Танымдық қабілетін ойын арқылы дамыту - баланың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу
машығы өзгереді, таным белсенділіктері қалыптасып, ақыл – ой
процесі өсіп – жетіледі, түрлі адамгершілік қасиеттерді бойына
сіңіреді. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір – біріне
деген қайырымдылық, мейірімділік, достық, жолдастық, бауырмалдық,
ортаны сыйлау сезімдеріне тәрбиелеуге болады. «Адам өркениетті
болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен
қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалар
еді», - деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой – дүниесінің
өркен жаюы ойынға тікелей байланысты екенін атап көрсеткен.
Ойынның дамуы бала психикасының үдемелі өзгеруіне ықпал жасайды.
Ойында психикалық үрдістер (таным процестері): қабылдау, зейін, ес,
сөйлеу, қиял, ойлау қалыптасады, танымдық қызығушылығы артады – бұл
баланың ой - өрісін кеңейту қажеттігін туғызады. Бала бойында
қалыптасқан танымдық процестерді біртіндеп дамыту мақсатында ойын
түрлерін де біртіндеп күрделендіріп, балаға байқатпай көздеген
мақсатқа бұрып отыру арқылы біз өзіміздің түпкі мақсатымызға
жетеміз – ол – балада ойын әрекеті арқылы қалыптасып келе жатқан
психикалық үрдістерді біртіндеп дамытып отыру. Ол үшін мен баланың
таным процестерін қалыптастырып, дамытуға арналған әдістемелік
ойындарға сәйкестендіріп топтағы әр балаға жеке – жеке Танымдық
қабілеттерінің даму картасын жасадым. Жыл бойы әр психологиялық
үрдіс бойынша жүргізілген ойын нәтижесін бағалап, даму деңгейі
туралы қорытынды бағаны түсіріп отырамын.
Мысалға, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын дамыту
мақсатындағы ойындар «Бұл не? Қалай аталады?» әдістемелік ойынын
өткізу үшін әр түрлі суретті 25 - 30 карточка дайындап, балаға жеке
- жеке көрсетіп, суреттің атауын сұраймын. Бала ойынға белсене
араласып, жарыса жауап беріп жатады – менің «жасырын көздеген
мақсатым» да осы, яғни баланы сөйлету, сөздік қорын дамыту.
Нәтижесі картаға түсіріледі. Келесіде жоспар бойынша одан
күрделірек ойын: «Сурет бойынша әңгіме құрастырайық», «Жалғастыр»
Әр ойын – тапсырманың нәтижесі балл түрінде картаға түсіріліп
отырылады. Сол сияқты баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуға
қатты көңіл бөлемін. К. Ушинский: «логикалық ойдың, пікірдің дамуы
баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім
айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.
Сондай - ақ, кімде – кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең
алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс,», - деп атап көрсеткен
болатын. Осыған байланысты ойлау қабілетін арттыруға арналған «Сен
білесің бе?», «Бұл қай кезде болады?», «Суреттерді
аяқтайық»ойындары, Зейінді қалыптастырып, дамытуға арналған «Не
өзгерді?», «Түймелер», «Жұпты суреттер» ойыны, Қабылдау қабілетін
дамытуға арналған «Пирамидалар, жинағыштар, таяқшалар,» «Кубиктер»,
«Таңғажайып дорба,», Есте сақтау қабілетін арттыруға арналған
«Суреттерді есіңде сақта,» «Түрлі - түсті доптар,» «Көлеңке», бала
қиялын дамытуға арналған «Гүл», «Алып бер», «Аяз Атаның үйі»
ойындары бойынша әдістемелік ойын сабақтарын ойната отырып баланың
оқу жылының бастапқы, орта және қорытушы кезеңдеріндегі танымдық
қабілеттерінің қалыптасу барысына диагностика жүргіземін.
Жыл соңында әр топтағы балалардың таным қабілеттерінің дамуына
жүргізілген диагностикалық жұмыс нәтижесінің қорытындысы шығарылып,
ортақ балы есептеледі, мониторинг жасалынады. 2 - 3 жылғы
мониторинг қорытындысын салыстыра отырып, баланың психологиялық
танымдық тұрғыда даму деңгейі анықталады, және ол мониторинг
көшірмесі баланың болашақ сынып жетекшісіне беріліп, ол баламен ары
қарай жұмыс жүргізу деңгейі қарастырылады, яғни балабақша мен
мектептің үздіксіз байланысы жүзеге асады.
Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, ойын – баланы зерттеудің басты
диагностикасы. Ойын баланың интеллектуалдық мүмкіндігіне,
мінездерінің ерекшеліктеріне, бір – бірімен қарым – қатынасының
сапасына ықпал етеді. Кез – келген ойын барысында ойынды бас таушы,
қостаушы, ойынды өздігінен қалаған арнасына бұруға әрекет етуші
(лидер) айқын көрініп отырады. Ойын барысында баланың осы
әрекеттерін бақылай отырып педагог – психолог бала жайлы өзіне
қажетті мағлұматтарды жинақтайды. Сонымен қатар ойын кезінде баланы
дамытудың жаңа биік кезеңін дайындайтын нақты психикалық өзгерістер
болады. Ойын барысында баланың қиялы толығымен көрінеді.
Қорыта келгенде, ойын:
1. Әр түрлі жастағы балаларды өз еркімен дамыту әрекетінің
түрі;
2. Бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айналаны
қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, өзін – өзі тануы, өзін – өзі
көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.
3. Даму тәжірибесі, бала ойын үстінде дамиды, даму үшін
ойнайды.
4. Балалар қарым – қатынасының негізгі ортасы, ойын барысында
құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым – қатынас
қалыптасады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Танымдық қабілетін ойын арқылы дамыту

шағым қалдыра аласыз