Материалдар / Тапқыр болсаң, озып көр! 3-сыныптар арасында интеллектуалды сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тапқыр болсаң, озып көр! 3-сыныптар арасында интеллектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныптарға арналған , барлық пән бойынша сұрақтар қамтылған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Тапқыр болсаң , озып көр! (интеллектуалды ойын)

Өтілетін уақыты: 24.02.2023ж

Мақсаты:

Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.



Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Барысы
- Сәлеметсіздер, ұстаздар мен оқушылар!
Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өркениет өзегі – білім мен ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш сыныптарынан басталатыны бәрімізге аян.
Міне, «Тапқыр болсаң ,озып көр!» деп аталатын 3 – сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған интеллектуалды ойынымызға қош келіпсіздер!


Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе – бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.

Қатысушы сыныптар:

3 «А»

3 «Ә»

3 «Б»

3 «В»

3 «Г»

3 «Ғ»


- Ал, құрметті оқушылар, осы уақытқа дейінгі алған білімімізді топ болып, жан аямай ортаға салайық

Ойын кезеңдерімен таныстыру. 6 айналымнан тұрады.

1.Дода ( 1мин сұраққа жауап беру)

2.Сиқырлы ұяшықтар (пәндер)

3. Тапқырлық (1 сөзден бірнеше сөз құрау)

4. Кім жүйрік? (сәйкестендіру)

5. Ұшқыр ой (логикалық сұрақтар)

6. Көшбасшы (жеке оқушылар)


Әділ-қазылар алқасымен таныстыру.

Бастауыш сынып мұғалімдері:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:


1-ші айналым. «Дода!»
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

1 – топ:


1. Ешкінің төлі.:лақ

2. ҚР-ның астанасы Нұр-Сұлтан

3. Қазіргі Президент? Қасым Жомарт Тоқаев
4. Шаршы дегеніміз не? барлық қабырғасы тең төртбұрыш.

5. Сенің әкеңнің анасы кім болады? Апа,әже

6. Жер шарының моделі Глобус
7. Үш биді ата. Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би
8. 4 – ті үш рет қосқанда неше болады? 12

9. Жыл мезгілдерін ата : күз, қыс, көктем, жаз

10. Артық сөзінің антонимі: кем


2 – топ:

1. Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді? бағдаршам

2. Кітапханада кім істейді? кітапханашы

3. Қойдың төлі : қозы

4. Жеті күн :апта

5. Алғаш мектеп ашқан кім? Ыбырай

6. Қандай ? сұрағына жауап беретін сөз табы? Сын есім

7. Біздің Республика қалай аалады? Қазақстан

8. 3+3+3 неше болады? (9)

9.) Ұзындық өлшем бірліктерін ата (мм, см, дм, м, км)

10. Судың қанша күйі бар? 3 күйі бар: қатты, сұйық, газ


3 – топ:

1. Әліппені шығарған кім? Ахмет Байтұрсынүлы

2. Ұлттық музыкалық аспап? Домбыра

3. Қажымұқан Мұңайтпасов кім? Палуан

4. Сиырдың төлі? Бұзау

5. 4+4+4 неше болады? (12)

6. Көбейтуге кері амал? Бөлу

7. Қазір қандай ай? Ақпан

8. Неше ғаламшар бар? 8

9. Түнде аспанда не көрінеді? жұлдыз

10. 10 саны неше таңбалы сан? (екі)


4 – топ:

1. 1-қыркүйек қандай күн? Білім күні

2. Атақты күйші? Құрманғазы

3. Сенің атаң әкеңе кім? Әке

4. Көшпелі қазақтардың баспанасы? Киіз үй

5. 5+5+5 неше болады (15)

6. Тудың астында не бейнеленген? Бүркіт

7. Аптаның алтыншы күні. Сенбі

8. Ең кіші екі таңбалы сан? 10

9. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)

10. Көктемнің алғашқы айы. Наурыз





5-топ

1.Күздің алғашқы айы. Қыркүйек

2.Абай Құнанбаев кім? Ақын

3.1 тәулікте неше сағат бар? 24

4. Кім? сұрағына жауап беретін сөз табы. Зат есім

5. Рәміздерге не жатады? Ту,елтаңба, гимн

6.Cудың қатты түріне не жатады? Мұз

7.1 жылда неше ай бар? 12

8.Дауыссыз дыбыстың түрлері? 2

9.Жылу мен жарықты неден аламыз? Күн

10. Шаршыда неше бұрыш бар? 4



6-топ.

1.Ең үлкен екі таңбалы сан? 99

2.Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 2

3. Анаңның анасы саған кім болады? Нағашы әже

4.Құрманғазының шәкірті ? Дина

5.Тіршілік ететін ғаламшар? Жер

6.100 жылдық уақыт өлшемі? Ғасыр

7.Жарық сөзінің антонимі? Қараңғы

8.1 м -де неше см бар? 100

9.Қазақ әліппиінде неше әріп бар? 42

10. Тірі табиғатқа не жатады? Адам, өсімдік, жануар





2-айналым. Сиқырлы ұяшықтар

Бұл кезеңде бойынша ұпай санын (10,20,) таңдау арқылы әр пәннен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.


10.Сөйлем мүшелері деген не? (Сөйлем ішінде нақты сұраққа жауап беретін сөз)

Периметрі мен ұзындығы белгілі болса, тіктөртбұрыштың енін қалай табады? (P:2-a)

20. Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол деп айтқан би? (Төле би)


10. Тұрлаулы мүшелерді ата (бастауыш пен баяндауыш)

Ғарышкерлер ғарышта ұзақ болған кезде қайда өмір сүреді ? (Орбиталық стансыда)

20. «Ашу бар жерде ақыл тұрмайды» деп айтқан би? ( Әйтеке би)



 10. Өсімдіктердің жаңа сортын шығарумен айналысатын ғылым? (Селекция)

Туынды сөз деген не?(түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады)

20. Суретте көрсетілген фигураға сипаттама беріңіз? ( Параллелепипед-6 жағы, 12 қыры, 8 төбесі бар. Қарама -қарсы жақтары бір-біріне тең,)

10. Тыңайған жер деген не? (тұқым себілмей,1 жылға бос қалдырған жер)

Тәуелдік жалғау деген не? (Заттың біреуге меншікті екенін білдіреді)

20. «Ұршықша айналып келіп тоқтай қалғанымда, жұрт маған қарап қалыпты. Содан бері «биші қыз» деген атаққа ие болдым.» деген үзіндінің авторы мен тақырыбы? (Қазақ биі, Шара Жиенқұлова)


10. Рухани құндылықтарды ата (сыйластық, достық, жанашыр,сенім т.б)

Жалқы есім деген не? (Жалқы есім-жер-су, адам аттары, жануарларға берілетін атаулар,бас әріппен жазылады)

20. Фигуралардың ауданын есептеудің тәсілін ойлап тапқан кім? Архимед



10. Жайылма сөйлем деген не? (тұрлаулы мүшелер мен тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем)

Ғарышқа алғаш ұшқан адам? Қай жылы, қай айда, неше минут? (Юрий Гагарин, 1961 жылы, 12 сәуір, 108 минут)

20. Алан Маршалл туралы не білесің? Оның әңгімесі қалай аталады? (Австриялық жазушы, 6 жасында мүгедек болып қалған. Оның әңгімесі «Менде атқа міне аламын»)



3-айналым. «Тапқырлық»

Оқушыларға бір сөз беріледі сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.

Уақыты 1 минут.

О Р А М Ж А П Ы Р А Қ


4-айналым. Кім жүйрік?

Берілген тапсырмаларды жауабымен сәйкестендіру керек


5-айналым Ұшқыр ой. Логикалық сұрақтар

1. 2 қыз мектепке келе жатып, алдарынан мектептен келе жатқан 3 қызды кездестірді. Мектепке неше қыз бара жатыр? 2 қыз


2. Қасқыр мен түлкі тегін балыққа тап болды. Қасқыр айтты « Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл» дейді түлкіге. Сонда түлкі: саған біреу, маған екеу, саған екеу ,маған үшеу, саған екеу, маған төртеу. Қасқыр неше балық алды? 5


3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? 6


4. Нанды 3 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек? 2


5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 3


6. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Су мұз болу керек


7. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? 1 мотоцикл


8. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минутта).


9. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін? (1 және 2)


10. Мен екі сан ойладым.Оларды қосқанда 8 шықты.Азайтқанда да 8 шықты.Мен қандай сандар ойладым? (8 және 0)


6-айналым. Көшбасшы


Kahoot программасы арқылы жеке оқушылар сұрақтарға жауап береді.



Қорытынды:

Әділ-қазылар алқасына сөз беріліп, жеңімпаз сынып анықталады. Марапатталады.


Бастауышта оқиды,

Ойға білім тоқиды

Бұлар бізден жалындар

Ертеңгі ірі ғалымдар

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар

Қиындыққа мойымай

Аман – есен болыңдар.








































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!