Материалдар / Танымдық сағат "Желтоқсан шежіресі - елімнің мәртебесі" 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Танымдық сағат "Желтоқсан шежіресі - елімнің мәртебесі" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар бұл тарихи танымдық сағатта қазақ елінің тарихы, ұлттық құндылықтары, дәстүр- салты, айтулы тұлғалары жайлы ақпарат алады.Осы сынып сағаты бойынша сынып оқушыларының Отанға деген сүйіспеншіліктері, патриоттық сезімдері артады. Тарихи танымдық сағат бойынша ерлікке, елдікке тәрбиелейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1676
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

                          «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі»Мақсаты:    Білімділігі: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.Тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.Дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.Кіріспе сөз.Құрметті ұстаздар, оқушылар!Біз бүгін дүниені дүр сілкіндіріп, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, бейбіт шеруге шықты. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақтың ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды аға-апаларымыз қатысты. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армаандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.1-жүргізуші:Армысыздар, аяулы халқым менің!Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.Мереке басы болсын берекенің,Игі еңбек жемісінің бәрін жегін2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы болатын.1-жүргізуші:Әр дәуірдің еркіне сайНарқы өзгерген алтынның.Айналайын, алтын әнім,Жас өркені халқымның.Желтоқсанда шындық жырынШырқаймын деп шарқ ұрдың,Желтоқсанда егеменді,Ел болсақ деп талпындың.2-жүргізуші: 1986 жылы 17 – желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.1-жүргізуші:Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен оларға күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.1-оқушы:Нашақор деп, ұлтшыл деп,Қазаққа күйе жаққан күнБазары кетіп бір күндеҚайғыға халық батқан күнӘділдікпен шындықтыӨтірік жала жапқан күн.2-оқушы:Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланыңШарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.Қайрат, Ләззат, СәбираҚұрбаны болған жаланың.3–оқушы:Надан жасаған сұмдықтанАдамдар азап шекккен күн,Қасқалдақ  ұшып көліненШүрегей келіп қонған күн.Қырандар қуып көгіненҚарғалар билік алған күн.4–оқушы:Шектеліп ана тіліміз,Оқылмай өлең-жырымызЖабылып жатса мектептерЖадырар қалай күніміз?Тарылып жатса даламызҚайтіп біз тыныс аламыз?Қақымыз да жоқ айтуғаӘділет қайдан табамыз?5–оқушы:Бұрқ етті қазақ баласыКеудеге өршіп наласыАлаңға қарай ағылдыТаусылып барлық шарасыЖанымыз жомарт қазақпызМәңгүрт боп кете жаздаппызҚосайық басты, бауырлар,Жанайық жансақ маздап біз.6–оқушы:Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.7–оқушы:Жас арудың жанарында –Желтоқсан,Қанды ғасыр табанында –ЖелтоқсанҚаралы өмір қайыстырған халқымның,Қара тұман қабағында –Желтоқсан.Жауыздықты жасаған да-ЖелтоқсанЖаңа ғүмыр бастаған да –ЖелтоқсанЖазықсыздың көз жасына жуынып,Абақтыға тастаған да-Желтоқсан 8–оқушы:Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,Лаулааула!Желтоқсанның мұзда жанған алауы!Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!2-жүргізуші: Хор:  «Желтоқсан желі»
  • Көркемсөз. «Батыр ескерткішінің алдында»
1-жүргізуші:Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.2-жүргізуші:Бірақ қазақтың өр өлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы  – 23 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.1-жүргізуші:Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш  еткен Желтоқсан оқиғасы.9–оқушыҚақап күннің ызғарыСүйектен өтіп кеткен күн.Қаракөз қазақ қыздарынОМОН-дар бастап тепкен күнҚариялар итке таланып,Ел басын күрек шапқан күнАппақ қар қанға боялып,Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.10–оқушы:Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігінЕрлерім елдік үшін атой салып,Еншілер қайтарған бәйгелі күн.11–оқушы:Желтоқсан тағдырларға азалы күн,Қайраған намыстарын мазалы мұң.Қыршынынан қиылған боздақтарыҚалар мәңгі есінде Қазағымның.12–оқушы:Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.Тәуелсіздік билігі қолға қонған-Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.13–оқушы:Желтоқсан – жадымызда жаралы күнЖастарым жапа шеккен жаралы мұңЕркіндік, егемендік, елдігімдіЕмірене аңсады саналы ұғым.14–оқушы:Тарихым жатыр тасымда,Тіл қатып келер ғасырға.Азаттық деген ұғымныңЖелтоқсан тұрар басында15–оқушы:Бақтың құсы әр адамға қонып бір,О,Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!…..Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!…..2-жүргізуші:Хор: «Қазақстаным менің»1-жүргізуші:Күндік кешпей, мұз кешпей,Ат артында міңгеспей,Мұңдық болып мұңаймай.Тәкапәр нағыз құдайдайҚасқайып қарап тұратынАғасы өлсе іні боп,Жауына қарсы шығатын,Арыстандай алысып,Жолбарыстай жұлысқанҚыздары көп қазақтың – демекші өзінің жас өмірін қиып кете берген Сабира Мұхаметжанова өмір жолымен танысып өтейік.16–оқушы:(Сабираның өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.2-жүргізуші:Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынныңАйналайын, айналайын жас өркеніЖелтоқсанның қазаққаЫзғары көп тастағанНамыстан өлген ұлтиымныңҚыздары көп, қарағымӨр намыс иесі, қайсар, жас қыз Лаззат Асанова жайлы айтып өтсек.17–оқушы:әззаттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлы,ынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.18-жүргізуші:Еш алаңсыз бейбіт демонстрация күшпен басылып, қанмен тойтарылды, жас өмірлерді қиып кетті.Тәртіп қорғау санаға екті нені,Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?Азаматты сойылмен қанға бояп,Шаштан сүйреп, қыздарды тепкіледі-дей келе қанды Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік. 19–оқушы:(Ерболдың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол – Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 2000-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізді сақтап, аруағына бас иеміз.2-жүргізуші:Тарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағ,ыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.Соның бірі – Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.20–оқушы:(Қайраттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.1-жүргізуші:   Әр қазақтың есінде сақталады,Желтоқсандық өркендер ақталады.Ер намысын қорғаған сарбаздарым,Ерліктерің мәңгілік сақталады.III. Көрініс:      «Қайраттың тұтқындалуы».2-жүргізуші:Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай өатыгещдікті көрген оларға араша түсем деп жұргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.Миллиционер: – Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!Савицкийді өлтірген сен бе ?Қайрат:  – Жоқ, мен емес! Миллиционер: – Сен өлтірген мойныңа ал!Қайрат: – Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!Күнәдан таза басым бар,21-де жасым бар.Қасқалдақтай қаным бар,Бозторғайдай жаным барҚайрат деген атым бар,Қазақ деген затым бар,Еркек тоқты құрбандықАтам десең атыңдар!Миллиционер: Алып кетіңдер! Бәрібір құтылмайсың бұзақы.(Қайратты алып кетеді)2-жүргізуші:  Қайрат  ақынның түрмеде жазған өлеңдерінен үзінді тыңдаңыздар. (жай музыка жүріп тұрады)                   21-оқушы:    «Түрме жыры»Тор темір жамбасыма тақылдайсың,Өзіммен бірге туған жақындайсың.Телміріп темір торға қаматқаншаСұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың,Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнімҚу тағдыр татырды ғой  түрме дәмін,Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнімТас төбе, төрт қабырға, темір есік,Ас берер ортасында жалғыз тесік,Күніне ұстатады үш тілім нанӨлмейтін саған ішер осы нәсіп1-жүргізуші:Көрініс:     «Қайратты тергеу сәті».2-жүргізуші:Тұрыңдар! Сот келеді.Тергеуші:      Сот процесін бастаймыз!1-ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда ҚайратРысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?1-куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат оңбаған!Тергеуші: 2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат РысқұлбековтыңСавицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз распа?2-куәгер: Рас – рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Меніңқолымда түсірген бейнетаспа бар.Тергеуші:      Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.Қайрат:  Мен ұлтшыл да, кінәлі де емеспін.Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты дептабамын.Қайрат:   Хақ. о халқым!Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасынакесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім бар.(Қайғырған музыка журіп түрады)Ақтық  сөзі:Жалалы боп, қатты батты жаныма,Жазалаушы қағаз алдым қолымаЖігіттер ай, айтып айтпай не керекЖазған екен маңдайыма сорыма,Біріншіден мен анамды сағындым,Екіншіден бұл құдвайға не қылдымБостандықта еркін жүрген жан едімЕнді міне абақтыға жабылдым,Әкетай ау Пайғамбардай жасың барТуа бермес сіз секілді  асылдарҚартайғанда жүрегіңізді жаралап,Кесі
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!