жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тақырыбы: « Мерекелі берекелі Алтын күз».
Тақырыбы: « Мерекелі берекелі Алтын күз».
Мақсаты: Күз сыйы туралы ұғымдарын бекіту.Табиғаттың сыйын оның әсемділігін, әдемілігін сезіне білуге үйрету.Үлкенддердің еңбегін бағалай білуге үйрету.
Персонаждар: Жаңбыр, Күз ханшайымы, Тиін, Аю,Түлкі, Қоян.
Жүргізуші:
Күзде келді, алтын дәнін сапырып,
Күз де келді, той-думанды шақырып.
Күздің күні алтын нұрын шашады,
Жердің жүзін шұғылаға батырып.
Армысыздар, құрметті қонақтар ! Бармысыздар, жадыраған жас достар! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын! Бүгін балаларымыз күз мерекесіне деген қуаныш сезімдерін ән жолдармен, тақпақтармен жеткізеді. Ендеше жұлдыздар тобының «Мерекелі,берекелі Алтын күз» атты ертетеңгілімізге қош келдіңіз !
Музыка әуенімен балалар залға кіреді, қолдарында жапырақтар.
Музыка әуенімен залға жаңбыр кіреді.
Жаңбыр:
Мен Жаңбырмын- көңілді,
Досым менің- Күз мезгілі.
Қандай әдемімін, мен
Көйлегімнің бәрінде тамшылар.
Жаңбыр мен тамшы,
Найзағайдың қызы.
Жүргізуші: Жарайды, Жаңбыр қош келдіңіз, Күз мезгілінде жаңбыр өте көп жауады, олар өте салқын, қатты, көңілсіз болады. Сенің көңіліңді көтеру үшін біздің кішкентай қыздарымыздың «Қолшатыр» биін тамашалаңыздар.
Би: «Қолшатыр».
Қуаныш Аружан: Жаңбыр әнімен.
Жаңбыр: Рахмет, балалар сендерге. Сендермен өте көңілді бірақ мен кетуім керек, себебі мені Найзағай анам іздеп жатқан болар, деп Жаңбыр шығып кетеді.
Жүргізуші:Жаңбырымыз кетіп қалды, көңілімізді түсірмей ендігі кезекті тақпақтарға береміз.
Айару: Жайдарлы күз,жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр
Жақсыбек: Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Тілепбнрген: Келді міне Алтын күз
Сары шашты жарқын жүз
Мол өнімді ісімен
Таңқалдырып халқын күз.
Айкөркем: Жайдарлы күз,жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз
Дариядай шалқып жүр
Мерейлі күз,мырза куз.
Ернар: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Адай: Ой балалар,балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты.
Айнұр: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
Жаскен: Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Қутты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Саламат: Жемісі мол беретін
Күз дос екн бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
Ахмет: Сары алтындай сары күз
Бірге шырқар әніміз
Жаздай күткен бәріміз
Келді міне Алтын күз
Жүргізуші: Балалар, мен бір дыбыс естіп тұрмын.(Залдың бір шетінде кішкентай үйшік тұрады). – Балалар, қараңдаршы қандай әдемі үйшік, бұл үйде кім тұрады екен? Қане, есігін тықылдатып көрейікші.Тықылдатады. (Ішінен тиін шығады, қолында кәрзеңкесі бар, ішінде саңырауқұлақтар бар).
Жүргізуші: Ой, сен кімсің?
Тиін: Мен кішкентай тиінмін, мен қыс мезгіліне дайындалып жүрмін, әлі көптеген саңырауқұлақ теруім керек.
Жүргізуші: Ой, ақ тиін , саңырауқұлақ теруге біздің балалар көмектеседі, қане, балалар тиінге көмектесеміз бе? (Балалардың жауабы).Ендеше, барлығымыз ойын ойнайық.
Ойын: «Кім тез тереді?».
Ойын шарты: Балалар 2 топқа бөлінеді. Саңырауқұлақтар жерде шашылып жатады.
Қыздар тиіннің кәрзеңкесіне жинайды, ал ер балалар жүргізушінің кәрзеңкесіне жинайды.
Тиін: Ой, қандай тамаша, көптен бері бұлай қуанбап едім, сендерге ризамын, рахмет, кішкентай достарым! Осындай әдемі мерекеде, менің де сендерге арнаған сыйлығым бар, қабыл алыңыздар! (Тиін үйшікке кіріп, қолында кәрзеңкемен жемістер алып шығадыда, балаллармен қоштасып кетіп қалады)
Жүргізуші: Ақ тиін рахмет, саған!
Жүргізуші: Ал балалар,балалар
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші.
Сендерді бір көрмекші
Балалар, тағы да бір әуен естіледі, қарайықшы кімдер екен, мүмкін Күз ханшайымы болар!( Залға музыка әуенімен Күз ханшайымы, қасында аю, түлкі, кірпі, қоян бар).
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қандай әдемі болып кеткенсіңдер?
Күз: Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын жүз,
Сары алтынға малынған
Алтын күз деген мен болам.
Балалар, мен құр қол келгенім жоқ, сендерге жеміс-жидек әкелдім.(Ортаға кәрзеңкемен жемістерді қояды).
Аю: — Қане, ішінде тағы не бар екен деп қарап жатқанда, аяғы тиіп кетіп, жемістер төгіліп қалады.( осы кезде жемістер орнына кішкентай доптарды ауыстырып қояды).
Күз: Аю досым, қандай қолапайсыз, қорбаңбай едің, бар жемістерді төгіп тастадың ғой.
Қане, балалар маған көмектесесіңдер ме?
Балалардаң жауабы.
Күз: Ендеше, «жемістерді жинау» ойынын ойнайықшы.
Ойын: «жемістерді жинау».
Ойын шарты: Допты жерге шашып тастап, бос кәрзеңкеге шашылып жатқан доптарды тез жинап.(Ойын соңынан жемистер салынған кәрзеңкені жүргізушіге береді.)Мынау менің сыйлығым, қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Рахмет, сізге Күз ханшайымы, енді біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.Кезекті бүлдіршіндеріміздің әніне береміз.
Хор: Алтын күз
Би: Күзгі жапырақтар
Жүргізуші: Күзде өздері пісетін
,мақтанбақшы сендерге, көкөністер сан түрлі!
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаға шығып тақпақтар
айтады)
Аружан: Алма пісіп
Кузде бақтар жайнайды
Құстар қайтып қоштасып
Қимас үнмен сайрайды.
А
Жаннұр: Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз.
Бейбарыс: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Қ
Айзере: Мен
шиемін,шиемін.
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін.
Олжас: Мен жүзіммін жүзіммін
Моншақ болып тізілдім
Рамазан: Мен өрікпін, өрікпін,
Табиғатқа көрікпін.
Аманбек: Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың.
Нұралы: Картоп біздің атамыз
Жер астында жатамыз
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.
Жаннұр: Тал шыбығым бұралып
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен – қызанақ
Күнге қарап ұялып!
Жүргізуші: Енді ер балалардың орындауында аюмен би билейді.
Би: Аю мен заманауи би
Күз: Өте жақсы балалар, сендерге ризамын, енді біздер жүруіміз керек.Күз ханшайымы достарымен қош айтысып, шығып кетеді.
Жүргізуші: Балалар, енді барлығымыз «Күз келіпті» әнін орындап берейік.
Хор: «Күз келіпті».
Жүргізуші: Ендігі кезекте, балалардың
анасымен бірлесіп дайындаған күзгі көрмесін
тамашалайық.
Жүргізуші: Осымен күз мерекесіне арналған «Мерекелі,берекелі Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды.
«Тексерілді»
«Ерке-Наз» балабақшасы
МКҚК әдіскерінің у.м.а
________Муханова.Б.Ж
«_______»______2017
Ертеңгілік
Тақырыбы: «Мерекелі берекелі Алтын күз»
Дайындаған: Таңатова А.Ж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген