Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Таным" білім беру саласы , Математика негіздері, "Жолда абай бол!"

Материал туралы қысқаша түсінік
математика негіздері бойынша ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі:  Математика негіздері

Сабақтың тақырыбы: «Жолда абай бол!»

Білімділік мақсаты: Балаларға жолда жүру тәртібін түсіндіре отырып, бағдаршам туралы түсінік беру, машина мен жаяу адамның жүрісін, жылдамдығын салыстыру. Баяу, тез ұғымдарын қалыптастыру арқылы жылдамдықты анықтай білуге үйрету.

Түзету-дамытушылық: Креативті ойлауын, қиялын, дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелілігі: Жолда жүру ережесін сақтай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Бағдаршам макеті, жолды, жаяу жүргіншілер жолын бейнелеу, машина макеттері, аңдар суреттері, автобус макеті.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, жаттығулар, ойындар




Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеттері

Балалардың іс-әрекеті

мотивациялық

қозғаушы

Мысықтың дыбысы естіледі.

Мысық кіреді:

  • Сәлематсыздар ма, балалар! Мені таныдыңыздарма? Иә, мен мысықпын. Балалар, мен адасып қалдым. Үйіме бара алмай жатырмын, жолдан өте алмаймын, себебі машиналар көп. Сіздер маған көмектесесіздер ма? Ендеше кеттік.

Барлығы автобусқа отырады. Музыка ырғағымен жолға шығады.

- Балалар, қараңыздаршы, жолда машиналар көп екен. Біздерді өткізбей тұр.

- Балалар , машиналар қалай қозғалады?

- Ал, адамдар қалай қозғалады?

- Енді, жолдан өту үшін бізге не қажет?

Бағдаршам туралы түсінік беру.

  • Бағдаршамны неше көзі бар?

  • Қызыл көзін ашса не істейміз?

  • Сары көзін ашса не істейміз?

  • Жасыл көзін ашса ше?

  • Ал, біздің бағдаршам жасамай тұр екен. Қане, оған көмектесеміз бе?

«Бағдаршам» дидактикалық тапсырма

Мақсаты: Бағдаршам көздерінің түстерін ажырата отырып, рет-ретімен орналастырып, жапсыру.

Әрі қарай жолға шығу.

  • Балалар, қараңыздаршы, мынау жерден қандай жолды көріп тұрсыңдар?

  • Иә, бұл жаяу жүргіншілер жолы деп аталады. (Жаяу жүргіншілер жолы туралы мағлұмат беру)

  • Бұл жолдан жаяу өтуіміз қажет. Бірақ жолда аю отыр екен. Бізді өткізбеймін дейді. Оның тапсырмасы бар екен.

Аюдың тапсырмасы. Суретпен жұмыс.

Мақсаты: Суретте бейнеленген аңдардың атауларын атап, салыстыру. Мысалы, жылқы қалай жүреді? (тез) Тасбақа қалай жүреді? (баяу)

  • Балалар , мынау менің үйім ғой. Алақай! Біздер ұзақ жол жүрдік. Мен шаршап қалдым. Қарным да ашты. Маған тағам әзірлеп бересіздер ме?

Ойын «Дәмді пицца»

Мақсаты: Балаларға пицца пішіні мен тағамдар түрлері беріледі. Өз қалауларынша пиццаны әрлеп, тағамдарды жабыстырады.




  • Салематсызба!

  • Иә, таныдық.






  • Иә, көмектесеміз.










  • Тез


  • Баяу



  • Бағдаршам




  • 3 көзі бар


  • Тоқтаймыз



  • Дайындаламыз



  • Жүреміз



  • Иә

Балалар бағдаршамның түстерін ажыратады. Көздерін рет-ретімен жапсырады.


  • Жаяу жүргіншілер жолы










Балалар сурет бойынша жұмыс жасайды, сұрақтарға жауап береді.










Ойын шартымен таныса отырып, пицца әзірлейді.







Қорытындылау


- Қандай керемет! Қарным да тоқ, рақмет сіздерге балалар!

«Тез, баяу» ойыны.

Мақсаты: тез – аяқпен соғу, баяу – қолмен соғу.

Балаларды мақтап, мадақтау.

Әр түрлі жабыстырмалар беру.






Балалар тез болса аяқпен соғады, баяу болса қолмен соғады.




Күтілетін нәтиже: Балалар жолда жүру ережелерімен, жаяу жүргіншілер жолымен таныса отырып, баяу, жылдам, тез ұғымдарын меңгереді.

Біледі: Баяу, тез ұғымдары туралы біледі.

Игереді: Баяу мен тез ұғымдарын ажыратуды игерді.

Меңгереді: Баяу және тез ұғымдарын салыстыра отырып, меңгерді






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.06.2021
433
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12