Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тапқыр достар" зияткерлік ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

94 жалпы орта білім беретін мектебі





Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі



апқыр

достар


(зияткерлік ойыны)





6-сыныптар арасында









Өткізген: Джамалбекова Ж А





2018-2019 оқу жылы


«Тапқыр достар» ойыны


Мақсаты:

  • Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;

  • Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;

  • Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабағы

Көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта


Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалімнің алғашқы сөзі:

  • Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі 6а сыныбында өткізілгелі отырған «Тапқыр достар» ойынына қош келдіңіздер! Ойын, сайыс болғаннан кейін баға беруші қазылар алқасы болуы шартты, сондықтан алдымен әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Әділқазылар алқасының құрамында 1 оқушы, 2 ұстаз болады.

Әр топта 3 оқушыдан: Эмблемасы, топтың аты.

Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады:

І Топ көшбасшыларын анықтау (тест)

ІІ Таныстыру

ІІІ Кім тапқыр (әріптер бойынша сөйлеу)

ІҮ Ойлан тап (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)

Ү Сөзтапқыш (бір сөздің ішінен бірнеше сөз құрау)

ҮІІ Қорытынды (жеңімпаздарды анықтау)



І кезең- Топ көшбасшыларын анықтау (тест)

Әр топ өздерін , эмблемаларын таныстырады.

(әділқазылар алқасы бағалау парағы бойынша бағалайды)



ІІ кезең- Таныстыру


  1. Балалы үй .....

А) қызық Б) базар В)шулы

  1. Ақылы көпті ....... .............. .

А) дау алмайды Б) жау алмайды В)сөз алмайды

  1. Баланың алғашқы ұстазы - .............. .

А) мектебі Б) ата-ана В)өзі

  1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі ............

А) анада Б) оқуда В)далада

  1. Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - ............. .

А) Отаны Б) өз үйі В)туған жері

  1. Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлыңша қина, он

  2. төрттен кейін ............................... .

А) досыңдай ойна Б) әкеңдей сыйла В)құрдасыңдай сыйла

  1. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.

Кіші сені сыйласа, ........................................ .

А) кісі сені сыйлайды Б) бәрі сені сыйлайды В)кіші сені сыйлайды.

ІІІ кезең – Кім тапқыр.

Әр қатысушы әріп таңдайды. Қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен

жауап береді.

Сұрақтары: (әр топқа 12 сұрақтан қойылады)

  1. Қонақтарды қалай қарсы аласыз?

  2. Жұмыс істегенді жақсы көресіз бе?

  3. Газет-журнал оқисыз ба?

  4. Қуанған кезде не істейсіз?

  5. Түрік кинноларын көресіз бе?

  6. «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» дегенге келісесіз бе?

  7. Көршіңізбен татусыз ба?

  8. Спортпен айналысасыз ба?

  9. Жарнамаға деген көзқарасыңыз?

  10. Мерекеде жақындарыңызға не сыйлайсыз?

  11. Бақыт деген не?

  12. Киноға кіммен барасыз?


  1. Еріншексіз бе?

  2. Қуанышыңызды кіммен бөлісесіз?

  3. Есепті жақсы шығарасыз ба?

  4. Ақындық өнеріңіз жоқ па?

  5. Күлкіңізді тыя алмағанда не істейсіз?

  6. Президент бола қалсаңыз не істейсіз?

  7. Ақылды адам қандай болады?

  8. Мектеп сізге ұнай ма?

  9. Қандай сыйлық алғанды ұнатасыз?

  10. Ырымдарға сенесіз бе?

  11. Қазақ неге ет жегенді жақсы көреді?

  12. Үй жануарларын асырайсыз ба?


  1. Уайымшылсыз ба?

  2. Билегенді ұнатасыз ба?

  3. Сүйікті тағамыңыз қандай?

  4. Саудада достық бар ма?

  5. Жеті атасын білмеген қандай болады?

  6. Тазалықты ұнатасыз ба?

  7. Адам көркі не?

  8. Компьютерді кім ойлап тапқан?

  9. Досыңыз ренжітсе не істейсіз?

  10. Жарық бізге не үшін қажет?

  11. Адамдармен қалай амандасасыз?

  12. Ойыншыларға не тілейсіз?

ІҮ кезең –« Ойлан тап».

Ойыншылар ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.


10


20


30



10


20


30



10


20


30




Picture 8 Менің атым -Қожа” әңгімесінде Қожа өз-өзіне қандай уәде береді?




Қобыланды батыр” жыры мен “Алпамыс батыр” жырының

ұқсастығы неде?

Picture 9


Біржан сал Абай аулында” әңгімесінің авторы кім?


Менің атым- Қожа” әңгімесіндегі жантасқа мінездеме бер.



Picture 8

Жауынгердің тұлғасы” әңгімесінде Б.Момышұлы қандай ерлік көрсетті?


ӘPicture 8 .Нұрпейісовтың “Балықшылар” әңгімесіндегі Еламан кім?



Абайдың бір қара сөзін жатқа айт




М.Мақатаевтың бір өлеңін жатқа айт



Ү кезең – Сөзтапқыш


«Ұлтжандылық» сөзі беріледі. Ойыншылар сол сөзден бірнеше сөз құрау керек.

(5 минут уақыт беріледі)

(ақ, ат, ал, анық, ақыл, ақын, дақ, дат, дақыл, жан, жал, жұт, жат, жақ, жұл, жұлын, жалын,

жұқа, жақын, жақұт, жыл, жылдық, жық, жады, қыл, қал, құт, құн, құл, құлын, құлан,

құжат, қыжыл, қан, нақ, нық, тыл, тұл, ьал, тық, ұлт, ұл, ұн, ұқ, ұлық, ұлан, ық, тал, тақ, т.б)


Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, ойыншылар марапатталады.


ҮІ кезең - Қорытынды:

Адамға ақыл беретін кімдер? – депті бір қария жас жігітке.

- Ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт.

- Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенін

ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл  адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың,

ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп.

Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.

Ендеше осымен «тапқыр достар» ойынын аяқтаймыз.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
1323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12