"Тапқыр достар" Интеллектуалды ойын -жарыс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тапқыр достар" Интеллектуалды ойын -жарыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Интеллектуалды ойын -жарыс "Тапқыр достар"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тапқыр достар» (Интеллектуалды ойын – жарыс)

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға бейімдеу. Жарыста жеңімпаз болуыға умтылуын дамыту. Дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Түрі: ашық тәрбие сағаты.

Көрнекілігі: Тәуелсіздікке байланысты суреттер, слайд

І. Кіріспе сөз. Армысыздар, оқушылар, ұстаздар!

Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсететін ән – жырмен келген «Тапқыр достар» атты интеллектуалды ойын – жарысымызды тамашалайсыздар.

Уа,халайық ,халайық

Бәріне жар салайық,бүгінгі кеш төрінде

Жұмбақ шешіп андысып,

Шабыт тасып шалқысып

Көнілді кеш жасайық! – деп алған білім, өлен –жыр, жұмбақ, мақал мәтелмен өрнектеп, барымызды ортаға салайық.

Санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

Оқушылар екі топқа бөлінеді:

«Өнерлер» тобы

«Тапқырлар» тобы

Ұранымен таныстырады

  1. «Өнерлер» тобының ұраны: «Өнермен өрге жүземіз»

  2. «Тапқырлар» тобының ұраны: «Тапқыр достар біз боламыз»



І сайыс : «Бір сөзбен айту ойыны»

«Өнерлер тобына

  1. Қалам, сызғыш,өшіргіш, дәптер (оқу құралы)

  2. Алма,алмұрт,өрек, анар (Жеміс)

  3. Дәрігер,мұғалім, құрылысшы, жүргізуші. (мамандық)

  4. Қол, аяқ, мұрын, көз. (дене мүшелері)

  5. Жейде,көйлек, етік,құлақшын. (киімдер)



«Тапқырлар» тобына

  1. Көктем, жаз,күз,қыс. (жыл мезгілдері)

  2. Сәрсенбі, жұма,сенбі, бейсенбі (апта күндері)

  3. Кесе,қасық,ожау,пышақ. (ыдыс –аяқ)

  4. Сәбіз, қызылша, орамжапырақ, қияр. (көкініс)

  5. Үстел, орындық,шкаф,керует. (жиһаз)



ІІ сайыс: «Ойлан ,тап достар»

Мақалды жалғастыру ойыны

  1. Ата – асқар....(Ата – асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ,бала – жағасындағы құрақ)

  2. Үлкенге құрмет...(Үлкенге құрмет, кішіге ізет)

  3. Аға әдепті болса,...(Аға әдепті болса, іні әдепті, апа әдепті болса, сіңлі әдепті)

  4. Денсаулықтың қадірін ...білерсін (ауырғанда)

  5. ...ауырса қолынды тый,...ауырса аузынды тый.(Көзің ауырса,қолың тый, ішің ауырса,ауызынды тый

  6. Дені саудың -.....(Дені саудыңи- жаны сау)

  7. Інісі бардың ....(тынысы бар,ағасы бардыңи жағасы бар)

  8. Атаның көнілі балады,...(Баланың көнілі далада)

  9. Әкесіне қарап ұлын ,Шешесіне қарап қызын таны.

  10. Туған жердің қадірін шетте жүрсен білерсің

ІІІ сайыс: Кім жүйрік?

«Өнерлер» тобы

  1. Қазақстанның тәелсіздік алғанына неші жыл болды ? (27 жыл)

  2. Н.Ә.Назарбаев кім ? (Қ.Р Президенті)

  3. Мемлекеттік Елтаңбамыздың басты белгісі не? (Шаңырақ)

  4. Біздің мемлекетіміз қалай аталады? (Қазақстан)

  5. Елтанбада не бейнеленген? (Пырақ,шаңырақ, жұлдыз,Қазақстан деген жазу)

«Тапқырлар» тобы

1. Қ.Р –ның мемлекеттік тілі – қай тіл? (қазақ тілі)

2. Мемлекеттік туымыздың түсі қандай? (көгілдір)

3. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? (Ту,Елтанба,Әнұран)

4. Н.Ә.Назарбаев мамандығы не? (металлург)

5. Тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш астанасы қай қала? (Алматы

ІV сайыс: «Кім тапқыр?»

Бөлімінде екі команда танымдық пен білгірлікпен жауап береді.

Әр топ бір – біріне жұмбақ жасырады

«Өнерлер» тобы

Отқа жанбас, суға батпас.(Су)

Екі ағайынды,екеуі де бірін бірі көрмейді.(Көз)

Қабат –қабат киінген ,Төбеден шашы туйілген.(Пияз)

Таусылмайтын ақ мақта,

Қысы- жазы тау жақта(Қар)

Қанаты бар ұшпайды,

Су астына қыстайды.(Балық)

Өшірді,сүртті,Өзін де құртты.(өшіргіш)



«Тапқырлар» тобы

  1. Кезікті бір жануар,устінде екі тауы бар(Түйе)

  2. Сырты жасыл қатты

Іші қызыл тәтті (Қарбыз)

  1. Жіп – жіңішке денесі, ортасында шегесі.(қарандаш)

  2. Қиналып көтеріп,өзінен ауырды.Жорғалап кетеді, жүкшідей кәдімгі. (құмырсқа)

  3. Бейтпішілік құсы деп,Атайды оны барша жұрт (көгершін)

  4. Қолы бар ,саусағы жоқ, мойны бар,басы жоқ (көйлек)



V сайыс: «Тәуелсіздікке 27 жыл» тақырыбында постер жасап ,қорғау.

Өзіміздің жеріміз, еліміз, туымыз,елтанбамыз,әнұранымыз, теңгеміз бар.Біз көпұлтты егемен елміз.Тілімізге,дінімізге бөлінбей татту-тәтті бір аспанның астында, бір мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.





  • Құрметті қонақтар, оқушылар, осымен біздің «Тапқыр достар» атты топтық ойынымыз өз мәресіне жетті. Осы сайыста сіздер өздеріңнің білімдерінді, өнерлерінді, тапқырлықтарынды көрсете білдіңдер. Ойынның тартысты өтуіне ат салысқандарыңызға алғыс атамыз. Келешекте білімдеріңді әрі шындап, биіктерден көретіндеріңе тілектеспен! Келесі кездескенше аиан – сау болыңыздар!

































Күні: 6.12.2018 ж

Бекітемін:

Тақырыбы: «Тапқыр достар» (Интеллектуалды ойын – жарыс)

Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды екі топқа бөліп, әртүрлі тақырыпта сұрақтар қойып, сайыс ұйымдастыру арқылы олардың білімділігін арттыру.

Дамытушылығы: Ой ұшқырлығын, қиялын, жауапкершілігін дамыту.

Тәрбиелігі : Оқушылардың патриоттық сезімін ояту және бауырымдылыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Өту барысы:

  1. Топтарды ортаға шақыру

  2. Топ басшыларын анықтау



Сайысты бастау













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
729
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі