Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Тақырыбы:- Қоянның үйшігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы:- Қоянның үйшігі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы:- Қоянның үйшігі.

Мақсаты:   Балаларды «Қоянның үйшігі»  ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Мұз үй,ағаштан жасалған үй,аңдар



Шаттық шеңбер:

Қол ұстасып тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Жаңа шыққан бұл күнге,

Иіліп сәлем салайық.

Арайлап шыққан жаңа күн,

Шуағын шашсын баршаға.

Қане досым күлімде

Шаттық орнасын жүзіңде



-қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз

-Күз мезгілінде неше ай бар?

- Үш ай

Қыркүйек,Қазан,Қараша.

Балалар бүгінгі оқу қызметі ерекше болмақ. Себебі біз бүгін «Қоянның үйшігі» ертегісін сақналаймыз.

Есімізге түсіре кетейік, біз қандай ертегілерді білеміз? Бауырсақ,Шалқан,Маша мен аю,Үйшік

«Қоянның үйшігі» ертегісі тәрбиешінің көмегімен балалар сахналайды.


Жүргізуші: Орманда түлкі мен қоян өмір сүреді.Түлкінің мұздан жасалған үйшігі,ал қоянның ағаштан жасалған үйшігі болыпты.

Көктем келіп,күн жылынып түлкінің үйшігі еріп кетіпті.Тонған түлкі қоянға келіп жылынып алуын өтінеді.

-Түлкі:-Қоян,қоян мен үйіңе кіріп жылынып алайын депті.

-Жүргізуші: Аңқау қоян түлкіні аяп үйіне кіргізеді.Жылынып алған түлкі қоянды үйінен қуып жібереді.Қоян байғұс жылап орман ішінде келе жатса алдынан ит кездеседі.

-Ит: -Қоян, қоян не болды неге жылайсың деді.

-Қоян:-Жыламай қайтейін ,түлкінің мұз үйшігі еріп кетіп менің үйімді тартып алып қуып жіберді -деп жылады.

-Ит:-Жылама мен ол оңбағанды қуып жиберем деді.

-Жүргізуші: Ит пен қоян үйшіктің жанына келіп.

-Ит: -Түлкі ,түлкі шық қане қоянның үйшігін босат ауф-ауф-деп үрді.

-Түлкі: аха қазір шықсам жаман болады,быт-шытыңды шығарам деді.

-Жүргізуші: Бұл сөзді естіген ит орманға қарай қаша жөнелді.Қоян байғұс жылай жылай орманда келе жатса алдынан қорбаңдаған аю кездесті.

-Аю : Қоян ,қоян неге жылайсың деді.

-Қоян: Қалай жыламайын түлкінің мұз үйшігі еріп кетіп менің ағаш үйшігімді тартып алды деп жылады.

-Аю: Жылама мен саған көмектесемін ,қазір мен оны қуып шығамын деді.

-Жүргізуші: Екеуі қоянның үйшігінің алдына келіп.

-Аю: Түлкі,шық үйшіктен босат деп айқайлады.

-Түлкі: Шықпаймын шықсам саған жаман болады деп керілді.

-Жүргізуші: Аю үрейі ұшып орманға қаша жөнелді.Амалы құрыған қоян орман ішіндегі бөрене үстінде жылап отырса,қасына қолында шалғысы бар әтеш келіп.

-Әтеш: Ку-ка-ре-ку қоян неге жылайсың деді.

-Қоян : қалай жыламайын менің ағаш үйшігімді түлкі тартып алды ,өзінің мұз үйшігі еріп кетіп деп ағыл –тегіл жылады-Әтеш: Жылама мен саған көмектесем,қазір қуып шығамын деді.

-Қоян: Жоқ сен оны қуа алмайсың ит келген қорқып қашып кетті,аю келген олда қорқып қашып кетті деп ағыл- тегіл жылады.

-Әтеш: жоқ қазір қуып шығамын деді.

-Жүргізуші: Әтеш қоянды ертіп үйшіктің қасына келіп айқайлады.

-Әтеш: Ку-ка-ре-ку қолымда шалғым бар шалғынды шабамын, түлкі қоянның үйін босатпаса оныда шабамын деп айқайлады.

-Жүргізуші: Бұл сөзді естіген түлкі жаны шығып ,қазір,қазір шығамын деді.

-Түлкі: Қазір,қазір киініп жатырмын деді.

-Әтеш: Қолымда шалғым бар шалғынды шабамын түлкі қоянның үйінен шықпаса оны да шабамын деп айқайлады.

-Жүргізуші: Осы кезде түлкі үйшіктен шығып орманға қарай қаша жөнеледі.Қуанған қоян ержүрек әтешке үлкен рахметін айтып,екеуі қоянның үйшігінде бақытты достық өмір сүреді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балалар ертегіні айта біледі.

Игереді: өз ойын еркін жеткізеді.

Меңгереді: аңдардың дауысын салуды

























«Тексерілді»

«Ерке-Наз» балабақшасы

МКҚК әдіскерінің у.м.а

__________Б.Ж.Мұханова

«______»________ 2017ж








Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.

Тақырыбы: «Қоянның үйшігі» ертегісі













Тәрбиеші: Таңатова А.Ж











2016-2017оқу жылы







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
820
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12