Түсінік хат
«Жануарлар әлемі» курсы оқушылардың жануарлар туралы түсініктерінің ауқымын кеңейтуге арналып жасалды. Курс оқушыларға алған білімдерін жоғары сыныптарда білімдерін жетілдіруде қолдануға мүмкіндік береді.
Курстың мақсаты: Оқушылардың жалпы білім беретін стандарт мазмұнын игеруге және алған білімдерін жалғастыру, жеткілікті білім жүйесін алып, оны саналы түрде меңгеру.
Міндеттері:
-
Дүниетану пәнінен алған білімдерін дамыта оқыту;
-
Өзіне-өзі есеп беретін жеке тұлғаны қалыптастыру;
-
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өздігінше білім алатын қасиетін қалыптастыру;
-
Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
-
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар білуге тиісті:
-
Жан-жануарлардың түрлерін;
-
Құстардың киелі қасиеттерін;
-
Жоғалып бара жатқан аңдарды;
-
Жануарлардың айдасы мен зиянын.
Оқушылар нені жасай алады:
-
Өз ойын ашық айта алады;
-
Өз іс-әрекетіне қорытынды жасай біледі;
-
Шығармашылықпен жұмыс жасайды.
Пән аралық кіріктіру: ана тілі, бейнелеу өнері
Уақыт көлемі: 33 сағат, аптасына 1 сағат
Курсты ұйымдастыру формасы: топтық және ойната оқыту
Оқыту жетістігін бағалау жүйесі: «игерді», «игермеді»
Оқытуды аяқтау формасы: Тест тапсырмасы
«Жануарлар әлемі» таңдау курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
|
р/с |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
1 |
Жануарлар туралы түсінік |
1 |
8 .09.2016 |
|
2 |
І тарау. Үй жануарлары |
1 |
15. 09. 2016 |
|
3 |
Төрт түлік мал – ел байлығы |
1 |
22. 09.2016 |
|
4 |
Ер қанаты – ат |
1 |
29. 09.2016 |
|
5 |
Түйе – төрт түліктің төресі |
1 |
6.10.2016 |
|
6 |
Ит – жеті қазынаның бірі |
1 |
13. 10. 2016 |
|
7 |
Жыл басына таласқан жануарлар (ертегі) |
1 |
20.10. 2016 |
|
8 |
Тарауды қайталау |
1 |
27.10.2016 |
|
9 |
ІІ тарау. Құстар – біздің досымыз |
1 |
10.11.2016 |
|
10 |
Жабайы құстар |
1 |
17.11.2016 |
|
11 |
Үй құстары |
1 |
24.11.2016 |
|
12 |
Қарлығаштың құйрығы неге айыр? |
1 |
8.12.2016 |
|
13 |
Құстар да ауа райын болжайды |
1 |
15.12.2016 |
|
14 |
Құстар туралы қызық мәліметтер |
1 |
22.12.2016 |
|
15 |
Тарауды қайталау |
1 |
29.12.2016 |
|
16 |
ІІІ тарау. Аңдар әлемі |
1 |
12.01.2017 |
|
17 |
Қызыл кітапқа енген аңдар |
1 |
19.01.2017 |
|
18 |
Қазақстан қорықтары |
1 |
26.01.2017 |
|
19 |
Арыстан мен тышқан (ертегі) |
1 |
9.02.2017 |
|
20 |
Жануарлар қалай дыбыстайды? |
1 |
16.02.2017 |
|
21 |
Жануарлардың қысқы мекені |
1 |
23.02.2017 |
|
22 |
Маймылдар туралы қызық деректер |
1 |
2.03.2017 |
|
23 |
Сен білесің бе? |
1 |
9.03.2017 |
|
24 |
Тарауды қайталау (тест жұмысы) |
1 |
16.03.2017 |
|
25 |
ІV тарау. Бунақденелілер |
1 |
6.04.2017 |
|
26 |
Шегіртке мен Құмырсқа |
1 |
13.04.2017 |
|
27 |
Бал арасының пайдасы |
1 |
20.04.2017 |
|
28 |
Жәндіктер арқылы болжам жасау |
1 |
27.04.2017 |
|
29 |
Жәндіктер қалай дыбыстайды? |
1 |
4.05.2017 |
|
30 |
Көбелектер әлемі |
1 |
11.05.2017 |
|
31 |
Жәндіктер туралы қызықты мәліметтер |
1 |
18.05.2017 |
|
32 |
Қорытынды тест жұмыстары |
1 |
25.05.2017 |
|
33 |
Қорытынды тест жұмыстары |
1 |
25.05.2017 |
Күні: 8 .09.2016
Тақырыбы: Жануарлар туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: Жануарлардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы
түсінік беру. Негізгі топтарымен (үй жануары, жабайы жануарлармен) таныстыру. Көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ой өрісін, зейінін дамыту, табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Қоршаған ортаны сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.
ІІ. Жаңа сабақ
Жануарлар – тірі табиғаттың негізгі бөлігі. Жануарлар екіге бөлінеді: үй жануарлары және жабайы жануарлар. Жануарлардың табиғаттағы тіршілігі ерекше әрі қызықты. Олардың адам үшін пайдасы да өте зор. Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады. Жабайы аңдар - табиғи жағдайда өз бетімен тамақ тауып, тіршілік ететін жануарлар. Жабайы жануарлардың түрлері өте көп.
1-тапсырма: Балаларын ата
Мақсаты: Үй және жабайы аңдарды бір-бірінен ажыратуға үйрету.
Шарты: Оқушылар кезектесіп жануарлардың баласының атын атайды.
- Қоян – көжек
- Қасқыр - бөлтірік
- Ешкі - лақ
- Жылқы - құлын
- Сиыр – бұзау
- Қой – қозы
2-тапсырма: Суретпен жұмыс
Мақсаты: Жануарларды атап, дыбыстарын бір-бірінен ажыратуға үйрету.

-Балалар, қоян, кірпі, тиын, қасқыр, аю қайда мекендейді?
- Жабайы жануарлардың үй жануарларынан қандай айырмашылығы бар?
- Аңдар бір - біріне ұқсайды ма?
- Қасқыр қайда мекендейді?
- Аю қайда мекендейді?
- Түлкі қайда мекендейді?
- Қоян қайда мекендейді?
- Балалар, аю қалай дыбыстайды?
(қимылмен жүрісін салып, көрсетейікші?)
3-тапсырма: сұрақ-жауап
Жануарлар әлемі үлкен, кейбір жануарларды біз білеміз, кейбіреуін білмейміз. Ал осы жануарлар туралы нені білесіңдер, тексерейік!
-
Жануарлар патшасы (арыстан)
-
Ең үлкен жануар (піл)
-
Бұл жануар Қазақстанда жоқ. Біз оны Африкада, Ніл өзенінде көре аламыз (қолтырауын)
-
Адамға ұқсайды, бірақ адам емес, банандарды жақсы көреді (маймыл)
-
Адамдардан қорықпайды, орманда мекендейді. (тиін)
-
Орман санитары (қасқыр)
-
Қыста қатты ұйқыға кетеді, балды жақсы көреді (аю)
-
Ең биік жануар, мойны ұзын (керік)
4-тапсырма: суретке қарап әңгімелеу

ІІІ. Қорытынды
Күні: 15. 09.2016
Тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың үй жануарлары туралы алған
білімдерін тексеру, төлдерін атай білуге үйрету, төрт түлік малдың пайдасын түсіне отырып, сыйлауға, құрметтеуге,бағалауға үйрету. Суретпен жұмыс арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын байыту, өзара қарым қатынасын жақсарту.

Үй жануарлары туралы әңгімелесу
- Балалар, біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын адамның жанында өмір сүретін жануарларды айтамыз. оларға: жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, шошқа жатады.
1-тапсырма: үй жануарларымен танысу

Жылқы - салт міну, жүк тасу. Ет пен қымыз өндіру мақсатында өсірілетін төрт түліктің бірі. өте бағалы, ата - бабамыз аса құрметпен баптап өсірген. Таза су ішеді, жайылымды талғай біледі. Төлін – құлын, құлыншақ дейді. Жылқының етінен қазы, қарта, жал, жая жасайды.
Сиыр - төрт түліктің бірі. Сүті, еті, терісі, бағалы. Сүтінен айран, сүт, май, қаймақ, құрт алынады. Терісінен түрлі бұйымдар жасайды. Жайылымда жайылады. Төлін бұзау дейміз.
Түйе - шөл керуені. Ол 10 күнге дейін су ішпейді. Сүтінен шұбат алынады. Шұбаттың емдік қасиеті бар. Ал жүнінің жылуы өте ерекше. Төлін бота дейміз.
Қой - төрт түлік малдың бір түрі. Еті, жүні, терісі бағалы. Қой терісін илеп, өңдеп жылы сырт киім, тон аяқ киім тігіледі. Жүнінен кілем, киім, мата тоқиды. Қойдың төлі - қозы.
Ешкі - тынымсыз үй жануары. Оны қоймен бірге бағады, ешкінің төлін лақ деп атайды. Ешкінің сүтін ішеміз, етін жейміз, жүнінен әжелеріміз түбіт жасайды. Ешкінің сүті ананың сүтімен тең екен, ертеде осы ешкі малының сүтін емдік үшін пайдаланған екен. Жүнінен түрлі киімдер тігеді.
Ит - қолға үйретілген үй жануары. Ол адамның сенімді досы, үнемі адамға қызмет етіп үйін, малын, қорасын күзетеді.
Мысық - бірнеше жыл бұрын қолға үйретілген үй жануары. Қазір де оны адамдар тышқан ұстау үшін ұстайды. Мысық өте таза жануар.
2-тапсырма: Енді оларды қалай күтіп баптаймыз?
(балалардың ойын тыңдау)
Үй жануарларына таза су береміз. Жем, шөпті уақытылы беріп тұрамыз. Қорасы таза, жылы болу керек. Түрлі ауруларға қарсы тиісті екпелер салып тұру керек. Біз оларға қамқорлық жасап, оларға жем, су шөп беріп, оларды күтіп, баптауымыз керек, сонда ғана біз олардан жақсы пайда көреміз.
3-тапсырма: Төлін тап (сәйкестендіру)

ІІІ. Қорытынды
Күні: 22 . 09. 2016
Тақырыбы: Төрт түлік мал – ел байлығы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға төрт түлік малдың пайдасы, адамзат өміріндегі маңызы туралы айтып ұғындыру. Олардан алынатын өнімдерге тоқталу. Оқушыларды қазақтың ұлттық салт-дәстүрін сақтауға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сөздік қорын молайтып, тілін ширату, ойлау белсенділігін дамыту.

«Елдің көркі - мал» деген сөзден-ақ қазақ халқы өмірінде малдың алатын орны ерекше екендігін ұғынып білуге болады. Қазақ халқы ежелден-ақ мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік ету сырын, қадір қасиетін әбден зерттеп білген. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп пайдаланып, малдың еті, сүті, терісі, тіпті мүйізі мен сүйегіне дейін өз қажетіне жаратып отырған. Мал шаруашылығы біздің еліміз үшін қазіргі таңда да маңызды сала болып қала бермек. Еліміздің түпкір-түпкірінде мал шаруашылығымен айналысатын көптеген шаруа қожалықтары бар. Сондықтан біз ұлтымыздың қасиетті төрт түлікке қатысты ұғымдары мен бай тәжірибесін ұмытпай, күнделікті тіршілігімізде пайдалана білуіміз керек.
1-тапсырма: Төрт түлік туралы не айтаcыңдар?
1. Қой - төрт түліктің ұсағы. Күзгі терісінен - тон, қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою, жағымды болады.
2. Сиыр ірі қараға жатады. Оны көбіне - көп сүті үшін ұстайды. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.
3. Жылқы - төрт түліктің бірі. Саусаң - қымызы сусын, мінсең - көлік. Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем.
4. Түйе – түлік басы. Түйе – көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды.
2-тапсырма: Төрт түлік пірлері туралы не білесіңдер?
Қой – қазына, мырзалық,
Қой атасы - Шопаната.
Сиыр - қанағат, ақтық,
Сиыр атасы – Зеңгібаба.
Жылқы - сәндік, мақтан,
Жылқы атасы – Қамбарата.
Түйе - байлық, салтанат
Түйе атасы - Ойсылқара.
3-тапсырма: Төрт түлік туралы мақал – мәтелдер
Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.
Қойдың сүті - қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.
Сиырлының үйі – айран.
Сиырды теппейді,
Сүтті төкпейді.
Жылқы - жаным, қымыз - қымыраным.
Ат - адамның қанаты.
Түйе атасы - нар,
Ағаш атасы - шынар.
4-тапсырма: Жұмбақ шешу
1. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. /түйе/
2. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. /қой/
3. Тастан тасқа секірген,
Ұзын салпақ құлақты.
Қойдан маза кетірген,
Кім біледі? /лақ/
4. Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар /сиыр/
5-тапсырма: Тыйым сөздер
1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.
2. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
3. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды. Иесі өкпелейді.
4. Жас малдың тістерін санамайды.
5. Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды.
6. Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді.
7. Малды біреуге сыйлағанда яки сатқанда, ноқта - жүген, бас жібі берілмейді.
8. Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұсталады.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 29. 09.2016
Тақырыбы: Ер қанаты – ат
Сабақтың мақсаты: Жылқы туралы оқушылардың түсінігін кеңейтіп,
«жеті» қазынаның біріне бағаланғанын түсіндіру, көрнекілік арқылы оқушыларға жылқының ерекше қасиеттерімен таныстыру. «Жылқы» деген қасиетті жануарды қастерлеуге тәрбиелеу.

Ертеден қолға үйретіліп, адамзат баласы қажетіне жаратқан жылқы түлігі – көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын «аттылар әулеті» деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда, бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады. Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте ерекше. Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай, қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез-құлық, бітім-болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Демек, қазақ үшін жылқы тектіліктің бірден бір нышаны болып саналады. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл – қазақтың осы түлікке деген аса жоғарғы құрметінің белгісі. Қазақ ат десе ішкен асын жерге қояды. Жылқынының дүбіріне, күліктің күмбіріне құлақ қойып, елең етпес қазақ баласы жоқ. Жер бетінде жаратылысынан табаны жер иіскемеген бекзат бір халық болса, сол қазақ болу керек. Қазақтың ең кедейінің астында кем дегенде бір «көк шолағы» болған. Қойшысы қой торысын мінді. Осы ат – көліктің арқасында Алаш баласы Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын жалғады. Алып аумаққа иелік етті.
1-тапсырма: «Жақсы ат-жанға серік»( батырлардың мінген аттарын атау.)
Қобландының – Тайбурылы,
Ер Тарғынның – Бозтарланы,
Қамбар батырдың – Қарақасқасы,
Төлеген батырдың – Бозжорғасы,
Ақан серінің – Құлагері,
Алпамыстың – Бейшұбары.
2-тапсырма: «Жақсы сөз-жарым ырыс» – мақал-мәтелдерді аяқтау
«Арық атқа қамшы ауыр»;
«Тай атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер»;
«Жақсы ат – жанға серік»;
«Ат мінбеген ат мінсе, шаба – шаба өлтірер,
Тон кимеген тон кисе, сілке – сілке тоздырар»
«Мал құлыннан, ақша тиыннан өседі»;
«Жаманға мал бітсе, жақынын танымас»;
«Жүгенсіз атпен шаппа».
3-тапсырма: Жылқының қасиетін білеміз бе?

Жылқы малының тағы бір ерекшелігі – жылқының терісінің иесіне жылан жоламайды. Далаға қонғанда адам жылан келмесін десе, аттың ер-тұрманын айнала жайып тастайды. Ал жылан шаққан адамға аттың терін ішкізсе, мыңда бір ем болады.
Жылқы жануары лай суды ішпейді, сасыған суға жоламайды. Ол тұнық таза суды жүзіп жүріп ішеді. Шөптің асылын теріп жейді. Сондықтан жылқының еті де, сүті де құнарлы. Жылқының сүті – қымыз. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастархан дәмі. Қымыздың құрамында ағзаның қорғаныс қабілетін арттыратын витаминдері бар. Қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымызды сабаға немесе күбіге құйып ашытады. Күбі ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңірек етіп еменнен жасалады. Саба жылқының терісінен жасалады.
Жылқының бір жылдық ауа – райын болжайтын қасиеті де бар. Сәуір айында жылқы ықтаса, келер жылы қыс қатты болады. Жылқы басын көп шұғыса, келер қыс жайсыз болады. Ата-бабамыз қымызы бал, еті дертке дауа, мінсе ер қанаты болған Қамбар ата тұқымын осындай көреген жаратылысы, сезімталдығы үшін де ерекше пір тұтқан.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 6.10.2016
Тақырыбы: Түйе – төрт түліктің төресі
Сабақтың мақсаты: Түйе түлігінің мал шаруашылығында алатын
орнымен, оның жеке қолтұқымдарымен, адам өміріндегі маңызымен таныстыру, түйе түлігіне байланысты халықтық ұғымдар, түсініктер, тұжырым-қорытындыларды білуге үйрету.

Түйе — құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген жануар. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Қолда өсірлетін түйелердің арғы тегі – жабайы түйелер. Түйенің пірін – «Ойсылқара» деп атайды.
Қазір түйені көлік ретінде пайдаланудан гөрі, еті, қымыраны және шудасы үшін өсіру пайдалы. Мамандардың пікірі бойынша, бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың беретін өніміне тең. Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыздар, витаминдер мол. Түйе сүтінен шұбат дайындалады (қымыран деп те атайды). Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына бірден-бір шипа, қанды толықтырады. Шұбаттың радиацияға қарсы әсері болатыны да анықталған. Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдары жасалады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
1-тапсырма: Түйенің қандай ерекшеліктері
бар?
Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бүл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді.
2-тапсырма: Түйенің қандай пайдасы бар?
Ірі қара малдың сүті, еті үшін өсіреді. Үй жануарлары ең алдымен тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді. Ал жүн, түбіт, теріден киім – кешек дайындауға болады. Оның ішінде түйе шаруашылығының тигізер пайдасы мол. Басқа жануарларға қарағанда еті де, жүні де мол. Әсіресе сүтінен шұбат ашытып оны емге пайдаланылады. Ертеде түйені көлік ретінде пайдаланған. Бір түйеге кигіз үйді жабдықтарымен артып, бір жетіге немесе он күнге дейін су ішпей жүре береді екен. Олар 30-40 жыл өмір сүреді. Түйеден 350-450 кг ет алынады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәрі, жүні киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің киесі санаған. Түйеден алынатын бағалы өнімнің бірі – жүн. Тоқыма өнеркәсібі үшін бағалы шикізат. Түйе жүнінен дайындалған бұйымдар әрі жеңіл, әрі жылы болады. Ел арасында шудадан жалпақ белдік тоқып, белі ауырғанда, сары су жиналған жерге тағады. Ата-бабаларымыз қасиетті жануар болғандықтан пір тұтқан.
3-тапсырма: Түйеге байланысты қандай нақылдарды білеміз?
-
Егер кісі түсінде түйе мінген болса, онда оны әулиелер қолдайды.
-
Егер кісі түсінде қонды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратқа жетеді.
-
Егер кісі түсінде қонсыз, көтерем түйеге мініп жүрсе, онда бұл жақсы емес.
-
Түйесі бардың – киесі бар”.
-
“Көтерем деп түйеден безбе – салтанатың емес пе?
Тебеген деп биеден безбе – қос қанатың емес пе?”.
4-тапсырма: Сен білесің бе?
Түйе түлігін қастерлеп “ұлық” деп атайды. Түйешіні “ұлық баққан” деп құрметтеп, оған көпшілік жиналған жерде төрден орын берген.
Кейбір аймақтарда түйені “кәуіс” деп атайды. Түйе жүнінен тек қана жамылғы көрпе жасалады, себебі ол ұлық мал болып саналады.
Түйе жүнінен шұлық тоқымайды, тек қана кеудеше тоқып, шекпендерді астарлайды.
Түйе ірі мал болғанымен 42 вольтқа шыдамайды. Түйені қарақұрт шаққанда, сол бойда орнынан қозғамай мұздай суды үсті – үстіне құю қажет.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 13.10.2016
Тақырыбы: Ит – жеті қазынаның бірі
Сабақтың мақсаты: Балаларға «жеті қазынаның бірі - ит» сөзінің
мазмұнын түсіндіру. Тақырып бойынша сұрақтарға толық жауап бергізу арқылы анық, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тілін дамыту.

Жеті қазынадан ит тұқымы ойып түрып орын алған. Бірақ кез келген ит емес жүйрік алғыр құмай тазыны қазынаға ентізген. Жеті қазынаның қатарында жүйрік aт, қыран бүркіт, берен мылтық қатарлы ер жігіттің ажырамас серігі орын алған. Ердің қанаты - ат, ит - үйдің құлағы, тамағы мен киімін "асыраушы" - бүркіт, қорғанар қаруы - мылтық (бәлкім ертеректе садақ болуы ықтимал) қазынадан заңды түрде орын алған.
Басқа да мұсылман халықтары сияқты, қазақтар да итті арам жануар деп қабылдағанымен, оларды тұрмыс-тіршілігінде көп пайдаланған. Көшпенді қазақ тұрмысында иттің үлкен мәні бар, ол оның үйі мен мал-жанын қорғаған. Иттің қойшының еңбегінде атқаратын рөлі аса маңызды. Дала қасқыры малға жақындағаннан үріп, қойшыға жеткізіп, малдың дала жыртқышының аузына түспеуінің алдын алады. Малшы қазақтардың айтуынша, олардың қасқырға қарсы үрген дыбысы жай кездері үргенінен басқаша болып келеді. Түнде бүкіл ауыл тарс ұйқыда жатқанда, иттер кірпіктерін ілместен олардың ұйқысын қорғап шығады.
1-тапсырма: Құмай тазы туралы не білеміз?

"Құмай тазы" қазақтың ертеден келе жатқан аңшы иті. Ол өте жылдам әрі алғыр, 6 айынан бастап аңшылыққа үйретеді, 8-9 айында аңға қосады. "Құмай тазы" аңшылыққа тез үйреніп кетеді, оның өзінің аңшылық қасиеті болады.
2-тапсырма: Иттің қандай түрлері бар?
Иттерді күнделікті тұрмыста
пайдалануына қарай 3 топқа біріктіреді: аңшы иттер, күзет иті
(шекарашы) және үйде ұсталатын декоративті (сән үшін)
иттер.
3-тапсырма: Итке байланысты
наным-сенімдер
Иттің бағзы замандардағы тотем-бабаға айналғандығының белгісі ит жейде салтынан байқаймыз. Сәби қырқыңа толысымен ит көйлегін шешіп, оны әр түрлі қант, кәмпит, өрік-мейіз сияқты тәттілерге толтырып, иттің мойнына байлап қоя берген. Балалар итті қуып, тәттілерді алып мәз-мейрам болады, итжейдені иесіне әкеліп тапсырады. Бұл ғұрып "ит қуу" деп аталады, мәні сәбидің пәле қаласын қырық жаны бар хайуан - ит өзімен бірге алып кетеді-мыс деп сенген. Ал керісінше балаға иттің жүйрік, ақылы озық алғыр қасиеттері дариды, сәби күшікше бауырын тез көтеріп, тәні сау, жаны берік "итжанды" (иттің қырық жаны бар дейді қазақ) деп ырымдайды. Баланың, ит көйлегін сақтап, жолға, сапарға шыққанда өзімен бірге алып жүрсе пәле-жаладан сақтап, жолын ашады, "баланың періштесі қағып, аман апарып, есен әкеледі сапардан" деп сенген.
Қазақ қартайып, алжыған иттің аузына май тығып, басын күн батысқа (құбылаға) қаратып, малша бауыздап өлтіріп, көметін болған.
Тазы иттің алғаш өз бетімен аң алуын "тырнақалды" құрметіне ауылдастары жиналып, қайырлы болсын айтып, қуанышқа кішігірім той жасайды.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 20.10.2016
Тақырыбы: Жыл басына таласқан жануарлар (ертегі)
Сабақтың мақсаты: Ертегіні айта отырып рөлмен ойнау, диалог сөздерді
мәнеріне келтіре айта білуге, ойын арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелеу.

Ертегіні мәнерлеп оқу

Ертеде , тіпті ерте заманда, аңдар жалқау адам аңқау кезде, жыл санау болмаған кезде, адам баласы жылды, жыл аттарын білмепті.
Бір күні жыл келетін болыпты. Оны ауылда жатқан адамдар білмей, алдымен айдаладағы аңдар естіпті. Мейірімді жылды қарсы аламыз, жас пейілді жаңа жылды көреміз, жылға ат қоямыз, жыл аттарын бөлісіп аламыз деп жиналыпты.
Түйе бастаған жан-жануар ең соңы тышқан жыл басы болуға таласыпты.
Құр таласқаннан іс бітпейді, жылдың келе жатқанын кім көрсе сол болады- дейді түйе. Әр хайуан өздерінің адамға пайдасы жайлы мақтаныпты.
Барлығы ортаға шығады. Сонда жылқы айтыпты:
— Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.
Түйе айтады:
— Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.
Сиыр айтады:
— Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.
Қой айтады:
— Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып, киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.
Ит айтады:
— Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін.
Тауық айтады:
— Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.
Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтады:
— Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.
Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп: «Менен бұрын кім көреді?», – деп, тышқанның сөзін қостайды. Бәрі қарасып тұрады. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз», – деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқан көріп, еш нәрсе демепті.
Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.
1-тапсырма: Өлеңді жаттау
“Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалды”- деген сөз осыдан қалған екен. Осыдан бастап жыл аттары 12 атпен аталыпты. 12 жыл – 1 мүшел.
Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян,
Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой.
Мешін, Тауық, Ит, Доңыз
Санап, жаттап, біліп қой!
ІІІ. Қорытынды
Күні: 27 .10 .2016
Тақырыбы: Тарауды қайталау
Сабақтың мақсаты: Тарау бойынша алған білімдерін тексеру.

1-тапсырма: Жануарлар қалай дыбыстайды?
1.Мысық қалай дыбыстайды?/мияулайды/
2.Сиыр қалай дыбыстайды?/мөңірейді/
3.Ит қалай дыбыстайды?/үреді/
4.Қой қалай дыбыстайды?/маңырайды/
5.Жылқы қалай дыбыстайды?/кісінейді/
6.Түйе қалай дыбыстайды?/боздайды/
2-тапсырма: Мақал-мәтелді жалғастыр
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл көсір.
Жылқыда өт жоқ,
Құста сүт жоқ.
Аттан тай озады,
Атадан бала озады.
Малды жақсы баққаның
Өзіңе абырой тапқаның.
Малды жаман баққаның
Келген бақты қаққаның.
3-тапсырма: Төрт түліктің төлдерін қалай шақырамыз?
Қой баласын, яғни төлін қалай шақырамыз?
Пұшайт - пұшайт деп қозыны шақырамыз.
Сиыр төлін:- аухау - аухау.
Жылқы төлін:- құрау - құрау.
Түйе төлін:- көс - көс.
4-тапсырма: Төрт-түліктің пірлерін анау

ІІІ. Қорытынды
Күні: 10.11.2016
Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жергілікті жердің құстарымен
таныстырып, оны күтіп-баптауға, аялауға, оларға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу. Құстар туралы білімдерін толықтыру, құстарға деген сүйіспеншілік сезімге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіру.

Құстар — жылықанды омыртқалы
жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды
сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді,
ал алдыңғы аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы
жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және
ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да
кездеседі.
1-тапсырма: Құстар туралы не білеміз?
Қараторғай. Түсі: қара. Көлемі: торғайдан сәл үлкендеу. Ұясы: адамдар жасаған үйшіктерге, ағаш қуыстарына, таулы, тастардың арасына салады. Жейтін қорегі: маса, құрт, шіркей, жауын құрты. Жыл құсы. Ерекшелігі: басқа құстардың дауысын келтіре алады.
Тырна. Түсі: сұр. Көлемі: ірі, кең қанатты, мойыны, аяғы, тұмсығы ұзын. Ұясы: қамыстардың арасына, батпақты жерге салады. Жейтін қорегі: батпақты жерде өсетін шөптер, жемістер, бақа, қоңыз, құрт. Жыл құсы. Ерекшелігі: балапандары біреу болады, екі балапан шықса олар төбелесіп, қайсысы жықса сол тірі қалады.
Қарлығаш. Түсі: бауыры ақ, қалған жері қара. Көлемі: кіші, қанаты сүйір, құйрығы айыр. Ұясы: саз балшықтан қалап, сілекейімен сулап салады. Жейтін қорегі: шыбын, маса, шіркейлер. Жыл құсы. Ерекшелігі: адамдарға өте жақын, үйдің ішіне ұясын салады.
Тоқылдақ. Түсі: шұбар. Көлемі: торғайдан ірі, өте жылдам қимылдайтын, еңбекқор құс. Ұясы: ағаштың діңін тесіп, ұя жасайды, түскен үгінді ұясының астына жұмсақ болу үшін төсейді. Жейтін қорегі: ағашты тесіп, құрттарды теріп жейді Қыстап қалатын құс Ерекшелігі: Бұл құсты «орман дәрігері»- деп атайды.
Сауысқан. Түсі: қара ала. Көлемі: торғайдан ірі, ұзын құйрықты құс
Ұясы: ағаштың басына, бұтақ, шірпілерден жасайды. Жейтін қорегі: басқа құстардың жұмыртқаларын, балапандарын ұрлап жейді. Қыстап қалатын құс. Ерекшелігі: жылтыр, әшекей заттарға әуес. Ұясынан алтын сақинаны, жылтыр әйнектерді, күміс тиындарды кездестіруге болады.
Бүркіт. Түсі: қоңыр. Көлемі: ірі, жыртқыш құс. Ұясы: биік жартастарға салады, бұтақтардан тоқып салады. Жейтін қорегі: құстар, қоян, түлкі, тышқан.
2-тапсырма: Құстар туралы қызық мәліметтер
Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Адамдар ежелден-ақ құстарға әуес. Оларға деген сүйіспеншілігі шексіз болған. Ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы, өз ықыласын көпке аян еткен. Құстар бау-бақшаның әні, емшісі. Құстар – біздің досымыз.
3-тапсырма: Сұрақ – жауап
* Құстардың қандай пайдасы бар?
Олар ағашты, жердегі зиянды құрттарды жейді. Құстар ән салып көңілімізді көтереді. Олар – бақтың сәні.
* Негізі құстар нешеге бөлінеді?
1. Жыл құстары, үй құстары, тұз құстары.
* Көктемде бірінші келетін құстар. (Қарлығаш, көкек, қараторғай).
* Қыстап қалатын құстар (Қарға, кептер, сауысқан, шымшық)
* Үй құстарына қандай құстар жатады? (Тауық, үйрек, күрке тауық, қаз).
* Құстар қалай көбейеді деп ойлайсыңдар?
Құстар жылы ұя жасап, соның ішіне жұмыртқаны салады. Сол сияқты барлық құс өз жұмыртқасын басып, балапанын шығарып көбейеді екен.
4-тапсырма: Құстардың ерекшеліктері
Жыл мезгіліндегі өзгерістер болғанда, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Кетпей қыстап қалатын құстар да бар. Олар:қарға, сауысқан, көгершін, суық торғай. Бұлар ешқайда кетпейді. Балалар, осы кетпей қалған құстарды ұя жасау арқылы күтуге болады. Ал, үй құстары жылы жыққа кетпейді, оны қалай күтеміз? Оларға жылы қора дайындап, тамағын, суын беруіміз қажет. Ал, балалар, осы құстар қалай ұйықтайды екен? Тауық пен кұрке тауық ағашта ұйықтайды, үйрек пен қаз жерде жер бауырлап ұйықтайды.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 17.11. 2016
Тақырыбы: Жабайы құстар
Сабақтың мақсаты: Жабайы құстар туралы түсінік беру. Олардың
түрлерін таныстыру, пайдасын түсіндіру. Оқушы ойын, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын дамыту. Экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға, табиғатты сүюге үйрету.

Жабайы құстар еліміздің даласында, орманында, таулы аймақтарында, суларында да тіршілік етеді. Дүние жүзінде құстардың 8600 түрі бар, ал өз еліміз – Қазақстанда 480-ге жуық түрі бар екен. Барлық құс пайдалы. Соның ішінде ең үлкен құс – түйеқұс болса, ең кіші құс – колибри құсы екен. Түйеқұстың салмағы – 100-150 кг, бойы – 2,5-3 м. Африка, Австралияда кездеседі. Колибри 15 – 20 г, бойы – 5, 5 см. Ол Оңтүстік Америкада кездеседі.

1-тапсырма: Сурет бойынша құстармен танысу

Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасына салады) 3 – 7-ге дейін жұмыртқа салады. Аққу – жыл құсы. Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, жақсылықтың жаршысы, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды.

Дуадақ. Дене тұрқы тауыққа ұқсас. Дуадақ — үнсіз әрі сақ жүретін құс. Құрлықта жүруге, жүгіруге бейімделген үш бармағы болады. Шөл далада мекендейді. Бұл-өте сақ құс.

Шағала. Қазақстанда қамыс, қоға, тал қалың өскен өзен, көл жағасында, батпақты шалшық сулы жерле де кездеседі. Шағала теңіз жәндіктерімен, балықтармен қоректенеді.

Тырна. Тырналар – ірі, мойын, аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. Бұлар далалы және батпақты жердің барлығында да кездеседі. Ұясын жерге салады. Ұясында 2-3 жұмыртқасы болады.
2-тапсырма: Сұрақ – жауап
-
Қандай құстарды білесіңдер?
-
Біздің ауылда қандай құстар мекендейді?
-
Құстар жылы жаққа не үшін кетеді?
-
Құстарды қалай қорғаймыз?
-
Құстарға қалай ұя саламыз?
3-тапсырма: Жұмбақ шешу
Кеудесі қақаңдап,
Жүреді байпаңдап. (Қаз)
Ай астында ақ мамық,
Жатыр суды жастанып. (Аққу)
Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ,
Іліксе дүниенің бәрін алмақ.
Өзінің тілі бар да тістері жоқ,
Жұтады көрінгенді алмап-жалмап. (Бүркіт)
ІІІ. Қорытынды
Күні: 24.11.2016
Тақырыбы: Үй құстары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй құстарының ерекшелігі туралы айту, үй құстарының қасиетіне қарай тануға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу. Табиғатты аялай білуге, табиғат аясында өздерін еркін сезінуге ықпал ету.

Үй құстары — құс шаруашылығының негізі. Адамзатқа маңызды азық-түліктік өнімдері — ет және жұмыртқа, қауырсын және мамық беретін асыранды құстар үй құстары деп аталады. Үй құстары да үй хайуанаттарына жатады. Осындай жоғары сапалы өнім беретін тауық, үйрек, қаз, күркетауық тәрізді елімізде кең тараған құстарды өсіретін шаруашылықтар, мал шаруашылығының бірінен саналатын құс шаруашылығы болып табылады.
1-тапсырма: Қандай үй құстарын білесіңдер?
Күркетауық
– үй құстары ішіндегі ең ірісі.
Еті дәмді, әр күркетауықтан орта есеппен жылына 90–100 жұмыртқа
алынады, балапанын 28 күнде шығарады. Оны негізінен ет алу
мақсатында асырайды.
Қаздар — үй құстары. Олар суда жақсы жүзе алады, бірақ сүңги алмайды. Қаздардың барлық түрлері 6-12 жұмыртқа салады. Қаздардың еті өте құнды, мамығы да пайдалы.
Үйрек
— суда жүзетін құс. Жылдың жылы
мезгілдерінде тоғандар мен көлдердің суы саяз жерлерінен қорегін
өзі тауып жейді. Бұл құстың басқа құстан айырмашылығы – үйде де,
суда да өмір сүре береді.
Тауықтар — еті мен жұмыртқасын,
қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіреді. Қауырсындарының түсі әр
түрлі. Табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт
саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Жұмыртқа
салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап
алады.

2-тапсырма: Сұрақ-жауап
- Әтештің түсі қандай?
- Түсі қызыл.
- Әтештің екі көзі, екі қанаты,
екі аяғы болады және құйрығы бар екен.
Әтеш қалай дыбыс шығарады?
- Ку-ка-ре-ку.
Мына
тауықты мекиен деп атаймыз, бұл да
үй құсына жатады. Олар жем жеп, су ішеді.
- Балалар, мекиеннің түсі қандай?
- Түсі ақ.
- Олар қалай дыбыстайды?
- Қыт-қыт-қыт.
3-тапсырма: Үй құстарын қалай асыраймыз?

-
Тауыққа жемді қалай береміз?
-
Тауыққа суды қалай береміз?
-
Үй жануарларына қалай қамқорлық жасаймыз?
ІІІ. Қорытынды
Күні: 8.12.2016
Тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінің негізгі идеясын ашу. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Оқушыларды адамгершілікке, бауырмалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Күндердің бір күні Жылан жер
жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз
айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.
Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.
Патша осылардың ішінен Шіркей
мен Масаға:
— Жер жүзін аралап, өсімдіктердің дәмін татып, жанды-жансыздың қанын сорып қайтыңдар, тек бұлар ғана емес, қаттыдан тастың, жұмсақтан топырақтың да дәмін алыңдар. Дүниедегі ең тәтті зат бұдан былай менің тамағым болатындай етіңдер, – деп, уақыт кесіп, бүкіл әлемді шарлатып жібереді.
Күн артынан күн өтіп, патшаның кесіп берген мезгілі де жетеді.
Шіркей әлсіздігінен жел болса, шөптің түбіне қашып тығылып, тымықта ыңылдап ән салғансып жүріп, кешігіп қалады. Ал Маса өсімдік пен жандылардың ең тәттісін біліп алып, патшасына қарай әуелей ұшып, әндетіп келе жатқанда, Қарлығаш кез болады.
— Иә, Маса досым, патшамызға ең тәтті тамақ іздеп кетті деп естіп едік, таптың ба?
Маса Қарлығашты менсінбей, сұрағына жауап қатпай, зулай жөнеледі.
— Ә, ә, түсіндім, түсіндім! Жолың болып, іздегеніңді тапқан екенсің, достым... Азаматсың өзің! Сенің ептілігіңді, еш нәрседен тайынбайтын бір беттілігіңді білгемін. Осы қасиетіңді енді барлық қанаттыларға айта жүретін боламыз, – деп, Қарлығаш Масадан сыр тарта, мадақтай сөйлейді.
Бұл мақтауға Масаның есі шыға мастанып:
— Патшамыздың тамағына кімді тапқанымды білесің бе?
— Е, Маса досым, мен не білуші едім? Сізден денемнің үлкендігі болмаса, ақылым аз емес пе?! Сіз патшаның ақылшысысыз. Кәне, төрем, айтыңызшы, ардақты патшамыздың тамағына кімді таптыңыз?
Маса еліре түсіп:
— Дүниеде патшамызға лайықты ең тәтті тамақ адам қаны екен.
«Һм... Адам сияқты ақылды да айлалы жан домаланған сілімтік жарымжанға жем болып қала ма» деп, қарлығаш бір амал ойлайды.
— Менің ақылымның қысқалығы осы емес пе, Маса төрем! Адамның қаны тәтті дегеніңізге сенер-сенбесімді білмей келем. «Дүниеде тәтті қанды тауып, дәмін татқанның тіліне алтын мөр түсіп қалады» деп, шешем көп айтушы еді. Кәне, тіліңізді шығарып, мөріңізді көрсетіңізші! Алтын мөрге көз салғанның өзі біз үшін үлкен бір медеу ғой. Бұл мақтауға елірген ессіз Маса:
— Көрсең, көре ғой, байғұс! – деп, тілін ұсынады. Қарлығаш шап беріп, Масаның тілін жұлып алғанда, ол сөйлей алмай, ыз-ыз етіп, патшасы Жыланға қарай ұша жөнеледі.
«Қош, тілің жұлынды.
Аузыңа құм құйылды. Адамның қанының тәттілігін енді қалай
түсіндірер екенсің?» деген оймен Қарлығаш артынан
ұшады.
Маса бірдемелерді айтқысы келіп, ыз-ыз етіп зар қағады. Бірақ еш нәрсені түсіндіре алмайды Жыланға.
— Мұның тілі аузынан түсіп қалған ба, немесе жынданған ба? Мынаның не деп тұрғанын түсінгендерің бар ма? – деп, Жылан тұрғандарға қарайды.
— Өте түсінікті, патшам! – дейді Қарлығаш сонда.
— Түн көрмей кетейін, бірдеңе ұқсам, кәне, түсінсең айтшы, не деп тұр?
— Ызыңдап ұшып жүріп, бүкіл әлемді араладым. Бірақ неше түрлі өсімдікті өзі өсіріп шығарған топырақтан басқа еш нәрсені таппадым, - дейді патшам!
Тілі сөйлеуге жарамаса да құлағы сау Маса мұны естігенде, жаны шығып кете жаздайды.
Ол ызыңдап кеп, Қарлығашқа екі-үш рет тиіседі де Жыланның алдына барып жылап жібереді.
— Ә, ә, мұның тіліне бір пәле қылған сен екенсің ғой, – деп, Жылан Қарлығашқа атылып кеп кетеді. Қарлығаш ұша жөнеледі.
Жылан ұша жөнелген Қарлығаштың құйрығын ғана тістеп қалады. Жылан содан былай топырақ жалап, ал Маса ызылдап қалады. Адам жыланды көрсе өлтіріп, басын езетін болады. Қарлығаш жыланнан қорқып, адамды дос тұтып, үйдің төбесіне ұя салады, бірақ оның құйрығы кем, екі айырық, болып қалады.
Тапсырма: Сұрақ –жауап:
- Айдаһар қанды неге іше алмады?
- Қарлығаштың құйрығы неге айыр болды?
- Адам қарлығашты неге жақсы көреді?
- Қарлығаштың басқа құстардан айырмашылығы қандай?
ІІІ. Қорытынды
Күні: 15.12 .2016
Тақырыбы: Құстар да ауа райын болжайды
Сабақтың мақсаты: Құстардың ауа райын болжайтындығын ұғындыру,
құстарға қамқор болуға, жалпы табиғатты күтіп, аялауға тәрбиелеу.

Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп, қолдана білген. Солардың бірі – халықтың ауа райын болжау тәсілдері. Қысы-жазы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен құпиясын терең білгендігі сондай, айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тіршілігіне зер салып, ауа райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған.
Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.
-
Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
-
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
-
Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.
-
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
-
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
-
Шағала келсе, сең бұзылады.
-
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.
-
Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады деп күткен жөн.
-
Қараторғайлар топтана ұшып, аспанда неше түрлі қимылдар жасаса, күз ұзаққа созылады.
-
Аққу солтүстіктен оңтүстікке қарай кеш қайтса күз әрі ұзақ, әрі жайлы болмақ.
-
Тауық биікте қонақтаса, жаңбыр болады.
-
Қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады.
-
Тауық жерге аунап, қанатын қағып тазалана бастаса, жаңбыр жауады.
-
Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздеп жүрсе, онда ақ жаңбыр болады, яғни жаңбыр ұзаққа созылады.
-
Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.
-
Жаңбырлы күндері әтеш таң ата шақырса, күн ашылады деген сөз.
-
Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады.
-
Аязды күні қанатын желпінсе, аяз сынады.
-
Қыста қаздар қаңқылдаса, жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады немесе боран болады.
-
Қаз бен үйректер суға шомылып, қиқулап, қанаттарын қомдап мазасыздана бастаса, ауа райы бұзылады.
-
Қызылқаз (қоқиқаз) былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа, жазда құрғақшылық болады. Егер ескі ұяны жөндеп, биіктететін болса, жаз жаңбырлы болады.
-
Далада көкектің «кө-кек» деген дауысын жиі естісеңіз, алдағы күндер ашық болады.
Тапсырма: суреттерге қарап, дәл осы ауа райын құстардың қалай болжайтындығын айтыңыздар

ІІІ. Қорытынды
Күні: 22.29.2016
Тақырыбы: Құстар туралы қызық мәліметтер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды құстар туралы қызық мәліметтермен
таныстыру, оларды жаңа мәліметтермен танысуға, есте сақтауға жетелеу

Әлемдегі ең әдемі құстар

Тауыс. Құстардағы көркемдіктің төресі, хас сұлулық пен тәкаппарлықтың символы. Көптеген елдер бұл құсты патшалықтың, әулиеліктің белгісі ретінде құрметтейді. Отаны Оңтүстік Азияда тауысты барыс пен жылан сияқты қауіп-қатер жақындап келе жатқанда, ескерту беретіні үшін жоғары бағалайды.

Аққу. Махаббат пен сенімнің, тазалық пен кіршіксіздіктің белгісі. Аққулардың есте сақтау қабілеті өте жақсы дамыған. Сол арқылы олар өздеріне жасалған жамандық пен жақсылықты үнемі ажырата алады. Көбіне ата аққу мен ұрғашы аққу өздерінің ұрпақтары үшін бірігіп ас іздейді.

Жұмақ танаграсы. Бұл құстың екінші аты – "Жеті түсті құс". Өн бойына ең әдемі түстерді жағып жаралған ерекше құс сулы ормандарда тіршілік етеді.

Мандаринка. Ең әдемі үйрек. Басқа үйректерден сыртқы сұлулығымен ғана емес, өзгеше дауысымен де ерекшеленеді. Ширақ қимылдайтын, сақ құс.
Ең, ең, ең...
-
Құстардың ішіндегі ең суға қатты терең сүгігіші – император пингвиндері.
-
Құстардың ішіндегі әлемге ең көп тарағаны – үй тауығы. Екінші орында – торғайлар.
-
Үй құстарының ішіндегі ұзақ өмір сүретіні – қаз.
-
Әлемдегі ең кішкентай құс – Колибри.
-
Әлемдегі ең жылдам қозғалатын құс – Ителгі.
-
Әлемдегі ең ір құс - Африка түйеқұсы.
-
Жер бетіндегі ең ауыр салмапғы ауыр құс - казуар.
-
Ең жыртқыш тотықұс - кеа.
-
Ең « күлегеш» құс-кукабара немесе езуі жиылмайтын зимородок, құстардың арасындағы ең сәулетшілері» — жаппаторғайлар.
-
Ең сирек кездесетін құс- калифорния кондоры.
-
Ең тыныс құс - ақбас орлан.
-
Құстардың ішіндегі ең ұсағы - колибр аралар.
-
Суыққа ең төзімді құс - пингвиндер.

-
Құстың жүрегі минутына 400 рет соғады екен. Демалып отырған кезде. Ал ұшқанда жүрек соғысы арта түседі. Көк төсінде қанат қаққанда кейбір құстардың жүрегі минутына 1000 рет соғуы мүмкін.
-
Жаңа Гвинеяда жер бетіндегі
жалғыз улы құс тіршілік етеді. Ол – екітүсті шыбыншы торғай. Бұл
құстың улы болатын жөні де бар екен. Себебі, шыбыншы тек улы
жәндіктермен қоректенеді. Сондықтан, өте улы. У оның терісінде,
жүнінде болады. Егер алда-жалда адамның қолы тисе, күйік шалғандай
күлдіреп қалады. Ал ұсақ жәндіктер шыбыншыға тиіп кетсе сеспей
қатады екен.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 29.12.2016

1-тапсырма: сұрақ-жауап
Орман емшісі? - Тоқылдақ.
Орман әншісі? - Бұлбұл.
Бейбітшілік символы? - Көгершін.
Антарктидада тіршілік ететін құс? - Пингвин.
Аңшы, жыртқыш құс? - Бүркіт.
Ұшпайтын, ең үлкен құс? - Түйеқұс.
Айыр құйрықты құс? – Қарлығаш
2-тапсырма: жұмбақ шешу
Сирағы ұзын,
Тырнағы ұзын.
Балықты сүзбей,
Ұстайтын шоқып,
Тұмсығы бiздей. (Тырна)
Ботаға ұқсас саны бар,
Шөл даланың құмайы.
Шәлкем мiнез жануар,
Ашу қысқан ұдайы. (Түйеқұс)
Екi айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрiгi. (Қарлығаш)
Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады,
Айдын судың түлегi,
Шабақ iлiп жүредi. (Шағала)
Тақылдатып,
Мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейдi,
Зиянкестi жазалап. (Тоқылдақ)
Шұнтиып қос құлағы,
Түнде көрер қырағы. (Үкi)
Түнде жортады,
Жарықта қорқады. (Жарқанат)
Өзi кiлем түрiндей,
Құдды қырдың гүлiндей.
Гүлге қонса кетедi,
Айырмасы бiлiнбей. (Көбелек)
Күн шықпай сап аттанды,
Қуырады апшыны.
Шырт ұйқыда жатқанды,
Оятады ащы үнi. (Қораз)
Бiрақ сөз бiледi,
Өз аты онысы.
Соны айтып жүредi.
Және жоқ қонысы. (Көкек)
Қара түстi қарқылдақ,
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем iздейдi там-тұмдап. (Қарға)
Талдың басында,
Жемi бар қасында.
Там тұр саялы,
Достарға аялы. (Құс ұясы)
3-тапсырма: Суретте көрсетілген құстардың ішінен қандай құстарды танисыңдар?

ІІІ. Қорытынды
Күні: 12.07.2017
Тақырыбы: Аңдар әлемі
Сабақтың мақсаты: Аңдар туралы мәлімет беру. Оқушылардың
білімдерін тереңдету, жүйелеу, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру. Оқушыларға қоршаған орта және жануарлар әлемі туралы тәрбиелік мәні зор әңгімелер айту, аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Оқушылар, табиғат дегеніміз не екен?
Ол бізді қоршаған орта, табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ. Ол – барлық тіршілік иелерінің ортақ үйі, табиғаттың бізге берер сыйы да көп. Олай болса, бүгінгі айналамен таныстыру оқу іс-әрекетінде осы табиғаттың тіршілік иелерінің бірі – жабайы аңдармен танысамыз.
- Нелермен танысамыз?
- Жабайы аңдар қайда болады?
- Оқушылар, адамдар жақыннан көру үшін, танысу үшін хайуанаттар бағында да жабайы аңдар болады екен. Сол «хайуанаттар бағы» атты суреттер топтамасын көргілерің келе ме?
- Хайуанаттар бағы дегеніміз не екен?
Ол - үлкен бақ. Онда тек жабайы аңдар ғана емес жан-жануарлардың көптеген түрлері, құстардың әр түрлісі арнайы торларда ұсталады. Біз оның барлығын аралап тауыса алмаймыз. Біз тек қана өзіміз ертегілерде естіп жүрген, теледидардан көріп жүрген жабайы аңдармен ғана танысамыз.
-Хайуанаттар бағында барлығы қайда тұрады?
- Оларды неге торларда ұстайды?
- Қандай аңдар екен?
- Балалар, қараңдаршы,
мынау қандай аң?
- Қасқыр (Бұл сұр түсті қасқыр деп аталады)
- Балалар, қасқыр неге ұқсайды?
- Итке
- Қандай итке ұқсайды екен?
- Құлағы қандай пішінге ұқсас деп ойлайсыңдар?
- үшбұрыш
- Қасқыр - күшті, батыр, ержүрек, ақылы да айласы да бар өте қауіпті жыртқыш аң.
- Ал мынау қандай аң
екен?
- аю
- Түсі қандай екен?
- Сұр
Қасқырға қарағанда аю үлкен бе, кіші ме?
- Үлкен
- Аю икемсіз жыртқыш аң.
- Аюлардың қорегі: судан балық аулап, жидек теріп, және құстарды аулап жейді. Аюдың терісі, еті бағалы, емдік қасиеттері бар деп есептеледі. Аюлар қыс бойы ұйқыда жатады.
- Бұл қандай аң
екен?
- Түлкі
- Түлкінің түсі қандай?
- Қызыл
Түлкінің денесі қасқырға ұқсас болып келеді, бірақ қасқырға қарағанда тұмсығы ұзын ба, қысқа ма?
- Ұзын және сүйріктеу (қайталау)
Түлкінің терісі бағалы жыртқыш аң. Қазақтың атақты бас киімі «Тымақ» осы түлкінің терісінен тігіледі. Оны «Түлкітымақ» деп те атайды.
Ал мынау қандай аң
екен?
- Жолбарыс
- Жолбарыс неге ұқсайды екен?
- Мысыққа
- Жолбарыс та өте күшті, жылдам жүгіретін жыртқыш аңдардың бірі.
- Түсі қандай екен?
- Ал жолбарыстың құйрығында қандай айырмашылық бар екен?
- Ұзын
- Ал енді, балалар, мынау
қандай аң екен?
- Арыстан
- Бұл да мысық тұқымдас, ең ірі әрі күшті жыртқыш аң.
- Арыстанның басы денесіне қарағанда қандай екен?
- Арыстанды ертегілерде не деп атайды?
- Аң патшасы
ІІІ. Қорытынды
Күні: 19.01 .2017
Тақырыбы: «Қызыл кітапқа» енген аңдар
Сабақтың мақсаты: Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабымен
таныса отырып, жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы ақпарат алуға үйрету. Тіршілік иелерінің бір-бірімен байланысы туралы білімдерін жетілдіру, оқушылардың экологиялық білімдерін дамыту.
Табиғатты қорғауға және оған қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Бүгін біз сендермен жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу үшін, олардың жойылып кетпеуін қадағалау үшін арналған «Жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабы» туралы тақырыбымен танысамыз. 1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары Халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап «Деректердің Қызыл кітабы» деп аталды. Ал Қазақстанда Қызыл кітап 1978 жылы басылып шықты. Оған республикамыздағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер енгізіліп, қорғауға алынды. Қазақстанның әр жерлерінде қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылды.
1-тапсырма: «Қызыл кітапқа» енген аңдарды білеміз бе?

Барыс – Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Саны 200-ден аспайды. Жылдан-жылға азайып бара жатыр. Себебі – азық қорының азаюынан саны кемуде. «Қызыл кітапқа» енген, қорғауға алынған.
Ақбөкен,
киік – тұлғасы ірі, қойға ұқсас,
дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкендер Моңғолияда,
Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана
сақталған.

Арқар – ірі аң; тау арқары туысының сүтқоректі жануары. Дене ұзындығы 110-120 см, шоқтығының биіктігі 65-125 см. Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің жуандығы 22-50 см салмағы 30 кг.

Қарақұлақ - мысық тұқымдас сүтқоректі. Дене ұзындығы - 65-82 см, құйрығы - 25-30 см. Сілеусінге өте ұқсас, құлақтарының ұшында қара шашағы бар, құйрығы шорт қысқармаған. Жүні қысқа. Бір ұяда 2-4 баласы болады. Қояндар мен ұсақ кемірушілермен қоректенеді.

Қарақал – шапшаң қозғалатын жыртқыш. Негізінен құмтышқандарды, қосаяқтарды, сарышұнақтарды, кейде кірпілерді, жайраларды, бауырымен жорғалаушыларды, жәндіктерді азық етеді, жазда суға жақын жүреді. Қарақалдар ін қазбайды, өзіне баспана ретінде жайраның, түлкінің індерін бірнеше жыл қатарынан пайдалана береді.
2-тапсырма: «Қызыл кітапқа» енген аңдарды қалай қорғаймыз?
- Жер бетінде табиғатты аялаймыз!
- Ормандарды, суларды ластамаймыз!
- құстарды қорғаймыз, атпаймыз, ұяларды сындырмаймыз!
- орманда тыныштық сақтаймыз, от жақпаймыз, ағаш кеспейміз!
- саны азайған жануарларды, өсімдіктерді қамқорлыққа аламыз!
- Біз табиғатты қорғаймыз,
- Жан - жануарларға қамқорлық жасаймыз!
ІІІ. Қорытынды
Күні: 26 .01.2016
Тақырыбы: Қазақстан қорықтары
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қорықтарын танымдық білімін арттыру және білетінін сөйлеу арқылы еркін жеткізу, сол білімдерін әрі қарай мәтін, сұхбат арқылы қалыптастыру. Қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, табиғатты қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу.

Балалар, бүгін біз сендермен қорықтар деген тақырыппен танысамыз. Қазақстанда неше қорық бар?
Олардың аттарын білесеңдер ме?
Олар қай жерде орналасқан?
Қазіргі уақытта экологиялық жағдай барша адамзатты алаңдатуда. Экологиялық мәселелер сирек кездесетін құстар, жануарларды, өсімдіктерді қорғау, сақтау, зерттеу туралы «Қазақстан -2050» бағдарламасында: «Бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отырған экологиялық шиеленісті шешудің бірден-бір сара жолы - қоғам мүшелерін экологиялық сауаттылыққа, мәдениеттілікке жеткізу». Қазақстан жерінде көптеген ерекше қорғалатын қорықтар бар. Қорықтар – табиғаттың, сол бір бұрынғы қайталанбас сұлу көрінісі.
Ой толғау. Қорықтар неге керек? Қорық дегеніміз не?
Қорық – ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы, Алакөл, Батыс-Алтай қорықтары бар. Қазақстан Қызыл кітабы біздің елде 1978 жылы ұйымдастырылған осының негізінде 9 қорық.
1-тапсырма: Мақал-мәтел айту
Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
Су жүрген жер – береке,
Ел жүрген жер – мереке.
Жер көңді жақсы көреді,
Ат жемді жақсы көреді.
Табиғат – халық қазынасы.
Табиғатсыз адамның күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
2-тапсырма: Табиғатқа байланысты тыйым сөздер бар:
1. Құмырсқаның илеуін бұзба.
2. Жүрген жеріңде қоқыс қалдырма.
3. Аққуды атпа.
4. Жас шыбықты кеспе.
5. Құстың ұясын бұзба.
6. Саяхатқа шықсаң, отты сөндіруді ұмытпа.
3-тапсырма: Жаңылтпаш ретінде берілген жұмбақты мүдірмей айтып, шешу:
Арқада алты арқар бар,
Қырда қырық арқар бар,
Бір қарт арқар бар. (47 арқар)
Алты арқарға қырық арқарды,
Қырық арқарға кәрі арқарды
Қосса қанша арқар бар? (47 арқар)
Қырық үш қызғыш құсқа,
Қырық үш қызғыш қосса,
Қанша қызғыш құс болады? (86 қызғыш құс)
4-тапсырма: Суреттерді салыстырып, өз ойларын айту

ІІІ. Қорытынды
Күні: 9. 02. 2016
Тақырыбы: Арыстан мен тышқан (ертегі)
Сабақтың мақсаты: Ертегі түрлерімен таныстыра отырып, ертегіні түсініп
оқу, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне мінездеме беру, ертегідегі негізгі ойды ашып, қорытынды жасау. «Анық-қанығына бармай іс істеме, асықпа» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, алдау арбау жаман қасиет екенін түсіндіру, адалдыққа тәрбиелеу.

Арыстан мен тышқан

Ерте ерте ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстан
ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:
- Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті.
Арыстан оның сөзіне күліп:
- Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.
Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.
Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:
- Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:
- Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.
1-тапсырма: Сұрақ-жауап
-
Арыстан қандай аң?
-
Ол тышқанды не үшін жіберіп қойды?
-
Арыстан қандай жағдайға тап келді?
-
Тышқан арыстанға не үшін көмектесті?
-
Арыстан тышқанға қалай рақмет айтты?
2-тапсырма:Арыстанның қандай мінездерін адам мінезіне теңейді?
Адамдардың мінез-құлықтары да әр түрлі болады. Ақын-жазушылар адамдардың мінезін мысалға алып, қу адамды түлкіге, қорқақ адамды қоянға, ашқарақ, аңқау адамды қасқырға, ақылды адамдарды жақсы кейіпкерлерге, батыл, өжет адамдарды арыстанға, бүркітке т.б теңеп көптеген ертегілер жазған екен.
3-тапсырма: Арыстан туралы қызықты мәліметтер білесіңдер ме?
Арыстан мысықтар секілді иісті
«Якобсон трубкасы» арқылы сезеді. Яғни, кез келген иісті олар ауаны
өзіне тартып, жоғарғы ерні мен мұрнын аспанға көтеру арқылы
сезеді.
Арыстанның бет пішіні адамның саусақ ізіне ұқсайды. Өздеріңіз білетіндей адамның саусақ іздері бір-біріне ұқсамайды, яғни сәйкес келмейді. Арыстанның жүзі де бір-біріне ұқсамайды.
Арыстанның тырнағының ұзындығы 7 см-ге дейін жетуі мүмкін. Әдетте үлкен арыстандарда 30 тіс болады. Сояудай тістері болғанымен олар онымен азығын шайнамайды. Олар тістері арқылы азығының бір бөлігін жұлып алып, ары қарай бүтіндей жұтады.
Арыстандар түнде адамдардан 6 есе жақсы көреді. Арыстандар ең кішкентай жүректің иесі. Яғни, аңдардың ішіндегі жүрегі ең кішкентай аң ол – арыстан.
Егер де арыстанның тоқ екенін білсе, яғни тамаққа тәбеті болмай тұрғанын аңғарған кез келген жануар арыстанның жанында емін-еркін жүре береді. Ондай кезде өзінің өмірі үшін алаңдамайды.
Жаңадан туылған арыстандардың салмағы 1-2 кг ғана болады. Ал, кейін өскенде олардың салмағы 220 кг-ға дейін жетеді. Олар туылғаннан кейін 11-ші күні көздерін ашады. 15-ші күні жүре бастайды. Кішкентай арыстандардың терісінде қара дақтар болады. Бірақ, ол дақтар уақыт өте келе жойылады. Бала арыстандарды өздерінің анасы немесе мүмкіндігі бар кез келген арыстан сүтпен қоректендіре алады.
Арыстандардың өмір сүруге бейімділігі өте жоғары. Олар бір ай бойы сусыз өмір сүре алады. Жейтін азығының құрамындағы ылғалдың өзі оларға жетіп жатыр.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 16.02.2016
Тақырыбы: Жануарлар қалай дыбыстайды?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жануарлардың қалай дыбыстайтыны
туралы мәлімет беру, жануарларды күтіп бағуға деген сүйіспеншілігін оятып, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Жануарлар да «сөйлейді». Әжептәуір «ән салады». Ғалымдар олардың бір дыбыстауы бірнеше мағынаны білдіретіндігін айтады. Жануарлардың «сөздерінің» өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың сөздері дегеніміз — дыбыс белгісі. Сол белгіде бірнеше мағына бар. Әрине, жануарлардың мінез-құлқынан хабары жоқ адамға ара мазасыз ызыңдай беретін болып көрінеді. Тек қана аралар емес, басқа да жануарлар түрлі дыбыс-белгілер береді.
1-тапсырма: Жануарлардың қалай дыбыстайтындығымен танысайық
Жылқы — кісінейді, шұрқырайды, оқыранады, арқырайды.
Сиыр — мөңірейді, өкіреді, азынайды.
Қой-ешкі — маңырайды, мекіренеді.
Түйе — боздайды.
Шошқа — шыңғырады, қорсылдайды.
Ит — үреді, ырылдайды, арсылдайды, уілдейді, қыңсылайды.
Мысық — бырылдайды, мияулайды.
Тышқан — шиқылдайды.
Қаз — қаңқылдайды, шаңқылдайды.
Үйрек — барқылдайды, қыңқылдайды.
Мекиен — қыт-қыттайды.
Әтеш — шақырады.
Бүркіт — саңқылдайды, бістәктайды.
Торғай — шырылдайды.
Бұлбұл — сайрайды.
Қарға — қарқылдайды.
Безгелдек — безектейді.
Сауысқан — шықылықтайды.
Бөдене — бытпылдайды.
Шыбын — ызыңдайды.
Бөгелек — ызылдайды.
Бәкішек (шегіртке)— тызылдайды.
Жылан — ысылдайды, суылдайды.
Бақа — бақылдайды.
Аю — ақырады, өкіреді.
Қасқыр — ұлиды, ырылдайды.
Түлкі — ырсылдайды, шәңкілдейді.
Күзен — шақылдайды.
Суыр — шулайды.
Борсық — пырсылдайды.
Құндыз — сыңсиды.
Арыстан — гүрілдейді, ақырады.
Жолбарыс — күркілдейді, бұрқанады.
2-тапсырма: Қызық мәліметтерді оқиық
Әрине, жануарлардың тілі
адамның тіліне ұқсамайды. Дегенмен, ол да өзінің негізгі міндетін —
хабар жеткізу, түсінісу қызметін атқарады. Біз көбінесе
жануарлардың «бір-бірімен тілдесетін» белгілерін қабылдай алмаймыз.
Оның нәтижесін ғана бақылаймыз. Ал құстар мен сүтқоректілерге
келсек, олардың «тілі» бар екенін, кейде тіпті оны түсінуге
болатынын аңғару қиын емес. Мәселен,
қаздың «га-га-га» дегені «тезірек,
тезірек жүріңдер!» деген мағынаны білдіреді. Ал одан гөрі ұзағырақ
«га-галаса»: «мына жерде жем бар, біраз аялдайық»
дегені.

Пілдер басын, тұмсығы мен құлағын қимылдатып, ыммен «сөйлеседі». Олар осы әдіспен көңіл күйлерін өте жақсы білдіреді. Қазірге дейін пілдің бас, тұмсық, құлақ қимылдарының 19 түрінің мағынасы белгілі.

Көлдерді, өзендерді, теңіздер мен мұхиттарды мекендейтін жануарлардың «тілдері де» алуан түрлі. Дегенмен, тілдесу жүйесі ең көп дамыған жануар — дельфин. Ғылыми тәжірибе қазірдің өзінде-ақ дельфиннің тілі өте күрделі және аса бай деген болжам жасап отыр. Дельфиндер тілінің «халықаралық» тіл екендігі де дәлелденді. Бұл үшін Тынық мұхитта ұсталған дельфиндер мен Атлантика мұхитында өскен дельфинді телефон арқылы «сөйлестіріліп» көрілді. Сонда олар 8 мың шақырым жерде тұрып-ақ бір-бірінің айтқанын түсініп, бір-біріне жауап қайтарған.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 23.02. 2016
Тақырыбы: Жануарлардың қысқы мекені
Сабақтың мақсаты: Жануарлар тірі табиғаттың негізгі бөлігі, олардың да
алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру, жануарлардың негізгі мекенімен таныстыру. Жануарлардың құрлықта да, суда да тіршілік ететіндігін, олардың әрқайсысының икемделген өз ортасы барын аңғарту. Жануарларға қамқорлық көрсету жайында сөйлесе отырып оларды қорғауға тәрбиелеу.

Балалар қыстап қалатын құстарды еске түсірейік.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Сендерге қыс ұнай ма?
- Қандай ойындарды біз далада ойнаймыз?
- Ал қыстағы орманды мекендейтін жабайы аңдардың білесіңдер ме?
- Балалар, орманға жабайы аңдардың қысқы өмірімен танысуға барамыз ба?
- жабайы аңдар: аю, қоян, түлкі, қасқыр...
1-тапсырма: Жұмбақ жасыру
1. Өзі бір қу, жүрген жері айғай да шу.
Бұл не? (түлкі)
2. Қорбаң, қорбаң етеді,
Орман оның мекені.
Тәтті балға тойып ап,
Қыста ұйқыға кетеді.
Бұл не? (аю)
3. Секең, секең етеді,
Орман оның мекені.
Отырғанда шоқиып,
Құманға ұқсап кетеді.
Бұл не? (тиін)
4. Көп, көп ине,
Бір сабағы жоқ ине,
Іс тікпейді әрине.
Бұл не? (кірпі)
2-тапсырма: Сұрақ-жауап
- Қыста орманда аңдар тоңады ма? Неге тоңбайды?
- Қай аң қысқа қарсы тонының түсін өзгертеді?
- Неліктен?
- Кірпіге үстіндегі инелері не үшін керек?
- Қыс бойы ормандағы аңдарға біреулер тамақ апарып бере ме?
Тиін - қыста өзі жинаған саңырауқұлақтар, жаңғақтармен қоректенеді.
Түлкі - қар астындағы тышқандармен қоректенеді.
Қоян - ағаштардың қабығын кеміреді.
Қасқыр - әлі жететін аңдармен қоректенеді.
Аю - қыс бойы ұйықтайды.
Кірпі қыс бойы ұйықтайды.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Құлпынайын алайық.
Қалтамызға салайық.
Ойын: «Үйшігін тап» деген.
Мына жерде аңдардың үйшіктері, бірақ қай үйшік қайсынікі екен, өздері де шатасып қалыпты, кәне көмектесіп тауып беріңдерші?
Ал, енді атап кетейік:
Аю – апанда,
Түлкі - інінде,
Қасқыр – апанда,
Тиін – ағаш қуысында,
Кірпі – інінде.
- Осы жабайы аңдардың балалары бар ма?
Балаларын атап кетейік:
Аюдың баласы - қонжық
Түлкінің баласы - жәудір
Қасқырдың баласы - бөлтірік
Қоянның баласы – көжек
Тиіннің – тиін баласы
Кірпінің – кірпі баласы
Бұғының – бұғы бұзауы
Олар жабайы аңдар болса да өз балаларын өте қатты жақсы көреді, қорғап жүреді, тамақ тауып береді.
Орманды бақылайтын орманшы болады, олар аңдарды аңшылар келіп атып кетпесін деп бақылау жасайды. Орманды мекендейтін қай аң болмасын біз адамдар қамқоршы болуымыз керек.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 2. 03.2016
Тақырыбы: Маймылдар туралы қызық деректер
Сабақтың мақсаты: Маймылдар туралы қызық деректермен таныстыру,
қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Маймыл – приматтар отрядына
жататын ең жоғарғы сатыдағы сүтқоректі. Маймылдар адам тәрізді
маймылдар отряд тармағын құрайды. Бұлар 2 топқа бөлінеді. Кең
танаулы маймылдар Оңтүстік және Орталық Американы, ал тар танаулы
маймылдар Азия мен Африканы мекендейді. Маймылдардың көпшілігі
(жерде жүретін павиан, горилладан басқалары) ағашқа өрмелеп,
бұтақтан бұтаққа секіріп, ағаш басында тіршілік етеді, сондықтан
бас бармағы, үлкен башайы қалған саусақтарына қарама-қарсы біткен.
Орманды, орманды таулы жерлерде мекендеуіне байланысты көру, есту
қабілеттері жақсы жетілген, иіс сезімі нашар дамыған. Маймылдар
миының көлемі, салмағы, даму дәрежесі жөнінен басқа сүтқоректі
жануарлар арасында жоғары сатыда. Жоғарғы сатыдағы маймыл
тәрізділер таяқты, тасты, т.б.қорегін алуға, жауынан қорғануға
құрал ретінде пайдалана алады. Маймылдардың көптеген мінез-құлқы
(ренжу, қуану, т.б.) – адамның мінез-құлығына ұқсас. Маймылдар
өздері мекендейтін аумақтарын белгілеп, сол жерде топтасып өмір
сүреді. Көбіне ағаш бұтағы арасына бұтақты иіп күрке салып
түнейді.
Қорегі – өсімдік жемісі, жапырағы, гүлі, тамыр жемісі, жәндіктер, сирек те болса жәндікқоректілер. Маймылдар әр алуан болады.
Жапонияның Хонсю аралындағы макакалар. Бұл маймылдар ерекшелiгi, басқа туыстарына қарағанда, 30-35 градус суықта өмір сүреді. Қатты қақаған аяздарда, жыл 12 ай ыстық боп тұратын көлшіктерге шомылып, жан сақтайды.
Гелад - қой мен маймыл арасындағы ерекше жануар. Маймылдың бұл түрі- приматтар арасындағы тек шөппен қоректенетін жалғыз түр. Ғалымдардың тағы бір байқаған ерекшелік - геладтар қасқырдан корыкпайды. Маймылдың бұл түрі - шимпанзелер туысқаны бонобо деп аталады. Шимпанзеден өзінiң бәкене бойымен және аяғының ұзындығымен ерекшеленеді.

-
Маймылдардың өмір сүру жасы олардың дене көлемдеріне байланысты. Мысалы, ең кішкентай ойнақы маймылдар 10 жылдан артық өмір сүрмейді, ал, орангутангтар 57-60 жылды бағындырады.
-
Маймылдар бос уақыттарының көп бөлігін бір-бірлерінің сыртқы келбеттерін жақсартуға, күтіп-баптауға арнайды.
-
Төніп келе жатқан қауіпті туыстарына хабарлау үшін кекіріктің қатты дауысын шығарады. Кейде ауыздарын ашу немесе тістерін қатты соғу арқылы білдіреді.
-
Біздің арамызда маймылдардың ең сүйікті асы банан деген стереотип қалыптасып қалған, маймыл десе бананды, банан десе маймылды есіне алатындар жоқ емес. Білесіз бе, олардың арасында банан дәмін татып көрмегендер да бар. Приматтардың рациондары әр түрлі, өсімдіктермен ғана емес, жануарлармен де қоректенеді. Олардың көпшілігі тамақтарын тазалап жейді, мысалы, қарапайым деген бананның өзінің қабығын аршып жатады.
-
Маймылдар азық табуға ыңғайлы болу үшін қашанда топтасып жүреді.
-
Маймылдардың құйрықтарының дамығандығы соншалықты, өздерінің денесіне пара-пар салмақты құйрығының ұшында көтеріп тұра алады.
-
Маймылдар дене пішімі жағынан адамдарға ұқсас келгендігімен, ғалымдар оларды ешқашан да сөйлеп үйретуге болмайтындығын дәлелдеді. Себебі, олардың миларында сөйлеу орталығы жоқ. Бірнеше жылдық еңбектің нәтижесінде маймылдарға кейбір дыбыстарды айтқызу мүмкіндігі ғана бұйырды.
-
Олар заттарды қолдарының немесе аяқтарының саусақтарымен ұстай алады.
-
Тиін тектес маймылдар 20-дан астам әр түрлі дыбыстарды шығара алады.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 9.03 .2016
Тақырыбы: Сен білесің бе?
Сабақтың мақсаты: Жануарлар туралы қызықты мәліметтермен
таныстыру, оқушылардың табиғатты танып-білуіне жағдай жасау.

Киік қолға түскенде тартынбайды және бауыздап жатқанда аяғын серіппейді.
-
Жан-жануарлар ішіндегі ең кішіпейіл мал – түйе. Ол кішкентай бала жетелесе де елпілдеп ере береді.
-
Қандай қалың шаң, тұман, боран болса да, құлан өз бағытынан адаспайды.
-
Мысықты қалай тастасаң да, төрт аяғымен түседі. Адамға ең жақын жүретін және бірге тұра алатын – ит пен мысық.
-
Ит иесін сатпайды, далаға тастап кетпейді және оны дұшпандарынан қорғайды.
-
Жақсы ит пен тазы иесі өлгенін біледі және жоқтап ұлиды.
-
Жолбарыс пен арыстан өзі аулап алған аңның ғана етін жейді екен. Жемтікке көз салмайтын көрінеді.
-
Қасқыр әр ісін ақылмен істейді.
-
Қасқыр арқан аттамайды.
-
Қасқыр өз апаны жанындағы ауылдың малына шаппайды.
-
Қасқыр өз «заңына» ғана бағынады, қолға үйренбейді.
-
Қасқыр бөлтіріктерін алдырса, өш алмай қоймайды.
-
Маймыл мен тауық жем тапса өздері жемей, басқаларды шақырып, бөлісіп жейді.
-
Мысық көзінің қарашығы тәулік ішінде үлкен-кішілі болып өзгеріп тұрады.
-
Кенгуру 10 метрге секіре алады.
-
Қоян алды-артын мойнын бұрмай-ақ көре алады.
-
Жан-жануарлар алыбы піл тышқаннан өлердей қорқады екен.
-
Бұғы мүйізі кесілген соң анадай жерге барып тоқтап, міндетті түрде артына қарайтын көрінеді.
-
Қолтырауын су түбіне тереңірек бату үшін тас жұтып алатын көрінеді.
-
Қолтырауын жемін өлтіріп жеп алып, артынан ағыл-тегіл жылайды екен.
-
Егеуқұйрық бес қабатты үйден құласа да өлмейді.
-
Көртышқан бір күнде 100 метр жер қаза алады.
-
Жан-жануарлар, аңдар, құстар мен жәндіктер ауа райының өзгеретінін (бұзылатынын) күні бұрын сезеді.
-
Суда адамға ең жақын жүретін – дельфин.
-
Дельфиндер бір көзін жұмып, бір көзін ашып ұйықтайтын көрінеді.
-
Үйірі бөлек қасқырлар жайшылықта бір-біріне өш болады. Егер олар торға түсе қалса немесе терең орға құласа, әдеттегідей бір-бірімен жауласпайды, үнсіз отырады.
-
Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғатын көрінеді.
-
Кірпі өзіне керек жапырақтарды инелері арқылы арқасына жабыстырып әкетеді.
-
Хамелеон өзінің түр-түсін өзгертіп тұрады.
-
Кенгуру баласын өзінің қарын-қапшығына салып өсіреді.
-
Ақсуар деген аппақ аң үстіне кір жұқтырғаннан өлімді артық көреді. Мысалы, аңшылар оны батпаққа қамаса, олар оған түспей, аңшылардың қолына өздері келіп түсетін көрінеді.

Тапсырма: Сурет боййынша әңгіме құрастырыңдар.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 16.03 .2016
Тақырыбы: Тарауды қайталау (тест жұмысы)
Сабақтың мақсаты: Тарау бойынша игерген білімдерін қорытындылау

1. Қоршаған дүние деген не?
а) күн, ауа, жер, су, адам, өсімдік, жануар
ә) табиғат, нәрселер, заттар
б) адам қолдан жасаған заттар
2. Өлі табиғатқа нелер жатады?
а) күн, ауа, су, тас, құм, саз
ә) адам,жануар,өсімдік
б) адам қолдан жасаған заттар
3. Тірі табиғатқа нелер жатады?
а) күл, ауа, су, тас, тау, құм, саз
ә) адам, жануар, өсімдік
б) адам қолдан жасаған заттар
4. Тірі табиғаттың өлі табиғаттан айырмашылығын айт
а) туады, қоректенеді, өседі, көбейеді, өледі
ә) ішеміз, тағам болады, жылу береді
б) жарық береді, жылу береді
5. Адам көп нәрсені неден үйренеді?
а) табиғатан
ә) жануардан
б) өсімдіктен
6. Табиғатты не үшін қорғану керек?
а) өмір сүру үшін
ә) үйрену үшін
б) демалу үшін
7. Табиғат сұлулығы дегенге қалай түсінесің?
а) өсімдіктері, жануарлары
ә) табиғат байлықтары
б) айналаны қоршаған дүние
8. Жабайы аңдарды тап
а) аю
ә) түйе
б) ит
9. Қыста ұйқыға кететін аңды тап
а) түлкі
ә) борсық
б) қоян
10. Жабайы аңдар немен қоректенеді?
а) өсімдік, шөп, тамыр, жаңғақ, дәнді-дақыл, бал, жәндіктер
ә) үй жануарлары, құстар, балықтар
б) бауырмен жорғалаушы, қосмекенді
11. Құстар күзде қандай жаққа ұшып кетеді?
а) суық жаққа
ә) жылы жаққа
б) сулы жаққа
12. Құстар немен қоректенеді?
а) құрт-құмырсқа
ә) балықтар
б) қосмекенділер
13. Киелі, сұлу құсты тап
а) көгершін
ә) аққу
б) бұлбұл
14. Бейбітшілік құсын тап
а) қарлығаш
ә) тырна
б) көгершін
15. «Орман емшісі» деп қай құсты айтамыз
а) бозторғай
ә) тоқылдақ
б) шағала
16. Табиғатта өз бетімен тіршілік ететін жануарларды қалй атаймыз?
а) жабайы аңдар
ә) үй жануарлары
б) аңдар
17. Адам күтіп бағатындарын қалай айтамыз?
а) жабайы аңдар
ә) үй жануары
б) аңдар
18. Үй жануарларын тап
а) түлкі
ә) жылқы
б) тиін
19. Төрт түліктің төресін тап
а) сиыр
ә) жылқы
б) түйе
20. Қазақ халқы қай малды көлік ретінде қолданған?
а) сиыр
ә) жылқы
б) қой
ІІІ. Қорытынды
Күні: 6.04. 2016
Тақырыбы: Бунақденелілер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бунақденелілердің сан алуандылығы,
олардың тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік беру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Оқушылардың өзін-өзі дамытуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Жұмбақтар шешу
а)Ұшып жүрген гүл көрдім,
Қонғанда ұстап үлгердім. (көбелек)
ә)Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (құмырсқа)
б)Еңбегі бапты, емгені тәтті,
Өмірлік нәрін гүлдерін тапты. (бал арасы)
Олай болса, көбелек, құмырсқа, бал арасы қай топқа жатады?
Жауап: Бунақденелілерге жатады.
- Біз бүгін сендермен «Бунақденелілер» деген тақырыппен танысамыз.
- Балалар, біз тағы қандай
бунақденелілерді білеміз?
1-тапсырма: Суретке қарап,
бунақденелілерлің аттарын атаңдар

-
Бунақденелілер де жануарларға жатады. Олар ұсақ болғандықтан, оларды жәндіктер деп атайды.
Бунақденелілердің 3 жұп аяғы болады және денесі бас, көкірек, құрсақ бөліктерінен тұрады.
2-тапсырма: Олар қалай көбейеді екен?
1.Жұмыртқа салып көбейеді.
2.Жұмыртқадан дернәсіл шығады.
3.Одан соң ересек жәндік пайда болады.
3-тапсырма: Бунақденелілердің зияндылығы қандай?
1. Ауру таратады.
2. Ауыл шаруашылығына;
3. Жеміс-жидектерге, көкөніс дақылдарына;
4. Үй жиһаздарына, азық-түлікке зиян келтіреді.
4-тапсырма: Төменде аталған жәндіктердің қайсысы сендерге таныс?
1. Сүңгір қоңыз
2. Инелік
3. Үй шыбыны
4. Түкті ара
5. Шегіртке
6. Маса
7. Тарақан
8. Дәуіт
Сергіту сәті
- Жадырап жаз келді. Көбелекке ұқсап ұшайық.(Қолдарын сермейді.)
- Көбелек әдемі гүлдерді көрді. Гүлге көбелек болып қонамыз.(Отырады.)
- Орманда жүрміз. Араның ұясын көрдік.
- Байқамай араның ұясын бұзып алдық. Арадан қорқып қашамыз.(Орнында жүгіреді.)
- Жүгіріп келе жатып, құмырсқаның илеуін кездестірдік. Құмырсқалардың тіршілігіне қарап таң қаламыз.(Бастарын шайқау).
- Сол сияқты еңбекқор боламыз. Сабағымызды жақсы оқимыз ба?
- Иә, жақсы оқимыз. (Басын шұлғып отыру).
ІІІ. Қорытынды
Күні: 13.04. 2016
Тақырыбы: Шегіртке мен Құмырсқа
Сабақтың мақсаты: Мысал мазмұнын түсіндіру. Адам бойындағы жақсы-
жаман қасиеттерді танып, баға беруге үйрету. Еңбексүйгіштікке, еңбекті бағалай білуге,жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Қызығушылығын ояту.
1.Ине бел, қылқа мойын, қара батыр.
Қара тауды арқалап бара жатыр. Бұл не? (құмырсқа)
2.Ат басты, арқар мүйізді, бөрі кеуделі, бөкен санды, қос қанатты, құмырсқа ізді, бота тірсекті. (шегіртке)
Шегіртке мен Құмырсқа
А.Құнанбаевтың И.В.Крыловтан аударған мысалы
Шырылдауық
шегіртке
Ыршып жүріп ән салған,
Көгалды қуып гөлайттап
Қызықтап жүріп жазды алған.
Жаздыгүні жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй
Жапырақ кетті, жаз кетті.
Күз болған соң кетті күй
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған қарны ашқан,
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады
Қар көрінді қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді.
Тымақ қиын іс болды.
Секіру қайда сүрініп?
Қабағын қайғы жабады,
Саламда жатып, дән жиған.
Құмырсқаны іздеп табады,
Сілкілеп келіп жығылды.
Аяғына бас ұра:
- Қарағым жылыт тамақ бер.
Жаз шыққанша асыра
- Мұның жаным сөз емес.
Жаз етерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап пе ең?
- Мен өзіңдей шаруашыл
Жұмсақ илеу үйлі ме?
- Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тимепті.
- Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де билей бер!
Тапсырма:
1.Құмырсқаның орнында болсаңдар, сендер не істер едіңдер?
2.Шегіртке мен құмырсқа бейнелері арқылы адамдардың қандай қасиеттерін көріп, байқауымызға болады?
3.Біздің ортамызда немесе өмірде сендерге сондай адамдар кездесті ме?
4.Шегіртке жазды қалай өткізді?
5.Шегірткенің жазды күні жағдайы қалай болды?
6.Ол құмырсқаға неге келді?
7.Шегірткені ақын қандай адамға теңейді?
8. Құмырсқаны ше?
9. Еңбек туралы қандай мақал білесіңдер?
«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» мақалының мағынасын сұрау. Олай болса Абай атамыз айтқандай, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп еңбекті сүю керек екен.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 20 .04 .2016
Тақырыбы: Бал арасының пайдасы
Сабақтың мақсаты: Бал арасының пайдасы, ара тұқымдары, араның
көбеюі, жұмыс қабілеті мен өмірінің ұзақтығы туралы кеңінен мәліметтер беру.

Омарта тұрғындары бір әулет
болып тіршілік етеді де, омартада қалыптасқан белгілі заңдар мен
ережелерге бағынады. Мұнда тұратын әрбір ара өзінің жұмыс орны мен
міндеттерін жақсы біледі.
Мидың төменгі жағы екі иіссезгіш бөліктерінен тұрады. Аралардың иіс сезу мүшелері мұрттарында немесе антенналарында орналасқан. Әрбір мұртында 500 мыңнан астам иіс сезетін сыңалаушалар бар.
Омартаға кіретін алаңшадағы күзетші аралар ұшып келген аралардың өз тұрғындары, не бөтен екеніне иісінен біледі. Араның екі күрделі, үш қарапайым – барлығы бес көзі бар. Аралар аса сезімтал, дәм айырғыш болады. Олар дыбысты, әсіресе темір жаңғырығын жақсы сезінеді. Олардың есту мүшелері алдыңғы сирағында орналасқан. Тәжірибелер арқасында барлаушы аралар өздерінің биімен омартадағы араларға тапқан тәтті нәр немесе тозаңдардың сапасы жайлы емес, сол табылған олжаларға барар жолдың қашықтығын хабарлайды.
Жаңа байқауға сәйкес барлаушы аралар «айналма» биін билегенде тәтті шырын жақын жерден екенін, ал «шайқалама» биін билегенде қашықта екенін хабарлайды. Олардың қарым-қатынас жасауы иіс сезу арқылы болады.
Аралар балауыз құрылысының бәрін түнде жасайды. Демек, оларға құрылыс кезінде көздің қажеті жоқ. Өйткені олардың сезім мүшелері жақсы дамыған.
Араның қорегі. Араның тіршілігі гүлдер мен тығыз байланысты.Аралар негізгі қорегі – гүлдерден тәтті шырындар мен гүл тозаңдарын жинайды.Өз тарапынан аралар да өсімдікке үлкен пайда келтіреді. Олар бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп, айқас тозаңдану жұмысын жүргізеді. Аралардың жұмысына қарай сол өсімдіктердің өнімділігі анықталады. Барлық қанттың орташа мөлшері тәтті шырында 35-40% болады. Тәтті шырынның түсі әр түрлі: мөлдір, қызыл, қоңыр, жасыл, сары т.б. болып келеді.
Бал. Басқа азықтық өнімдермен
салыстырғанда балдың артықшылығы ерекше зор. Ол сүйкімді дәмдік
қасиетін былай қойғанда, құнды дәрілік зат болып табылады. Бір
сөзбен айтқанда, ара балы – табиғаттың ғажайып сыйы.Бүгінгі таңдағы
ғылыми зерттеулер дәрігерлер мен философтардың ара балын ұзақ өмір
сүру диетасы деп есептеп,сонша жоғары бағалауының негізсіз емес
екенін дәлелденген.
Қазіргі кезде Қазақстанда 300
мыңнан аса ара әулеті бар. Оның жүз мыңға жуығына ара өсіруші
әуесқойлар мен тәжірибелер омарташылар ұстайды. Омарта шаруашылығы,
әсіресе Шығыс Қазақстанда дамыған. Мұнда ара өсіретін арнаулы
төртшаруашылық бар. Республика бойынша әр ұядан орта есеппен жыл
сайын 40-50 кг-нан бал жиналады. Сондай-ақ, Алматы және басқа
облыстардың шаруашылықтары мен жеке әуесқойлары да араны көптеп
өсіруде.
Бал арасы мыңдаған гүлдерге ұшып-қонып жүріп бал жинайды. Ондаған шақырымдарға ұшып барып, компассыз-ақ күнге қарап қайта айналып ұясын таба алады. Керемет инженер сияқты алты бұрыш етіп, геометриялық пішінде бал ұяшықтарын жасайды. Аралар бал ұяшықтарын неліктен алты бұрышты етіп жасауда? Неге сегіз бұрыш немесе үш бұрыш яки бес бұрыш емес? Математиктердің есебі бойынша алты бұрышты бал ұяшықтарын жасауда ең аз материал қолданылып, оған ең көп мөлшерде бал сыяды екен. Яғни, алты бұрышты бал ұяшықтары аралар үшін ең тиімдісі болмақ. Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданған тәсілі өте таңғаларлық. Аралар бал ұяшықтарын жасаған уақытта бөлек-бөлек екі-үш жерден бірден бастайды. Яғни, бір топ ара бөлек-бөлек жерден бастап, бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды сосын бір-бірімен біріктіре отырып бал ұяшықтарын тоқып, сосын барлығы ортада кездеседі екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен біріктірілген тұстары өте шеберлікпен іске асқандықтан кейіннен біріктірілгендіктері мүлдем байқалмайды.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 27. 04.2016
Тақырыбы: Жәндіктер арқылы болжам жасау
Сабақтың мақсаты: Жәндіктер арқылы болжам жасаудың ерекшелігін,
халық болжамдарының ерекшеліктерін түсіндіру.

Табиғат жұмыр жер бетіндегі барша тіршілік атаулының алтын бесік, құтты мекені болса, адам баласы үшін ең қасиетті де қастерлі ұғым. Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысынын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір өкілі ретінде сезіне білді. Табиғат құбылыстарының қайталанып келіп отыруын мұқият бақылау қазақ халқының шаруашылық өмірі үшін орасан зор тіршілік тұрмыстық маңызы болды. Халқымыз жыл мезгілдері мен әр жыл мезгілдеріндегі табиғат құбылыстарын көбінесе аспан денелері мен жан-жануарлар әрекетіне қарап болжаған.Осындай болжамдардың арқасында ата-бабаларымыз малдарын табиғат апаттарынан қорғап отырған.Қоршаған орта ауа, су, жер, ормандар сау болса ғана адамның өзі де сау болады.
Құмырсқа
Құмырсқалар илеуінен биік жерге көшсе, жаңбыр жауатындығынан дерек береді. Жаңбыр жауудың алдында ауаның ылғалдығы артып кететіндіктен, құмырсқалардың ұясының іші ылғал әрі тымырсық болады. Бұл кезде құмырсқалар биік жерге көшіп, ылғалдан сақтанады.
Өрмекші
Өрмекші, өзі тоқыған торының жағасына барып алса, жаңбыр жауады. Егер тордан шығып, жаңа тор тоқи бастаса, күннің ашық, ыстық болатынынан дерек береді.
Бал арасы
Бал аралары таң сәріде ұясынан ұшып шақса, сол күні күннің ашық болатындығынан, гүл шырынын жиып, ұясынан өте кеш қайтса, 2-ші күні де күннің ашық болатындығынан, егер бал арасы алысқа кетпей, ұясына қайта-қайта кіргіштей берсе немесе ұясына кіріп алып, қонақтаса ертеңінде жаңбыр жауатындығынан дерек береді.
- Біздерге жәндіктердің пайдасы өте зор.
Өрмекшінің өрмегі қаны тоқтамаған жараға ем. Араның балын жаңғаққа араластырып қан айналымын жақсарту үшін пайдаланылады. Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, темір бар. Ол адам денесіне өте қажетті пайдалы азықтық ретінде қарастырылады. Миды қуаттандырады, қан айналысын жақсартады.Құмырсқадан амин қышқылын алады. Көбелектің талшығынан жібек мата алады.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 4 .05 .2016
Тақырыбы: Жәндіктер қалай дыбыстайды?
Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы тіршіліктің оянуын түсіндіру.
Жәндіктердің сыртқы түрі, тіршілігі, қимыл – ерекшелігі жайлы түсінікті бекіту.

Мен сендермен «Дыбысынан таны» жұмбақ ойынын жасырайын сендер, ненің дыбысы екенін табыңдар.
- Ж - ж - ж - ж!
- Бұл ненің дыбысы?
- Қане бәріміз қайталайық.
- З - з - з - з!
- Бұл ненің дыбысы?
- Қане бәріміз қайталайық!
Ара қалай дыбыстайды.
- Шегіртке қалай дыбыстайды?
- Шр - шр - шр - шр. /дыбыстарын тыңдайық/
Ал кім жәндіктер туралы тақпақтар біледі?
«Жәндіктер»:
- Балалар-ау, балалар?
Алаңқайға шығайық,
Көктем тілін ұғайық.
Құрт-құмырсқа көбелек,
Ұшып жүрген бөгелек.
Ара, ара, аралар,
Гүл қауызын жағалар.
Оны баққан ағалар,
Шелек, шелек бал алар.
Инелік - ау, инелік,
Қаша берме именіп.
Түспей -ақ қой торыма,
Қоншы келіп қолыма.
Анықтап бір қарайын,
Суретіңді салайын.
- Бұл қоңыздың дыбысы:
- Ж - ж - ж - ж!
- Бұл шыбынның дыбысы:
- З - з - з - з!/жіңішке/
Масаның дыбысы:
- З - з - з /жуан дыбыспен/
Ке - ке - ке, шырылдауық шегіртке,
Ші - ші, торын құрар өрмекші.
Ра - ра - ра бал жинайды ара.
Ын - ын - ызылдайды шыбын.
Са - са - шағып алар маса.
Ек - ек гүлге қонар көбелек.
ІІІ. Қорытынды
Күні:11.04.2016
Тақырыбы: Көбелектер әлемі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғат әлеміне деген әдемілігіне
қызығушылығын арттыру, бояулардың түстерінің мәнін түсінуін қалыптастыру.

Бар екен бір мақұлық ұннан майда,
Өз басын тігеді екен қиын жайға.
Ұстасақ үгітіліп жоғалады,
Дамылдап отырмайды ешбір жайға.
Дұрыс, жұмбақтың шешуі көбелек екен. Ол ұшады, қонады, қанатын ашып қонады, көбелектер гүлді шаңтозаңнан, күн ыссылығынан қорғайды екен.Тек олар қысқа өмір сүреді екен. Балалар, көбелек әдемі, ол нәзік.
А. Сәрсеновтің «Көбелек» өлеңін оқып беру:
Мен тимеймін,
жасқанба,
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда,
Гүлдерімді көре кет.
Тұтқиылдан састыра,
Жаңбыр жауса себелеп.
Тақиямның астына,
Тығыла ғой, көбелек.
Бүгін осы көбелектер туралы
көп нәрсе үйренеміз.
1. Олар көрмейді және естімейді.
2. Тек жылы мезгілде ғана тіршілік етеді.
3. Олар қуыршақтан пайда болады.
4. 4 қанаты бар, өте нәзік, гүлмен қоректенеді.
5. Қыста ұйықтап жатады.
Сұрақ-жауап:
- Көбелектер қайда жұмыртқалайды?
- Жұмыртқалары неге айналады?
- Олар немен қозғалады?
- Содан кейін не болады?
- Көбелек қалай шығады?
- Немен иіс сезінеді?
- Көбелек немен қоректенеді?
ІІІ. Қорытынды
Күні:18. 04. 2016
Тақырыбы: Жәндіктер туралы қызықты мәліметтер
Сабақтың мақсаты: Жәндіктер туралы қызықты мәліметтермен
таныстыру, оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Ара мен құмырсқалар еңбек етпейтіндерін талап өлтіреді екен.
-
Дәуітті, өрмекшіні өлтірмейді.
-
Құмырсқа су астында аз уақыт болса да өмір сүре алады.
-
Көбелектер отқа түсіп өледі.
-
Қандала мен бүрге түбіт үстінде жүре алмайды.
-
Жауынды-шашынды, бұлтты, желді-дауылды күндері шегіртке шырылдамайды.
-
Қазіргі уақытта бунақденелілердің кем дегенде бір миллион түрі белгілі, ал кейбір ғалымдардың пікірінше, олардың саны он миллионға жетуі де мүмкін.
-
Құмырсқалар секілді басқа да бунақденелілер өз салмағынан бірнеше есе ауыр заттарды таси алады.
-
Бүрге өз бойынан 130 есе биіктікке секіре алса, жұлдызқұрттардың бұлшықеттері адамдікінен алты есе көп.
-
Мүйізтұмсық қоңыз өз салмағынан 850 есе артық салмақты көтере алады.
-
Бунақденелілер кез келген жерде өмір сүреді және қорек талғамайды.Олардың басында көздері, аузы, екі мұртшасы орналасады. Бунақденелілердің көбісінің қанаттары бар.
ІІІ. Қорытынды
Күні: 25. 05 .2016
Тақырыбы: Қорытынды тест жұмыстары
Сабақтың мақсаты: Жылдық білімді қорытындылау

1.Қоршаған дүние деген не?

ә) табиға,нәрселер, заттар
б) адам қолдан жасаған заттар
2.Өлі табиғатқа нелер жатады?

5. Адам қолымен жасалған заттар
а) адам, жануар, өсімдік
ә) күн, ауа, су, тас, тау, құм, саз
б) ұшақ, орындық, машина, компьютер
6. Табиғат адамға не береді?
а) адам, жануар, өсімдік
ә) тау, тас, құм, су, саз
б) ауа, су, тағам, жылу, жарық
7. Табиғи құбылыстарды тап
а) жаңбыр, қар, бұршақ, найзағай
ә) күн, жер, су, тау, тас, құм, саз
б) адам, жануар, өсімдік
8. Адам көп нәрсені неден үйренеді?
а) табиғатан
ә) жануардан
б) өсімдіктен
9. Табиғатты не үшін қорғану керек?
а) өмір сүру үшін
ә) үйрену үшін
б) демалу үшін
10. Табиғат сұлулығы дегенге қалай түсінесің?
а) өсімдіктері, жануарлары
ә) табиғат байлықтары
б) айналаны қоршаған дүние
11. Табиға құбылысын тап
а) өсімдік
ә) қар
б) жануар
12. Күзгі жапырақтардың түсі қандай?
а) көк
ә) жасыл
б) сары
13. Күзде ауа-райы қандай болады?
а) бұлтты
ә) жаңбырлы
б) ашық
14. Бақта нелер өседі?
а) жеміс-жидек
ә) көкөніс
б) гүлдер
15. Бақтың достарын тап
а) құстар
ә) құрт-құмырсқа
б) ара
16. Бақтың зиянкестерін тап
а) құстар
ә) құрт-құмырсқа
б) адам
17. Бақшада нелер өседі?
а) жеміс-жидек
ә) көкөністер
б) гүлдер
18. Бақшаның зиянкестерін тап
а) орамжапырақ көбелегі
ә) құстар
б) көбелектер
19. Жемісті тап, белгіле
а) алмұрт
ә) қияр
б) сәбіз
20. Көкөністі тап, белгіле
а) алма
ә) қарбыз
б) жүзім
21. Жабайы аңдарды тап
а) аю
ә) түйе
б) ит
22. Қыста ұйқыға кететін аңды тап
а) түлкі
ә) борсық
б) қоян
23. Табиғатта өз бетімен тіршілік ететін жануарларды қалай атаймыз?
а) жабайы аңдар
ә) үй жануарлары
б) аңдар
24. Адам күтіп бағатындарын қалай айтамыз?
а) жабайы аңдар
ә) үй жануары
б) аңдар
25. Бунақденеліні тап
а)ара
ә) басқа
б) жылан
26. Құсты тап
а) көкқұтан
ә) жайын
б) кесіртке
27. Қысқы табиғаттың ерекшілігі қандай?
а) Даланы қар басады
ә) Жаңбыр жауады
б) күн бұлттанады
28. Қысқа азық қорын дайындамайтын аңдарды тап
а) аю,борсық,кірпі
ә) қасқыр,қоян,түлкі
б) Үй жануарлары
29. Қыста қалатын құсты тап
а) қарлығаш
ә) қарға
б) көкек
30. Үй жануарлары қыста қайда болады
а) қорада
ә) далада
б) өрісте
ІІІ. Қорытынды
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Таңдау курсы Тақырыбы "Жануарлар әлеміт" 2 сынып. Дайындаған: Суюнгалиева Айгүл Токпановна

шағым қалдыра аласыз