жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тапқыр достар
"Тапқыр достар" сайысы
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға және балалардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, математика, көркем әдебиет, тіл ашар сабақтарында өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін тиянақтау, ой - өрісін, сана - сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кеспе қағаздар.
БАРЫСЫ
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері арасында өткізгелі отырған «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер! «Болашақ бүгіннен басталады» демекші,болашақтың іргесін қалайтын жас буындар бүгін білімдерін ортаға салмақшы. Бүгінгі сайысымызға 3 топ қатысады.
Ал келіңдер, келіңдер,
Бір - біріңе еріңдер.
Өздеріңді тексеріп,
Бақ сынасып көріңдер, - деп
І - топ «Достық» тобы.
ІІ - топ: «Дарын» тобы
ІІІ - топ: «Білім» тобы
Сайысымыздың шарттары:
1. «Ойна да ойла» (сұрақ-жауап)
2.Білгенге маржан(Бейнесұрақ)
3.Қарама-қарсы
4.Қызықты сұрақтар
5.Айырмашылықты тап
6. Алты қима 1 сурет
7.Фигуралар
8.Білгіштер
9.Менің қиялым (сурет)
Әр кезеңнің тапсырмаларын дұрыс орындаған топқа көңілді смайликтер беріліп отырады.Сайыс соңында көңілді смайликтерді көп жинаған топ жеңіске жетеді.
Ендеше,сайысымыздың 1-кезеңін бастаймыз. «Ойна да ойла» (сұрақ-жауап)
Бұл кезеңнің шарты:
-Әр топқа өткен тақырыптар бойынша 5 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 көңілді смайлик.
1-топ «Достық»
2-топ «Дарын»
3-топ «Білім»
1.Бір жылда неше мезгіл бар және оларды ата
2. Неше септік жалғауы бар? (7 , жауабын үш тілде айту)
3.Елбасымыз кім?
4. Күзде жаңбыр жауады,ал қыста не жауады?
5. Жабайы жануарларды ата
6. Жіппен келеді, үзсең сөнеді. (электр тоғы)
7.Дауыссыз дыбыстар нешеу, ұяң дыбыстарды ата.
1. Бір аптада неше күн бар,оларды ата
2.Еттен ішекке тығылып жасалатын тағам?
3. Адам жүрегі минутына қанша рет соғады? (65-67 рет)
4.Шөптің бетіндегі таңертеңгі тамшы?
5. Ұйықтап жатып не көресің?
6. Дауыссыз дыбыстар нешеу, қатаң дыбыстарды ата.
7.Ел рәміздерін ата
1.Шағала сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
2.Мұз айдынында топқа бөлініп ойнайтын спорт түрі?(хоккей)
3.Адам тыныс алу үшін қажетті газ (оттегі)
4.Ойында біреу, орындықта екеу, адамда жоқ, ықылықта үшеу? (ы)
5.Екі апа, екі қыз және әже. Барлығы нешеу? (5)
6.Екі таяқшаны орнынан қозғап,үш үшбұрыш құрастыр.
7. 2 қоянның құлағы нешеу?
-Жарайсыңдар! 1-кезеңнен өттіңдер.Сайысымыздың 2-ші кезеңі «Білгенге маржан»(Бейнесұрақ)
Шарты: Топ мүшелері кубикті айналдырады.Қай түс түссе,сол түстегі бейнесұраққа жауап береді.Бейнесұрақта мульфильм немесе ертегіден үзінді көрсетіледі,сол ертегі мен мультфильмнің атын атау керек.


3-кезең: « Қарама-қарсы»
Шарты: Берілген сөздердің қарсы мәнін айту. Мысалы: ауыр-жеңіл
Тақтадан әр топқа 5 сурет көрсетіледі.
4-кезең: «Қызықты сұрақтар»
Балаларға астарлы сұрақтар беріледі: Әр топқа 5 сұрақ
1-топ «Достық»
1.Ол орманда өседі (Саңырауқұлақ, шырша, ағаш т.б)
2. Ол жауыннан қорғайды (қолшатыр)
3.Оған оқу құралдары салынады. (Сөмке)
4.Ол жауыннан кейін шығады (Кемпірқосақ)
5. Ол гүлге қонады (Көбелек)
2-топ «Дарын»
6.Ол қыста жауады (Қар)
7. Оның 3 көзі болады (Бағдаршам)
8. Оған бормен жазады (тақта)
9. Бұл мезгілде шанамен ойнаймыз (қыста)
10. Мысықтан қорқады (тышқан)
3-топ «Білім»
11. Бананды жақсы көреді (Маймыл)
12. Ол үреді (Ит)
13. Ол ериді (Қар,балмұздақ)
14. Оның мойны ұзын болады (Керік)
15. Ол мектепке барады (Оқушы)
5-кезең «Айырмашылықты тап»
-Әр топқа 1 тапсырма беріледі.Балалар тапсырмадағы 2 суреттің айырмашылығын табады.

6-кезең «Алты қима 1 сурет»
-Әр топ өздеріне берілген қима суреттерден 1 суретті құрастырып шығару керек.

7-кезең. «Фигуралар»
-Әр топқа әр түрлі фигуралар беріледі.Фигураларды пайдаланып 1 сурет жапсырып шығу керек.
8-кезең «Білгіштер»
-Топтар бір-бірімен жаттау айтып жарысады.Қай топ көп жаттау білетінін байқаймыз.
9-кезең «Менің қиялым (сурет)»
-Бұл кезеңде әр топқа жартылай салынған сурет беріледі.Әр топ сол суреттің жалғасын бояу қаламсыз,краска щеткасыз салу керек.

Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар балалар.Бүгін сендердің білімдеріңе,қиялдарыңның жүйріктігіне көз жеткіздік.Қарап отырсам алдарыңда көңілді смайлик толып қапты.Бұл сендердің білімдеріңнің нәтижесі. «Терең білімнің алып дарынды бала болыңдар және ешқашан достықтарың үзілмесін».Бүгін сендер топ болдыңдар,дос болдыңдар және де ұйымшылдықтарыңды көрсете білдіңдер.Мен бүгін 3 топтың да біліміне риза болдым.Сондықтан 3 топқа да керемет деген баға қоямын.Ал сендерге бүгінгі белсенділіктерің үшін мына сыйлықтарды тарту етемін. Өмірлерің гүлдей жайнап,бұл қаламсапты тек білім жолына пайдаланып жүріңдер.
Балалар:
Қайраттанып ғарышта,
Озып шыққан жарыстан.
Батыл бол, жасыма!
Самға биік алысқа,
Тәрбиеші: Келесі кездескенше сау болыңыздар! Біз сіздермен қоштаспаймыз, білімді ұрпақтарымыздың додасында жүздескенше!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген