Мен сурет салуды жақсы
көремін.
Топтағы Әділет деген баланың
суретке деген қызығушылығын көріп соны бақылауға ала бастадым. Ол
боямақтарды, көрген заттарын салып бояғанды жақсы көретінің көрдім.
Оның бұл қызығушылығын осы жаңаша оқыту курсынан кейін байқап,
бақылауыма алдым.
Оған боямақтардың түрлісін,
аяқталмаған суреттерді аяқтап, бояйтын суреттерді шығарып беріп
отырдым. Әділеттен сурет салу деген не, қалай оны түсінетінің,
неғып суретті жақсы көресің?- деп сұрақтар қойып баланың ойын
білдім.
Ол дербес ойын уақытында,
ұйымдастырылған оқу қызметінен кейін сурет салуға сұранады.
Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде болмайды, сурет
сабағында, түстен кейінгі уақытта боямақ боятатыңбыз. Ал мына
жаңаша оқу бағдарламасында балаға дербестік беру керек, бала өзі
таңдайды. Содан баланың қызығушылығын ескеру керек деп түйдік.
Әділет өзінің алғыс күніне деген көзқарасын бізге гүл салып
ортасына рақмет деп сөз жазыпты. Аналар күніне де, анасын және
қасында өзін гүл сыйлап тұрған суретін салыпты. Оның бұл суретке
деген қызығушылығын балалар да қызықтап, қасына отыра қап сурет
салатын болды. Суретке деген қызығушылығы тоқтап қалмасын деп оған
керекті ресурстарды дайындап бердім.
Оның сурет салуға деген
мүмкіндігін барынша жасап отырдым. Аз ғана уақытта баланың қандай
қызығушылықта болатының көріп және бақылауға алуға болатының осы
бағдарламаның тиімділігі көріңді. Баланың топта ғана мүмкіндігімен
шектелмей, серуенге шыққанда асфальт үстіне түрлі бормен де сурет
салуды ұсыныс жасалды. Баланың қиялынан туындаған суреттер ма,
көзімен көріп салған суреттер, дайын суреттерді бояу, аяқталмай
қалған суретті аяқтауға деген мүмкіндіктер беріліп
отырды. Ол көктемгі мезгілдегі
құстардың суретін салайыншы деген соң оған жыл құстары туралы
слайдты көрсетіп, олардың тіршілігі туралы
айттым.
Ол көктем жаршысы
қараторғайдың суретін салуға ниет білдірді.
Оған ағашта қонақтап
отырған қараторғайдың аяқталмай қалған суретін аяқтап бояуға
бердім.
Суретті аяқтап оны бояумен
бояды. Баланың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, оны ары
қарай дамытуға үлесімізді қосамыз. Қасындағы балалардың да сурет
салғысы келіп, олардың да қызығушылығы
артты.
Қорыта айтқанда баланың
қызығушылығы ескерілді, бала үні, креативтілік, коммуниактивтілік,
4К моделі, саралау, тікелей бақылау болды. Бала өзінің таңдауымен,
өзінің қызығушылығын көрсете білді.
Баланың қызығушылығы туралы
ата-анасымен де сөйлесіп, үйде ол суретке деген қызығушылығы барма,
қалай деп сұрадық. Анасы оның суретке деген қызығушылығы барын,
үйдің қабырғаларына суреттер салып тастаған соң көргенің, содан
оған әр түрлі боямақтар алып бергенің айтып берді. Ол боямақтарды
бітіріп тастап отырған соң оған компьютерден көліктердің, аңдардың,
құстардың, ұшақтардың түрлерінің суреттерінің сұлбаларын шығарып
беріп отырғаның айтты. Бізде оған әр түрлі боямақтарды, суреттердің
сұлбаларын шығарып беру арқылы ресурстармен қамтамасыз етіп
отырдық.
Косканбаева Куралай
Нуртаевна.
Тәрбиеші.
Ақсу ауданы. Қапал
ауылы. «Бөбек балалабақшасы» МКҚК.