Тақырыбы:
"Тапқыр болсаң, тауып көр!"
Мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой
ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Ұйымдастырушылық қабілеттерін
қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа,
топпен жұмыс жасауда ұйымшылдыққа,
жауапкершілікке, белсенділікке тəрбиелеу.
Барысы:
-
Құрметті ұстаздар , оқушылар! Бүгінгі
мектебімізде өткелі отырған "Тапқыр
болсаң, тауып көр!" атты сайысымызға
қош келдіңіздер!
Бəйгеге
түсіп жарыспай,
Жүйріктің
бағы жанар ма?
Білім
мен өнер жарысып,
Тəрбие
тəлім таба ма?- деп қатысушы оқушыларымызды
3 топқа бөліп алайық.
Шын
жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың
ба орта жолда қалыспа
Əділқазы
бағалайды сіздерді,
Жеңіс,
мəре жақын ба əлде алыс па?- деп бүгінгі
сайысымыздың əділқазыларымен таныс
болайық.
1-
айналым. Таныстыру
І
топ "Талап"
ІІ
топ "Білгірлер"
ІІІ
топ "Алғырлар"
2
-айналым."Сөз ойла, тез ойла"деп
аталады.
3
топқа бірдей сөз беріледі. Сол сөзден
бірнеше сөз құрайды. "Қазақстан"
сөзінен қай топ көп сөз ойлап табады
екен?
Мысалы,
қаз, қазақ....
Білім
деген биік шың,
Бақытқа
сені жеткізер.
Білім
деген ақылшың,
Қиындықтан
өткізер - деп 3 айналымға да келіп қалдық.
3-айналым
«Тапқыр
болсаң, тауып көр"
Жұмбақтар
сайысы. Сөзжұмбақ шешу.
Оқушылар
шешуін тауып жауап береді.
І
топқа :
Өзі
арық,
Сөзі
əріп (қалам)
Сағат
сайын қағылады,
Тек
мектептен табылады (қоңырау)
ІІ
топқа:
Ұшымен
қазық,
Тор
көзді жазық.
Үстіне
өттім,
Асыл
сөз жазып (дəптер)
Білімнің
дəнін тереді,
Балаға
тəлім береді (мұғалім)
ІІІ
топқа:
Қабы
сояу,
Діңі
бояу (қарындаш)
Тілі
жоқ өзінде,
Сөзі
бар ізінде (қалам)
4
-
айналым "Ойлы болсаң, ойлап көр"
Мақалдардың
дұрыс нұсқасын тауып, қиындылардан
мақал құрау.
1
топ: Кітап - ( білім ) бұлағы.
Ас
атасы -( нан )
2
топ: Өнер алды - (қызыл ) тіл.
Ер
қанаты - ( ат )
3
топ: Тіл қаруы - сөз,
Сөз
қаруы - (ой).
Кітап
- ( алтын ) қазына
5
-айналым "Білімді болсаң, байқап көр"
Топ
басшыларымен сайыс.
Ребус
шешу
Жауаптары:
қуыршақ, қолғап, жүз екі.
6
- айналым: Балалар, өздерің білесіңдер,
биыл біз Абай атамыздың 175 жылдығын кең
көлемде атап өтеміз. Абай ата дарынды
дара тұлға. Оның қалдырған үлгі-өсиет
өнегесіне ғасырдан ғасырға аманатталып
келеді. Ендеше, соңғы айналымды Абай
атамыздың әндеріне берсек.
Қорытындылау.
Марапаттау.
Əділқазыларға
сөз.
Байтақ
дала жерім менің,
Арта
берсін даңқың сенің
Көк
байрағың желбіресін,
Егеменді
елім менің! -
егеменді еліміздің білімді де саналы
ұрпағы болайық!
Сейтен
Салтанат Сейткамалқызы
Қызылорда
обылыс, Жаңақорған ауданы