Материалдар / Тәңірлік.Ежелгі түркі дүниетанымындағы тәңірліктің орны.Иудаизм.Тора және Талмуд
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәңірлік.Ежелгі түркі дүниетанымындағы тәңірліктің орны.Иудаизм.Тора және Талмуд

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер үшін сабақ жоспары зайырлы дінтану пәнінен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2019
3277
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9- тақырып. Тәңірлік.Ежелгі түркі дүниетанымындағы тәңірліктің орны.Иудаизм.Тора және Талмуд


Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1.Оқушыларға Тәңірлік.Ежелгі түркі дүниетанымындағы тәңірліктің орны.Иудаизм.Тора және Талмуд туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік қасиеттердің

маңызын түсіндіре отырып, олардың білімін қалыптастырып, дамыту.

2.Оқушылардың аналитикалық ойлау, есте сақтау, теологиялық тұрғыдан ойлауға және сыни көзқарастарын дамытуға ықпал ету.

3.Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, діни-саяси мәдениетке баулу.

Мақсаты: діни сауаттылықтарын қалыптастырып, тұжырымдау дағдыларын дамыту.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: қима-қағаздар, жетондар, трек-сызба, кубик, тақта т.б.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Әдісі: интерактивті оқыту әдісі.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Жаңа материалды түсіндіру


Тәңірлік

Түркілер тәңірлік дінге сенген.Орхон-Енисей сияқты көне түркі жазба деректеріненежелгі түрік таайпаларының бір құдайға сенгенін білеміз.Құдайларын «Тәңір»немесе «Көк тәңірі»деп атаған.Түркілер от пен суда кие бар деп ұққан.От отыннан,отын судан бастау алады. Сондықтан су-береке,тоқшылық,тазалықтың нышаны,ал от тазалықтың белгісі деп білген. Тәңір деген ұғым «Күлтегін» жырында бар:

Биікте көк Тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаралған, - дейді. Яғни, Тәңір түркілердің түсінігінде жарылқаушы, бірақ Жартушы емес. Ол–оның барлығы және барша жаратылыстың тағдырын айқындаушы әміршілігі.Бұл жерде Тәңір–оның жолындағыларды мақсатқа топтастырушы, қуаттандырушы ұлы күш. Түркілердің дүниетанымына оптимизм тән. Биік көктегі Тәңірі оларға қиял, арманына қанат, жүрегіне қайрат беретін тұңғиық. Биікке бас ию, биіктікті аңсау адамды өршіл философияға талпындырады. Биіктікке ұмтылу–ерлік, батырлық философиясы.Түркілер үшін өздерінің күш-қайратын жұмсайтын нәрсе тіптен де абстрактілі емес, олар дүниетанымын «ел» деген ұғым арқылы білдірген. Түркілер «ел» ұғымына қасиетті Жер-Суды және Тәңірді сидырған.



Иудаизм.

Көне еврейлердің діні көп жағынан өзге діндерге қарағанда ерекше. Бұл дін әрі еврей халқының тарихы. Ал еврейлер тарихы, бейнелеп айтқанда, адамдар мен құдайдың қарым-қатынасының тарихы. Сондықтан да ол жай ғана тарих емес, Қасиетті тарих деп аталады.

Бұл діннің ерекшелігі сол, оны жасаушы еврей халқының өздерін құдайдың ықыласы ауған

ерекше халықпыз деп санауында.Еврей халқының өмірінен, оның рухани дүниесі мен мұраларынан Інжілдің (Библия) ең көнедегі үлгісі–Көне өсиеттер көптеген қызғылықты мәліметтер береді.Көне өсиеттерді христиандар өздерінің діни кітабы санайды. Сонымен бірге ол еврейлердің қазіргі діні–иудаизм діні Қасиетті жазуларының да негізі болып табылады. Христостың өзі де еврей халқының ортасынан шыққан пайғамбар, христиан діні мен иуда дінінің арғы тамыры бір жерден барып қосылады.«Еврей» деген сөз, ғалымдардың пайымдауынша, «өзеннің арғы бетінен келгендер» немесе «кезбелер» дегеннен шыққан.


Тора және Талмуд


Біздің дәуіріміздің ІІІ ғасыры шамасында Талмуд аталған жаңа қасиетті кітаптар пайда болды. Ол жүздеген жылдар бойы орныққан діни, заң, тұрмыстық, тағы басқа ережелерден тұрады. Бұл кітаптың иудаизм үшін маңыздылығы сондайлық, ол пайда болған уақытты Талмуд тарихы кезеңі деп бөліп айтады. Талмуд пен Тора пайда болған уақыты жағынан да, мазмұны мен құрылымы жағынан да бір-біріне ұқсамайды. Талмудтың тұнғыш үлгісі Палестинада, екіншісі Вавилонда жасалды. Осыдан, олар иерусалимдік және вавилондық деп бөлінеді.2. Еврейлер құлшылықты өз үйлерінде де, синагогаға жиналып та жасай береді. Құлшылық жасайтын үйдің Иерусалимге қараған қабырғасына Көне Өсиеттерде айтылатын кеме бейнесі орнатылып, оған иленген былғарыға қауырсынмен жазылған Тора мәтіндері қойылады.



III. Сабақты қорытындылау.


1. « Тәңір» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

2. Көнедегі түркілердің дүниетанымы туралы не білесіңдер?

3. Тәңірді діни сенім түсінігінде ұғыну дегеніміз не

4.Иудаизм ілімінің ерекшеліктері қандай?

5. Иудаизмнің қандай қасиетті кітаптарын білесіндер?




IV. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру § 10.

V. Үйге тапсырма.

§ 9 оқу, талдау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!