Тақырыбы: « Көліктер»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тақырыбы: « Көліктер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Өздеріне таныс көлік түрлерін салыстырып , ажыратып айтып беруге үйрету.Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, Ойлау қабілетін дамыту. Әдептілікке, мейірімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жүбанова.Нұрай

«№12 «Рахат» бөбекжайы» МКҚК-нің тәрбиешісі

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы


Білім беру саласы:Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған орта.

Тақырыбы: « Көліктер»

Мақсаты: Өздеріне таныс көлік түрлерін салыстырып , ажыратып айтып беруге үйрету.Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, Ойлау қабілетін дамыту.

Әдептілікке, мейірімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсіл: түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ-жауап.

Қолданылатын құрал: көлік түрлері, бағдаршам, әр бір көліктер слайдпен көрсетіледі.

Сөздік жұмыс:көлік

Билингвалды компонент: көлік-машина-tht car,кеме-корабль-shih, ұшақ-самолет-plfne,пойыз-поездь-train.

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Ұлдар да көп, қыздар да көп.

Апайлар да мұнда көп,

Тату болсақ бәріміз,

Жаркырайды тобымыз

Балалар өлең жолдарын қайталайды.







Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар, бүгін ерекше күн бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық.

Жарайсыңдар орнымызға отырамыз.


-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?


-Казір жылдың қай мезгілі?


-Көктем мезгілінде неше ай бар?


-Айларды атайық?


- Көктем мезгілінің ерекшелігі қандай?


-Өте жақсы балалар.

Балалар,бүгін өтетін оқу қызмет

қоршаған орта.

-Есік қағылады,Дымбілмес кіріп келеді. 

-Дымбілмес: амандасады,балалар мен жолды кесіп өтейін десем машиналардан өте алмадым,бағдаршамдағы түстер нені білдіретінін білмей түрдын.Маған көмектесіңдерші.



-Балалар біз өткен оқу қызметте жол ережелерін өткен болатынбыз,кәне


есімізге түсіріп Дымбілмеске көмектесейік. 

-Балалар бағдаршам дегеніміз не?

-Бағдаршам түстерін үш тілде кім айтып береді?

-Балалар біз өткен оқу қызметте бағдаршам туралы тақпақ жаттадық кімнің есінде кім айтып береді.







Дымбілмес :

-Балалар мен балабақшаға келе жатқанда сандық тауып алдым,бырақта аша алмадым осыны сіздерге алғысым ретінде беріп кетсем,рақмет сау болыңдар

айтып қоштасады.


Балалар,бұл сандық ішіндегі ойыншыққа сипаттама берген, тыңдаңдар .

-ер балалар ойнағанды жақсы көретін ойыншық.

Сандық ашылады,ішінен түрлі-түсті ойыншық машиналар шығады.

-Балалар Машиналарда тапсырмалар бар екен,бірге орындайық.

1.тапсырма :Бұл қай ертегі?

-Мен атамнан қаштым

Мен әжемнен қаштым,

Қоян сенненде қашып кетемін.


2.тапсырма:1 ден 10 дейін тура және кері санау.


3.тапсырма: «Ойлан,тап» (бір сөзбен атау)

-Алма,алмұр,өрік-...

(жемістер)


-Диван,үстел,стол-....


(жиһаздар)

4.тапсырма:


Бір аптада неше күн бар,атап бер.


5.тапсырма:Бұл қай көліктің дыбысы?


-Бүгінгі өтетін оқу қызметіміз балалар

«Көліктер»туралы өтеміз.

- Көлік дегеніміз не?

- Көліктің  қандай  түрлері бар?

- Көліктерге не жатады?

- Көліктердің  қандай пайдасы ?

-Міне, бүгінгі оқу қызметімізде  күнде  көріп  жүрген ,  мініп жүрген  көліктер туралы  өтетін боламыз.

Көрнекілік  суреттерге назар аударайықшы.

Балалар, ерте,ерте, ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы және жануарларға жегілген екі дөңгелекті арбамен қатынаған. Кейінрек адамдар машина,автобус сыйақты жерде жүретін көліктерді, содан кейін темір жол көліктер:пойыз,трамбайды ойлап тапқан. -Балалар, қозғалатын көлікті ең алғашқысы 1769 жылы Николас Джозеф Кагнот құрастырып шығарған бумен жүретін көлік еді.

-Балалар машинаны жүргізуші жүргізеді.

Әуеде ұшатын көліктер - Ұшақ, Тікұшақ, зымыран

-Балалар ұшақты ұшқыш басқарады.

Ең алғашқы ұшақты американдық ағайынды Уилбур мен Орвилл Райт ойлап тапты.



Темір жол көліктері – Пойыз

-Балалар пойызды машинист басқарады екен.

Рельс арқылы жүретін ең алғашқы паровозды, талантты ағылшын инженері Ричард Тревитик 1803 жылы ойлап тапты. 1804 жылы сол жасап шығарған паравозын патенттеп алған.

Суда жүретін көліктер – Кеме, қайық.

-Балалар кемені адал капитан басқарады екен.

Саусақ гимнастикасы:

Мен екі алақанды басамын,

Теңізде жүзіңіз.

Екі алақан достар,

Бұл менің қайығым.



Ал, жерде жүретін көліктердің өзі  екіге бөлінеді екен.  Олар жеңіл және  жүк көліктер. Мысалы  автобус,жедел жәрдем көлігі, жүк көлігі, өрт сөндіру көлігі т.б.

Көлік  бізге  не үшін керек? (баланың жауабы)

Яғни көліктер

-   бір жерден екінші жерге жету үшін керек. (ауылдан-қалаға, үйден-дүкенге, т.б.)

Демек  бізге көліктердің  көп көмегі бар екен. 

 Балалар көліктер туралы кім тақпақ біледі.













Сөздік жұмыс:көлік

Билингвалды компонент: көлік-транспорт, кеме-корабль,ұшақ-самолет.

Балалар бір серігіп алайық.

Сергіту сәті:

-Балалар елестетіп көріңізші,біз әртүрлі көлік құралдарымен жүреміз,енді оны бейнелейміз.


Біз ауамен ұшамыз,(қолды екі жаққа,денені алға еңкейтеміз)


Біз палубада тұрып алысқа қараймыз(дене алға енкейтілген,қол маңдайда)


Біз жылдам,жылдам машина айдаймыз (рульді қолмен ұстаймыз,рульді айналдырады)


Пойыз бар жылдамдықпен асығады (қолды шынтағын бүгіп,пойыз қозғалысы)

Чуг-чуг-чуг-чуг


Ойын: «Ұшты - ұшты».
Шарты: Ұшатын заттарды айтқанда қолдарын жоғары көтереді.

-Ұшты,ұшты ұшақ ұшты!

-Ұшты,ұшты поезд ұшты!

Ұшты,ұшты кеме ұшты!

Ұшты,ұшты бүркіт ұшты!
Дидактикалық ойын: «Не қайда жүреді?».
Шарты: Көлемді бейнелі сурет арқылы көліктердің жүру жолдарын тауып, көліктерді орналастыру.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы балалардың оқу іс - әрекетінде алған білімдерін қорыту.


Балаларды шеңберге тұрғызып, оқу іс - әрекетіне белсене араласқан балаларды мақтап, мадақтау.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық.
Сау болыңыздар!

Амандасады 3 тілде.



-бір жылда төрт мезгіл бар



-Көктем мезгілі.

Үш ай бар.

-наурыз,сәуір,мамыр



- Күн жыли бастайды,жаң быр жауады,ағаштар бүршік жарады.



-амандасады, көмектеседі







-мұқият тыңдайды











-қуанады.

-бағдаршамдағы түстді 3тілде және нені білдіретінін айтады.

Өнер:

 Сары,қызыл, жасыл шам,

  Жол бойында жанады.

    Жүргізуші ағалар,

   Оңға ,солға қарады.

  Бағыт берген бағдаршам.

  Түзу жолды табады





-қоштасады



















-Балалар тапсырмаларды орындайды.





































-мұқыят тыңдап,қарап отырады

































































-Баланың жауабы.







Нұрлан:    

Үлкен болып өскенде,       

Машина алам менде.

  Бірақ ол үшін әрине,

  Оқу керек күнде.

 



Нүрислам:

   Ұшағым бар ойыншық,

         Ұшырмасам ұшпайды.

         Айналам деп аспанда,

         Шаршағанға ұқсайды.



-бірге қайталап айтады







-қайталайды,қыймыл-қозғалыс жасайды

















-ойынды қызыға ойнайды,сұрақтарға жауап береді.


Рефлексті түзетуші

Балалар, бүгін  біз не туралы  өттік?  

Бүгінгі  оқу  қызметіміз  ұнады ма?

-көліктер

-ия

Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Көлік түрлерін ажыратып, қызметін біледі.

Нені игерді: Барлық көліктер адамға қызмет етеді. Көліктің түрлерінің өзгеріп, көбейюі адамның қиялына, шығармашылығына байланысты  екен.

Меңгерді: Көліктердің сыртқы құрлысы мен қызметіне қарай ажыратады. Жолда жүру ережелерін сақтауды.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2025
47
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі