Танымдық сабақ: «Бәрін білгім келеді»
Мақсаты:оқушылардың меңгерген білім деңгейлерін одан әрі жетілдіру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениеттерін жетілдіру; білімді, жан-жақты болуларына ықпал ету, білім мен біліктілігі арқылы ой-өрістерін дамыту; ұшқырлыққа баулып, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу; ұйымшылдыққа, тәртіптілікке тәрбиелеп білімдерін одан әрі жетілдіре түсуге ынталандыру;ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту;
Ойын-сайыс барысы:
-
«Тапқырлық»
-
«Тіл өнер»
-
«Ғажайып жетеу»
-
«Жаңғырған салт-дәстүрлер»
-
«Ойлан, тап»
-
«Кім, жылдам?»
-
«Ғажайып пәндер»
Сабақ алдындағы психологиялық тренинг. Музыка баяу ойнап тұрады. Бүгінгі сайысқа үлкен белсенділікпен қатысу үшін, сайысқа қатысушылар бір-бірлеріне жылы сөздер мен жақсы ниеттерін білдіреді.
Сайысымыздың бірінші шарты бойынша: «Тапқырлық». Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру.
I сайыс: «Тапқырлық»
-
Тіл тас жарады, тас жармаса .....(бас жарады)
-
Бал тамған тілден, ....(у тамады)
-
Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты .....(сөз бұзар)
-
Жақсы сөз - .......(жарым ырыс)
-
Қаһарлы сөз .....(қамал бұзар)
-
Шебердің қолы ортақ, шешеннің .....(тілі ортақ)
-
Жақсы байқап сөйлер, жаман ....(шайқап сөйлер)
-
Бас кеспек болса да, .....(тіл кеспек жоқ)
-
Дәлелсіз сөз ......(желмен тең)
-
Піл көтермегенді.......(тіл көтереді)
Дұрыс жауабын бірінші тапқан оқушыға ұпай саналып отырады.
(ең жоғары ұпай -5)
II cайыс «Тіл өнер».Жұмбақтың шешуін тауып, үш тілде айту.
-
Өнер алды .....тіл (қызыл – красный –red)
-
Жағалай-жағалай тас қойдым, жирен атты бос қойдым (тіс пен тіл, зуб и язык, tooth and tongue)
-
Ана ауылдың бурасы, мына ауылдың бурасы желкілдейді шудасы(түтін-дым-smoke)
-
От басында құмған, екі көзін жұмған. (мысық-кошка –cat)
-
Белі бүкір, алысқа түкір (мылтық-ружье-gun)
-
Отқа жанбас, суға батпас. (мұз-лед-ice)
-
Асты тас, үсті тас, ортасында шандыр бас, (тасбақа-черепаха-tortoise)
-
Жақпар тастың астында, қызыл тонды қыз жатыр. (түлкі-лиса-fox)
-
Тіріден өлі туады, өліден тірі туады. (жұмыртқа- яйцо-egg)
-
Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді (көз-глаза-eye)
III сайыс «Ғажайып жетеу»
-
7 жұт дегеніміз не? (құрғақшылық, топан су, жер сілкіну, өрт, оба, жұт, соғыс)
-
7 атаны ата (бала, әке, ата, арғы ата, баба, туа ата, тек ата)
-
7 жоқ туралы не білесің? (жерде өлшеуіш, аспанда тіреуіш, тасбақада талақ, Аллада бауыр, таста тамыр, жылқыда өт, аққуда сүт жоқ)
-
7 қазынаны ата (ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы, берен мылтық)
-
7 септік жалғауы (атау, ілік, барыс, жатыс, табыс, шығыс, көмектес)
IV сайыс «Жаңғырған салт-дәстүрлер».
Салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.
-
Құдайы тамақ беру деген не?
-
Ұлттық киімдерді атап бер.
-
Беташар туралы не білесің?
-
Қандай туыстық атауларды білесің?
-
Ұлттық ойындарды атап бер.
-
Бата беру дегенді қалай түсінесің?
-
Ұлттық тағамдарды ата.
-
Шілдехана деген не?
-
Қымыз қалай жасалады?
-
Қандай салт-дәстүрлерді білесің?
Vсайыс «Ойлан, тап». Бұл кезеңде оқушылар тақтаға жазылған сөзден жаңа сөздер құрастырып айту керек.
Мысалы, «Қазақстан», «Дастарқан», «Бауырсақ», «Адамгершілік» сөздерін алуға болады.
«Дастарқан»
(Дастан, Қанат, қант, астар, стақан, арқан, ана, қан, дара, тарақан, сан, тарақ, ас, ар, ақ, тас, тақ, Асан, Ақан, ата, нас т.б.)
VI сайыс. «Кім жылдам?»
Әріптер таратылып, сол әріптерге байланысты сұрақтарға жауап беру қажет.
-
Ертегі оқисың ба?
-
Қалтаңда не бар?
-
Бөлме қандай?
-
Досың кім?
-
Анаңа еркелейсің бе?
-
Сабағың жақсы ма?
-
Аспанда не бар?
-
Жасың нешеде?
-
Нені жақсы көресің?
-
Түнде түс көрдің бе?
-
Кімге сәлем жолдайсың?
-
Қай пән ұнайды?
VII сайыс. «Ғажайып пәндер». Араластырып қойылған әр пәннен, сұрақтарға жауап беру.
-
«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам!» Өлең атауы, авторы кім? (С.Торайғыров, «Шәкірт ойы»)
-
«Маса» жинағының авторы? (А.Байтұрсынов)
-
Қазақ мақалдары туралы Абайдың нешінші қара сөзінде айтылған?
(29-қарасөз)
-
Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама. (температура)
-
Жерге ең жақын тұрған күндіз ғана болатын жұлдызды ата. (күн)
-
Ең алып ғаламшар (Юпитер)
-
Жердің табиғи серігі(ай)
-
«Вирус» сөзі латынша қандай мағына береді? (у)
-
Қай өсімдікте сабақ, тамыр, жапырақ болмайды? (саңырауқұлақ)
-
Егер өсімдік өсіп, гүлдеп, тұқым беріп, қурап қалса ол қандай өсімдік? (біржылдық)
-
Неше дүние бөлігі бар? (6-Европа, Азия, Африка, Америка, Австралия, Антарктида)
-
Дүние жүзіндегі ең терең көл? (Байкал)
-
Сандар тізбегін жалғастыр. 7, 19, 37, 61 ? (91) (12,18,24,30-ды қосып отырамыз)
-
Адамның өзімен өзі сөйлесуі. (монолог)
-
1 метрде не см бар? (100)
-
Есту мүшесі (құлақ)
-
Қазақстанда неше облыс бар? (14)
-
Екі адамның сөйлескен сөзі (диалог)
-
Қабанбай, Бөгенбай батырлар заманындағы хан (Абылай хан)
-
Исатай, Махамбет батырлар заманындағы хан. (Жәңгір)
-
Қазақстанда неше ұлт өкілдері тұрады? (140)
-
Түйе малының бір төлінің аты басқа екі малдың төлінің атынан құралған. Ол қандай төл? (тайлақ)
-
Жер шарында неше планета бар? (9)
-
ҚР рәміздері қашан қабылданды? (1991жылы)
-
Халық суретшісі? (Әміре Қашаубаев)
Қорытынды:Ұпай санын санап, көп ұпай жинаған оқушыларды марапаттау, жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды ынталандыру және алдағы уақытта оқушыларды көбірек оқып, жан-жақты болуға шақыру.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Танымдық сабақ: "Бәрін білгім келеді" бастауыш сынып

шағым қалдыра аласыз