Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ТАҚЫРЫБЫ: «АДАМНЫҢ ІШКІ СҰЛУЛЫҒЫ»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
«Бекітемін»: _________
колледждің әдіскері:
Сыдыканова А.Т.
«Келісемін»: _________
жетекшісі:
Салбанова А.Т.
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
ТАҚЫРЫБЫ: «АДАМНЫҢ ІШКІ СҰЛУЛЫҒЫ»
Өтетін орны: Көгедай орта мектебі
Сынып: 4
Мерзімі: 15.10.2020
Тобы: 310
Машықкер: Солтанбекова Жанна
Баға: «__»___________
Семей, 2020 жыл
Пән: Өзін – өзі тану
Мектеп: Көгедай орта мектебі
Мерзімі: 15 .10. 2019 жыл. №7 сабақ
Сабақтың тақырыбы: АДАМНЫҢ ІШКІ СҰЛУЛЫҒЫ
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, ақкөңілділік, достық
Мұғалім: Салбанова Айгүл
Сынып: 4 Оқушылар саны: 7
Сабақтың мазмұны: |
Ресурстар |
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамның ішкі сұлулығының маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларды бәрін жақсы көре білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ақкөңіл болуға тәрбиелеу. |
Оқулық, дәптер стикер, |
Сабақтың барысы:
Тыныштық сәті: Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
2. Үй тапсырмасын тексеру. «Сұлулық» сөзіне ребус құрастыру |
https://youtu.be/UITU3MLB_O0 |
« Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар» Ы. Алтынсарин
|
|
4. Әңгімелеу. Аңыз Шалва Амонашвили Бала есейді. Сондықтан да айнаға жиі қарайтын және ашуланатын: – Мен қандай көріксізбін! Атасы бұл сөздерді естіп, немересіне былай деді: – Сенің сұлулығың – мейірімділі- гіңде! Бала атасына сеніп, барлығына, барлық жерде жақсыл ық жасай бастады. Ол жақсылық жасауға берілгені соншалық, өзінің көріксіз екенін тіптен ұмытып кетті. Уақыт өтіп жатты. Ол жігіт болды. Күндердің күні, бір кеште ол өзіне жасырына қарап, сыбырласып тұрған әдемі екі қызды байқады: – Ол қандай тартымды! - деді бірі. – Оның бет-әлпеті ішкі сұлулығынан нұрланып тұр! - деді екіншісі. Сонда жігіт атасын есіне алды. Ол іштей «Рақмет саған, данагөй аташым!» деді.
|
Оқулықтан |
5. Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма: Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, нақыл сөздерді оқыңдар. Мағынасын түсініп алыңдар. Қажетті сөздер: көркем, қарапайымдылығы, көрікті, жаны, сұлу.
2-тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Керексіз сұлулық (аңыз әңгіме) Бұғы шөлдеген соң, бұлаққа еңкейіп, су ішіп жатып, өзінің әсем мүйізін көріп шаттанады, сөйтіп денесінің басқа мүшелері не көз салады. Бұғыға аяқтары келісімсіз, жіңішке әрі арық сияқты көрінеді. Сөйтіп тұрғанында арыстан шыға келіп, бұғы ны қуа жөнеледі. Бұғыны арыстан- нан жаңа ғана өзі жақтыр май тұрған аяқтары ажыратып алады, солардың арқасында бұғы орманға арыстаннан бұрын жетеді. Бірақ, орманда бұғының мүйізі әр бұтаққа бір оратылып, кібіртіктей бастайды. Сол кезде арыстан оны ұстап алады. Сонда бұғы «Менің көркім – менің сорым болды, онша жақтырмаған, әлсіз санаған аяғым мені құтқаратындай мықты екен. Дұрыс бағалауды білмеген екенмін» депті.
3 – тапсырма: «Әдемілік» сөзіне ребус құрастырыру 4 – тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру. Жақсы адам болғым келеді Асхат Өмірбаев Ауылдағы жаңа салынған үйлердің бірінен бес жасар бала шықты. Жақында көшіп келгендіктен, ол ешкімді танымайтын. Көшеде асыр салып ойнап жүрген балаларды көріп, қатты қызықты. Шарбақтың арасынан қарап тұрған оны бір кезде әлгі балалар келіп, қоршап алды. – Сенің атың кім? – деп сұрады әуелі одан тәмпіш мұрын Мәди. – Кемел, – деді бейтаныс бала. – Атың жақсы екен! Кел, танысайық, – деді есімін айтқан Мәди қолын ұсынып. – Ал мынау – Жақсылық, аналар – Айнұр мен Самал. Жүр, бізбен бірге ойна. – Білмеймін, – деді Кемел сәл тартынып. – Апамнан сұрану керек. – Не ойнаймыз? – Шеңбер сызып, асық ойнайық. Сен ләңгі теуіп көрдің бе? 36 – Жоқ. – Апаң мен әкеңнің аты кім? Олар не жұмыс істейді? – деді Айнұр. – Апамның аты – Ақгүл. Дәрігер. Ал әкем – Әлихан, мал емдейді. – Дәрігер болған жақсы ғой. Мен өскенде дәрігер болам, - деді Самал. – Ал мен Қажымұқан атам сияқты балуан болам, – деді Мәди білегінің бұлшық етін көрсетіп. – Мен Жансая Әбдімәлік сияқты мықты шахматшы болам, – деді Айнұр. Мұны естіген Жақсылық та сөзге араласты: – Бәрінен әкім болған жақсы. Әкім болсам, ауылға әдемі гүлдер егем. Көресіңдер, ауылымыз әлі әдемі болады. Бәріміз бай боламыз. Кемел ғана достарын үнсіз тыңдап тұрған. – Кемел, сен кім боласың өскенде? – деді балалар оған бұрылып. 37 – Білмеймін. Бұл туралы әлі ойланған жоқпын. – Таптым! Сенің атың Кемел ғой. Сен өскенде ғалым бол, – деп қиылды Самал. – Жоқ, Кемел әкесі сияқты мал дәрігері болады, – деді Мәди қызбаланып. – Қайдағы... Дәрігер болу үшін инеден қорықпау керек. Сен инеден қорқасың ғой, я? – деп сұрады Жақсылық. – Ия, қорқам, – деді Кемел шынын айтып. – Мен қарбыз еккенді жақсы көрем. – Сонда сендер қалада қарбыз егесіңдер ме? - деді Мәди таңырқап. Қалада биік үйлер көп. Апам екеуіміз балконға шығып гүл егеміз. Балкон кішкентай. Қарбыз сыймайды. – Таптым! Сен өскенде егінші бол! – деді Айнұр. – Ия. Апам: «Сен осы ауылда туғансың» дейді. Қаладан атам мен әжемнің қасына көшіп келдік. Олар қартайып қалды ғой. – Сонда сен осы ауылда тудың ба? – деді Самал. – Ия, – деді Кемел жымиып. Осы кезде үй жақтан анасы Кемелді дауыстап шақырды. Кемел жүгіріп кетті. Ұзамай, қолында табағы бар, қайтып келді. – Міне, сендерге бауырсақ әкелдім, – деді ол жымиып. – Апам беріп жіберді. – Ой, анаң қандай жақсы! – деді Айнұр табаққа қол созып. – Бауырсағы сондай дәмді екен. Менің анам да тәтті тоқаш пісіреді. Пісіргенде саған берем. – Сенің анаң жақсы адам екен, – деді Мәди де қызыл бауырсақты аузына салып. – Мен өскенде анам сияқты мейірімді, жақсы адам болғым келеді, – деді Кемел осы кезде әлгінде өзіне қойылған сұраққа кенет жауап тапқандай қуанып. 38 – Ия, бәріміз де жақсы адам болайық! – деді Жақсылық оны қоштап. – Жарайды! – деді басқа балалар да екеуін бірауыздан қолдап. Бұл кезде Кемелдің анасы сырттан қарап, риза болып тұр еді. • Балалар Кемелді қалай қарсы алды? • Олар қандай мамандық иелері болғылары келді? • Балалар аналарын қалай бағалады? • Балалардың «Бәріміз де жақсы адам болайық!» деп айтуларының себебі неде? • Жақсы адам мен сұлулықтың қандай байланысы бар? • Жақсы адам болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? • Өзіңді жақсы адаммын деп санайсың ба? Неліктен? |
|
Қорытынды: Адамда тән сұлулығымен қатар жан сұлулығы болады. Адамның сыртқы келбеті сұлу болғаны жақсы. Сұлу, ажарлы, келбетті адамды көргенде көз қуанады. Сыртқы сұлулық ішкі сұлулықпен үйлессе, нағыз сұлулық сол болмақ. «Сұлулық бетте емес, жүректе» деп бекер айтылмаған. Ең бастысы, адамның көркіне мінезі сай болғаны дұрыс. Адам жанының сұлулығы оның даналығынан, адалдығынан, әдептілі гінен, сыпайлығынан көрінеді. Нағыз сұлулық – жан дүниенің сұлулығы. |
|
Бала тілегі Әні: Фарида Жолдасова Бал-балалық, балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған. Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер, Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2 рет) Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік — ұлан-байтақ елімде, Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2 рет) Қалықтаған көгершіні көгінде, Мұңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2 рет) |
https://kzmp3.kz/2889-inkar---bala-tilegi.html |
7. Үй тапсырмасы. «Жақсы адам» эссе жазу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рефлексия. «Жұлдыздар шеруі» әдісі. Сау болыңыздар!!!!
|