары сөзсіз.
Ұлы Абай атамыз сөздің орны мен мәнін, талабын былай өрнектеген:
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойыңа жұқпас сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
Ақынның сөзге қойған талабы «жүрекпен сезіну», «жүрекпен қабылдау». Сөздің мәнісін тек ойлап қою емес ақылмен ойлап шешкеннің өзі аздық етеді. Сөзді жүрекке сездіртсе, яғни жүрек сүзгісінен өткізсе ғана айтпақ ой дәл болып, мақсатқа жетеді. Ал жүрек таразысынан өткен сөз жұдырықтай жүректі іске қоспай, әсер етпей қоймайтыны сөзсіз.
Иә, Сөзді сүю керек. Сүймеген – қадірін ұға алмас, тереңіне жете алмас.
Оны қадірлеп, қастерлей білейік. Ойлы сөз, ой маржаны, әдемі әзіл, шешендік тіл – қазаққа тән асыл қасиет. Қазір де ол өзінің жалғасын табуда.
Иә, ана тілін сүймейтін, оның қадір-қасиетіне үңілмейтін, ұлылығын ұғынбайтын, ұғынуға ұмтылмайтын жан болмауы керек. Сөздің шырынын татқан бабаларымыз: «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады», болмаса «Өнер алды – қызыл тіл» деген сияқты ондап, тіпті жүздеп шегіп айтқан мақал-мәтел, нақыл сөздерін туғызғанда сол бай да байсалды қазақ тілінің қадір –қасиетін кейінгіге жеткізіп кетуге тырысқаны ғой.
Сөз құдіреті дегеніміз - тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау салып, ой түсіретін даналық сөз, қиялға әсер етіп, сезіміңді қозғайтын көрікті де әсерлі сөз, бұра тартпас дәлелімен тамсандырып, таңдай қақтыратын білгір-білімді сөз, өтіп кеткен не өтіп жатқан оқиғаны жанды суретттей көз алдыңа алып келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін мағыналы, түйінді сөз.
Бағдарламаның өзектілігі: тұрмыс-салтымызға, күнкөріс тіршілігімізге, дұние танымымызға байланысты әр дәуірде өзгеріп, әртүрлі басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп мүлде қолданылмай қалып қойған архаизмдер мен өткен дәуірдегі қоғамдық белгілі ұғымдарды білдіретін және лексиканың қазіргі дамыған дәуірінде қолданылмайтын тарихи сөздерді, көнерген сөздерді, күнделікті тұрмыста қолданылудан мүлде қалып көнерген немесе көнеру үстіндегі, тек шығармаларда ғана кездесетін осынау атау-телімдерді бүгінгі жас ұрпақтың дерліктей біле беруі, атын естісе де, кейде тіпті қолданып жүрсе де мәнісін толық түсіне беруі екіталай. Сондықтан осы бағдарлама арқылы ата- бабаларымыз қолданған сөздердің шығу тарихына, сөз сырын ұғындыру, оқушылардың шығармашылық, іздендіру, есте сақтау қабілеттерін арттыру,өз бетінше қосымша мағлұматтар іздеп, оны саралап, ең керекті деген ой түйіндерін жеткізу, қазақ халқының тарихи мұрасын тіл арқылы танытып, меңгерту көзделген.
Басқа пәнмен байланыстылығы: әдебиет, тарих, бейнелеу, математика.
Бағдарлама аптасына – 1сағат, барлығы – 34 сағат.
Бағдарламаны берудегі
әдіс-тәсілдер:
1. Тапсырмалар
орындату.
2. Ойтолғау, эсселер
жаздыру
3.
Ой қозғау, сұрақ
–жауап
4.
Талдау.
Курстың мақсаты:
«Сөз сыры» бағдарламасының басты мақсаты – оқушыларды сөздердің шығу тарихына үңілдіре отырып, сөз сырын, сөз қасиетін ұғындыру, оқушылардың сөздік қорын байыту. Әдеби тілде сөйлеу үшін ауызекі сөйлеу дағдысы болуы жеткіліксіз, оған қоса оқушыда бай сөздік қор болуын, «Сөз» – адам өмірін айшықтайтын, адам танымын танытатын, кеңітетін құрал» екенін әрбір сөздің сырын түсіндіру арқылы меңгерту.
Курстың міндеті:
- ана тілін сүймейтін, оның қадір-қасиетіне үңілмейтін, ұлылығын ұғынбайтын, ұғынуға ұмтылмайтын жан болмауы керек екенін ұғыну;
- сөз сырына үңіле отырып, сөздер жайында түбегейлі білім беру;
- курсқа арналған барлық жоспарлы материалдарды толық игерту;
- ізденіс жұмыстарына бейімдеу;
- өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру;
- танымдық қабілеттерін дамыту;
- оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану;
- эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу;
- таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау;
- ұлттық өлшемдер, салт – дәстүрлер туралы ұғымын қалыптастыру.
Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушы міндетті түрде білуі қажет:
- сөз сырына үңіле отырып, сөздер жайында түсінігі болу;
- «Сөз» – адам өмірін айшықтайтын, адам танымын танытатын, кеңітетін құрал екенін тану;
- сөз құдіреті туралы толық мағлұматты меңгеру;
- сөз сырын, сөз қасиетін ұғындыру.
- халық өлшемдері -ұлттық тұрмыс-тіршілігінің айнасы туралы білу;
- көнерген сөздердің мағынасын түсіну;
Бағдарламаны берудегі күтілетін
нәтиже:
1. Оқушылардың шығармашылық, іздендіру, есте сақтау қабілеттерін
арттыру.
2. Өз бетінше қосымша
мағлұматтар іздеп, оны саралап, ең керекті
деген
ой түйіндерін жеткізіп, сөздер
сырын ұғындыру.
3. Оқушылардың сөздік қорын
молайту.
4. Жақсы әдеттер мен жаман
қасиеттерді айыра білу.
5. Сөйлегенде ойланып, әр
сөзге жете мән беру.
6. Ана тіліне құрметпен
қарау.
7. Мақал мен мәтелді айыра
білу.
8. Ауызша, жазбаша тілін
жетілдіру.
9. Әдет - ғұрыптардың өзіндік
ерекшелігін білу.
10. Қазақ халқының тарихи мұрасын тіл арқылы танытып, меңгерту.
Оқу деңгейін тексеру:
1. Өзіндік жұмыс
2. Сынақ жұмысы.
3. Көнерген сөздерді тіркеп мақал – мәтел құрау, талдау жұмыстары
«Сөз сыры» бағдарламасының мазмұны
Кіріспе – 3 сағат.
Сөз туралы түсінік, сөздің мағынасын зерттеу, сөздің жасалуы туралы мағлұматтар беру.
Этимологиялық сөздік – 6 сағат.
Этимологиялық сөздік туралы түсіндіре отырып, «Ер» сөзінің этимологиясы және қолданылу аясы, «Артель», «Барымта», «Монша» сөзінің шығуы, «Қазақ» деген аттың шығу тегі туралы, «Батыр» сөзінің шығуы тарихы, «Азамат» атауының шығу төркіні туралы түсіндіру.
Көне сөздер құпиясы – 10 сағат.
Көне сөздер құпиясы туралы түсіндіру, Әдеби шығармаларда кездесетін көнерген сөздер – «күпі», «тон», Әдеби шығармаларда кездесетін көнерген сөздер – «тегеш», «саптыаяқ», «кемеш», «іркіт» сөздері, ас – тағамдар атауы, «алма – алмұрт», «жауқазын», «қонақкөже», «сүйірік», «ұша», «жөргем», «жөрме», «майсөк», «мұраб», «айналайын», «жүгермек», «ажа», «қара» сөздері, «байғазы», «көсеге мен кежеге», тыйым сөздер мағыналарын ашып меңгерту.
Қазақтың кәделері – 3 сағат.
Ата – бабаларымыздан қалған салт – дәстүрлер, қазақтың кәделері «сыбаға», «байғазы» сөздерінің мағыналарын ашып меңгерту.
Халық өлшемдері -ұлттық тұрмыс-тіршілігінің айнасы – 6 сағат
Наурыз айының амалдары , мақал- мәтелдердегі қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері , қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері, құндылық мағына беретін өлшемдер және салмақ өлшемдері , жас мөлшерге және ұзындыққа қатысты өлшемдер, өлшем мәнді тұрақты сөз тіркестері туралы түсіндіру.
Киелі сандар –3 сағат. Киелі сандар сыры туралы 1-3, киелі сандар сыры туралы 4-6, киелі сандар сыры туралы 7-9-ға дейінгі сандар сырына саяхат жасау.
«Білімді мыңды жығар» - 3 сағат.
«Алтын қақпа» -зияткерлік ойыны, «Сөзмерген» - сөздерді тіркеп, мақал – мәтел құрау, сынақ жұмысы, жыл көлемінде алған білімдерін қорыту.
«Сөз сыры» бағдарламасы
|
қ/с |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
|
Кіріспе |
3 |
|
|
1 |
Сөз туралы түсінік |
1 |
|
|
2 |
Сөздің мағынасын зерттеу |
1 |
|
|
3 |
Сөздің жасалуы |
1 |
|
|
|
Этимологиялық сөздік |
6 |
|
|
4 |
Этимологиялық сөздік |
1 |
|
|
5 |
«Ер» сөзінің этимологиясы және қолданылу аясы |
1 |
|
|
6 |
«Артель». «Барымта». «Монша» сөзінің шығуы |
1 |
|
|
7 |
«Қазақ» деген аттың шығу тегі туралы |
1 |
|
|
8 |
«Батыр» сөзінің шығу төркіні |
1 |
|
|
9 |
«Азамат» атауының шығу төркіні |
1 |
|
|
|
Көне сөздер құпиясы |
10 |
|
|
10 |
Көне сөздер құпиясы |
1 |
|
|
11 |
Әдеби шығармаларда кездесетін көнерген сөздер |
1 |
|
|
12 |

13 |
Ас – тағамдар атауы |
1 |
|
|
14 |
«Алма – алмұрт» . «Жауқазын». |
1 |
|
|
15 |
«Қонақкөже» . «Сүйірік». |
1 |
|
|
16 |
«Ұша». «Жөргем». «Жөрме» . «Майсөк». |
1 |
|
|
17 |
«Мұраб». «Айналайын». «Жүгермек». «Ажа». «Қара» сөздері |
1 |
|
|
18 |
«Көсеге мен кежеге» |
1 |
|
|
19 |
Тыйым сөздер |
1 |
|
|
|
3 |
|
|
|
20 |
Ата – бабаларымыздан қалған салт - дәстүрлер |
1 |
|
|
21 |
Қазақтың кәделері «Сыбаға» |
1 |
|
|
22 |
«Байғазы» |
1 |
|
|
|
Халық өлшемдері -ұлттық тұрмыс-тіршілігінің айнасы |
6 |
|
|
23 |
Наурыз айының амалдары |
1 |
|
|
24 |
Мақал- мәтелдердегі қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері |
1 |
|
|
25 |
Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктері |
1 |
|
|
26 |
Құндылық мағына беретін өлшемдер және салмақ өлшемдері |
1 |
|
|
27 |
Жас мөлшерге және ұзындыққа қатысты өлшемдер |
1 |
|
|
28 |
Өлшем мәнді тұрақты сөз тіркестері |
1 |
|
|
|
Киелі сандар |
3 |
|
|
29 |
Киелі сандар сыры туралы 1-3 |
1 |
|
|
30 |
Киелі сандар сыры туралы 4-6 |
1 |
|
|
31 |
Киелі сандар сыры туралы 7- 9 |
1 |
|
|
|
«Білімді мыңды жығар» |
3 |
|
|
32 |
«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны |
1 |
|
|
33 |
Сынақ жұмысы. |
1 |
|
|
34 |
«Сөзмерген» - сөздерді тіркеп, мақал – мәтел құрау. Қорытынды |
1 |
|
|
|
Барлығы |
34 сағат |
|
|
|
|
|
|
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. М. Балақаев. «Тіл мәдениет және қазақ тілін оқыту». - А., 1989.
2. М.Балақаев. Қазақ тілінің мәдениеті. - А., 1971.
3. Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - А., 1991.
4. С.Құрманғалиева. Қазақ тілінің мәселелері. - А., 1965.
5. Р.Сыздықова. Сөз құдіреті. - А., 1997.
6. Р.Сыздықова. Сөздер сөйлейді. - А., 1980
7. Балақаев М. Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері. – Алматы,:Мектеп, 1987, 88с.
8. Тұрмаханова С.Ә. Оқушылардың сөздік қорын байытудың әдістемелік және теориялық негіздері. А., 2006. п.ғ.к. дисс.автрефераты
9. Қирабаев С. Асыл парыз.// Өнер алды - қызыл тіл. Алматы: Ғалым, 1986, 203б.
10. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті, - Алматы: Мектеп, 1984, 120б.
11. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А. Ғылым. 1999, - 345 б.
12. Аханов К. Тіл білімінің негіздері.А.,Мектеп,1978.
13. Интернет ақпарат көзі
Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы, 1966.
2.К.Аханов. Тіл білімінің негіздері, «Мектеп» баспасы 1978 жыл.
3.Қабдолов, З. Сөз өнері. - Алматы, 2002.- 360
4. Жапбаров А., Мусина М. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту. – А. Кітап, 1989, 86 б.
5.Хасанұлы Б. Ана тілі-ата мұра. А., Жазушы, 1992, 269б.
6. Рахымбек Д. Оқушылардың логика – методикалық білімдерін жетілдіру. А., “РБК”, 1998.
7. Ұ.Шүленбаева.
Мақал-мәтелдердегі киелі сандар.-Алматы, Ана тілі газеті. №32.2004.
8-б.
8. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі, 7 том. – Алматы: Ғылым, 1983. - 256
б.
9. Р.Наурызбаева.
Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу
жолдары.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Таңдау курсы. Сөз сыры

шағым қалдыра аласыз