400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Таныстыру сөзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға,ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ассалаумағалейкум,текті халқым,

Жаны рухты,жанары отты халқым!

Ақ бата,ақ тілектен қуат алып,

Бастағалы кеп тұрмын топты,халқым!


Жата алмаған тұлпардай дүбірді естіп,

Ала келдім алдыңа жырымды өстіп.

Жігіттердің сұлтаны атанайын,

Жіберген соң ауылым ұлыңды ес қып!


Нұрболат Әбілқайырұлы болам,

Елім деген жігіттің бірі болам.

Қаспын деген адамға қылыштаймын,

Доспын десе жылытар күні болам.


Тегім –Жайлы болады сұрасаңыз,

Барымды салам топта сынасаңыз,

Қанаттанып өнермен биік өрлеп,

Талаптанып біліммен қыр асамыз.


Руым-Адай,батырдың ұрпағымын,

Өрлік әнін,жүрегім,шырқа бүгін.

Бабалардың жолымен жүріп келем

Сол ұлы жолдан алып мың тағылым.


Махамбет пен Исатай-мақтанышым,

Намысым мен арымды жат танысын.

Бабалардың келемін ізін жалғап,

Дәстүрін қазағымның сақтау үшін


Ұстазымын қазақ тілі,әдебиеттің,

Жанашыры боламын мәдениеттің.

Алдарыңа шыққан соң, арда жұртым,

Келеді өрлігіңді тани кеткім.


Спортты серік еттім бала жастан,

Ашылды шырайланып маған аспан.

Домбыраны көремін сырласымдай,

Сол үшін қадамымды дара басқам.


Ағайын,пейіліңнен айналайын!

Ағайын,мейіріңнен айналайын!

Ұлыңды қолдап отыр,демеп отыр,

Қиқусыз,мен қалайша жайланайын!


Қырандай қанат сермеп,самғап келдім,

Серілердің дара жолын жалғап келдім.

Қиқулап,өреніңді қолдап отыр,

Өнерімді сіздерге арнап келдім!









Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты-

Мен жастарға сенемін!


Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға ар-

Мен жастарға сенемін!


Жас қырандар-балапан,

Жайып қанат, ұмтылған.

Көздегені кең аспан-

Мен жастарға сенемін!


Жұмсақ мінез жібектер,

Сүттей таза жүректер,

Қасиетті тілектер-

Мен жастарға сенемін!


Тау суындай гүрілдер,

Айбында алаш елім дер,

Алтын Арқа жерім дер-

Мен жастарға сенемін!


Қажу барма тұлпарға,

Талу барма сұңқарға?!

Иман күшті оларда-

Мен жастарға сенемін!...


Алаш-айбынды ұраны,

Қасиетті құраны.

Алаштың олар құрбаны-

Мен жастарға сенемін!


Мен сенемін жастарға:

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда-

Мен жастарға сенемін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қазан
892
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі